«Дипломмен ауылға» бағдарламасы

Хабарландыру.

«Дипломмен ауылға» жобасының аясында жүзеге асырылатын әлеуметтік қолдау шараларының бюджеттік бағдарлама әкімшісі болып табылатын Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы келесіні хабарлайды.

"Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 105 бұйрығымен өзгерістер енгізілді (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 12 маусымда № 32766 болып  тіркелді).

         Бұйрықтың толық нұсқасымен Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz сайтында танысуға болады.

Дата публикации
26 июня 2023