Әлеуметтік-экономикалық дамуының 2015 жылғы қаңтардағы қорытындылары туралы

Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 

2015 жылғы қаңтардағы қорытындылары туралы

 

Облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмыс 2015 жылы Мемлекет басшысының  «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты 2014 жылғы 11 қарашадағы Қазақстан халқына Жолдауында қойылған тапсырмаларға, сондай-ақ стратегиялық және басым мемлекеттік, салалық бағдарламаларға сәйкес құралды. Маңғыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жалғасуда.

Облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарымен 2015 жылдың қаңтарында қолданыстағы бағада 141,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 100,6% құрады.

Облыстағы өнеркәсіптік өнімнің жалпы көлемінде үлесі 92% құрайтын кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді игеруде 129,3 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. НКИ 101,4% құрады.

Есепті кезеңде 1,5 млн. тонна мұнай өндірілді немесе 2014 жылдың осындай кезеңдегі деңгейіне – 101,9%. Табиғи газ өндіру 4,6%-ға артты (193,6 млн. текше метр).

Өңдеу өнеркәсібіндегіөндіру көлемі 2,9%-ға артып (саланың үлесі – 4,5%), 4,9 млрд. теңгені құрады.

Химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіруде– 8,9%-ға, өзге де металл емес минералдық өнімдер өндіруде – 2,1 есе, азық-түлік өнімдерін өндіруде – 7,2%-ға өсу байқалады.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптаудағы өнім көлемі есепті кезеңде 6,3 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылдың осындай деңгейіне қарағанда  9%-ға аз.

«Сумен жабдықтау, канализациялық жүйе, қалдықтарды жинақтау және бөлуді бақылау» саласында 1,2 млрд. теңге көлемінде өнім шығарылды немесе 2014 жылдың тиісті деңгейіне қарағанда 16,9%-ға аз.

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2015 жылдың қаңтарында 18,9 млрд. теңгені құрады, бұл – нақты баға индексін есепке алғанда 2014 жылдың осындай кезеңінен 22,9%-ға артық.

Негізгі капиталға инвестициялардың 2014 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда кен өндіру өнеркәсібінде – 33,2%-ға, өңдеу өнерксәбінде – 61,5%-ға төмендегені байқалады. Бұл – мұнайга арналған әлемдік бағалардың төмендеуімен байланысты болып, мұнай-газ өндіруші компаниялардың шығындарды оңтайландыруына және бюджетті қайта қарауына әкелді. (тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді, сервистік компаниялар үшін тапсырыстар көлемін азайту).

Индустрияландыру картасын іске асырудың екінші бесжылдығында (2015-2020 жылдар) жалпы құны 1 трлн. теңге болатын және 12 мыңнан астам жұмыс орны құрылатын 60-тан астам жобаны, 2015 жылы – құны 157,540 млрд. теңге болатын және 800-ден астам тұрақты жұмыс орны құрылатын 14 жобаны іске асыру  жоспарланған. Олар:

1. «Атамекен» ЖШС-нің әк ұнының өндірісі, құны – 52 млн. теңге, құрылатын жұмыс орындарының саны: құрылысын салу кезеңінде – 35 адам, пайдалану кезеңінде – 20 адам;

2. «Газ жетегі бар блокты шоғырлы сорғы станциясын салу» «Қарақұдықмұнай» ЖШС, құны – 1144 млн. теңге, құрылатын жұмыс орындарының саны: құрылысын салу кезеңінде – 35 адам, пайдалану кезеңінде – 20 адам;

3. Электрлік қуаттылығы 2х1819 кВт газ поршеньді электр станциясы «ТасболатОйлКорпарейшн» ЖШС, құны – 825,9 млн. теңге, құрылатын жұмыс орындарының саны: құрылысын салу кезеңінде – 120 адам, пайдалану кезеңінде – 4 адам;

4. «Шетпе-Бейнеу» автомобиль жолын реконструкциялау «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, құны – 46,4 млрд. теңге, құрылатын жұмыс орындарының саны: құрылысын салу кезеңінде – 134 адам, пайдалану кезеңінде – 10 адам;

5. «Боржақты-Ерсай» темір жолын салу «ҚТЖ» ҰК» АҚ, құны – 9,6 млрд. теңге, құрылатын жұмыс орындарының саны: құрылысын салу кезеңінде – 150 адам, пайдалану кезеңінде – 42 адам;

