2019 жылда Маңғыстау облысы әкімі  Меморандумының орындалуы туралы талдамалық жазба

2019 жылда Маңғыстау облысы әкімі  Меморандумының орындалуы туралы

талдамалық жазба

 

  1. «Жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем индексі» нысаналы индикаторы (нысаналы мәні – 102,9%).

Статистикалық деректер бойынша 2019 жылдың қаңтар –желтоқсанында облыстың  ЖӨӨ  3 624,8 млрд. теңгені,  ЖӨӨ НКИ – 99,9% құрады.

2019 жылға Маңғыстау облысының жалпы өңірлік өнімнің нақты  көлем индексі (НКИ)  облыс әкімі мен ҚР Премьер-Министрі  арасында жасасқан Меморандумға сәйкес 102,9% деңгейінде жоспарланған.     2019 жылдың 1-ші тоқсанында қалыптасқан ЖӨӨ НКИ-нің іс жүзіндегі  көрсеткіші  97% құрады, 2-ші тоқсан бойынша – 98,5%, 3-ші тоқсан бойынша – 98,1%.

Статистикалық деректерге сәйкес, жыл басынан НКИ қысқа мерзімді көрсеткіштерінің динамикасы 98% – 99,1% деңгейінде қалыптасты (2018 жылдың кезеңдері бойынша НКИ динамикасы                      100-103,1% деңгейінде құрады, 2018 жылдың қорытындысы бойынша нақты  көрсеткіш 101,1% құрады).

ЖӨӨ НКИ төмендеуінің негізгі себебі – үлесі облыстың бүкіл өнеркәсібі көлемінде 90% құрайтын, кен өндіру өнеркәсібі НКИ-нің  төмендеуі болып табылады.

Нысаналы индикаторға қол жеткізілмеді.

 

  1. «ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТКЕ САЛЫҚТЫҚ ЖӘНЕ САЛЫҚТЫҚ ЕМЕС ТҮСІМДЕР ӨСІМІ» нысаналы индикаторы (нысаналы мәні – 106,0%).

2019 жылда жергілікті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің нақты көлемі 149,1 млрд. теңгені (2018 жылда – 143,8 млрд. теңге), өткен жылдың деңгейіне өсу қарқыны – 103,7% құрады.

Нысаналы индикаторға қол жеткізілмеді.

 

  1. «ШИКІЗАТТЫҚ ЕМЕС ЭКСПОРТ КӨЛЕМІНІҢ ӨСІМІ » нысаналы индикаторы (нысаналы мәні  – 93,5%).

2019 жылғы қаңтар-қарашасында Маңғыстау облысына өңдеу өнеркәсібінің экспорты 70,3 млн. АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 23,3% -ға көп (2018 жыл - 57,1 млн. АҚШ доллары).

Бүгінгі таңда Маңғыстау облысында өңделген тауарлардың ірі экспорттаушылары болып келесі компаниялар табылады: «ҚазАзот» АҚ, «Сатекс Чемие» ЖШС, «Каспий Цемент» ЖШС, «АрселорМиттал теміртау» АҚ.

Келесі өңдеуші кәсіпорындарда экспорттың ұлғаюы байқалды:  «ҚазАзот» АҚ 3,7 есеге өсті (аммиак селитрасы); «Каспий Цемент»  ЖШС 1,8 есеге өсті.

Сонымен қатар, 2019 жылдың мамыр айында «Сатекс Чемие» ЖШС гидрооқшаулағыш материалдарын шығаратын жаңа зауыт іске қосылды және Әзербайжан, Ресей, Германия сияқты елдерге                         56 млн.теңге сомасына битум негізінде 190 тонна гидрооқшаулағыш материал экспортталды.  2020 жылға жоспар-254 тонна.

Нысаналы индикаторға қол жеткізілді.

 

  1. «ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІМЕН ШЫҒАРЫЛҒАН  ӨНІМДЕРІНІҢ НАҚТЫ  КӨЛЕМ  ИНДЕКСІ» нысаналы индикаторы (нысаналы мәні  – 103,5%).

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің жедел деректеріне сәйкес, шағын және орта бизнес субъектілерімен өнім шығарылымының нақты көлем индексі 2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда 119,6% құрады.

Нысаналы индикаторға қол жеткізілді.

 

  1. «ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ЖАЛПЫ ҚОСЫЛҒАН ҚҰНЫ» нысаналы индикаторы (нысаналы мәні – 666,3 млрд.теңге).

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің жедел деректеріне сәйкес, шағын және орта бизнестің жалпы қосылған құны 2019 жылы қаңтар-желтоқсанда 851,5 млрд. теңгені құрады.

