Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының
2014 жылғы қаңтар-қыркүйектегі қорытындылары туралы
Ағымдағы жылы облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмыс Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында қойылған тапсырмаларға, сондай-ақ басым мемлекеттік және стратегиялық, салалық бағдарламаларға сәйкес құралды. Маңғыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жалғасуда.
Тұтастай алғанда, қабылданған барлық шаралар экономиканы сапалық тұрғыдан өсіруді қамтамасыз етуге, индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын одан әрі іске асыруға, халықтың әл-ауқат деңгейі мен өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.
Халықтың жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) көлемі бойынша облыс 2013 жылы республика өңірлері арасында төртінші орынды алды (ҚР бойынша орташа – 2070,7 мың теңге болғанда – 3301,9 мың теңге). ЖӨӨ-нің нақты өсуі 2013 жылдың қорытындысында 105,2% (1907,1 млрд. теңге), 2014 жылдың 1 жартыжылдығында 105,1% (956,9 млрд. теңге) құрады.
Есепті кезеңде облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарымен қолданыстағы бағада 1868,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 102,5% құрады.
Облыстағы өнеркәсіптік өнімнің жалпы көлемінде үлесі 92,5% құрайтын кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді игеруде 1729,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. НКИ 101,4% құрады.
Есепті кезеңде 13,8 млн. тонна мұнай өндірілді немесе 2013 жылдың осындай кезеңдегі деңгейіне – 102,7%. Табиғи газ өндіру 3,8%-ға төмендеді (1545,3 млн. текше метр).
Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіру көлемі (саланың үлесі – 4,2%) 14,4%-ға артып, 78,8 млрд. теңгені құрады.
Тоқыма бұйымдар өндірісінде – 3,1 есе, химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісінде – 1,5 есе, металдық емес өзге де минералды өнімдер өндірісінде – 29%-ға, машина жасауда – 19%-ға, резеңке және пластикалық масса бұйымдар өндірісінде – 11,7%-ға, азық-түлік өнімдері өндірісінде – 3,3%-ға өсу байқалады
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптаудағы өнім көлемі есепті кезеңде 47,8 млрд. теңгені немесе өткен жылдың осындай деңгейіне 117,9% құрады.
«Сумен жабдықтау, канализациялық жүйе, қалдықтарды жинақтау және бөлуді бақылау» саласында 12,2 млрд. теңге көлемінде өнім шығарылды немесе 2013 жылдың тиісті деңгейіне – 116,3%.
Облыстың сыртқы сауда айналымы 2014 жылдың қаңтар-тамызында 7109,2 млн. АҚШ долларын құрады, бұл – 2013 жылғы қаңтар-тамыздағы деңгейден 5,3%-ға көп. Экспорт 6751,2 млн. АҚШ долларын (9,1%-ға ұлғайды), импорт 358 млн. АҚШ долларын (36%-ға төмендеді) құрады.
Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2014 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 367,3 млрд. теңгені құрады, бұл – нақты баға индексін есепке алғанда 2013 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 20,1%-ға артық.
Индустрияландыру картасының аясында 2010-2013 жылдары 160,3 млрд. теңге сомасына барлығы 23 жоба аяқталды. Шамамен 2 мың жұмыс орны құрылды. 57,4 млрд. теңге сомасына өнім шығарылды.
Ағымдағы жылдың басынан бері мына жобалар: Маңғыстау облысының Шетпе ауылында «Каспий Цемент» ЖШС-нің цемент зауыты, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның Қаламқас кен орнында 2х45 МВт газ-турбиналық электр станциясы, Қарақия ауданы Жетібай ауылының маңында «Жанарыс» ЖШС-нің киім тігетін және химиялық тазартатын цехы пайдалануға берілді.
Нақтылауды есепке алғанда, жыл соңына дейін сметалық құны 6,1 млрд. теңге болатын және жаңадан 394 жаңа жұмыс орны құрылатын тағы 9 жобаны аяқтау жоспарланған
Есепті кезеңде жалпы ауданы 477,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2013 жылдың қаңтар-қыркүйегіне қарағанда 40,1%-ға көп.