6. Сұйық дәрілік формалар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар шығару бойынша фармацевтикалық кешен «Медикал Фарм Ча-Кур» ЖШС, құны – 1668 млн. теңге, құрылатын жұмыс орындарының саны: құрылысын салу кезеңінде – 80 адам, пайдалану кезеңінде – 29 адам;

7. Sofie Medgroup» көп бейінді клиникасын салу «Sofie Medgroup» көп бейінді клиникасы» ЖШС, құны – 3882 млн. теңге, құрылатын жұмыс орындарының саны: құрылысын салу кезеңінде – 800 адам, пайдалану кезеңінде – 224 адам;

8. Полимерлік бума өндіретін зауыт салу «Достық Полимер» ЖШС, құны – 191,9 млн. теңге, құрылатын жұмыс орындарының саны: құрылысын салу кезеңінде – 3 адам, пайдалану кезеңінде – 32 адам;

9. «Өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғысын салу» «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, құны – 48,7 млрд. теңге, құрылатын жұмыс орындарының саны: құрылысын салу кезеңінде – 100 адам, пайдалану кезеңінде – 100 адам;

10. Ақтау халықаралық теңіз сауда портын солтүстік бағытта кеңейту жобасын іске асыру. Құрғақ жүк тиеу айлақтары және инфрақұрылым объектілері. «Ақтау теңіз солтүстік терминалы» ЖШС, құны – 37,5 млрд. теңге, құрылатын жұмыс орындарының саны: құрылысын салу кезеңінде – 279 адам, пайдалану кезеңінде – 173 адам;

11. Азық-түлік тауарларын сақтауға арналған қоймалық орынжайлар құру «Азерсун өндіріс және логистика орталығы» ЖШС, құны – 1,5 млрд. теңге, құрылатын жұмыс орындарының саны: құрылысын салу кезеңінде – 30 адам, пайдалану кезеңінде – 40 адам;

12. Темір-бетон бұйымдары мен тауарлық бетон өндіретін зауыт «SiriusKazakhstan» ЖШС, құны – 1,5 млрд. теңге, құрылатын жұмыс орындарының саны: құрылысын салу кезеңінде – 30 адам, пайдалану кезеңінде – 40 адам;

13. Үй салу комбинатының құрылысы «ДСК-Қараой Құрылыс» ЖШС, құны – 1,8 млрд. теңге, құрылатын жұмыс орындарының саны: құрылысын салу кезеңінде – 50 адам, пайдалану кезеңінде – 35 адам;

14. Жаңаөзен қаласындағы машина жасау зауыты «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, құны – 4,0 млрд. теңге, құрылатын жұмыс орындарының саны: құрылысын салу кезеңінде – 100 адам, пайдалану кезеңінде – 50 адам.

2015 жылдың қаңтарында құрылыс жұмыстарының көлемі 6,4 млрд. теңгені, өсу қарқыны 171,5% құрады. Жалпы ауданы 85,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2014 жылдың қаңтарынан 25,2%-ға артық.

Облыстың бәсекеге қабілетті артықшылықтарын есепке ала отырып, облыс экономикасының мынадай өсу резервтері айқындалды: мұнай-газ өндіру секторын одан әрі дамыту (іздестіру, барлау жүргізу және жұмыс істеп тұрған кен орындарын жете барлау, жұмыс істеп тұрған кен орындарының тиімділігін көтеру, мұнай сервистік кластерді дамыту), облыстың транзиттік әлеуетін дамыту (көлік пен логистика), құрылыс индустриясы мен туризмді дамыту («Кендірлі» курортты демалыс аймағы).

«Ақтау теңіз порты» АЭА аумағын жоғары технологиялық экспортқа бағдарланған өндірістермен толықтыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінге АЭА аумағында 2014 жылы пайдалануға берілген: «КИС-Ақтау» индустриялық құрылыс комбинаты, жол-құрылыс материалдарын шығаратын «КаспийТасжол» зауыты, «Каспиопласт» ЖШС-нің төмен қысымды құбырлар өндірісі және «KazTrub-Industries» ЖШС-нің құбырлар мен пластмасса бұйымдар өндірісі атты 4 жобаны есепке алғанда, 9 кәсіпорын жұмыс істеп тұр.

2015 жылы 5 жобаны пайдалануға беру жоспарланған.