2019 жылы шағын және орта бизнес бойынша нысаналы индикаторларға қол жеткізу мақсатында келесідей жұмыстар жүргізілді:

    «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 2019 жылы 5,4 млрд.теңге сомасына 235 жоба қолдау алды және 698 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде:

          - субсидиялау құралы бойынша - 4 332,9 млн.теңге сомасына              121 жоба және 672 жаңа жұмыс орны құрылды;

- кепілдендіру құралы бойынша – 1 049,5 млн.теңге сомасына               105 жоба;

          - гранттық қаржыландыру бойынша – 21,0 млн.теңге сомасына          9 жоба, 26 жаңа жұмыс орны құрылды.

«Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ және барлық микрокредиттік ұйымдармен жалпы сомасы      2 779,0 млн.теңгеге 495 микрокредиттер беріліп, нәтижесінде 669 жаңа жұмыс орны құрылды.

«Нұр Капитал» өңірлік бағдарламасы жылдық 1% мөлшерлемесімен несие беру арқылы шағын орта бизнесті қолдауға және дамытуға бағытталған.

Бағдарлама іске қосылғаннан бастап (2018 жылы қараша айынан) құны 2,4 млрд.теңгеге 121 жоба мақұлданды.

Нысаналы индикаторға қол жеткізілді.

 

  1. «НЕГІЗГІ КАПИТАЛҒА ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ НОМИНАЛДЫ ӨСІМІ (МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТЕН БЕРІЛГЕН ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ҚОСПАҒАНДА)» нысаналы индикаторы (нысаналы мәні – өткен жылға 105,7%).

Негізгі капиталға  инвестициялар көлемі (мемлекеттік бюджеттен берілген инвестицияларды қоспағанда) 513,5 млрд. теңге немесе            2018 жылға 112% құрады.

2019 жылы өңірде 10,3 млрд. теңге сомасында 4 инвестициялық жоба іске асырылды, 353 жұмыс орны ашылды:

  1. «Бест Групп» ЖШС жел электр станциясының құрылысы (жобаның құны - 782 млн. теңге, 12 жұмыс орны);
  2. «Жанарыс» ЖШС тігін фабрикасы (жоба құны – 350 млн. теңге, 300 жұмыс орны);
  3. «Satex Chemie» ЖШС битум эмульсиясы негізінде гидрооқшаулағыш материалдарды өндіру (жобаның құны - 194 млн. теңге, 25 жұмыс орны);
  4. Түпқараған ауданында жел энергетикалық станциясын салу және пайдалану 43,6 МВт (жобаның құны – 9 000 млн.теңге, 16 жұмыс орны).

Нысаналы индикаторға қол жеткізілді.

 

  1. «ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІ» нысаналы индикаторы (нысаналы мәні – 4,9%).

2019 жылы жұмыссыздық деңгейі (ашық  еңбек нарығында) 4,8%  құрады (2018  жыл – 4,8%).

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2019 жылда  техникалық және кәсіптік қысқамерзімді оқытумен  барлығы 3504 адам, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерліктің негіздеріне оқытумен 1876 адам қамтылды.

Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз  ету  шаралары аясында жастар практикасына – 1 873 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына –  836 адам, ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға – 4 237 адам жолданды.

Бейресми жұмыспен қамтылған  халықты формализациялау  және ел  экономикасына  тарту жөніндегі «Жұмыспен қамту Жол картасын» іске асыру аясында мемлекеттік органдардың  ақпараттық базасында  азаматтардың  статусын өзектендіру және оларды формализациялау жұмысы жалғастырылды. Барлығы 54 919 адам немесе 84,5% өзектендірілді.

Нысаналы индикаторға қол жеткізілді.

 

  1. Өлім-жітім:

8.1.«ЖАЛПЫ ӨЛІМ-ЖІТІМ» нысаналы индикаторы (нысаналы мәні    1 мың халыққа шаққанда жағдайлар саны – 4,64).

Статистикалық деректер бойынша  облыста 2019 жылдың қаңтар-желтоқсанында жалпы өлім-жітім деңгейі 1 мың халыққа шаққанда                    4,44 құрады.

Жалпы өлім-жітім көрсеткішінің 4,3%-ға төмендегені байқалады

Өлім – жітім құрылымында қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім көрсеткішінің 6,9%-ға, әртүрлі емес жағдайлардан болатын өлім-жітімнің 9,7%-ға өскені байқалады, сондай-ақ қатерлі ісіктен болатын өлім-жітімнің 9,6%-ға өскені байқалады.