«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын іске асыру үшін 2014 жылы кезекте тұрғандарға жалдамалы тұрғын үй салуға – 500,0 млн. теңге, жас отбасылар үшін тұрғын үй салуға – 200,0 млн. теңге, кредиттік тұрғын үй салуға – 4290,0 млн. теңге, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуға – 2 879,1 млн. теңге бөлінді.
Кезекте тұрғандарға жалдамалы тұрғын үй салу аясында: Форт-Шевченко қаласында 48 пәтерлік тұрғын үйдің, Бейнеу ауылында 4 пәтерлік алты тұрғын үйдің, Шетпе ауылында 4 пәтерлік сегіз тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Ақтау қаласының 32 «А» шағын ауданында жайлылығы ІV-сыныпты 120 пәтерлік 5 қабатты үш тұрғын үйдің құрылысы басталды.
Жас отбасылар үшін, Ақтау қаласының 32 «А» шағын ауданында 60 пәтерлік екі тұрғын үйдің құрылысы басталды.
Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй салу бағыты бойынша, Ақтау қаласының 32 «А» шағын ауданында 60 пәтерлік төрт және 40 пәтерлік төрт тұрғын үйдің, Ақтау қаласының 33 шағын ауданында көп қабатты көп пәтерлік тұрғын үйлердің және қалалық маңызы бар объектілердің құрылыстары жүргізілуде. Ақтау қаласының 32 «А» шағын ауданында жайлылығы ІІІ-сыныпты 120 пәтерлік 5 қабатты екі тұрғын үйдің құрылысы көздестірілген.
Облыстың бәсекеге қабілетті артықшылықтарын есепке ала отырып, облыс экономикасының мынадай өсу резервтері айқындалды: мұнай-газ өндіру секторын одан әрі дамыту (өңірдің минералды-шикізаттық кешенін іздестіру, барлау жүргізу, сервистік-қызмет көрсету өндірісін дамыту), өңдеу салаларын дамыту (оның ішінде «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында), облыстың транзиттік әлеуетін (көліктік логистиканы, шекара бойындағы аумақтарды) дамыту; құрылыс индустриясын дамыту; туризмді дамыту («Кендірлі» халықаралық курортты демалыс аймағының құрылысы), агроөнеркәсіптік кешенді (жайылымдық, асыл тұқымды мал шаруашылығын, балық аулауды және тауарлық балық өсіруді) дамыту. Орталық мемлекеттік органдармен келісілген Маңғыстау облысы экономикасының өсу резервтерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары іске асырылуда.
«Ақтау теңіз порты» АЭА аумағын жоғары технологиялық экспортқа бағдарланған өндірістермен толықтыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінге АЭА аумағында 5 кәсіпорын жұмыс істейді, шамамен 29 млрд. теңге тартылды. 233 млрд. теңгенің өнімі шығарылды. Бюджетке 9,5 млрд. теңге мөлшерінде салықтар төленді. 1000-нан астам жұмыс орны құрылды.
2014 жылы жалпы құны 5 млрд. теңге болатын, 365 жұмыс орны құрылатын 5 жобаны пайдалануға беру жоспарланған. 2015-2017 жылдары жалпы құны 375 млрд. теңге болатын және 7000-нан астам жұмыс орны құрылатын 14 жобаны пайдалануға беру жоспарланған.
Оларды жандандыру үшін АЭА аумағын инженерлік және көліктік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінге №3 кіші аймақ инфрақұрылыммен қамтамасыз етіліп, №1 кіші аймақ бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Көліктік инфрақұрылымды дамыту тұрғысында, Азия даму банкінің қарыз қаражатын тарту арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен «Ақтау-Бейнеу-Атырау» автожолын «Бейнеу-Манашы» және «Манашы-Шетпе» учаскесінде қайта құрылымдау жобасы іске асырылуда.
«Шетпе-Жетібай-Ақтау» учаскесін реконструкциялау бойынша дайындық жұмыстары басталды (карьер учаскелері, мердігерді анықтау және т.б.).
«Бейнеу-Жезқазған» темір жол желісін Бейнеу станциясы-Тассай станциясы учаскесінде салу жобасы аяқталды. Жұмыс бабындағы жүріс ашылды.
