Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының
2014 жылғы қаңтар-қазандағы қорытындылары туралы
Ағымдағы жылы облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмыс Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында қойылған тапсырмаларға, сондай-ақ басым мемлекеттік және стратегиялық, салалық бағдарламаларға сәйкес құралды. Маңғыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жалғасуда.
Тұтастай алғанда, қабылданған барлық шаралар экономиканы сапалық тұрғыдан өсіруді қамтамасыз етуге, индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын одан әрі іске асыруға, халықтың әл-ауқат деңгейі мен өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.
Халықтың жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) көлемі бойынша облыс 2013 жылы республика өңірлері арасында төртінші орынды алды (ҚР бойынша орташа – 2070,7 мың теңге болғанда, 3301,9 мың теңге). ЖӨӨ-нің нақты өсуі 2013 жылдың қорытындысында 105,2% (1907,1 млрд. теңге), 2014 жылдың 1 жартыжылдығында 105,1% (956,9 млрд. теңге) құрады.
Есепті кезеңде облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарымен қолданыстағы бағада 2062,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 102,7% құрады.
Облыстағы өнеркәсіптік өнімнің жалпы көлемінде үлесі 92,4% құрайтын тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді игеруде 1906,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. НКИ 101,4% құрады.
Есепті кезеңде 15,4 млн. тонна мұнай өндірілді немесе 2013 жылдың осындай кезеңдегі деңгейіне – 102,7%. Табиғи газ өндіру 3,4%-ға төмендеді (1721,9 млн. текше метр).
Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіру көлемі 21,3%-ға артып (саланың үлесі – 4,3%), 89,3 млрд. теңгені құрады.
Тоқыма бұйымдар өндірісінде – 2,9 есе, химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісінде – 1,5 есе, өзге де металл емес минералдық өнімдер өндіруде – 1,3 есе, машина жасауда – 21,2%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдарын шығаруда – 14%-ға, азық-түлік өнімдері өндірісінде – 5,5%-ға өсу байқалады.
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптаудағы өнім көлемі есепті кезеңде 52,9 млрд. теңгені немесе өткен жылдың осындай деңгейіне 116,6% құрады.
«Сумен жабдықтау, канализациялық жүйе, қалдықтарды жинақтау және бөлуді бақылау» саласында 13,7 млрд. теңге көлемінде өнім шығарылды немесе 2013 жылдың тиісті деңгейіне – 114%.
Облыстың сыртқы сауда айналымы 2014 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 8416,7 млн. АҚШ долларын құрады, бұл – 2013 осындай кезеңінен 11,4%-ға көп. Экспорт 8033,7 млн. АҚШ долларын (15,8%-ға ұлғайды), импорт 383 млн. АҚШ долларын (38%-ға төмендеді) құрады.
Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2014 жылдың қаңтар-қазанында 416 млрд. теңгені құрады, бұл – нақты баға индексін есепке алғанда 2013 жылдың осындай кезеңінен 15%-ға артық.
Индустрияландыру картасының аясында 2010-2013 жылдары 160,3 млрд. теңге сомасына барлығы 23 жоба аяқталды. Шамамен 2 мың жұмыс орны құрылды. 57,4 млрд. теңге сомасына өнім шығарылды.
Ағымдағы жылдың басынан бері мына жобалар: Маңғыстау облысының Шетпе ауылында «Каспий Цемент» ЖШС-нің цемент зауыты, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның Қаламқас кен орнында 2х45 МВт газ-турбиналық электр станциясы, Қарақия ауданы Жетібай ауылының маңында «Жанарыс» ЖШС-нің киім тігетін және химиялық тазартатын цехы пайдалануға берілді.
Нақтылауды есепке алғанда, жыл соңына дейін сметалық құны 52,1 млрд. теңге болатын және жаңадан 324 жаңа жұмыс орны құрылатын тағы 11 жобаны аяқтау жоспарланған.
Есепті кезеңде жалпы ауданы 501,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2013 жылдың қаңтар-қазанына қарағанда 29,9%-ға көп.