АЭА-ның инвестициялық тартымдылығын көтеру мақсатында аумағын инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінге №3 және №1 кіші аймақтар инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. № 1 (қосымша учаске), № 2 және №4 кіші аймақтардың инженерлік инфрақұрылымын салуға ЖСҚ әзірлеу жүргізілуде.

Көлік инфрақұрылымын дамыту тұрғысында, Азия даму банкінің қарыз қаражатын тарту арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен «Ақтау-Бейнеу-Атырау» автожолын реконструкциялау жобасы іске асырылуда:  «Бейнеу-Шетпе» учаскесінде құрылыс аяқталуда, «Шетпе-Жетібай-Ақтау» учаскесінде жұмыстар басталды.

«Сыңғырлау-Сам-Ноғайты-Тұрыш» автожолының және Ақтау-Қаламқас автомобиль жолының «Ақтау-Ақшұқыр» және «Ақтау-С. Шапағатов» облысішілік бағыты бойынша автопавильондардың (13 бірлік аялдама, 14-26 километр учаскесінде) құрылысы жүргізілуде.

«Ақтау-Құйылыс» (7-15 км), «Форт-Шевченко – Ақтау-Қаламқас жолының 43 километріне дейін» (43-75 км), және «Ақтау-Қаламқас» (101 және 104 км) автожолдарын күрделі жөндеу, «Форт-Шевченко – Ақтау-Қаламқас жолының 43 километріне дейін» (75-122 км) және «Ақтау-Қаламқас» (10-89 км) автожолдарын орташа жөндеу жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы Батыс Қазақстанды жағажай туризімінің орталығы ретінде, оның ішінде Кендірлі курортты демалыс аймағын дамытуды көздейді. Кендірлі туристік аймағын дамытудың жүйелі жоспары әзірленіп, бекітілді.  Курортты аймақты дамытуға инвесторлар тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

Тұтыну бағалары мен тарифтердің индексі 2015 жылдың қаңтарында 2014 жылдың желтоқсанына 100,5% (ҚР бойынша – 100,6%), оның ішінде азық-түлік тауарларына – 101,3% (ҚР бойынша – 101,2%), азық-түлік емес тауарларға – 99,8% (ҚР бойынша – 99,9%), ақылы қызметтерге – 100,1% (ҚР бойынша – 100,7%) құрады

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 537,5 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 2014 жылдың тиісті кезеңіне 102,4%. Қой мен ешкі басының 1,8%-ға өскені байқалады.

Шағын және орта бизнестің белсенді субъектілерінің саны 1.01.2015 жылға 34,4 мың мың бірлікті (2013 жылға қарағанда 104,7%), жұмыспен қамтылғандар саны – 98,2 мың адамды (102,8%), экономикалық белсенді халық санындағы ШОБ-те жұмыспен қамтылғандардың үлесі – 34,7%, бюджетке салықтық төлемдер көлемі 7,6 млрд. теңгені (111,4%) құрады.

Екінші деңгейдегі банктермен 2015 жылғы 1 қаңтарға шағын бизнес субъектілеріне 16,6 млрд. теңге көлемінде кредиттік ресурстар берілді, бұл – 2014 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 9,2%-ға артық.

Облыстың барлық аудандарында «Даму» қорының жанындағы Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары ашылды. 2015 жылғы наурыз айында Ақтау қаласында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын, сондай-ақ Мұнайлы ауданында КҚКО мен бизнес-инкубатор ашу жоспарлануда.

Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету саласында, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының іске асырылуын есепке алғанда 2015 жылдың қаңтарында облыс бойынша 1324 жұмыс орны құрылды (2014 жылдың қаңтарында – 765 жұмыс орны). Оның ішінде, қалалар мен аудандардың әкімдіктері халықтың нысаналы топтары үшін 361 әлеуметтік жұмыс орнын құрып, жоғары оқу орындарының 220 түлегін жастар практикасына тартты.

Есепті кезеңде жұмысқа орналастыру делдалы – қалалық жұмыспен қамту органдарына 1984 адам өтініш білдірді. Әлеуметтік қорғау шараларымен 1001 адам қамтылып, оның ішінде 603 адам жұмысқа орналастырылды, 398 адам қоғамдық жұмыстарға жолданды.