Автомобиль жолдарын салуға, күрделі, ағымдағы, орташа жөндеуге және күтіп-ұстауға, сондай-ақ жергілікті маңызы бар жолдардың ЖСҚ-ын әзірлеуге республикалық және облыстық бюджеттердің қаражатынан 2014 жылы барлығы шамамен 8 млрд. теңге бөлінді.
«Сыңғырлау-Сам-Ноғайты-Тұрыш» автожолының құрылысы басталды. «Ақтау-Форт-Шевченко», «Таушық-Шетпе», «Ақтау-Құйылыс» автожолдарын күрделі жөндеу, «Форт-Шевченко – Ақтау-Қаламқас жолының 43 километріне дейін» автожолын ағымдағы және күрделі жөндеу жалғасуда.
Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы Батыс Қазақстанды жағажай туризімінің орталығы ретінде, оның ішінде Кендірлі курортты демалыс аймағын дамытуды көздейді. Кендірлі туристік аймағын дамытудың жүйелі жоспары әзірленіп, бекітілді.
«Кендірлі» курортты демалыс аймағының сыртқы инфрақұрылымын салуға әзірленген 9 жобаның ішінен «Окарем-Бейнеу» магистралды газ құбырынан газ бұру құбырын тарту және АГБС-н салу аяқталуда. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 2013 жылы – 397,6 млн.теңге, 2014 жылы – 678 млн.теңге бөлінді.
Тұтыну бағалары мен тарифтердің индексі 2014 жылдың қыркүйегінде 2013 жылдың желтоқсанына 106,1% (ҚР бойынша – 105,9%), оның ішінде азық-түлік тауарларына – 107,1% (ҚР бойынша – 105,6%), азық-түлік емес тауарларға – 107,7% (ҚР бойынша – 106,7%), ақылы қызметтер – 103,2% (ҚР бойынша – 105,4%) құрады.
2013 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда мына азық-түлік тауарлары: жоғары сұрыпты ұннан жасалған бидай наны – 14%-ға, күріш – 20,8%-ға, қант – 22,8%-ға, сары май – 15,4%-ға, ірімшік – 19,9%-ға, сүт (3,2%-дық) – 26,8%-ға, айран (3,2%-дық) – 38%-ға, қаймақ – 10,3%-ға, сүзбе – 13,1%-ға, картоп – 17,1%-ға, қырыққабат – 4,7%-ға, түйінді пияз – 40%-ға, қызылша – 12,2%-ға, сәбіз – 26%-ға айтарлықтай қымбаттады.
Ақылы қызметтерден: салқын су (белгіленген нормадан жоғары) – 10,4%-ға, электр энергиясы – 4,7%-ға, әйелдердің шаш қию үлгісі – 2,8%-ға, ерлердің шаш қию үлгісі – 2,6%-ға қымбаттады. Энергия тасымалдаушылар ішінен: бензин Аи-92 – 8,5%-ға, бензин Аи-95, 96 – 5,6%-ға, жазғы дизель отыны – 11,3%-ға қымбаттады.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 5584,6 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 2013 жылдың тиісті кезеңіне 100%. 2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда ірі қара мал басының 10,4%-ға өсуі байқалады. Қой мен ешкі басы – 16,6%-ға, жылқы басы – 3,5%-ға, түйе басы – 2,3%-ға төмендеді.
Жергілікті бюджеттен 2014 жылы асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға – 44,5 млн. теңге, мал шаруашылығы өнімінің өніміділігі мен сапасын арттыруға – 36,9 млн. теңге, өсімдік шаруашылығын дамытуға – 122,7 млн. теңге сомасына субсидиялар бөлінді.
Бүгінгі күнге ылғал қорларын сақтау технологиясын – тамшылатып суаруды қолданумен 626,8 га жер қамтылған (2011 жылы – 200,9 га). Облыс бойынша жалпы ауданы 8,2 га 8 жылыжай жұмыс істейді. Облыс аудандарында тағы 4 жылыжай салу жоспарланған.
