Маңғыстау облысының 2015 жылғы қаңтар-мамырдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы
Облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмыс 2015 жылы Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты 2014 жылғы 11 қарашадағы Қазақстан халқына Жолдауында қойылған тапсырмаларға, сондай-ақ басым мемлекеттік және стратегиялық, салалық бағдарламаларға сәйкес құралды. Маңғыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жалғасуда.
Облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарымен 2015 жылдың қаңтар-мамырында қолданыстағы бағада 647,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 99,5% құрады.
Облыстағы өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлемінде үлесі 72,1% құрайтын кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игеруде 578,4 млрд. теңге көлемінде өнім өндірілді. НКИ 99,6% құрады.
Мұнай өндіру бойынша 2014 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 1,3%-ға өсу байқалады (7,66 млн. тонна). Табиғи газ өндіру 14,4%-ға артты (980,2 млн. текше метр).
Көлемнің азаюы мұнайға арналған әлемдік бағаның төмендеуіне, мұнай-газ саласындағы техникалық (сервистік) қызметтердің (бұрғылау, ұңғымаларды күрделі жөндеу) 14,5%-ға төмендеуіне байланысты болды. Кен өндіру өнеркәсібінің жалпы көлеміндегі осы саланың үлесі 15,3% құрайды.
Ахуалды жақсарту, мұнай-газ секторының кәсіпорындарын қолдау мақсатында, облыс әкімдігі мұнай компанияларына салықтық жүктемені, дәлірек айтқанда экспорттық кеден бажының мөлшерлемесін (ЭКБ) нөлге дейін төмендету бойынша мәселе көтерді.
Облыстың кәсіпорындарымен өндірістік үдерістерді тұрақтандыру және еңбек кепілдіктері мен құқықтарын қамтамасыз ету, жергілікті қамтуды дамыту мәселелері жөніндегі меморандумдар жасасу бойынша жұмыс жүргізілді.
Облыстың кәсіпорындарымен экономиканың әр түрлі секторларындағы 100 мыңнан аса қызметкердің құқығын қорғайтын, өндірістік үдерістерді тұрақтандыру мәселелері жөніндегі 580 меморандумға қол қойылды.
Кен өндіру өнеркәсібінің өзге салаларындағы (кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру) өндіру көлемі 19 млрд. теңгені, НКИ – 124,9% құрады.
Өңдеу өнеркәсібінде (саланың үлесі – 5,2%) есепті кезеңде 34,1 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, нақты көлем индексі (НКИ) 99,4% құрады.
Өзге де металл емес минералдық өнімдер өндіруде – 2,4 есе, негізгі фармацевтикалық өнмідер өндіруде – 2,3 есе, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруде – 1,7 есе, азық-түлік өнімдерін өндіруде – 13,3%-ға, химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіруде – 1,6%-ға, өсу байқалады.
Өңдеу өнеркәсібінде машина жасауда – 19,8%-ға, металлургия өнеркәсібінде – 5,7%-ға НКИ-нің төмендеуіне жол берілді.
«Жергілікті қамтуды дамыту мәселелері жөніндегі бірінші толқынның» аясында қазақстандық қамтуды арттыру мақсатында ұлттық компаниялар мен өңір кәсіпорындары арасында 310 млрд. теңгеге 105 меморандумға қол қойылып, олардың аясында 286,5 млрд. теңге сомасына 310 шарт жасасылды. Қазіргі кезде «жергілікті қамтуды дамыту мәселелері жөніндегі екінші толқынның» аясында бірқатар жаңа меморандумдарға қол қою жүргізілуде.
«Сумен жабдықтау, канализациялық жүйе, қалдықтарды жинақтауды және бөлуді бақылау» саласында 8,3 млрд. теңге көлемінде немесе 2014 жылдың тиісті деңгейіне қарағанда 18,2%-ға көп өнім шығарылды.
Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2015 жылдың қаңтар-мамырында 121,6 млрд. теңгені құрады немесе 2014 жылдың тиісті кезеңіне 90,5%.
Өнеркәсіпте инвестициялардың 24,8%-ға төмендегені байқалады. Сонымен бірге, негізгі капиталға инвестициялардың құрылыста – 2,7 есе, көлік пен қоймалауда – 2,3 есе өскені байқалады.
Индустрияландырудың екінші бесжылдығының аясында 162,9 млрд. теңге сомасына 6,2 мыңнан аса жұмыс орны құрылатын 21-ден астам инвестициялық жобаны іске асыру көзделуде.
Ағымдағы жылы 104,6 млрд. теңге жалпы сомасына шамамен 1504 жұмыс орны құрылатын 17 жобаны пайдалануға беру жоспарлануда.
Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 370,0 млн. теңге сомасына бір жоба – «КУДУ Индастриес Қазақстан» ЖШС-нің толық жиынтықты бұрандалы сорғы жүйелерін шығаратын (Канадалық технология бойынша) зауыты пайдалануға беріліп, 31 жұмыс орны құрылды.
Ағымдағы жылдың соңына дейін мына жобаларды іске асыру көздестірілген:
Құрылыс жұмыстарының көлемі 2015 жылдың қаңтар-мамырында 41,5 млрд. теңгені немесе 2014 жылдың тиісті кезеңіне 92% құрады. Күрделі жөндеу бойынша көлем – 51,8%-ға, ағымдағы жөндеу бойынша көлем – 4,1%-ға азайды. Құрылыс-жинақтау жұмыстарының көлемі бойынша 0,6%-ға арту байқалады.
2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда тұрғын үйлерді пайдалануға беру 12,2%-ға артып, 264,7 мың шаршы метрді құрады.
Облыстың бәсекеге қабілетті артықшылықтарын есепке ала отырып, облыс экономикасының мынадай өсу резервтері айқындалды: мұнай-газ өндіру секторын одан әрі дамыту (іздестіру, барлау жүргізу және жұмыс істеп тұрған кен орындарын жете барлау, жұмыс істеп тұрған кен орындарының тиімділігін көтеру, мұнай сервистік кластерді дамыту), облыстың транзиттік әлеуетін дамыту (көлік пен логистика), құрылыс индустриясы мен туризмді дамыту («Кендірлі» курортты демалыс аймағы).
«Ақтау теңіз порты» АЭА аумағын жоғары технологиялық экспортқа бағдарланған өндірістермен толықтыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінге АЭА аумағында 2014 жылы пайдалануға берілген: «КИС-Ақтау» индустриялық құрылыс комбинаты, жол-құрылыс материалдарын шығаратын «КаспийТасжол» зауыты, «Каспиопласт» ЖШС-нің төмен қысымды құбырлар өндірісі және «KazTrub-Industries» ЖШС-нің құбырлар мен пластмасса бұйымдар өндірісі атты 4 жобаны есепке алғанда, 9 кәсіпорын жұмыс істеп тұр.
2015 жылы 5 жобаны пайдалануға беру жоспарланған.
АЭА-ның инвестициялық тартымдылығын көтеру мақсатында, аумағын инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінге №3 және №1 кіші аймақтар инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. № 1 (қосымша учаске), № 2 және №4 кіші аймақтардың инженерлік инфрақұрылымын салуға ЖСҚ әзірлеу жүргізілуде.
Көлік инфрақұрылымын дамыту тұрғысында, Азия даму банкінің қарыз қаражатын тарту арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен «Ақтау-Бейнеу-Атырау» автожолын реконструкциялау жобасы іске асырылуда: «Бейнеу-Шетпе» учаскесінде құрылыс аяқталуда, «Шетпе-Жетібай-Ақтау» учаскесінде жұмыстар басталды.
«Сыңғырлау-Сам-Ноғайты-Тұрыш» автожолының және Ақтау-Қаламқас автомобиль жолының «Ақтау-Ақшұқыр» және «Ақтау-С. Шапағатов» облысішілік бағыты бойынша автопавильондардың (13 бірлік аялдама, 14-26 километр учаскесінде) құрылысы жүргізілуде.
«Ақтау-Құйылыс» (7-15 км), «Форт-Шевченко – Ақтау-Қаламқас жолының 43 километріне дейін» (43-75 км), және «Ақтау-Қаламқас» (101 және 104 км) автожолдарын күрделі жөндеу, «Форт-Шевченко – Ақтау-Қаламқас жолының 43 километріне дейін» (75-122 км) және «Ақтау-Қаламқас» (10-89 км) автожолдарын орташа жөндеу жалғасуда.
Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы Батыс Қазақстанды жағажай туризімінің орталығы ретінде, оның ішінде Кендірлі курортты демалыс аймағын дамытуды көздейді. Кендірлі туристік аймағын дамытудың жүйелі жоспары әзірленіп, бекітілді. Курортты аймақты дамытуға инвесторлар тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.
Тұтыну бағаларының индексі 2015 жылдың мамырында 2014 жылдың желтоқсанына 102,4% (ҚР бойынша – 101,5%). Азық-түлік тауарлары бойынша бағалар негізінен тұрақты.
