Маңғыстау облысының 2016 жылғы қаңтар-мамырдағы
әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы
Облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмыс 2016 жылы Мемлекет басшысының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты 2015 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында қойылған тапсырмаларға, сондай-ақ стратегиялық және басым мемлекеттік, салалық бағдарламаларға сәйкес құралды. Маңғыстау облысын дамытудың 2016-2016 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру басталды.
Облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары 2016 жылдың қаңтар-мамырында қолданыстағы бағада 713,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 99,7% құрады.
Облыстағы өнеркәсіптік өнімнің жалпы көлемінде үлесі 86% құрайтын кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игеруде есепті кезеңде 614,2 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі (НКИ) 99,6% құрады. Азаю, өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 1,9%-ға төмендеген, өндіру көлемі 7,5 млн. тоннаны құраған мұнай өндірудің төмендеуімен байланысты болды.
Техникалық (немесе сервистік – бұрғылау, ұңғымаларды күрделі жөндеу) қызметтердің 5,1%-ға өсуі байқалады. Табиғи газ өндіру 17,5%-ға өсті (1144,9 млн. текше метр).
Есепті кезеңде өңдеу өнеркәсібінде (саланың үлесі – 6,9%) 49,1 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі (НКИ) 115,2% құрады.
Машина жасауда – 12,7%-ға, химия өнеркәсібінде – 8,9%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруде – 53,6%-ға өсу байқалады.
«Сумен жабдықтау, канализациялық жүйе, қалдықтарды жинақтауды және бөлуді бақылау» саласында 6,8 млрд. теңге көлемінде өнім өндірілді немесе 2015 жылдың тиісті деңгейіне 84,8%.
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда НКИ – 97,8%, өндіру көлемі – 43,6 млрд. теңгені құрады.
Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 151,9 млрд. теңгені құрады немесе 2015 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 91,3%. Төмендеу, бірінші кезекте кен өндіру өнеркәсібіне салынатын инвестициялардың, дәлірек айтқанда, машиналар мен жабдыққа, барлауға және өндіруге арналған шығындардың төмендеуімен байланысты болды.
Индустрияландыру картасының екінші бесжылдығының аясында 172,3 млрд. теңге сомасына, 4 мыңнан аса жұмыс орны құрылатын 25-тен астам инвестициялық жобаны іске асыру көзделді.
ИИДМБ аясында 2016 жылы құны 73,3 млрд. теңге болатын, жаңадан 1471 жұмыс орны құрылатын 10 жобаны іске асыру жоспарлануда:
Құрылыс жұмыстарының көлемі 2016 жылдың қаңтар-мамырында 42,9 млрд. теңгені құрады немесе 2015 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 98,1%.
Төмендеудің негізгі себебі – жұмыстардың ірі көлемі өткен жылы «Бейнеу-Жезқазған», «Боржақты-Ерсай» темір жолдарын салу, Ақтау халықаралық теңіз портын солтүстік бағытта кеңейту есебінен қамтамасыз етілді. Бұдан басқа, бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша жаңа бастамаларға арналған қаражат көлемі төмендетілді.
Сонымен бірге, облыс бойынша барлық жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының көлемін толықтай есепке алу, ауыспалы жобаларды уақытылы аяқтау бойынша шаралар қабылдануда.
Жалпы ауданы 323,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе өткен жылдың қаңтар-мамырына қарағанда 22,1%-ға артық (2015 жылдың қаңтар-мамырында – 264,7 мың шаршы метр). Негізгі көлем халықтың меншікті қаражатына келеді.
Облыстың бәсекелестік артықшылықтарын есепке ала отырып, мынадай өсу резервтері анықталды және облыс экономикасын дамытудың перспективалы бағыттары айқындалды: мұнай-газ өндіру секторын одан әрі дамыту (мұнай-газ өндіру, мұнай-газ сервисі), транзиттік әлеуетті дамыту (көлік пен логистика), құрылыс индустриясын, туризмді дамыту («Кендірлі» курортты демалыс аймағы).