2014 жылы «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын іске асыру үшін кезекте тұрғандарға жалдамалы тұрғын үй салуға – 500,0 млн. теңге, жас отбасылар үшін тұрғын үй салуға – 200,0 млн. теңге, кредиттік тұрғын үй салуға – 4290,0 млн. теңге, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуға – 2 879,1 млн. теңге бөлінді.
Кезекте тұрғандарға жалдамалы тұрғын үй салу аясында: Форт-Шевченко қаласында 48 пәтерлік тұрғын үйдің, Бейнеу ауылында 4 пәтерлік алты тұрғын үйдің, Шетпе ауылында 4 пәтерлік сегіз тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Ақтау қаласының 32 «А» шағын ауданында жайлылығы ІV-сыныпты 120 пәтерлік 5 қабатты үш тұрғын үйдің құрылысы басталды.
Жас отбасылар үшін, Ақтау қаласының 32 «А» шағын ауданында 60 пәтерлік екі тұрғын үйдің құрылысы басталды.
Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй салу бағыты бойынша, Ақтау қаласының 32 «А» шағын ауданында 60 пәтерлік төрт және 40 пәтерлік төрт тұрғын үйдің, Ақтау қаласының 33 шағын ауданында көп қабатты көп пәтерлік тұрғын үйлердің және қалалық маңызы бар объектілердің құрылыстары жүргізілуде. Ақтау қаласының 32 «А» шағын ауданында жайлылығы ІІІ-сыныпты 120 пәтерлік 5 қабатты екі тұрғын үйдің құрылысы көздестірілген.
Облыстың бәсекеге қабілетті артықшылықтарын есепке ала отырып, облыс экономикасының мынадай өсу резервтері айқындалды: мұнай-газ өндіру секторын одан әрі дамыту (іздестіру, барлау жүргізу және жұмыс істеп тұрған кен орындарын жете барлау, жұмыс істеп тұрған кен орындарының тиімділігін көтеру, мұнай сервистік кластерді дамыту), облыстың транзиттік әлеуетін дамыту (көлік пен логистика), құрылыс индустриясы мен туризмді дамыту («Кендірлі» курортты демалыс аймағы).
«Ақтау теңіз порты» АЭА аумағын жоғары технологиялық экспортқа бағдарланған өндірістермен толықтыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінге АЭА аумағында 5 кәсіпорын жұмыс істейді, шамамен 29 млрд. теңге тартылды. 223 млрд. теңгенің өнімі шығарылды. Бюджетке 9,5 млрд. теңге мөлшерінде салықтар төленді. 1000-нан астам жұмыс орны құрылды.
2014 жылы жалпы құны 5 млрд. теңге болатын, 365 жұмыс орны құрылатын 5 жобаны пайдалануға беру жоспарланған. 2015-2017 жылдары жалпы құны 375 млрд. теңге болатын және 7000-нан астам жұмыс орны құрылатын 14 жобаны пайдалануға беру жоспарланған.
Оларды жандандыру үшін АЭА аумағын инженерлік және көліктік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінге №3 кіші аймақ инфрақұрылыммен қамтамасыз етіліп, №1 кіші аймақ бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Көліктік инфрақұрылымды дамыту тұрғысында, Азия даму банкінің қарыз қаражатын тарту арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен «Ақтау-Бейнеу-Атырау» автожолын «Бейнеу-Манашы» және «Манашы-Шетпе» учаскесінде қайта құрылымдау жобасы іске асырылуда.
«Шетпе-Жетібай-Ақтау» учаскесін реконструкциялау бойынша дайындық жұмыстары басталды (карьер учаскелері, мердігерді анықтау және т.б.).
«Бейнеу-Жезқазған» темір жол желісін Бейнеу станциясы-Тассай станциясы учаскесінде салу жобасы аяқталды. Жұмыс бабындағы жүріс ашылды.
Автомобиль жолдарын салуға, күрделі, ағымдағы, орташа жөндеуге және күтіп-ұстауға, сондай-ақ жергілікті маңызы бар жолдардың ЖСҚ-ын әзірлеуге республикалық және облыстық бюджеттердің қаражатынан 2014 жылы барлығы шамамен 8 млрд. теңге бөлінді.
