Маңғыстау облысы
(2016 жылғы қаңтардағы әлеуметтік-экономикалық даму)
Өнеркәсіп. Өнеркәсіптік өнім өндіру көлемі 127,3 млрд. теңгені құрады. 2015 жылдың тиісті деңгейіне нақты көлем индексі – 98%.
|
Төмендеу себептері |
|
Облыстың өнеркәсіптік өнімінің жалпы көлемінде үлесі 85,5% құрайтын кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игеруде 108,8 млрд. теңге көлемінде өнім өндірілді. НКИ 97,8% құрады. Негізгі себеп – мұнай-газ саласының 16%-ын алатын техникалық қызметтердің (немесе сервистік қызметтер – бұрғылаудың, ұңғымаларды күрделі жөндеудің) 9,6%-ға төмендеуі. Тері және оған жататын өнім өндірісінде – 69,8%-ға, өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісінде – 14,3%-ға, тоқыма бұйымдар өндірісінде – 0,9%-ға, азық-түлік өнімдерінің өндірісінде – 17,2%-ға өсу байқалады.
|
|
Өсуді қамтамасыз ету |
|
Есепті кезеңде өңдеу өнеркәсібінде (саланың үлесі – 5,8%) 7,4 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі (НКИ) 105,3% құрады. Машина жасауда – 30,4%-ға, басқа санаттарға қосылмаған машиналар мен жабдықтар өндірісінде – 17%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдар өндірісінде – 2,2%-ға, химия өнеркәсібінде – 10,3%-ға өсу байқалады. |
Индустрияландырудың екінші бесжылдығының аясында 151,2 млрд. теңге жалпы сомасына 27-ден аса жобаны іске асыру көзделуде. Көрсетілген жобаларды іске асыру, жаңадан шамамен 5496 мың жаңа жұмыс орнын құруды көздейді.
2016 жылы 77,5 млрд. теңге сомасына, жаңадан шамамен 3476 жұмыс орны құрылатын 12 жобаны іске асыру жоспарлануда:
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 792,4 млн. теңгені құрады. 2015 жылдың тиісті кезеңіне нақты көлем индексі – 93,6%.
|
Төмендеу себептері |
|
Ірі қара мал басының – 12,2%-ға (13,4 мың бас), қой мен ешкі басының – 9,6%-ға (328,8 мың бас), жылқы басының – 2,6%-ға (57,2 мың бас) төмендегені байқалады. |
Шағын және орта кәсіпкерлік. Шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 01.01.2016 жылға 47111 бірлікті құрады (01.01.2015 жылға – 47501 бірлік).
|
Төмендеу себебі |
|
Төмендеу – жеке кәсіпкерлер санының азаюына байланысты. |
Негізгі капиталға инвестициялар 20,9 млрд. теңгені немесе 2015 жылдың тиісті кезеңіне 105,7% құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 5,3 млрд. теңгені немесе 2015 жылдың тиісті кезеңіне 79,7% құрады.
|
Төмендеу себебі |
|
Жеке тұрғын үй салу көлемінің төмендеуі есебінен. |
Сыртқы сауда айналымы 2015 жылдың қаңтар-желтоқсанында 4,5 млрд. АҚШ долларын, немесе 2014 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 44,7%, оның ішінде тауарларды экспорттау – 4,0 млрд. АҚШ долларын (57,8%-ға төмендеді), импорт – 478,7 млн. АҚШ долларын (6,7%-ға төмендеді) құрады. Сыртқы сауда айналымының сальдосы 3,6 млрд.. АҚШ долларын құрады.