Барлық АМСК-да жүрек ауруы, қант диабеті және артериалдық гипертензия созылмалы асқынған сырқаттар бойынша ауруларды басқару бағдарламасы енгізілді. Кешенді жоспарлары әзірленді, АМСК деңгейінде денсаулық мектептерінің жұмысын мониторингілеу белсенді түрде жүргізілуде. АМСК деңгейінде шақыртудың 4 санаты бойынша  үйінде көмек көрсетуге арналған шұғыл терапия бөлімі ашылды.

Нысаналы индикаторға қол жеткізілді.

 

8.2. «АНА ӨЛІМ-ЖІТІМІ» нысаналы индикаторы (нысаналы мәні   – 100 мың тірі туған нәрестеге шаққанда 9,69 жағдай).

2019 жылда облыста ана өлім-жітімінің деңгейі 100 мың тірі туған нәрестеге шаққанда 4,9 құрады.

Ана өлім-жітімінің 1 жағдайы тіркелді. Өлімнің негізгі себебі - әйелдің экстрагениталды ауруы.

Ана өлім-жітімін болдырмау мақсатында жүйелі шаралар  қабылдануда:

-  әйелдер консультацияларында жүкті әйелдерді қарқынды бақылануына, стационарлардың шұғыл медициналық көмек көрсетуге даярлығына, сындық жағдайлар кезінде уақытылы хабарлануына  бақылау күшейтілді;

-  босандыру мен балаға жәрдемдесудің ықпалдастырылған  моделінің Жол картасы талаптарының орындалуына мониторинг жүргізіледі;

-  аулаларды аралап бала көтеруге қарсы көрсеткіші бар фертилдік жастағы әйелдерді уақытылы анықтау жүргізілуде;

Нысаналы индикаторға қол жеткізілді.

 

          8.3.   «НӘРЕСТЕ ӨЛІМ-ЖІТІМІ» нысаналы индикаторы (нысаналы мәні – 1 мың тірі туған нәрестеге шаққанда– 7,6 жағдай ).

2019 жылда нәресте өлім-жітімінің деңгейі 1000 тірі туған нәрестеге шаққанда 9,22 құрады (2018 жылы – 1000 тірі туған нәрестеге шаққанда  9,81).

Өлім – жітім құрылымында 59,8% - дене салмағы экстремалды төмен балалар басым, туа біткен даму кемістігінен өлім-жітім - 25%, тыныс алу мүшелерінің аурулары - 5,6% және өзге де себептер - 9,6%.

Денсаулық сақтау басқармасы тарапынан өңірдегі ана мен бала өлімін төмендету мақсатында  қаржыландыру көздерін және іске асырудың нақты мерзімдерін анықтап,  жедел жоспарды орындау жұмыстары жүргізуде.

Нәрестелер өлімін төмендету бойынша республикалық, облыстық штабтардың хаттамалық тапсырмаларының орындалуына мониторинг жүргізіледі. Жедел жәрдемнің медициналық қызметкерлері мен 468 стационарлардың қабылдау бөлмелерінде алғашқы реанимация бойынша оқытылды, 65 АМСК дәрігерлері мен 36 стационар дәрігерлері оқытылды.

Нысаналы индикаторға қол жеткізілмеді.

 

  1. «3-6 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕМЕН ЖӘНЕ ОҚЫТУМЕН ҚАМТУ» нысаналы индикаторы (нысаналы мәні – 100,0%).

2019 жылдың қорытындысы бойынша 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 100,0% құрады.

Облыс бойынша 36,9 мың бала қамтылған 305 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді.

2019 жылы 3-6 жастағы бала саны – 32131, мектептегі МАД сыныптарындағы 5-6 жастағы бала саны – 10633 болды. Кезекте бала жоқ. 2019 жылы 2258 орындық 30 балабақша ашылды.

Нысаналы индикаторға қол жеткізілді.

 

  1. «ҚҰРЫЛҒАН ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС  ОРЫНДАРЫНЫҢ  САНЫ» нысаналы индикаторы (нысаналы мәні – 27 000 бірлік).

Облыста 2019 жылда «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының іске асырылуын есепке  алғанда 25072 тұрақты жұмыс орны құрылды (2018 жылда – 28973).

Жұмыс орындары мынадай салаларда құрылды: ауыл шаруашылығында – 1294, өнеркәсіпте – 785, құрылыста – 3750, көлікте – 929, саудада – 5165, білім беруде – 1844, денсаулық сақтауда – 838, экономиканың басқа да секторларында – 10467.