«Сыңғырлау-Сам-Ноғайты-Тұрыш» автожолының құрылысы басталды. «Ақтау-Форт-Шевченко», «Таушық-Шетпе», «Ақтау-Құйылыс» автожолдарын күрделі жөндеу, «Форт-Шевченко – Ақтау-Қаламқас жолының 43 километріне дейін» автожолын ағымдағы және күрделі жөндеу жалғасуда.
Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы Батыс Қазақстанды жағажай туризімінің орталығы ретінде, оның ішінде Кендірлі курортты демалыс аймағын дамытуды көздейді. Кендірлі туристік аймағын дамытудың жүйелі жоспары әзірленіп, бекітілді.
«Кендірлі» курортты демалыс аймағының сыртқы инфрақұрылымын салуға әзірленген 9 жобаның ішінен «Окарем-Бейнеу» магистралды газ құбырынан газ бұру құбырын тарту және АГБС-н салу аяқталуда. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 2013 жылы – 397,6 млн.теңге, 2014 жылы – 678 млн.теңге бөлінді.
Тұтыну бағалары мен тарифтердің индексі 2014 жылдың қазанында 2013 жылдың желтоқсанына 106,6% (ҚР бойынша – 106,3%), оның ішінде азық-түлік тауарларына – 108% (ҚР бойынша – 106,1%), азық-түлік емес тауарларға – 108,3% (ҚР бойынша – 107,3%), ақылы қызметтер – 103,3% (ҚР бойынша – 105,46%) құрады.
2013 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда мына азық-түлік тауарларының: жоғары сұрыпты ұннан жасалған бидай наны – 14%-ға, күріштің – 20,8%-ға, қанттың – 22,8%-ға, сары майдың – 15,4%-ға, ірімшіктің – 19,9%-ға, сүттің (3,2%-дық) – 26,8%-ға, айранның (3,2%-дық) – 38%-ға, қаймақтың – 10,3%-ға, сүзбенің – 13,1%-ға, картоптың – 17,1%-ға, қырыққабаттың – 4,7%-ға, түйінді пияздың – 40%-ға, қызылшаның – 12,2%-ға, сәбіздің – 26%-ға айтарлықтай қымбаттағаны байқалады.
Ақылы қызметтерден: салқын су (белгіленген нормадан жоғары) – 10,4%-ға, электр энергиясы – 4,7%-ға, әйелдердің шашын қию – 2,8%-ға, ерлердің шашын қию – 2,6%-ға қымбаттады. Энергия тасымалдаушылар ішінде: бензин Аи-92 – 8,5%-ға, бензин Аи-95, 96 – 5,6%-ға, жаздық дизель отыны – 11,3%-ға қымбаттады.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 6759,5 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 2013 жылдың тиісті кезеңіне 100,9%. 2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда ірі қара мал басының 13,9%-ға өсуі байқалады. Қой мен ешкі басы – 19,9%-ға, жылқы басы – 5,1%-ға, түйе басы – 2,4%-ға төмендеді.
Жергілікті бюджеттен 2014 жылы асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға – 44,5 млн. теңге, мал шаруашылығы өнімінің өніміділігі мен сапасын арттыруға – 36,9 млн. теңге, өсімдік шаруашылығын дамытуға – 122,7 млн. теңге сомасына субсидиялар бөлінді.
Бүгінгі күнге ылғал қорларын сақтау технологиясын – тамшылатып суаруды қолданумен 626,8 га жер қамтылған (2011 жылы – 200,9 га). Облыс бойынша жалпы ауданы 8,2 га болатын 8 жылыжай жұмыс істейді.
ШОБ-тің белсенді субъектілерінің саны 32,4 мың мың бірлікті (өсу қарқыны – 102,7%, ҚР – 99,6%), жұмыспен қамтылғандар саны – 96,9 мың адамды (өсу қарқыны – 103,1%, ҚР – 99,9%), экономикалық белсенді халық санындағы ШОБ-те жұмыспен қамтылғандардың үлесі – 32,6% (ҚР – 29,9%), бюджетке салықтық төлемдер көлемі 113,9 млрд. теңгені (12,3%-ға өсті) құрады.