Тұтыну бағаларының индексі 2016 жылдың қарашасында 2015 жылдың желтоқсанына 101%, оның ішінде азық-түлік тауарлары бойынша – 101,6%, азық-түлік емес тауарлар бойынша – 100,9%, ақылы қызметтер бойынша – 100,5% құрады.
|
Өсу себептері |
|
Азық-түлік тауарлары бойынша ұн – 6,7%-ға, вермишель – 8,7%-ға, жармалар – 5,9%-ға, сүт – 1,6%-ға, сары май – 7,9%-ға; Азық-түлік емес тауарлар тобы бойынша: киім мен аяқ киім – 1,5%-ға, үйге қажетті заттар – 4,0%-ға; Ақылы қызметтер тобы бойынша: тәулік зоналары бойынша электр энергиясына ақы төлеу – 48,8%-ға, ердер мен әйелдердің шашын қию – 6,5%-ға қымбаттады. |
Салықтар мен бюджет. Мемлекеттік бюджетке 29,1 млрд. теңге немесе болжамға 105,8%, оның ішінде республикалық бюджетке – 22,6 млрд. теңге (болжамға 120,2%), жергілікті бюджетке – 6,5 млрд. теңге (болжамға 74,7%) сомасында салықтар мен өзге де міндетті төлемдер түсті.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау.
Жалпы жұмыссыздық деңгейі 2015 жылдың 3 тоқсанында (ашық еңбек нарығында) 5,1%-ды құрап (2014 жылдың 3 тоқсанында – 5,3%), оның ішінде жастар жұмыссыздығының деңгейі 7,4%-дан 4,7%-ға дейін төмендеді.
1341 адамды жұмыспен қамту, оның ішінде 718 адам – тұрақты жұмыс орындарымен, 125 адам – маусымдық жұмыстармен, 295 адам – жергілікті бюджеттер қаражатының есебінен әлеуметтік жұмыс орындарымен, 203 адам – жастар практикасының аясында қамтамасыз етілді.
Бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 2015 жылдың қаңтар-желтоқсанында 227 661 теңгені құрады, бұл – 2014 жылдың тиісті кезеңінен 3,3%-ға жоғары.
Әлеуметтік сала
|
Денсаулық сақтау |
|
Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2016 жылы 19,9 млрд. теңге көздестірілді. (1.02.2016 жылға 0,6 млрд. теңге игерілді). Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға республикалық бюджеттен 2,2 млрд. теңге көздестірілді. Материалдық-техникалық базаны нығайтуға жергілікті бюджеттен 489,6 млн. теңге бағытталды. нәрестелер өлім-жітімінің деңгейі 2016 жылдың қаңтарында 1000 тірі туылғандарға шаққанда 8,7-ден 6,6-ға дейін азайды. Аналар өлім-жітімінің фактілері анықталмады (2015 жылдың қаңтарында – 0 жағдай). Туберкулезбен ауыру 2015 жылғы қаңтардағы 100 мың халыққа шаққандағы 6,5-тен 2016 жылғы қаңтарда 6,2-ге дейін азайды. |
|
Білім беру |
|
Білім беру жүйесін қаржыландыруға 2016 жылы 47,2 млрд. теңге көздестірілді. (1.02.2016 жылға 1,3 млрд. теңге игерілді). Білім беру объектілерін дамытуға 1,8 млрд. теңге, оның ішінде РБ-тен – 1,2 млрд. теңге, ЖБ-тен - 0,6 млрд. теңге көздестірілді. Күрделі жөндеу жүргізуге 10,7 млн. теңге бағытталды. 1.02.2016 жылға 31,5 мың бала немесе 77,4% қамтылған 233 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, бұл – 2015 жылдың тиісті деңгейінен 9,3%-ға жоғары. «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында 2015 жылы Қарақия ауданының Жетібай ауылында 280 орындық балабақшаның, Бейнеу ауылында 900 орындық мектептің және Форт-Шевченко қаласында 550 орындық мектеп-интернаттың (инвесторлар қаражатының есебінен) құрылысы басталды. Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету орташа алғанда – 14 оқушы/1 компьютер, ауылда – 16. Кең жолақты интернетке 137 мектеп қосылған немесе 98%. |