Статистикалық деректерге сәйкес, 2021 жылы негізгі капиталға инвестициялар көлемі бойынша көрсеткіші 627,1 млрд.теңгені құрайды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3,6%-ға артық, НКИ - 103,6% (2020 жылы-576,3 млрд. теңге).
2021 жылы облыста 1000-нан астам жаңа жұмыс орындарын құрумен 150,0 млрд. теңгеге жуық сомаға 26 жоба іске асырылды.
2022 жылы экономиканың түрлі салаларында жалпы сомасы 150 млрд. теңгеден астам, 1000-нан астам жаңа жұмыс орындарын құрумен 20 жобаны іске асыру жоспарланған.
Статистика бюросы департаментінің деректеріне сәйкес 2022 жылғы қаңтар-наурыз айларына негізгі капиталға 136,9 млрд.теңге инвестиция тартылды, негізгі көлем индексі 121,1%- ды құрады (2021 жылғы қаңтар-наурыз аралығында 107,0 млрд. теңге).