2016 жылғы қаңтар-ақпандағы әлеуметтік-экономикалық даму

Маңғыстау облысы

(2016 жылғы қаңтар-ақпандағы әлеуметтік-экономикалық даму)

 

Өнеркәсіп. Өнеркәсіптік өнім өндіру көлемі 262,5 млрд. теңгені құрады. 2015 жылдың тиісті деңгейіне нақты көлем индексі – 100,5%.

 

Өсуді қамтамасыз ету

Есепті кезеңде өңдеу өнеркәсібінде (саланың үлесі – 6,6%) 17,3 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі (НКИ) 110,3% құрады. Машина жасауда – 28,4%-ға, басқа санаттарға қосылмаған машиналар мен жабдықтар өндірісінде – 17%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдар өндірісінде – 2,2%-ға, химия өнеркәсібінде – 10,3%-ға өсу байқалады.

 

ИИДМБ аясында 2016 жылы құны 73,3 млрд. теңге болатын, жаңадан 1421 жұмыс орны құрылатын 10 жобаны іске асыру жоспарлануда, оның ішінде:  

  1. Сұйық дәрілік формаларды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды шығару бойынша фармацевтикалық кешен – «Медикал Фарм «Ча-Кур» ЖШС;
  2. Полимерлік бума өндіретін зауыт салу – «Достық Полимер» ЖШС;
  3. Үй құрылысы комбинатын салу – «ДСК-Ақтау» ЖШС;
  4. Кабельдер мен трансформаторлар өндіретін зауыт – «Актау ЭнергоМаш» ЖШС;
  5. «Шетпе-Бейнеу» автомобиль жолын реконструкциялау – «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ;
  6. Жиһаз және пластикалық терезелер даярлайтын өндірістік цех –«Город мастеров» ЖК А.В. Битнер»;
  7. Керамзит тасының зауытын салу – «Ақтау Керамзит» ЖШС;
  8. Маңғыстау облысында күн электр станциясын салу – «Бест групп НС» ЖШС;
  9. Маңғыстау облысында жел электр станциясын салу – «Бест групп НС» ЖШС;
  10. Аммиак селитрасын түйіршіктеу мұнарасын салу, 1-кезек – «ҚазАзот» ЖШС.

 

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1,7 млрд. теңгені құрады. 2015 жылдың тиісті кезеңіне нақты көлем индексі – 93,5%.

Төмендеу себептері

Ірі қара мал басының – 14,4%-ға (13,2 мың бас), қой мен ешкінің – 10,6%-ға (322,6 мың бас), жылқының – 2,7%-ға (56,8 мың бас) төмендегені байқалады.

 

Шағын және орта кәсіпкерлік. Шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 01.03.2016 жылға 47304 бірлікті құрады (01.03.2015 жылға – 47878 бірлік).

Төмендеу себептері

Төмендеу – жеке кәсіпкерлер санының азаюымен байланысты.

 

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 51,5 млрд. теңгені құрады немесе 2015 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 102,6%.

 

        Құрылыс жұмыстарының көлемі 11,3 млрд. теңгені немесе 2015 жылдың тиісті кезеңіне 86,4% құрады.

 

Төмендеу себептері

Жеке тұрғын үй салу көлемінің төмендеуі есебінен.              

 

Сыртқы сауда айналымы 2016 жылдың қаңтарында 3,6 млрд. АҚШ долларын, немесе 2015 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 50,3%, оның ішінде  тауарларды экспорттау – 3,2 млрд. АҚШ долларын (47,7%-ға төмендеді), импорт – 35,3 млн. АҚШ долларын (0,1%-ға өсті) құрады. Сыртқы сауда айналымының сальдосы 2,9 млрд. АҚШ долларын құрады.

 

Тұтыну бағаларының индексі 2016 жылдың ақпанында 2015 жылдың желтоқсанына 102,8%, оның ішінде азық-түлік тауарлары бойынша – 103,2%, азық-түлік емес тауарлар бойынша – 101,2%, ақылы қызметтер бойынша – 103,9% құрады.

 

Өсу себептері

Азық-түлік тауарлары бойынша ұн – 6,7%-ға, вермишель – 8,7%-ға, жармалар – 5,9%-ға, сүт – 1,6%-ға,  сары май – 7,9%-ға;

Азық-түлік емес тауарлар тобы бойынша: киім мен аяқ киім – 1,5%-ға, үйге қажетті заттар – 4,0%-ға;

Ақылы қызметтер тобы бойынша: тәулік зоналары бойынша электр энергиясына ақы төлеу – 48,8%-ға, ердер мен әйелдердің шашын қию  – 6,5%-ға қымбаттады.