Екінші деңгейдегі банктермен шағын бизнес субъектілеріне 2014 жылғы 1 қаңтарға 12,5 млрд. теңге көлемінде кредиттік ресурстар берілді, бұл – 2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 9%-ға аз.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының «Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу» атты екінші бағытының аясында кәсіпкерлерді микрокредиттеу үшін республикалық бюджеттен 2014 жылға 200,0 млн. теңге бөлінді. Бөлінген қаражаттың барлығы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның шотына аударылды. Осы қор, сондай-ақ «Каспий» МҚҰ» ЖШС арқылы есепті кезеңде 723,9 млн. теңге сомасына барлығы 204 микрокредит беріліп, 279 жұмыс орны құрылды.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының аясында Маңғыстау облысы үшін республикалық бюджеттен 2014 жылы 1,8 млрд. теңге мөлшерінде қаражат бөлініп, 29.10.2014 жылғы жағдай бойынша игеру 96,6% құрайды.
Ағымдағы датада 46 жоба, оның шінде Ақтау қаласында – 26 жоба, Бейнеу ауданында – 3 жоба; Қарақия ауданында – 2 жоба; Түпқараған ауданында – 2 жоба; Маңғыстау ауданында – 7 жоба; Мұнайлы ауданында – 6 жоба мақұлданды.
Ұлттық қордан «Даму Өндіріс» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы бөлінген қаражат есебінен 2 млрд. теңге сомасына 8 жоба мақұлданып, 1,5 млрд. теңге сомасындағы 5 жоба қаралуда.
Облыстың барлық аудандарында «Даму» қорының жанындағы Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары ашылды. Ағымдағы жылдың соңына дейін Ақтау қаласында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын, сондай-ақ Мұнайлы ауданында КҚКО мен бизнес-инкубатор ашу жоспарлануда.
Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету саласында, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының іске асырылуын есепке алғанда ағымдағы жылдың қаңтар-қазанында облыс бойынша 23653 жұмыс орны құрылды (2013 жылдың тиісті кезеңінде – 20440 жұмыс орны). Оның ішінде, қалалар мен аудандардың әкімдіктері халықтың нысаналы топтары үшін 992 әлеуметтік жұмыс орнын құрып, жоғары оқу орындарының 1010 түлегін жастар практикасына тартты.
Есепті кезеңде жұмыспен қамту органдарының еңбек делдалдығына 14032 адам өтініш білдірді. Әлеуметтік қорғау шараларымен 7540 адам қамтылып, оның ішінде 2067 адам жұмысқа орналастырылды, 1997 адам қоғамдық жұмыстарға жолданды, 2096 адам «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысушылардың құрамына енгізілді, 369 адам кәсіптік даярлауға жолданды.
Жалпы жұмыссыздық деңгейі 2014 жылдың 2 тоқсанында (ашық еңбек рыногында) 5,3%-ды құрады (2013 жылдың 2 тоқсанында – 5,5%).
Халықтың жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 2014 жылдың қыркүйегінде 109706 теңгені құрады. 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда атаулы ақшалай табыс – 17,8%-ға, нақты ақшалай табыс – 10,7%-ға ұлғайды.
Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 2014 жылдың қаңтар- қыркүйегінде 2012207 теңгені құрады, бұл – 2013 жылдың осындай кезеңінен 18,3%-ға жоғары.
Мемлекеттік бюджетке (Ұлттық қорды есепке алмағанда) 273,8 млрд. теңге (2013 жылдың тиісті кезеңіне – 123,3%), оның ішінде республикалық бюджетке – 190,2 млрд. теңге (129,7%), жергілікті бюджетке – 83,6 млрд. теңге (111%) сомасында салықтар мен өзге де міндетті төлемдер түсті.
