2019 жылда Маңғыстау облысы әкімінің Меморандумының орындалуы туралы есеп

2019 жылда Маңғыстау облысы әкімінің Меморандумының орындалуы туралы есеп

№

Өзекті нысаналы индикатордың атауы

Өлшем бірлігі

2019 жыл жоспар

2019 жыл факт

Өзекті нысаналы индикатордың орындалу %

Нысаналы индикаторға   қол жеткізу              (қол жеткізбеу), жұмысты жақсартудың қабылданған және жоспарланған шаралары туралы ақпарат

1.

Жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем индексі

%

102,9

99,9

97,1

Индикаторға қол жеткізілмеді.   

2019 жылдың  қаңтар-желтоқсанында жалпы өңірлік өнімі (бұдан әрі – ЖӨӨ) 3 624,8 млрд. теңге, ЖӨӨ нақты көлем индексі – 99,9% құрады (ҚР – 104,5%), жоспар 102,9%. Халықтың жан басына шаққанда ЖӨӨ  5264,3 мың теңге көлемінде қалыптасты – бұл республика өңірлері арасында төртінші жайғасым (ҚР орташа алғанда – 3724,6 мың теңге).

2.

Жергілікті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдер өсімі

%

106,0

103,7

97,8

Индикаторға қол жеткізілмеді.

Жергілікті бюджетке салықтық және салықтық емес  түсімдер көлемі  01.01.2020  жылға  149,1 млрд. теңге   құрады (01.01.2019 жылға – 143,8 млрд. теңге). Өсу қарқыны – 103,7%.

3.

* Шикізаттық  емес экспорт  көлемінің өсімі

%

93,5

123,3

131,9

Индикаторға қол жеткізілді.

     2019 жылғы қаңтар-қарашасында Маңғыстау облысына өңдеу өнеркәсібінің экспорты  70,3 млн. АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 23,3%-ға көп (2018 жыл – 57,1 млн. АҚШ доллары).

      Бүгінгі таңда Маңғыстау облысында өңделген тауарлардың ірі экспорттаушылары болып келесі компаниялар табылады: «ҚазАзот» АҚ, «Сатекс Чемие» ЖШС, «Каспий Цемент» ЖШС, «АрселорМиттал теміртау» АҚ.

       Келесі өңдеуші кәсіпорындарда  экспорттың ұлғаюы байқалды:

- «ҚазАзот» АҚ 3,7 есеге өсті (аммиак селитрасы);

- «Каспий Цемент»  ЖШС 1,8 есеге өсті.

     Сонымен қатар, 2019 жылдың мамыр айында «Сатекс Чемие» ЖШС гидрооқшаулағыш материалдарын шығаратын жаңа зауыт іске қосылды және Әзербайжан, Ресей және Германия сияқты елдерге 56 млн. теңге сомасына битум негізінде 190 тонна гидрооқшаулағыш материал экспортталды.  2020 жылға жоспар-254 тонна.

4.

Шағын және орта бизнес  субъектілерімен  өнім  шығару  көлемінің  нақты  көлем индексі

%

103,5

119,6

115,5

Индикаторға қол жеткізілді.

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің жедел деректеріне сәйкес, шағын және орта бизнес субъектілерімен өнім шығарылымының нақты көлем индексі 2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда 119,6% құрады.

5.

Шағын және орта бизнестің жалпы қосылған құны

млрд.теңге

 

666,3

851,5

127,8

Индикаторға қол жеткізілді.

       ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің жедел деректеріне сәйкес, шағын және орта бизнестің жалпы қосылған құны 2019 жылы қаңтар-желтоқсанда 851,5 млрд. теңгені құрады.

         2019 жылы шағын және орта бизнес бойынша нысаналы индикаторларға қол жеткізу мақсатында келесідей жұмыстар жүргізілді:

- «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 2019 жылы                     5,4 млрд.теңге сомасына 235 жоба қолдау алды және 698 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде:   

 - субсидиялау құралы бойынша -                            4 332,9 млн.теңге сомасына 121 жоба және 672 жаңа жұмыс орны құрылды;

- кепілдендіру құралы бойынша –                            1 049,5 млн.теңге сомасына 105 жоба;

- гранттық қаржыландыру бойынша –                21,0 млн.теңге сомасына 9 жоба, 26 жаңа жұмыс орны құрылды.

- «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ және барлық микрокредиттік ұйымдармен жалпы сомасы      2 779,0 млн.теңгеге 495 микрокредиттер беріліп, нәтижесінде 669 жаңа жұмыс орны құрылды.

