Статистикалық деректерге сәйкес, 2021 жылы негізгі капиталға инвестициялар көлемі бойынша көрсеткіші 627,1 млрд.теңгені құрайды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 0,7% – ға артық, НКИ - 103,6% (2020 жылы-576,3 млрд. теңге).
2021 жылы облыста 1318-ден астам жаңа жұмыс орындарын құрумен 170,4 млрд. теңгеге жуық сомаға 26 жоба іске асырылды.
2022 жылы экономиканың түрлі салаларында жалпы сомасы 38,6 млрд. теңгеден астам, 709 жаңа жұмыс орындарын құрумен 19 жобаны іске асыру жоспарланған.
Статистика бюросы департаментінің деректеріне сәйкес 2022 жылғы қаңтар-маусым айларына негізгі капиталға 291,0 млрд.теңге инвестиция тартылды, негізгі көлем индексі 108,6%- ды құрады (2021 жылғы қаңтар-маусым аралығында 256,2 млрд. теңге).