Бұдан бөлек, құрылған маусымдық жұмыс орындары – 6430, әлеуметтік – 836, жастар саясаты аясында – 1873.

Нысаналы индикаторға қол жеткізілмеді.

 

  1. «ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛГЕН ТҰРҒЫН ҮЙ ҒИМАРАТТАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ КӨЛЕМІ» нысаналы индикаторы (нысаналы мәні – 971,6 мың шаршы метр).

Облыс бойынша 2019 жылда  іс жүзінде жалпы көлемі 1175,4 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды немесе 2018 жылдың осындай деңгейінен 0,2% көп. Оның ішінде, жеке тұрғын үй – 597,8 мың ш.м.(50,8%), көп пәтерлі тұрғын үйлер – 576,6 мың ш.м. (49,2%).

Нысаналы индикаторға қол жеткізілді.

 

Коммуналдық инфрақұрылымға қолжетімділік.

  1. Қалаларда қолжетімділікке қамтылғандар үлесі:

12.1. «ОРТАЛЫҚ СУМЕН  ЖАБДЫҚТАУҒА» нысаналы индикаторы (нысаналы мәні – 100,0%).

2019 жылдың қорытындысы бойынша қалаларда орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділік 100,0% құрады.

Нысаналы индикаторға қол жеткізілді.

 

12.2. «ОРТАЛЫҚ СУБҰРУҒА» нысаналы индикаторы (нысаналы мәні – 93,1%).

2019 жылдың қорытындысы бойынша қалаларда халықтың орталықтандырылған субұруға қолжетімділігі (Форт-Шевченко шағын қаласы мен Жаңаөзен қаласындағы жеке секторды есепке алғанда)  93,1% құрады.

Нысаналы индикаторға қол жеткізілді.

 

12.3. «ОРТАЛЫҚ ГАЗБЕН ЖАБДЫҚТАУҒА» нысаналы индикаторы (нысаналы мәні – 100%).

Қазіргі кезде облыстың барлық қалалары (Ақтау қаласы – облыс орталығы, Жаңаөзен қаласы – моноқала, Форт-Шевченко қаласы – шағын қала) орталықтандырылған газбен жабдықтаумен 100% қамтылған.

Нысаналы индикаторға қол жеткізілді.

 

  1. Ауылдық елді мекендердегі қолжетімділікке қамтылым үлесі:

13.1. «СУМЕН ЖАБДЫҚТАУҒА» нысаналы индикаторы (нысаналы мәні   – 75,4%).

2019 жылдың қорытындысы бойынша ауылдық  елді мекендердегі (АЕМ) орталықтандырылған сумен жабдықтау қамтылымдығы 75,86%  құрады (58 АЕМ-нен 44 АЕМ).

«Өңірлердің 2020 жылға дейінгі дамуы» Бағдарламасы аясында  2019 жылы 17 жобаны  іске асыруға  (16  жоба 2018  жылдан өтпелі,                1 жоба – жаңа)  бюджеттен 5,7 млрд.теңге (РБ – 4,2 млрд.теңге, ЖБ –   1,5 млрд.теңге) бөлінді. 17 жобадан 11 жоба (Боранқұл, Маңғыстау-4) 2019 жылы аяқталды.

Нысаналы индикаторға қол жеткізілді.

                 

13.2. «ОРТАЛЫҚ СУБҰРУҒА» нысаналы индикаторы (нысаналы мәні – 7,1%).

Бүгінгі күнге облыстың АЕМ жалпы халқының 3,8%  (немесе                    404 735 адамнан 15405 адам) орталықтандырылған субұрумен   қамтылған.

2018-2019 жылдары канализациялық тазарту құрылысына және Маңғыстау ауданының Шетпе ауылындағы субұру желілеріне республикалық бюджеттен 1,8 млрд.теңге бөлініп, игерілді (жоба құны – 2,9 млрд.теңге). Жоба 2020 жылға ауысты.

Нысаналы индикаторға қол жеткізілмеді.

 

13.3. «ОРТАЛЫҚ ГАЗБЕН ЖАБДЫҚТАУҒА» нысаналы индикаторы (нысаналы мәні – 94,8%).

422 148 АЕМ халқының ішінен облыстың ауылдық  елді мекендерінің 421 303 адамы орталықтандырылған газбен жабдықтаумен  қамтылды немесе 99,8%.

Халық саны 845 адамды құрайтын 5 АЕМ-ді газбен жабдықтау баллондағы  сұйытылған газбен жүзеге асырылуда, газ құбырын салу экономикалық  көзқарас тұрғысынан  қымбат тұрады және мақсатқа сай емес болып табылады.

