2020 жылғы ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық ақпарат
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі - ішкі талдау) "Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – ішкі талдау) 2020 жылдың қыркүйегінде жүргізілді.
Ішкі талдауды Басқарманың жұмыс тобы жүргізді. Жұмыс тобы Басқарма басшысының 22.09.2020 ж. № 11-п бұйрығымен бекітілді, оның ішінде: басқарма басшысы - жұмыс тобының басшысы; қаржылық-әкімшілік бөлімінің басшысы, бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы, мемлекеттік және құқық қорғау органдары бөлімінің басшысы, Аумақты дамыту бөлімінің басшысы қаржылық-әкімшілік бөлімінің бас маманы - жұмыс тобының мүшелері.
Аталған іс-шараның мақсаты басқармада сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың туындауына ықпал ететін себептер мен мән-жайларды зерделеу, анықтау, шектеу және жою болып табылады.