 

Салықтар мен бюджет. Мемлекеттік бюджетке 56,3 млрд. теңге немесе болжамға 105,2%, оның ішінде республикалық бюджетке –  35,7 млрд. теңге (болжамға 93,7%), жергілікті бюджетке – 20,6 млрд. теңге (болжамға 133,8%) сомасында салықтар мен өзге де міндетті төлемдер түсті.

Салықтай бойынша берешек 14 млрд. теңгені немесе 2015 жылдың тиісті кезеңіне 97,9% құрады.

Өсу себептері

Есепті кезеңде бюджетке төлемдер бойынша берешек жыл басымен салыстырғанда мына салық түрлері бойынша қалыптасты: Недоимка по платежам в бюджет за отчетный период по сравнению с началом года образовалась по следующим видам налога: мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы – 0,3 млрд. теңге; елді мекендердің жерлеріне жеке тұлғалардан түсетін жер салығын қоспағанда жер салығы – 1,01 млрд. теңге; ҚР аумағында өндірілген тауарларға, орындалған жұмыстарға және көрсетілген қызметтерге салынатын қосылған құн салығы  –  0,6 млрд; Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда экспортқа салынатын рента салығы – 0,2 млрд. теңге.

 

        Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау.

Жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,1% құрады (2015 жылдың IV тоқсанында).

3475 адамды жұмыспен қамту, оның ішінде 2067 адам – тұрақты жұмыс орындарымен, 354 адам – маусымдық жұмыстармен, 570 адам – жергілікті бюджеттер қаражатының есебінен әлеуметтік жұмыс орындарымен, 484 адам – жастар практикасының аясында қамтамасыз етілді.

Бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 2015 жылдың IV тоқсанында 236 372 теңгені құрап, 2014 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 2,1%-ға азайды.

 

Әлеуметтік сала

 

Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2016 жылы 19,9 млрд. теңге көздестірілді (01.03.2016 жылға 2,8 млрд. теңге игерілді). Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға республикалық бюджеттен 2,2 млрд. теңге, материалдық-техникалық базаны нығайтуға жергілікті бюджеттен 489,6 млн. теңге бөлінді.

Нәрестелер өлім-жітімінің деңгейі 2016 жылдың қаңтар-ақпанында 1000 тірі туылғандарға шаққанда 10,6-дан 8,8-ге дейін азайды.

Аналар өлім-жітімінің фактілері анықталмады (2015 жылдың қаңтарында – 0 жағдай).

Туберкулезбен ауыру 2015 жылғы қаңтар-ақпандағы 100 мың халыққа шаққандағы 12,8-ден 2016 жылғы қаңтар-ақпанда 11,7-ге дейін азайды.

Білім беру

Білім беру жүйесін қаржыландыруға 2016 жылы 47,2 млрд. теңге көздестірілді (01.03.2016 жылға 6,2 млрд. теңге игерілді).Білім беру объектілерін дамытуға 1,8 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 1,2 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 0,6 млрд. теңге көздестірілді. Күрделі жөндеу жүргізуге 10,7 млн. теңге бөлінді.

1.03.2016 жылға облыс бойынша 33,1 мың бала немесе 77,4% қамтылған 242 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Бұл – 2015 жылдың тиісті кезеңінің деңгейінен 9,3%-ға жоғары.

«Нұрлы жол» бағдарламасының аясында Қарақия ауданының Жетібай ауылында 280 орындық балабақшаның, Бейнеу ауылында 900 орындық мектептің және Форт-Шевченко қаласында 550 орындық мектеп-интернаттың (инвесторлар қаражатының есебінен) 2016 жылы аяқталатын құрылысы жүргізілуде. 2016 жылы Жаңаөзен қаласында 320 орындық балабақшаның құрылысы басталды.

Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету орташа алғанда 1 компьютерге – 14 оқушыны, ауылда – 16 оқушыны құрайды. Кең жолақты интернетке 133 мектеп қосылған немесе 100%. 7 білім беру объектісін күрделі жөндеуге жергілікті бюджеттен 1,5 млрд. теңге бөлінді.

 

Дата публикации
18 марта 2020