Бөлшек тауар анйламының көлемі 46,6 млрд. теңгені, НКИ 106,1%, байланыс қызметтерінің көлемі 4,6 млрд. теңгені (НКИ – 126,1%) құрады.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі – 3,4 млрд. теңгені, 2014 жылдың тиісті кезеңіне нақты көлем индексі – 104,8% құрады. Ірі қара мал басының – 1,7%-ға (18,9 мың бас), жылқы басының – 9,7%-ға (70,7 мың бас), қой мен ешкі басының – 5%-ға (564,3 мың бас), түйе басының – 6,7%-ға (58,0 мың бас) өскені байқалады.
«Агробизнес-2020» бағдарламасының аясында отарлы мал шаруашылығын дамыту үшін құдықтар салу бойынша жұмыстар жүргізіліп, асыл тұқымды мал шаруашылығын, тапшылатып суаруды, жылыжайлық егіншілікті дамыту бойынша шаралар қабылдануда.
Шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 2015 жылғы 1 маусымға 46,5 мың бірлікті немесе 2014 жылдың тиісті датасына 108,4% құрады. Онда жұмыспен қамтылғандардың саны 8,8%-ға, 95,6 мың адамға дейін артты.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының аясында 1.06.2015 жылға 1,8 млрд. теңге сомасына 10 жоба мақұлданды.
Ағымдағы жылдың қаңтар-мамырында халыққа 208,4 млн. теңге сомасына 86 микрокредит берілді (2014 жылдың қаңтар-мамырында – 261,2 млн. теңгеге 70 микрокредит).
Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету саласында, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының іске асырылуын есепке алғанда 2015 жылдың қаңтар-мамырында облыс бойынша 9053 жұмыс орны құрылды (2014 жылдың осындай кезеңінде – 8944 жұмыс орны). Оның ішінде, қалалар мен аудандардың әкімдіктері халықтың нысаналы топтары үшін 798 әлеуметтік жұмыс орнын құрып, жоғары оқу орындарының 657 түлегін жастар практикасына тартты. Бұдан басқа, қоғамдық жұмыстарға 1676 адам жолданды.
Жалпы жұмыссыздық деңгейі 2015 жылдың 1 тоқсанында (ашық еңбек рыногында) 5,2%-ды құрады (2014 жылдың 1 тоқсанында – 5,4%), оның ішінде жастар жұмыссыздығының деңгейі 6,8%-дан 3,8%-ға дейін төмендеді.
Бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 2015 жылдың қаңтар-наурызында 229 167 теңгені құрады, бұл – 2013 жылдың осындай кезеңінен 18,9%-ға жоғары.
Мемлекеттік бюджетке (Ұлттық қорды есепке алмағанда) 2015 жылдың қаңтар-мамырында 118,5 млрд. теңге сомасында салықтар мен басқа міндетті төлемдер түсті, оның ішінде жергілікті бюджетке түсетін түсімдер 10,5%-ға – 47,5 млрд. теңгеге дейін ұлғайды.
Білім беру. Білім беруге 2015 жылға арналған шығыстар 45,4 млрд. теңгені құрайды (2014 жылға қарағанда өсімі – 8%). 1.06.2015 жылға 16,8 млрд. теңге игерілді.
Білім беру объектілерін дамытуға 2015 жылы – 7,6 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 4,1 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 3,5 млрд. теңге көздестірілді.
2015 жылы аяқталатын 2590 орындық 11 балабақшаның, оның ішінде: Жаңаөзен қаласының Мерей, Арай, Астана шағын аудандары мен Қызылсай ауылында әрқайсысы 320 орындық 4 балабақшаның, Ақтау қаласында 280 орындық балабақшаның, Бейнеу ауылында әрқайсысысы 140 орындық 2 балабақшаның, Мұнайлы ауданының Атамекен және Дәулет ауылдарында әрқайсысы 280 орындық 2 балабақшаның, Түпқараған ауданының Форт-Шевченко қаласында 140 орындық, Қызылөзен ауылында 50 орындық балабақшаның құрылысы жүргізілуде. Қарақия ауданының Жетібай ауылында 280 орындық балабақшаның құрылысын бастау, «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында 2015 жылға көздестірілді.
Үш ауысыммен оқытатын мектептерді жою мақсатында, Форт-Шевченко қаласында 550 орындық мектеп-интернаттың және Атамекен ауылында 1200 орындық орта мектептің құрылысы жүргізілуде. Бұдан басқа, Бейнеу ауылында 900 орта мектеп салу жобасы «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында 2015 жылға көздестірілді.
Авариялық мектептерді жою мақсатында, 2015 жылы аяқталатын әрқайсысы 624 орындық тағы 2 орта мектептің құрылысы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізілуде (Қарақия ауданының Құланды ауылы мен Жетібай станциясында).
7 білім беру объектісін күрделі жөндеуге жергілікті бюджеттен 1,6 млрд. теңге бөлінді.
