Маңғыстау облысы
(2015 жылғы қаңтар-қарашадағы әлеуметтік-экономикалық даму)
Өнеркәсіп. Өнеркәсіптік өнім өндіру көлемі 1410,3 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2014 жылдың тиісті деңгейіне – 95,5%.
|
Төмендеу себептері |
|
Облыстағы өнеркәсіптік өнімнің жалпы көлемінде үлесі 89,1% құрайтын кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игеруде 1256,8 млрд. теңге көлемінде өнім өндіріліп, НКИ 95,9% құрады. Негізгі себеп – мұнай-газ саласының 16%-ын алатын техникалық қызметтердің (немесе сервистік қызметтер – бұрғылаудың, ұңғымаларды күрделі жөндеудің) 27,9%-ға төмендеуі. Есепті кезеңде өңдеу өнеркәсібінде (саланың үлесі – 5,4%) 76,7 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі (НКИ) 86,0% құрады. Төмендеу машина жасаудағы НКИ-нің 23,3%-ға төмендеуімен байланысты болды, бұл да – өңірдің машина жасау саласы кәсіпорындарының өндіру және мұнай кәсіпшілігінің жабдығын жөндеу және орнату бойынша қызметтер көлемін төмендетуіне байланысты. |
|
Өсуді қамтамасыз ету |
|
Өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісінде – 15,3%-ға, химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісінде – 8,3%-ға, тоқыма бұйымдар өндірісінде – 33,8%-ға, азық-түлік өнімдерінің өндірісінде – 11,4%-ға өсу байқалады. |
Индустрияландырудың екінші бесжылдығының аясында 162,9 млрд. теңге сомасына 6,2 мыңнан аса жұмыс орны құрылатын 21-ден астам инвестициялық жобаны іске асыру көзделуде.
Ағымдағы жылы 51,2 млрд. теңге жалпы сомасына шамамен 715 жұмыс орны құрылатын 12 жобаны пайдалануға беру жоспарланған.
Ағымдағы жылдың қаңтар-қарашасында 9,6 млрд. теңге сомасына, жаңадан 444 тұрақты жұмыс орны құрылған 8 жоба пайдалануға берілді.
Ағымдағы жылдың соңына дейін мына жобаларды іске асыру көздестірілген:
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 10,3 млрд. теңгені құрады. 2014 жылдың тиісті кезеңіне нақты көлем индексі – 103,4%.
|
Өсуді қамтамасыз ету |
|
Жылқы басының – 0,6%-ға (59 мың бас), түйе басының – 2,0%-ға (49,0 мың бас) өскені байқалады. |
Шағын және орта кәсіпкерлік. Шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 2015 жылғы 1 қарашаға 48,8 мың бірлікті немесе 2014 жылдың тиісті кезеңіне 106,6% құрады.
Негізгі капиталға инвестициялар 400,8 млрд. теңгені немесе 2014 жылдың тиісті кезеңіне 82,7% құрады.
|
Төмендеу себебі |
|
Төмендеу, бірінші кезекте кен өндіру өнеркәсібіне салынатын инвестициялардың төмендеуімен байланысты болды. |
Құрылыс жұмыстарының көлемі 156,9 млрд. теңгені немесе 2013 жылдың тиісті кезеңіне 100,2% құрады.
|
Өсуді қамтамасыз ету |
|
«Боржақты-Ерсай» темір жолын және «Ақтау-Бейнеу» автомобиль жолын салу жұмыстарының ірі көлемі есебінен. |
Сыртқы сауда айналымы 2015 жылдың қаңтар-қазанында 4,2 млрд. АҚШ долларын немесе 2014 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 45,7%, оның ішінде тауарларды экспорттау – 3,8 млрд. АҚШ долларын (43,1%-ға төмендеді), импорт – 417,3 млн. АҚШ долларын (1,1%-ға төмендеді) құрады. Сыртқы сауда айналымының сальдосы 3,4 млрд. АҚШ долларын құрады.
Тұтыну бағаларының индексі 2015 жылдың қарашасында 2014 жылдың желтоқсанына 116,4%, оның ішінде азық-түлік тауарларына – 108,1%, азық-түлік емес тауарларға – 125,2%, ақылы қызметтерге – 117,2% құрады.
|
Өсу себептері |
|
Азық-түлік тауарлары бойынша ұн – 6,7%-ға, вермишель – 8,5%-ға, жармалар – 5,4%-ға, сүт – 1,6%-ға, сары май – 7,8%-ға; Азық-түлік емес тауарлар тобы бойынша: киім мен аяқ киім – 1,3%-ға, үйге қажетті заттар – 4,0%-ға; Ақылы қызметтер тобы бойынша: тәулік зоналары бойынша электр энергиясына ақы төлеу – 48,8%-ға, ердер мен әйелдердің шашын қию – 3,4%-ға қымбаттады. |
Салықтар мен бюджет. Есепті кезеңде мемлекеттік бюджетке 279,7 млрд. теңге немесе болжамға 89,6%, оның ішінде республикалық бюджетке – 177,8 млрд. теңге (болжамға 82,1%), жергілікті бюджетке – 101,9 млрд. теңге (болжамға 106,7%) сомасында салықтар мен өзге де міндетті төлемдер түсті.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау.