-  «Нұр Капитал» өңірлік бағдарламасы жылдық 1% мөлшерлемесімен несие беру арқылы шағын орта бизнесті қолдауға және дамытуға бағытталған.

Бағдарлама іске қосылғаннан бастап                   (2018 жылы қараша айынан) құны                         2,4 млрд.теңгеге 121 жоба мақұлданды.

6.

Негізгі капиталға инвестициялардың номиналды өсімі (мемлекеттік бюджеттік инвестицияларды қоспағанда)

осының алдындағы жылға %

105,7

112,0

106%

Индикаторға қол жеткізілді.

     2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда негізгі капиталға инвестициялар көлемі 556,2 млрд.теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,0%-ға артық (2018 жылғы қаңтар – желтоқсан - 499,7 млрд. теңге). НКИ – 107,0%. Оның ішінде қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға инвестициялар көлемі (мемлекеттік бюджеттен инвестицияларды қоспағанда) 513,5 млрд. теңгені құрады, бұл сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,0%-ға артық (2018 жылғы қаңтар – желтоқсан - 458,4 млрд.тг.). НКИ-112,0%.

7.

Жұмыссыздық деңгейі

%

4,9

4,8

97,9 (төмен болған сайын жақсы)

Индикаторға қол жеткізілді.

2019 жылы жұмыссыздық деңгейі (ашық  еңбек нарығында) 4,8%  құрады (2018  жыл – 4,8%).

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға   арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2019 жылда  техникалық және  кәсіптік қысқамерзімді оқытумен  барлығы  3504 адам, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерліктің негіздеріне оқытумен                    1876 адам қамтылды. Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз  ету  шаралары аясында жастар практикасына – 1 873 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 836 адам,  ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға – 4 237 адам жолданды.

Бейресми жұмыспен қамтылған  халықты формализациялау  және ел  экономикасына  тарту жөніндегі «Жұмыспен қамту Жол картасын» іске асыру аясында мемлекеттік органдардың  ақпараттық базасында  азаматтардың  статусын өзектендіру және оларды формализациялау жұмысы жалғастырылды. Барлығы 54 919 адам немесе 84,5% өзектендірілді.

8.

Өлім-жітім:

 

 

 

 

 

8.1.

Жалпы өлім-жіті

 

1 мың халыққа шаққанда жағдайлар саны

4,64

4,44

95,7 (төмен болған сайын жақсы)

Индикаторға қол жеткізілді.

Жалпы өлім-жітім көрсеткішінің 4,3%-ға төмендегені байқалады

Өлім – жітім құрылымында қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім көрсеткішінің 6,9%-ға, әртүрлі емес жағдайлардан болатын өлім-жітімнің 9,7% - ға өскені байқалады, сондай-ақ қатерлі ісіктен болатын өлім-жітімнің 9,6% - ға өскені байқалады.

Барлық АМСК-да жүрек ауруы, қант диабеті және артериалдық гипертензия созылмалы асқынған сырқаттар бойынша  ауруларды басқару бағдарламасы  енгізілді. Кешенді жоспарлары  әзірленді,  АМСК деңгейінде  денсаулық мектептерінің жұмысын мониторингілеу белсенді түрде  жүргізілуде.  АМСК деңгейінде   шақыртудың  4 санаты бойынша  үйінде  көмек  көрсетуге арналған  шұғыл терапия бөлімі   ашылды.

8.2.

Ана өлім-жітімі

 100 мың тірі туғанға шаққандағы жағдайлар  саны

9,69

4,9

50,6 (төмен болған сайын жақсы)

Индикаторға қол жеткізілді.

Ана өлім-жітімінің 1 жағдайы тіркелді.  Өлімнің негізгі себебі - әйелдің экстрагениталды ауруы.

   Ана өлім-жітімін болдырмау мақсатында  жүйелі шаралар  қабылдануда:

- әйелдер  консультацияларында  жүкті  әйелдерді  қарқынды бақылануына, стационарлардың  шұғыл медициналық  көмек  көрсетуге даярлығына,  сындық жағдайлар  кезінде  уақытылы хабарлануына  бақылау күшейтілді;

-  босандыру мен балаға   жәрдемдесудің   ықпалдастырылған  моделінің Жол  картасы  талаптарының орындалуына мониторинг жүргізіледі;

-  аулаларды  аралап бала  көтеруге  қарсы  көрсеткіші бар фертилдік жастағы әйелдерді  уақытылы  анықтау жүргізілуде;

 Облыстық перинаталды орталығының бірінші басшысына, босандыруға қатысты  дәрігерлерге тәртіптік шаралары  (сөгіс) қабылданды. Акушер гинекологтарды, реаниматологтарды,АМСК ВОП оқыту жүргізілді, ұйымдасқан  түрде   әдістемелік  көмек  көрсетуге қатыстыру мақсатында  ауданнан бару  кестесі бекітілген   жетекшілер (кураторлар) белгіленді.

