Стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есепті қамту аясын айқындау туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есепті қамту аясын айқындау туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

ҚР 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экологиялық кодексінде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін стратегиялық экологиялық бағалауды (бұдан әрі – СЭБ) жүргізу жөніндегі норма көзделген.

GIZ германдық халықаралық ынтымақтастық қоғамының қолдауымен Маңғыстау облысының  2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарына (бұдан әрі – «Жоспар») СЭБ өткізу бойынша пилоттық жоба іске асырылуда.

 

Маңғыстау облысы әкімдігі пилоттық режимде экологиялық бағалауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың (бұдан әрі - Нұсқаулық) 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес (Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 30 шілдедегі № 280 бұйрығымен бекітілген) қамту саласын айқындау жөніндегі рәсімнің басталғаны туралы хабарлайды стратегиялық экологиялық бағалау шеңберінде жоспарға жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) келесі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын айтуға шақырады:

1) жоспарды жүзеге асыру қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін бе, егер солай болса, бұл қандай әсерлер және сіз оларды неге маңызды деп санайсыз?

2) жоспар бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерделеу қажет және неге?

3) стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есепте құжатты іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал елеулі әсерлері туралы Сізді қызықтыратын барлық ақпарат қамтылған ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неге?

4) сізде құжатты іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты өзге де ескертулер мен ұсыныстар бар ма?

Ескертулер мен ұсыныстарды 2023 жылғы 12 маусымға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне жазбаша түрде жіберу қажет (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2023 жылғы 12 маусым)

Ескертулер мен ұсыныстарды электронды түрде электрондық поштаға жіберуге болады. Министрлік Кеңсесінің мекенжайы: k.kense@ecogeo.gov.kz

Сіздің ұсыныстарыңыз кеңседе телефон арқылы алынғанын міндетті түрде нақтылау қажет: +7 7172 74-08-44

Анықтамалар үшін байланыс деректері:

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8

Экологиялық саясат және тұрақты даму департаменті

Тел. 8 701-847-2853 (WhatsApp); 8 (7172) 74-13-83, 74-02-83

e-mail: o.melnik@ecogeo.gov.kz; b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жоғарыда көрсетілген мерзімде алған барлық ескертулер мен ұсыныстар қаралуға жатады.

Жоспар туралы ақпаратпен Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің сайтында танысуға болады («Қызмет» бөлімі Негізгі құжаттар» бөлімі Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі) https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/activities/directions?lang=ru  

сондай-ақ _ _ _ _ _ _ _ облысы әкімдігінің сайтында.

Дата публикации
30 мая 2023