Білім беруге арналған шығыстар 2014 жылға 42 млрд. теңгені құрайды (2013 жылға қарағанда 11,5%-ға өсті), оның 01.11.2014 жылға 32,6 млрд. теңгесі игерілді. Білім беру объектілерін дамытуға 2014 жылы – 5978,7 млн. теңге (1.11.2014 жылға 4282,5 млн. теңге игерілді), оның ішінде республикалық бюджеттен – 2384,1 млн. теңге (1.11.2014 жылға 2100,4 млн. теңге игерілді), жергілікті бюджеттен – 3594,6 млн. теңге (1.11.2014 жылға 2182,1 млн. теңге игерілді) бөлінді.
3-ден 6-ға дейінгі жастағы балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту 1.10.2014 жылға 72,6% құрайды.
Үш ауысыммен оқытатын мектептерді жою мақсатында:
- ағымдағы жылғы желтоқсанда Ақшұқыр ауылында 960 орындық орта мектеп пайдалануға беріледі;
- ағымдағы жылы Форт-Шевченко қаласындағы 550 орындық мектеп-интернаттың және Атамекен ауылындағы 1200 орындық орта мектептің құрылысы басталды;
- Бейнеу ауылында 900 орта мектеп салуға ЖСҚ әзірленді.
Авариялық мектептерді жою мақсатында, ағымдағы жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен 200 орындық бір мектептің құрылысы аяқталып (Маңғыстау ауданының Жыңғылды ауылында әрқайсысы 624 орындық 2 орта мектептің құрылысы басталды (Қарақия ауданының Құланды ауылы мен Жетібай станциясында).
5 білім беру объектісін күрделі жөндеуге жергілікті бюджеттен 156,4 млн. теңге бөлінді.
Денсаулық сақтауға арналған шығыстар 2014 жылға 16,8 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде 01.11.2014 жылға 12,2 млн. теңге игерілді.
Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 2014 жылы – 1160,4 млн. теңге (1.11.2014 жылға 143,7 млн. теңге игерілді), оның ішінде республикалық бюджеттен – 585,9 млн. теңге (1.11.2014 жылға 0 млн. теңге игерілді), жергілікті бюджеттен – 574,5 млн. теңге (1.11.2014 жылға 143,7 млн. теңге игерілді) көздестірілді.
Маңғыстау облыстық ауруханасының «Г» блогы жапсарламасының және Жаңаөзен қаласындағы 100 төсек-орындық перзентхананың құрылысы аяқталды.
Ақтау қаласында 150 орындық Өңірлік ана мен баланы қорғау орталығының құрылысы жүргізілуде. «350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункт және емхана салу» бағдарламасы бойынша, облыстың ауылдарында 2015 жылғы 1 тоқсанда аяқтау мерзімімен 40 орындық 5 ауылдық дәрігерлік амбулаторияның, 20 орындық ауылдық дәрігерлік амбулаторияның және 1 фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы басталды.
Балалар өлімінің деңгейі 2014 жылдың қаңтар-қазанында 1000 тірі туғандарға шаққанда 11-ден 10,3-ке дейін төмендеді. Ана өлімінің 2 жағдайы тіркеліп (2013 жылдың қаңтар- қазанында – 1 факт), деңгей 100 мың тірі туғандарға шаққанда 12,7-ні құрады.
Туберкулезбен ауыру 2013 жылдың қаңтар-қазанындағы 100 мың халыққа шаққандағы 65,7-ден 2014 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 57,1-ге дейін азайды. Қан айналымы жүйесінің ауруларынан науқастануды 5,9%-ға (100 мың халыққа шаққанда 1021,8-ге дейін) және өлуді 28%-ға (100 мың халыққа шаққанда 46,1) төмендетуге қол жеткізілді.
Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарының аясындағы іс-шараларды іске асыруға 2014 жылы 10,1 млрд. теңге жалпы сомасында, оның ішінде- республикалық бюдждеттен – 6,0 млрд. теңге (4,6 млрд. теңге – нысаналы трансферттер, 1,4 млрд. теңге – үлгілік әскери қалашық пен өрт депосын салуға арналған республикалық қаражат), жергілікті бюджеттен – 2,7 млрд. теңге, өзге қаражат көздерінен – 1,3 млрд. теңге (700 млн. теңге – медициналық емдеу орталығын салуға арналған «Өзенмұнайгаз» АҚ қаражаты және 2014 жылға арналған келісім аясында 619,3 млн. теңге) бөлінді.