«Ақтау теңіз порты» АЭА аумағын жоғары технологиялық экспортқа бағдарланған өндірістермен толықтыру бойынша жұмыс жүргізілуде. 2015 жылы 3 жоба пайдалануға берілді: «Ақтау Теңіз Солтүстік Терминалы» ЖШС (Ақтау халықаралық теңіз сауда портын солтүстік бағытта кеңейту), «Азерсун өндіріс және логистика орталығы» ЖШС (Азық-түлік тауарларын сақтауға арналған қоймалық орынжайлар құру), «ҮСК-Қараойқұрылыс» ЖШС (Темір-бетон бұйымдар зауытын салу және пайдалану). 2016 жылы 4 жобаны іске асыру жоспарланған.
АЭА-ның инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында, аумақты инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінге №3 және №1 кіші аймақтар инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. № 1 (қосымша учаске), № 2 және №4 кіші аймақтардың инженерлік инфрақұрылымын салуға ЖСҚ әзірлеу аяқталды. Жобалар 2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджеттен қаржыландыруға ұсынылды.
Көліктік-инфрақұрылымдық даму саласында, «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның «Боржақты-Ерсай» темір жол желісінің құрылысы аяқталуда. Жоба құны – 9,6 млрд. теңге, оның ішінде Ұлттық қордан 6,7 млрд. теңге бөлінді. Объект 2015 жылғы желтоқсанда пайдалануға берілді. Құрылысын салу кезеңінде 204 жұмыс орны құрылды, пайдалану кезеңінде 42 тұрақты жұмыс орнын құру жоспарлануда. Бүгінге паром кешенінің құрылыс объектісіне құрылыс жүктерін тасымалдау ғана жүзеге асырылуда. Мемлекеттік комиссияның актісін дайындау бойынша жұмыс жүргізілуде. Пайдалануға беру – 2016 жылғы 2-тоқсан. Осы желі бойынша жылына 8,0 млн. тоннаға дейін жүк тасымалданады деп күтілуде.
2015 жылғы сәуірде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның құны 16,4 млрд. теңге болатын (оның ішінде, Ұлттық қордан 2015 жылы – 4,8 млрд. теңге бөлінді, 2,7 млрд. теңге игерілді, 2016 жылға 7,0 млрд. теңге көздестірілді) Құрық портындағы паром кешенінің құрылысы басталды. Жүк ағындарының жылдық көлемі – 4,1 млн. тонна, құрылыс салу ауданы – 21 га.
1-кезең бойынша жұмыстар жүргізілуде – 1 іске қосу кещені: жерге орналастыру жұмыстары, аумақты қалыптастыру, темір жол төсеу – 3 км, жеке тұрған ғимараттарды монтаждау, электр беру желілерін салу. Қазаншұңқыр мен резервуарларды орнатуға арналған жабдық дайындалды.
Құрылысын салу кезеңінде – 220 жұмыс орнын, пайдалану кезеңінде – 249 жұмыс орнын құру көздестірілген. Объектіні аяқтау мерзімі – 2016 жылғы желтоқсан.
Азия даму банкінің қарыз қаражатын тарту арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен «Ақтау-Бейнеу-Атырау» автожолын реконструкциялау жобасы іске асырылуда. «Шетпе-Бейнеу» автомобиль жолының (құны – 46,4 млрд. теңге, оның ішінде 2015 жылға дейін 44 млрд. теңге игерілді) 6 учаскесінің 4 учаскесінде (200 км.) реконструкциялау бойынша жұмыстар аяқталып, тағы 2 учаскені (100 км.) 2016 жылдың 1-жартыжылдығында аяқтау жоспарлануда. Республикалық бюджеттен 2016 жылға 2,3 млрд. теңге бөлінді (1,3 млрд. теңге игерілді).
Құны 36,5 млрд. теңге болатын «Шетпе-Жетібай-Ақтау» автомобиль жолын реконструкциялау бойынша жұмыстар басталып, оның ішінде 2014 жылы 0,6 млрд. теңге игерілді, 2015 жылы 9,1 млрд. теңге бөлініп, игерілді, республикалық бюджеттен 2016 жылға – 1,4 млрд. теңге бөлінді, 0,3 млрд. теңге игерілді, АДБ-нің 12,1 млрд. теңге бөлінді (2,9 млрд. теңгесі игерілді). Іске асыру мерзімі: 2015-2017 жылдар.