Жалпы жұмыссыздық деңгейі 2015 жылдың 3 тоқсанында (ашық еңбек нарығында) 5,1%-ды құрап (2014 жылдың 3 тоқсанында – 5,3%), оның ішінде жастар жұмыссыздығының деңгейі 7,4%-дан 4,7%-ға дейін төмендеді.
26076 адамды жұмыспен қамту, оның ішінде 20320 адам – тұрақты жұмыс орындарымен, 3165 адам – маусымдық жұмыстармен, 1300 адам – жергілікті бюджеттер қаражатының есебінен әлеуметтік жұмыс орындарымен, 1291 адам – жастар практикасының аясында қамтамасыз етілді.
Бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 2015 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 225 267 теңгені құрады, бұл – 2014 жылдың тиісті кезеңінен 6,2%-ға жоғары.
Әлеуметтік сала
|
Денсаулық сақтау |
|
Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2015 жылы 18,2 млрд. теңге көздестірілді. 1.12.2015 жылға 15,5 млрд. теңге игерілді. Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 1,8 млрд. теңге, оның ішінде РБ-тен – 0,6 млрд. теңге, ЖБ-тен – 1,2 млрд. теңге көздестірілді. 1.12.2015 жылға РБ-тен - 0,624 млрд. теңге, ЖБ-тен – 1,1 млрд. теңге игерілді. Материалдық-техникалық базаны нығайтуға жергілікті бюджеттен 117,9 млн. теңге бөлінді. Балалар өлімінің деңгейі 2015 жылдың қаңтар-қарашасында 1000 тірі туылғандарға шаққанда 10,3-тен 9,3-ке дейін азайды. Ана өлімінің 1 жағдайы тіркелді (2014 жылдың қаңтар-қарашасында – 2 жағдай). Негізгі себеп – әйелдер денсаулығының төмен индексі. Туберкулезбен ауыру 2014 жылғы қаңтар-қарашадағы 100 мың халыққа шаққандағы 63,5-тен 2015 жылғы қаңтар-қарашада 59,7-ге дейін азайды. |
|
Білім беру |
|
Білім беру жүйесін қаржыландыруға 2015 жылы 45,7 млрд. теңге көздестірілді. 1.12.2015 жылға 40,9 млрд. теңге игерілді. Білім беру объектілерін дамытуға 6,6 млрд. теңге, оның ішінде РБ-тен – 4,1 млрд. теңге, ЖБ-тен - 2,9 млрд.теңге көздестірілді. 1.12.2015 жылға РБ-тен - 4,1 млрд. теңге, ЖБ-тен – 2,3 млрд. теңге игерілді. Күрделі жөндеу жүргізуге 25,8 млн. теңге бөлінді. Ағымдағы жылдың басынан бері 3280 орындық 14 мемлекеттік балалар мекемесі және 847 орындық 14 жеке меншік балабақша пайдалануға берілді. Бұдан басқа, жыл соңына дейін 900 орындық тағы 5 балабақша аяқталады. Авариялық мектептерді жою мақсатында, Қарақия ауданының Құланды ауылы мен Жетібай станциясында әрқайсысы 624 орындық 2 орта мектептің құрылысы республикалық бюджет қаражаты есебінен аяқталды. Проблема шешілді. Үш ауысыммен оқытатын мектептерді жою мақсатында, Мұнайлы ауданының Атамекен ауылында 1200 орындық орта мектептің құрылысы жүргізілуде. «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында 2015 жылы Қарақия ауданының Жетібай ауылында 280 орындық балабақшаның, Бейнеу ауылында 900 орындық мектептің және Форт-Шевченко қаласында 550 орындық мектеп-интернаттың (инвесторлар қаражатының есебінен) құрылысы басталды. Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету орташа алғанда – 14 оқушы/1 компьютер, ауылда – 16. Кең жолақты интернетке 137 мектеп қосылған немесе 98%. Облыста 226 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оларда 30,4 мың бала немесе 76% қамтылған. Бұл – 2014 жылдың тиісті кезеңінің деңгейінен 4,4%-ға жоғары |