Жоспар аясында мына жобаларды іске асару, оның ішінде «Мерей» шағын ауданындағы 1200 орындық орта мектептің, қатты-тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу, жою және көму комбинатының, ішкі істер органдарының қызметкерлеріне арналған 60 және 100 пәтерлік екі тұрғын үйдің, 6 шығар жолы бар үлгілік өрт сөндіру депосының, «Мерей» шағын ауданының автомобиль жолдарының және Жаңаөзен қаласының «Мұнайлы», «Бостандық», «Рахат», «Ақсу», «Бәйтерек», «Ақбұлақ», «Мамыр», «Арай», «Астана» шағын аудандары мен Теңге, Қызылсай ауылдарындағы орталық көшелерді жарықтандыру желілерінің құрылысы аяқталды.
«Рауан», «Өркен», «Көктем» шағын аудандарында және Теңге, Қызылсай ауылдарында 5 спорт алаңқайын салу жұмысы аяқталды.
2014 жылдың соңына дейін: бұрыннан бар электрмен жабдықтау желілерін реконструкциялау мен кеңейтуді; «Жұлдыз» шағын ауданында салқын су есептеуіштерін құруды және орнатуды; «Кендiрлi» курортты демалыс аймағының «Окарем-Бейнеу» магистралды газ құбырынан газ құбырын тартуды және автоматтандырылған газ бөлу жүйесiн салуды; КТҚ салуды (1-кезек); әскери қалашық салуды аяқтау жоспарланған.
Шағын ЖЭО-ға ауыстыру арқылы орталық қазандықты реконструкциялау және кеңейту (4-кезең) және әскери комиссариаттың ғимаратын, еділ суын тәулігіне 30 мың текше метре дейінг ауыз су сапасына дейін жеткізіп дайындау үшін су тазарту құрылыстарын, «Жұлдыз» және «Мерей» шағын аудандарында сумен жабдықтаудың тарату желілерін, Жаңаөзен қаласында 50 төсек-орындық стационары бар медициналық емдеу орталығын («ӨМГ» АҚ қаражаты), Теңге ауылының ауылішілік автомобиль жолдарын және «Мамыр» шағын ауданының автомобиль жолдарын, әрқайсысы 320 орындық 4 балабақша салу бойынша жұмыстар жалғасуда
Моноқалаларды дамыту бағдарламасының аясында Жаңаөзен қаласы үшін 2014 жылы барлығы 1 423,3 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 1 290,8 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 132,4 млн. теңге бөлінді.
Оның ішінде, 2014 жылы кәсіпкерлікті қаржылай қолдауға барлығы – 257,6 млн. теңге, екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға – 48,0 млн. теңге, микрокредиттер беруге – 125,2 млн. теңге, гранттар беруге – 15,0 млн. теңге және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тартуға – 69,4 млн. теңге бөлінді.
Ағымдағы жылдың 10 айында пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша 1 126,5 млн. теңге жалпы сомасына 16 жоба мақұлданып, 14,3 млн. теңге сомасына 5 микрокредит және ШОБ-тің 3 жобасына гранттар берілді. Технопарк үшін инфрақұрылым құру жұмыстары аяқталды.
Қаланың инженерлік инфрақұрылымын дамытуға 2014 жылы барлығы 1 165,7 млн. теңге бөлініп, 01.11.2014 жылғы жағдай бойынша 1 108,5 млн. теңге игерілді.
Бүгінге Теңге ауылында РП-6 кВ тарату пунктін және «Рахат-1,2,3» 110/6 кВ қосалқы станциясынан Жаңаөзен қаласы Теңге, Қызылсай ауылдарының шығыс бөлігіне дейінгі ВЛ-6 кВ әуе желісінің құрылысы аяқталып, Теңге мен Қызылсай ауылдарын, «Шұғыла» шағын ауданының аулаішілік көшелерін абаттандыру, қалашілік автомобиль жолдары мен Қызылсай ауылының автомобиль жолдарын салу бойынша жұмыстар жүргізілуде.