Ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық ақпарат

Ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық ақпарат

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі - ішкі талдау) "Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – ішкі талдау) 2019 жылдың желтоқсан айында жүргізілді.

Ішкі талдауды Басқарманың жұмыс тобы жүргізді. Жұмыс тобы Басқарма басшысының 30.12.2019 Ж. № 24-п бұйрығымен бекітілді, оның ішінде: басқарма басшысы - жұмыс тобының басшысы; әкімшілік бөлімінің басшысы, қаржы және бухгалтерлік есеп бөлімі, бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы, мемлекеттік және құқық қорғау органдары бөлімінің басшысы, әкімшілік бөлімінің бас маманы - жұмыс тобының мүшелері.

Аталған іс-шараның мақсаты басқармада сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың туындауына ықпал ететін себептер мен мән-жайларды зерделеу, анықтау, шектеу және жою болып табылады.

 

Ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық ақпарат
Дата публикации
10 января 2020