Екі жоба бойынша құрылатын жұмыс орындарының саны: құрылысын салу кезеңінде – 1310 адам, пайдалану кезеңінде – 17 адам.
Ақтау халықаралық теңіз портын солтүстік бағытта кеңейту жөніндегі жобаның аясында (құны – 39,7 млрд. теңге) мынадай жұмыс жүргізілуде:
2-кезең –теңіз түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу:
1-кезек – пайдалануға беру (15.03.2016 жыл),
2-кезек – навигациялық жабдықты шеф-монтаждау және іске қосу-ретке келтіру орындалуда. Пайдалануға беру – 2016 жылғы маусым;
3-кезең – құрғақ жүк терминалдарының құрылысы:
1-кезек – астық терминалы – пайдалануға берілді,
2-кезек – алаңішілік инженерлік желілердің, қызметтік және өндірістік ғимараттардың, 3 айлақтың құрылысы. Қаржыландырудың болмауына байланысты, жұмыстар жүргізілмей тұр.
Жобаны іске асыру нәтижесінде жобаның қуаттылығы жылына 2,5 мың тонна құрғақ жүкке дейін өседі. Құрылатын жұмыс орындары: ағымдағы жылғы құрылысын салу кезеңінде – 303 адам, пайдалану кезеңінде – 173 адам.
Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын салуға, күрделі, орташа, ағымдағы жөндеуге және күтіп-ұстауға, сондай-ақ ЖСҚ-ын әзірлеуге республикалық және облыстық бюджеттердің қаражатынан 2016 жылға шамамен 7,4 млрд. теңге бөлінді.
«Сыңғырлау-Сам-Ноғайты-Тұрыш» автожолының құрылысы (ұзындығы – 73 км) және «Шетпе-Қызан» автожолын реконструкциялау (21-49 км учаскесі) жүргізілуде.
«Ақтау-Құйылыс» (7-19 км), «Форт-Шевченко – Ақтау-Қаламқас жолының 43 километріне дейін» (43-75 км) автожолдарын күрделі жөндеу, «Форт-Шевченко – Ақтау-Қаламқас жолының 43 километріне дейін» (75-122 км) автожолын күрделі жөндеу, «Таушық-Шетпе» (0-70 км) автомобиль жолын орташа жөндеу жалғасуда. Ағымдағы жылғы шілдеде «Ақтау – Форт-Шевченко» - Қаламқас кен орны» (88-154 км) автожолын орташа жөндеу басталатын болады.
Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы Батыс Қазақстанды жағажай туризімінің орталығы ретінде, оның ішінде Кендірлі курортты демалыс аймағын дамытуды көздейді. Кендірлі туристік аймағын дамытудың жүйелі жоспары әзірленіп, бекітілді. Курортты аймақты дамытуға инвесторлар тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.
Сыртқы сауда айналымы 2016 жылдың қаңтар-сәуірінде 1176,6 млн. АҚШ долларын, немесе 2015 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 67,8%, оның ішінде тауарларды экспорттау – 1089,9 млн. АҚШ долларын (68,7%), импорт – 86,7 млн. АҚШ долларын (58,1%) құрады. Сыртқы сауда айналымының сальдосы 1003,2 млн. АҚШ долларын құрады.
Бөлшек тауар айналымының көлемі 2016 жылдың қаңтар-мамырында 49,2 млрд. теңгені құрады немесе 2015 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 87,7%. Тауар айналымының азаюы, айналым құрылымындағы үлесі 66,3% құрайтын сауда жасаушы кәсіпорындар көлемінің төмендеуімен байланысты.
