2019 жылы Маңғыстау облысында бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша ақпарат

Объектілерді салуға және реконструкциялауға 140 бюджеттік инвестициялық жобаларды (бұдан әрі - БИЖ) іске асыру үшін 2019 жылы сомасы 30 547,3 млн. теңге көзделген, оның ішінде:

  • республикалық бюджет есебінен (нысаналы трансферттері) 43 БИЖ-ді іске асыру үшін 20 131,1 млн. теңге, келесі салалар бойынша:

1) білім беру объектілерін дамыту – 5 жоба, сомасы 3 723,6 млн. теңге;

2) сумен жабдықтау және су бұру объектілерін дамыту – 18 жоба, сомасы 6 662,7 млн. теңге;

3) тұрғын-үй құрылысы – 4 жоба, сомасы 1 523,4 млн. теңге;

4) тұрғын-үй құрылысы объектілеріне инженерлік-коммуникациялық желілерді салу – 13 жоба, сомасы 5 174,8 млн.теңге;

5) көлік инфрақұрылымын дамыту – 2 жоба, сомасы 2 546,6 млн. теңге;

6) жылу-энергетикалық жүйені дамыту – 1 жоба, сомасы 500,0 млн. теңге;

  • жергілікті бюджет есебінен 10 416,2 млн. теңге, келесі салалар бойынша:

1) білім беру объектілерін дамыту – 1 жоба, сомасы 50 млн. теңге;

2) сумен жабдықтау және су бұру объектілерін дамыту – 18 жоба, сомасы 1 387,9 млн. теңге;

3) тұрғын-үй құрылысы – 6 жоба, сомасы 4 143,7 млн. теңге;

4) тұрғын-үй құрылысы объектілеріне инженерлік-коммуникациялық желілерді салу – 15 жоба, сомасы 606,4 млн.теңге;

5) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту – 19 жоба, сомасы 1 133,1 млн. теңге;

6) көлік инфрақұрылымын дамыту – 30 жоба, сомасы 2 075,9 млн. теңге;

7) газбен қамту – 9 жоба, сомасы 447,8 млн. теңге;

8) мәдениет және спорт объектілерін дамыту – 4 жоба, сомасы 100,7 млн. теңге;

9) қоршаған ортаны қорғау – 1 жоба, сомасы 162,7 млн. теңге;

10) мемлекеттік органдар объектілерін дамыту – 10 жоба, сомасы 308,0 млн. теңге.

 

Есеп
Дата публикации
15 января 2020