 8.3.

Нәресте өлім-жітімі

1мың тірі туғанға шаққандағы жағдайлар  саны

7,6

9,22

121,3 (төмен болған сайын жақсы)

Индикаторға қол жеткізілмеді.

2019 жылда нәресте өлім-жітімінің деңгейі 1000 тірі туғанға шаққанда  9,22  құрады  (2018 жылы – 1000 тірі туғанға шаққанда 9,81). Өлім – жітім құрылымында 59,8% - дене салмағы экстремалды төмен балалар басым, туа біткен даму кемістігінен өлім-жітім - 25%, тыныс алу мүшелерінің аурулары - 5,6% және өзге де себептер - 9,6%.

 Денсаулық сақтау басқармасы тарапынан өңірдегі ана мен бала өлімін төмендету мақсатында  қаржыландыру көздерін және іске асырудың нақты мерзімдерін анықтап,  жедел жоспарды орындау жұмыстары жүргізуде.

Нәрестелер өлімін төмендету бойынша республикалық, облыстық штабтардың хаттамалық тапсырмаларының орындалуына мониторинг жүргізіледі. Жедел жәрдемнің медициналық қызметкерлері мен 468 стационарлардың қабылдау бөлмелерінде алғашқы реанимация бойынша оқытылды, 65 АМСК дәрігерлері мен 36 стационар дәрігерлері оқытылды.

9.

3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту

%

100,0

100,0

100

Индикаторға қол жеткізілді.

  Облыс бойынша 36,9 мың бала қамтылған                     305 мектепке дейінгі ұйым жұмыс  істейді.

    2019 жылы 3-6 жастағы бала саны -  32131, мектептегі МАД сыныптарындағы                         5-6 жастағы бала саны – 10633 болды. Кезекте бала жоқ.

  2019 жылы 2258 орындық 30 мектепке дейінгі ұйымдар ашылып, 3-6 жас аралығындағы балалардың мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылу үлесі 100 % құрады.

10.

Құрылған  тұрақты жұмыс орындарының саны

бірлік

27 000

25 072

92,8

Индикаторға қол жеткізілмеді.

Облыста 2019 жылда «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту»  бағдарламасының  іске асырылуын  есепке  алғанда 25072  тұрақты жұмыс орны құрылды             (2018 жылда – 28973).

Жұмыс орындары мынадай салаларда құрылды: ауыл шаруашылығында – 1294, өнеркәсіпте – 785, құрылыста – 3750, көлікте – 929, саудада – 5165, білім беруде – 1844, денсаулық сақтауда – 838, экономиканың басқа да секторларында – 10467.

Бұдан бөлек,  құрылған маусымдық  жұмыс орындары – 6430, әлеуметтік – 836, жастар саясаты аясында – 1873.

11.

Пайдалануға берілген тұрғын үй ғимараттарының жалпы     көлемі

мың шаршы метр

971,6

1 175,4

121

Индикаторға қол жеткізілді.

Жалпы  көлемі  1175,4  мың ш.м. тұрғын үй  іске қосылды немесе 2018 жылғы деңгейден 0,2% көп. Оның ішінде, жеке тұрғын үй– 597,8 мың ш.м.(50,8%), көп пәтерлі тұрғын үйлер – 576,6 мың ш.м. (49,2%).

 

Коммуналдық инфрақұрылымға қолжетімділігі:

 

 

 

 

 

12.

Қалаларда  қолжетімділікпен қамтылу  үлесі:

 

 

 

 

 

12.1.

орталық сумен жабдықтауға

%

100,0

100,0

 

100,0

Индикаторға қол жеткізілді.

2019 жылдың қорытындысы бойынша қалаларда орталықтандырылған сумен жабдықтаумен  қамтылымы  100% құрады.

12.2.

орталық субұруға

%

93,1

93,1

100,0

Индикаторға қол жеткізілді.

2018 жылдың қорытындысы бойынша қалаларда халықтың орталықтандырылған  субұруға қолжетімділігі (Форт-Шевченко  шағын қаласы мен  Жаңаөзен қаласындағы жеке секторды  есепке  алғанда)  93,1% құрады.  2019 жылы қаражат қарастырылған жоқ.                             

12.3.

орталық газбен жабдықтауға

%

100,0

100,0

100,0

Индикаторға қол жеткізілді.