Тұтыну бағалары мен тарифтердің индексі 2016 жылғы мамырда 2015 жылдың желтоқсанына 105,2% (ҚР бойынша – 104,2%), оның ішінде азық-түлік тауарларына – 107,2% (ҚР бойынша – 104,3%), азық-түлік емес тауарларға – 102,3% (ҚР бойынша – 104,2%), ақылы қызметтерге – 105,8% (ҚР бойынша – 104%) құрады.
Есепті кезеңде ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2,3 млрд. теңгені құрады. 2015 жылдың тиісті кезеңіне нақты көлем индексі – 77,3%.
Ірі қара мал басының – 13,6%-ға (16,3 мың бас), қой мен ешкінің – 11,7%-ға (499,1 мың бас) төмендегені байқалады.
Жылқылардың – 8,8%-ға (76,3 мың бас), түйелердің – 1,1%-ға (58,4 мың бас) өскені байқалады.
Шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 01.06.2016 жылға 48218 бірлікті құрады (01.06.2015 жылға – 46542 бірлік).
Екінші деңгейдегі банктер ағымдағы жылдың 4 айында шағын бизнес субъектілеріне 6356,3 млн. теңге көлемінде кредиттік ресурстар берді, бұл – өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 3 есе көп.
01.06.2016 жылғы жағдай бойынша «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру аясында ӨҮК-нің 11 отырысында 2 101,7 млн. теңге жалпы сомасына 48 жоба мақұлданды.
Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету саласында, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының іске асырылуын есепке алғанда 2016 жылдың қаңтар-мамырында облыс бойынша 10543 жұмыс орны құрылды (2015 жылдың қаңтар-мамырында – 9053 жұмыс орны). Оның ішінде, қалалар мен аудандардың әкімдіктері халықтың нысаналы топтары үшін 950 әлеуметтік жұмыс орнын құрып, жоғары оқу орындарының 698 түлегін жастар практикасына тартты.
Есепті кезеңде жұмыспен қамту органдарының еңбек делдалдығына 7908 адам өтініш білдірді. Әлеуметтік қорғау шараларымен 6305 адам қамтылып, оның ішінде 4007 адам жұмысқа орналастырылды, 2049 адам қоғамдық жұмыстарға жолданды.
Жалпы жұмыссыздық деңгейі 2016 жылдың 1-тоқсанында (ашық еңбек нарығында) 5,1%-ды құрап (2015 жылдың 1-тоқсанында – 5,3%), оның ішінде жастар жұмыссыздығының деңгейі 4,4%-дан 5,1%-ға дейін артты.
Мемлекеттік бюджетке (Ұлттық қорды есепке алмағанда) 133,1 млрд. теңге (2015 жылдың осындай кезеңіне – 112,3%), оның ішінде республикалық бюджетке – 79,9 млрд. теңге (112,5%), жергілікті бюджетке – 53,2 млрд. теңге (112%) сомасында салықтар мен өзге де міндетті төлемдер түсті.
Облыстың 2016 жылға арналып нақтыланған бюджеті 176,1 млрд. теңгені құрайды. Қаңтар-мамырда бюджеттің кірістер бойынша атқарылуы жоспарға – 90,4%, оның ішінде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер мен кредиттер бойынша – 86,8% құрады.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасының аясында Мұнайлы ауданының Батыр ауылдық округінде 0,4 кВ электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы мен Ақтау қаласы 33 "Аққу" шағын ауданының жол бойындағы аумақтарын абаттандыру (шағын ауданішілік автомобиль жолдары, жаяу жүргіншілер аймағы және тротуарлар) жүргізілуде. Объектілер 2016 жылға өтеді.
Бұдан басқа, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасының аясында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бөлігінде 2016 жылы облыстың ауылдарын жайластыру бойынша 40 жобаны іске асыруға 438,4 млн. теңге сомасындағы жергілікті бюджеттің қаражаты көздестірілді.
Білім беру. Білім беру жүйесін қаржыландыруға 2016 жылы 47,3 млрд. теңге көздестірілді. 1.06.2016 жылға 14,2 млрд. теңге игерілді. Білім беру объектілерін дамытуға 1,8 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 1,2 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 0,6 млрд. теңге көздестірілді. Күрделі жөндеу жүргізуге 7,7 млн. теңге бөлінді.