Денсаулық сақтау. Денсаулық сақтауға 2015 жылға арналған шығыстар 18 млрд. теңгені құрайды (2014 жылмен салыстырғанда өсімі – 9,8%). 1.06.2015 жылға 7,3 млрд. теңге игерілді.
Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 2015 жылы – 1,7 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 0,6 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 1,1 млрд. теңге көздестірілді.
Республикалық бюджет қаражатының есебінен Ақтау қаласында 150 орындық Өңірлік ана мен баланы қорғау орталығын салу көздестірілген.
Жергілікті бюджет қаражатының есебінен 7 дәрігерлік амбулаторияның, оның ішінде Маңғыстау ауданының Үштаған, Қызан және Жыңғылды ауылдарында, Қарақия ауданының Мұнайшы ауылында және Мұнайлы ауданының Батыр ауылында ауысымына 40 келушіге арналған 5 дәрігерлік амбулаторияның, Қарақия ауданының Құланды ауылында және Өмірзақ ауылында (Ақтау қаласы) ауысымына 25 келушіге арналған 2 дәрігерлік амбулаторияның, сондай-ақ Бейнеу ауданының Есет ауылында фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы жүргізілуде.
Балалар өлімінің деңгейі 2015 жылдың қаңтар-мамырында 1000 тірі туылғандарға шаққанда 8,8-ден 11,9-ға дейін артты. Ана өлімінің 1 фактісі тіркелді (2014 жылдың қаңтар-мамырында – 1).
Туберкулезбен ауыру 2014 жылғы қаңтар-мамырдағы 100 мың халыққа шаққандағы 29,5-тен 2015 жылғы қаңтар-мамырда 31,5-ке дейін артты.
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының аясында өңірде ұлттық компаниялардың, даму институттарының қаржыландыруы және бюджеттік қаржыландыру арқылы 14 жобаны іске асыру жүргізілуде. Барлық жобалар бойынша инвестициялардың жалпы көлемі 156,5 млрд. теңгені құрайды. Оның ішінде, Ұлттық қордан 2015 жылға 28 млн. теңге бөлінді.
Оларды салу кезеңінде 2344 жұмыс орнын, пайдалану кезеңінде 437 жұмыс орнын құру жоспарлануда. Бүгіннің өзінде құрылысты салу кезеңінде осы жобаларда 812 жұмыс орны құрылды.
Мәселен, көліктік-инфрақұрылымдық даму саласында «Боржақты-Ерсай» темір жол желісінің құрылысы аяқталуда. Кейінгі жылдары осы желіде жылына 8,0 млн. тоннаға дейін жүк тасымалданады деп күтілуде.
Құрық портында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның паромдық кешенінің құрылысы басталды. Паромдық кешеннің жоспарланған қуаттылығы – жылына 3,6 млн. тонна әмбебап жүк-жолаушы паромдарын пайдалану.
«Шетпе-Бейнеу» автомобиль жолының 6 учаскесінің 4 учаскесінде (200 км) реконструкциялау жұмыстары аяқталып, тағы 2 учаскені (100 км.) осы жылдың аяғында аяқтау жоспарлануда.
«Шетпе-Жетібай-Ақтау» учаскесінде автомобиль жолын реконструкциялау бойынша жұмыстар басталды.
Ақтау халықаралық теңіз сауда портын солтүстік бағытта кеңейту жөніндегі жобаның аясында осы жылдың аяғына дейін теңіз түбін тереңдету жұмыстары мен құрғақ жүк терминалдарының құрылысын аяқтау жоспарлануда. Жобалық қуаттылық – жылына 2,5 млн. тонна құрғақ жүк.
Тұрғын үй құрылысы саласында Ақтау қаласының 32»А» және 33 шағын аудандарында жалпы ауданы 97 мың шаршы метр кредиттік тұрғын үйдің биыл аяқталатын құрылысы жүргізілуде, олар – 867 пәтерлік үш тұрғын үй кешені.
Білім беру саласында үш ауысыммен оқыту мәселелерін шешу үшін Бейнеу ауылында 900 орындық бір орта мектептің, сондай-ақ Қарақия ауданының Жетібай ауылында 280 орындық бір балабақшаның құрылысы басталмақ.
Сондай-ақ, Ұлттық қордың есебінен Ақтау қаласының инженерлік желілерін салу және реконструкциялау - 2 кезек (жылумен жабдықтау), Ақтау қаласының жаңа шағын аудандарының канализациялық тарату желілерін салу (16, 17, 19, 19а, 30, 31, 32, 32 а, 33, 34а, 35) бойынша жобалар іске асырылуда.