2019 жылы жалпы құны 638,3 млн.теңге «Маңғыстау ауданының Тасмұрын және Тиген тұрғын алаптарының газ тарату жүйелерінің құрылысы» жобасын іске асыру жоспарланған. Алайда, жоба РБ-дан қолдау таппады.

Нысаналы индикаторға қол жеткізілді.

 

  1. «ЖАҚСЫ ЖӘНЕ ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ КҮЙДЕ ТҰРҒАН ОБЛЫСТЫҚ ЖӘНЕ АУДАНДЫҚ МАҢЫЗЫ БАР АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫНЫҢ ҮЛЕСІ» нысаналы индикаторы (нысаналы мәні – 93%).

Облыс  бойынша жақсы және қанағаттанарлық күйде тұрған  облыстық және аудандық маңызы бар   автомобиль  жолдарының үлесі  93,5% құрайды.

«Ата-жолы» 1-кезең (0-51 км), «Ата-жолы» 2-кезең (51-97 км), «Жыңғылды-Шайыр-Шерқала жері» автомобиль жолдарының қайта құрылымдауы аяқталды және «Ақтау-Қаламқас» және «Таушық-Шетпе» (3-кезең) автожолдарындағы  жасанды имараттарға  қайта құрылымдау  жүргізілді.

МАЭК-тен Құрық теңіз портына дейінгі автожолды қайта жаңарту  (1-кезек), МАЭК-тен Құрық теңіз портына дейінгі автожолды қайта жаңарту (3-кезек), Өмірзақ ауылынан жылы жағажайға дейінгі автожолды салу, Тұщықұдық ауылына кіреберіс жолды орташа жөндеу,                 «Қызан-Ақшымырау» орташа жөндеу (14,7 км), «Шетпе-Тиген-Қызан» орташа жөндеу (0-21 км), «Форт-Шевченко-Таушық-Шетпе» орташа жөндеу (0-52 км) жүргізілді.

Нысаналы индикаторға қол жеткізілді.

 

  1. «10 МЫҢ халыққа шаққанда қылмыстық деңгейі» нысаналы индикаторы (нысаналы мәні – 93,0%).

2019 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында облыс бойынша                 4840 қылмыс тіркелген, өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 4,4% төмендеген (2018ж. - 5065). Халық саны орта есеппен алғанда  2020 жылғы 1 қаңтармен 697,1 мың адам.

Осылайша, 10 мың халыққа шаққанда  қылмыстық деңгейі 69,6% құрады.

Қылмыстың алдын алуда «IT-технологияларын» дамыту табысты жалғастырылуда. Бүгінгі күнге 305 бейне бақылау камерасының  мүмкіндігі пайдаланылуда, оның ішінде 166 ОІІ ЖБО-на қосылған,                139 бейне камера «Қауіпсіз аулаға» учаскелік полиция пункттерінің шығарылған жұмыс орындарына қосылған.

Бейне бақылау камераларынан бөлек,  тіркелген қылмыстарды төмендетуге 2019 жылы өткізілген «Құқықтық тәртіп», «Мал ұрлығы», «Іздеу», «Учаске», «Заңсыз келуші» және т.б. секілді жедел-профилактикалық  іс-шаралар ықпал етті.

Нысаналы индикаторға қол жеткізілді (неғұрлым аз болса, соғұрлым жақсы).

 

  1. «100 ЗАРДАП ШЕГУШІГЕ ШАҚҚАНДА ЖКО ҚАЗА БОЛУ САНЫН АЗАЙТУ» нысаналы индикаторы (нысаналы мәні – 17,7%).

2019 жылдың қаңтар-желтоқсанында 100 зардап шегушіге шаққанда жол-көлік оқиғасында (бұдан әрі – ЖКО) қаза болғандар саны   11,0 құрады (634 адамнан 70).

2018 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда азайтылғаны: ЖКО саны 2,5% (320-дан 312-ге дейін), онда қаза болған  азаматтар – 15,7% (83-тен 70-ке дейін), ЖКО жарақаттанған  азаматтар – 39,6%              (564 - тен 404-ке дейін).

Маңғыстау  облысының аумағында ЖКО алдын алу мақсатында 2019 жылы «Автобус», «Қауіпсіз жол», «Назар аудар – Балалар!», «Жолдарда қауіпсіз апталығы» және басқалары секілді республикалық та,сонымен қатар облыс ауқымындағы бірқатар жедел профилактикалық іс-шаралар өткізілді.

Нысаналы индикаторға қол жеткізілді (неғұрлым аз болса, соғұрлым жақсы).

Дата публикации
21 августа 2020