«Нұрлы жол» бағдарламасының аясында Қарақия ауданының Жетібай ауылында 280 орындық балабақшаның, Бейнеу ауылында 900 орындық мектептің және Форт-Шевченко қаласында 550 орындық мектеп-интернаттың (инвесторлар қаражатының есебінен) 2016 жылы аяқталатын құрылысы жүргізілуде. Жаңаөзен қаласының Арай шағын ауданында 320 орындық балабақшаның құрылысын бастау көздестірілген, осы мақсатқа 401,2 млн. теңге бөлінді. Форт-Шевченко қаласындағы 550 орындық мектеп-интернаттың құрылысы аяқталды (инвесторлар есебінен).
Кең жолақты интернетке 133 мектептің ішінен 74 мектеп қосылған немесе 55,6%. 41,6 мың бала қамтылған 245 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді. 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды тамту 79,6% құрайды.
Денсаулық сақтау. Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2016 жылы 20,5 млрд. теңге көздестірілді. 1.06.2016 жылға 7,8 млрд. теңге игерілді. Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға республикалық бюджеттен 2,2 млрд. теңге, материалдық-техникалық базаны нығайтуға – 116,1 млн. теңге және орынжайларды, ғимараттарды, құрылыстарды күрделі жөндеуге – 397,6 млн. теңге көздестірілді.
РБ қаражатының есебінен Ақтау қаласында 150 орындық ана мен баланы қорғау орталығының құрылысы жүргізілуде.
Нәрестелер өлім-жітімінің деңгейі 1000 тірі туылғандарға шаққанда 2015 жылғы қаңтар-мамырдағы 11,9-дан 2016 жылдың қаңтар-мамырында 10,6-ға дейін азайды.
Аналар өлім-жітімінің 1 фактісі тіркелді (2015 жылдың қаңтар-мамырында – 0 жағдай).
Туберкулезбен ауыру 100 мың халыққа шаққанда 2015 жылғы қаңтар-мамырдағы 31,5-тен 2016 жылғы қаңтар-мамырда 30,3-ке дейін азайды.
Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарын іске асыруға 2016 жылы – 3,8 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 1,3 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 1,9 млрд. теңге, «Өзенмұнайгаз» АҚ қаражатының есебінен – 487,2 млн. теңге бөлінді бөлінді.
Бүгінге Жаңаөзен қаласының «Мұнайлы», «Бостандық», «Жұлдыз» шағын аудандарының және Қызылсай ауылының автомобиль жолдарының құрылысы; Құланды ауылындағы автомобиль жолдарын кеңейту; «Жұлдыз» және «Мерей» шағын аудандарындағы сумен жабдықтаудың тарату желілерінің құрылысы; еділ суын тәулігіне 30 мың текше метрге дейін ауыз су сапасына дейін жеткізіп дайындау үшін су тазарту құрылыстарын салу жүргізілуде және Жаңаөзен қаласының Арай шағын ауданында 320 орындық балабақша салу бойынша жұмыстар басталды.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының «Инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» атты бірінші бағытының аясында 2016 жылы облыстың ауылдық елді мекендерінде 588 жұмыс орнын құрумен коммуналдық-инженерлік, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін абаттандыру, реконструкциялау, күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша 129 жобаны іске асыру жоспарланған. Осы мақсатқа 1614,7 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 1313,2 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 301,5 млн. теңге көздестірілген.
Тірек ауылдық елді мекендердің (Түпқараған ауданының Ақшұқыр, Бейнеу ауданының Ақжігіт және Боранқұл, Маңғыстау ауданының Сайөтес және Жыңғылды, Қарақия ауданының Жетібай ауылдарының) және аудан орталықтарының (Бейнеу, Құрық, Маңғыстау, Шетпе ауылдарының) 2014-2018 жылдарға арналған кешенді даму жоспарларын, Маңғыстау облысының шекара маңындағы аудандарын (Бейнеу ауданының Сам және Ақжігіт, Қарақия ауданының Болашақ ауылдарын) дамыту жөніндегі 2014-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруды жалғасуда.