Облыстың барлық қалалары ( Ақтау қаласы – облыс орталығы, Жаңаөзен қаласы – моноқала, Форт-Шевченко қаласы–шағын қала) орталықтандырылған газбен жабдықтаумен  100% қамтылған.

 

13.

Ауылдық  елді мекендердегі  қолжетімділікпен қамтылым үлесі:

 

 

 

 

 

13.1.

орталық сумен жабдықтауға

%

75,4

75,86

100,6

Индикаторға қол жеткізілді.

«Өңірлердің 2020 жылға дейінгі дамуы» Бағдарламасы аясында  2019 жылы 17 жобаны  іске асыруға  (16  жоба 2018  жылдан өтпелі, 1 жоба – жаңа)  бюджеттен 5,7 млрд.теңге (РБ – 4,2 млрд.теңге, ЖБ – 1,5 млрд.теңге) бөлінді. 17 жобадан 11 жоба (Боранқұл, Маңғыстау-4) 2019 жылы аяқталды. Соның нәтижесінде 58 АЕМ-ден  орталықтандырылған сумен жабдықтаумен  қамтылымы 75,86% құрады немесе 44 АЕМ.

13.2.

орталық субұруға**

%

7,1

3,8

53,5

Индикаторға қол жеткізілмеді.

Бүгінгі күнге облыстың АЕМ жалпы санынан  орталық субұрумен АЕМ халқының 3,8% қамтылған (немесе 404735 адамнан 15405 адам).

2018-2019 жылдары канализациялық тазарту құрылысына және Маңғыстау ауданының Шетпе ауылындағы субұру желілеріне республикалық бюджеттен 1,8 млрд.теңге бөлініп, игерілді (жоба құны –                               2,9 млрд.теңге). Жоба 2020 жылға ауысты.

 

13.3.

орталық газбен жабдықтауға

%

94,8

99,8

105,3

Индикаторға қол жеткізілді.

422 148 АЕМ халқының ішінен облыстың ауылдық елді мекендерінің 421 303 адамы орталықтандырылған газбен жабдықтаумен  қамтылды немесе 99,8%. Халық саны                   845 адамды құрайтын 5 АЕМ-ді газбен жабдықтау баллондағы сұйытылған газбен жүзеге асырылуда, газ құбырын салу экономикалық  көзқарас тұрғысынан  қымбат тұрады және мақсатқа сай емес болып табылады.

2019 жылы жалпы құны 638,3 млн.теңге «Маңғыстау ауданының Тасмұрын және Тиген тұрғын алаптарының газ тарату жүйелерінің құрылысы» жобасын іске асыру жоспарланған. Алайда, жоба РБ-дан қолдау таппады.

14.

Жақсы және қанағаттанарлық  күйде тұрған  облыстық және аудандық маңызы бар   автомобиль  жолдарының  үлесі

%

93,0

93,5

100,0

Индикаторға қол жеткізілді.

       Облыс бойынша жақсы және қанағаттанарлық  күйде тұрған  облыстық және аудандық маңызы бар   автомобиль  жолдарының  үлесі  93,5% құрайды.

      «Ата-жолы»  1-кезең (0-51 км), «Ата-жолы» 2-кезең (51-97 км), «Жыңғылды-Шайыр-Шерқала жері» автомобиль жолдарының қайта құрылымдауы аяқталды және «Ақтау-Қаламқас» және «Таушық-Шетпе» (3-кезең) автожолдарындағы  жасанды имараттарға  қайта құрылымдау  жүргізілді.

      МАЭК-тен Құрық теңіз портына дейінгі автожолды қайта жаңарту (1-кезек), МАЭК-тен Құрық теңіз портына дейінгі автожолды қайта жаңарту (3-кезек), Өмірзақ ауылынан жылы жағажайға дейінгі автожолды салу, Тұщықұдық ауылына кіреберіс жолды орташа жөндеу, «Қызан-Ақшымырау» орташа жөндеу (14,7 км), «Шетпе-Тиген-Қызан» орташа жөндеу (0-21 км), «Форт-Шевченко-Таушық-Шетпе» орташа жөндеу (0-52 км) жүргізілді.

15.

10 мың халыққа шаққанда  қылмыстық деңгейі

бірлік

93,0

69,6

74,8 (төмен болған сайын жақсы)

Индикаторға қол жеткізілді.

     2019 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында облыс бойынша 4840 қылмыс тіркелген, өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 4,4% төмендеген (2018ж., 5065). Халық саны орта есеппен алғанда 2020 жылғы 1 қаңтармен 697,1 мың адам.