Жалпы жұмыссыздық деңгейі 2014 жылдың 4 тоқсанында (ашық еңбек рыногында) 5,4%-ды құрады (2013 жылдың 4 тоқсанында – 5,1%).

Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 2014 жылдың қаңтар-желтоқсанында 211738 теңгені құрады, бұл – 2013 жылдың осындай кезеңінен 26,3%-ға жоғары.

Мемлекеттік бюджетке (Ұлттық қорды есепке алмағанда) 2015 жылдың қаңтарында 27,5 млрд. теңге (болжамға – 138,2%), оның ішінде республикалық бюджетке – 18,8 млрд. теңге (болжамға – 122,1%), жергілікті бюджетке – 8,7 млрд. теңге (болжамға – 193,3%) сомасында салықтар мен өзге де міндетті төлемдер түсті.

Білім беру. Білім беруге арналған шығыстар 2015 жылға 50,1 млрд. теңгені құрайды (2014 жылға қарағанда өсімі – 19,3%).

Білім беру объектілерін дамытуға 2015 жылы – 7,1 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 4 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 3,1 млрд. теңге көздестірілді.

2015 жылы аяқталатын 2590 орындық 11 балабақшаның, оның ішінде: Жаңаөзен қаласының Мерей, Арай, Астана шағын аудандары мен Қызылсай ауылында әрқайсысы 320 орындық 4 балабақшаның, Ақтау қаласында 280 орындық балабақшаның, Бейнеу ауылында 140 орындық 2 балабақшаның, Мұнайлы ауданының Атамекен және Дәулет ауылдарында әрқайсысы 280 орындық балабақшаның, Түпқараған ауданының Форт-Шевченко қаласында 140 орындық, Қызылөзен ауылында 50 орындық балабақшаның құрылысы жүргізілуде.

Үш ауысыммен оқытатын мектептерді жою мақсатында, Форт-Шевченко қаласында 550 орындық мектеп-интернаттың және Атамекен ауылында 1200 орындық орта мектептің құрылысы жүргізілуде. Бейнеу ауылында 900 орта мектеп салу жобасы «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында 2015 жылға көздестірілді.

Авариялық мектептерді жою мақсатында, 2015 жылы аяқталатын әрқайсысы 624 орындық тағы 2 орта мектептің құрылысы жүргізілуде (Қарақия ауданының Құланды ауылы мен Жетібай станциясында).

7 білім беру объектісін күрделі жөндеуге жергілікті бюджеттен                     1,6 млрд. теңге бөлінді.

Денсаулық сақтау. Денсаулық сақтауға арналған шығыстар 2015 жылға 19,1 млрд. теңгені құрайды (2014 жылмен салыстырғанда өсімі – 16,5%).

Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 2015 жылы – 2,1 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 895,9 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 1,2 млрд. теңге көздестірілді.

Республикалық бюджет қаражатының есебінен Ақтау қаласында 150 орындық Өңірлік ана мен баланы қорғау орталығын, Мұнайлы ауданының Мағңыстау ауылында 150 төсек-орындық орталық аудандық аурухана, Жаңаөзен қаласында №2 терапевтің корпустың ғимаратын салу көздестірілген. Жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен Маңғыстау ауданының Үштаған, Қызан және Жыңғылды ауылдарында, Мұнайлы ауданының Батыр ауылында  ауысымына 40 келушіге арналған 5 дәрігерлік амбулаторияның және Қарақия ауданының Құланды ауылында және Ақтау қаласының Өмірзақ ауылындаауысымына 25  келушіге арналған 2 дәрігерлік амбулаторияның, Бейнеу ауданының Есет ауылында фельдшерлік-акушерлік пункттің (ФАП) құрылысы жүргізілуде

Балалар өлімінің деңгейі 2014 жылғы қаңтардағы 1000 тірі туылғандарға шаққанда 7,6-дан 2015 жылғы қаңтарда 8,7-ге дейін артты. Ана өлімінің фактілері тіркелмеді (2014 жылғы қаңтарда – 0).

Туберкулезбен ауыру 2014 жылғы қаңтардағы 100 мың халыққа шаққандағы 8-ден 2015 жылғы қаңтарда 6,5-ке дейін азайды. Қан айналымы жүйесінің ауруларынан науқастануды 38,7%-ға (100 мың халыққа шаққанда 85,9-ға дейін) төмендетуге қол жеткізілді.

 

 

Дата публикации
17 марта 2020