     Қазіргі таңда Маңғыстау облысы аумағында 305 бейнебақылау камерасы жұмыс жасап тұр, оның 166 ІІО-ның Жедел басқару орталығы пультіне қосылған, 139 бейнекамера «Бауіпсіз аула» бағдарламасы шеңберінде учаскелік полиция инспекторларының тіректеріне шоғырландырылған.  Жедел қызығушылық танытатын фотоесептер, сондай-ақ автокөлік құралдарының мемлекеттік нөмірлері бойынша тану функциясы бар камералар қоғамдық орындарда, аулаларда, сондай-ақ барлық шағын аудандардың  кіретін және шығатын жолдарына, ірі сауда-ойын-сауық орталықтарына, облыс орталығының әуежайына және Маңғышлақ стансасының теміржол вокзалына орнатылады. Бейнебақылау камераларының бейнелері жедел басқару орталығы операторларының пультіне және учаскелік полиция пункттеріне шығарылатын болады.

Теңіз жағалауы және 15 ш/а периметрі бойынша пилоттық жоба ретінде Ақтау қаласының жеке серіктестерімен («Динамикс Бизнес Технолоджис» ЖШС) 10 жоғары жылдамдықты бейнекамералар (6 бұрылмалы және 4 стационарлық), бейненің ең жоғары мүмкіндікті сапасымен (Full HD), сондай-ақ жедел қызығушылық пен автокөлік құралдарының мемлекеттік нөмірлері бар фотоесептер бойынша адамдарды тану функциясымен орналастырылды, олар 15 ш/а учаскелік полиция пунктіне шығырландырылды және қазіргі уақытта жұмыс істейді.

Бейнебақылау камераларынан басқа, тіркелген қылмыстардың төмендеуіне 2019 жылы жүргізілген «Құқықтық тәртіп», «Мал ұрлығы», «Іздеу», «Учаске», «Заңсыз келуші» және т. б. жедел-алдын алу іс-шаралары едәуір әсер етті.

16.

100 зардап шегушіге шаққанда  ЖКО  қаза болу санын азайту

бірлік

17,7

11,0

 

62,1 (төмен болған сайын жақсы)

Индикаторға қол жеткізілді.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында Маңғыстау облысы көлемінде 2019 жылы республикалық және облыстық деңгейдегі «Автобус», «Қауіпсіз жол», «Назар аударыңыз, балалар!», «Жол қозғалысының қауіпсіздігі апталығы», «Тең мүмкіндіктер жолы!», «Абайлаңыз, жолда мал жануары!» атты жедел-профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.

   Жасалған талдаулар нәтижесімен ЖКО орын алу себептерінің басым көпшілігі – көлік жүргізушілерінің жол ережелерін сақтамауы салдарынан болып отыр.

   Атап айтсақ, орын алған жол-көлік оқиғаларының 95,0% дәл осы себептер салдарынан орын алған.

    Атқарылған іс-шаралар нәтижесінде 2019 жылы 88 мың 424 (2018ж. – 99 мың 441) жол қозғалысы Ережесін бұзушылық анықталған.

Әр-бір бесінші жол-көлік оқиғалары жаяу жүргіншіге арналған жолақты жол өткелінде орын алатынын ескеріп, ЖКО алдын алу мақсатында облыс орталығының 57 жаяу жүргіншіге арналған жолақты жол өткеліндегі тас жолдардың бетіне термопластикалық жарық шағылыстырғышы орнатылды. 

Ақтау қаласының теңіз жағалауындағы 11 шақырымды құрайтын жол учаскесінде қозғалыс жылдамдығы 60-тан 40 шақ/сағатқа төмендетілді.

Қала сыртындағы тас жолдардағы жол-көлік оқиғасын азайту мақсатында, авариялық-қауіпті аймақтарға күнделікті 6 «Визир 2М» жылдамдық өлшеу құралдары пайдаланып, сондай-ақ 3 «СКАТ-П» көпфункциялы жылдамдық өлшеу құралдары және 5 дана «СКАТ-П» жылдамдық өлшегіш құрылғыларының макеттері қойылады, одан басқа 13 билборд пен жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен 2 автокөліктің қаңқасы орнатылды.

   Қабылданған шаралар нәтижесінде, 2019 жылы жарақаттанған адамдар саны 39,6% (404-тен 564-ке) артқанымен, жол-көлік оқиғалар саны -2,5% (320-дан 312-ге) және онда қаза болғандар саны -15,7% (83-тен 70-ке) азайды.

* - экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің 10-нан бастап 33-бөлімінің кодтарына сай келетін өңдеу өнеркәсібі өнімі экспортының есебімен;

**- халық санымен есептегенде.

Дата публикации
21 августа 2020