ШОБ-тің белсенді субъектілерінің саны 30,4 мың мың бірлікті (өсу қарқыны - 101%, ҚР – 96,1%), жұмыспен қамтылғандар саны – 91,6 мың адамды (өсу қарқыны – 104,8%, ҚР – 99,9%), экономикалық белсенді халық санындағы ШОБ-те жұмыспен қамтылғандардың үлесі – 32,6% (ҚР – 29,9%), бюджетке салықтық төлемдер көлемі 113,9 млрд. теңгені (12,3%-ға өсті) құрады.
Екінші деңгейдегі банктермен шағын бизнес субъектілеріне 2014 жылғы 1 тамызға 7,3 млрд. теңге көлемінде кредиттік ресурстар берілді, бұл – 2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 24%-ға аз.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының «Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу» атты екінші бағытының аясында кәсіпкерлерді микрокредиттеу үшін республикалық бюджеттен 2014 жылға 200,0 млн. теңге бөлінді. Бөлінген қаражаттың барлығы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның шотына аударылды. Осы қор, сондай-ақ «Каспий» МҚҰ» ЖШС арқылы есепті кезеңде 723,9 млн. теңге сомасына барлығы 204 микрокредит беріліп, 279 жұмыс орны құрылды.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының аясында 2014 жылы 37 жоба мақұлданып, оның ішінде субсидиялау жөніндегі 22 шартқа қол қойылды.
Салалық кесінде жобалардың көпшілігі өңдеу өнеркәсібінде (41%), көлік пен қоймалауда (26%), әлеуметтік сала мен қоғамдық тамандандырудағы қызметтерде (33%) іске асырылуда.
Ұлттық қордан «Даму Өндіріс» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы бөлінген қаражат есебінен 2 млрд. теңге сомасына 8 жоба мақұлданып, 1,5 млрд. теңге сомасындағы 5 жоба қаралуда.
Облыстың барлық аудандарында «Даму» қорының жанындағы Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары ашылды. Ағымдағы жылдың соңына дейін Ақтау қаласында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын, сондай-ақ Мұнайлы ауданында КҚКО мен бизнес-инкубатор ашу жоспарлануда.
Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету саласында, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының іске асырылуын есепке алғанда ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйегінде облыс бойынша 22280 жұмыс орны құрылды (2013 жылдың тиісті кезеңінде – 19037 жұмыс орны). Оның ішінде, қалалар мен аудандардың әкімдіктері халықтың нысаналы топтары үшін 950 әлеуметтік жұмыс орнын құрып, жоғары оқу орындарының 938 түлегін жастар практикасына тартты.
Есепті кезеңде жұмыспен қамту органдарының еңбек делдалдығына 13064 адам өтініш білдірді. Әлеуметтік қорғау шараларымен 6976 адам қамтылып, оның ішінде 2750 адам жұмысқа орналастырылды, 1997 адам қоғамдық жұмыстарға жолданды, 1943 адам «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысушылардың құрамына енгізілді, 286 адам кәсіптік даярлауға жолданды.
Жалпы жұмыссыздық деңгейі 2014 жылдың 2 тоқсанында (ашық еңбек рыногында) 5,3%-ды құрады (2013 жылдың 2 тоқсанында – 5,5%).
Халықтың жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 2014 жылдың тамызында 109706 теңгені құрады. 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда атаулы ақшалай табыс – 17,8%-ға, нақты ақшалай табыс – 10,7%-ға ұлғайды.
Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 2014 жылдың қаңтар-тамызында 211416 теңгені құрады, бұл – 2013 жылдың осындай кезеңінен 18,6%-ға жоғары.
Мемлекеттік бюджетке (Ұлттық қорды есепке алмағанда) 254,1 млрд. теңге (2013 жылдың тиісті кезеңіне – 126,7%), оның ішінде республикалық бюджетке – 177,5 млрд. теңге (136,2%), жергілікті бюджетке – 76,6 млрд. теңге (109%) сомасында салықтар мен өзге де міндетті төлемдер түсті.
Білім беруге арналған шығыстар 2014 жылға 42 млрд. теңгені құрайды (2013 жылға қарағанда 11,5%-ға өсті), оның 01.10.2014 жылға 29,1 млн. теңге игерілді. Білім беру объектілерін дамытуға 2014 жылы – 5978,7 млн. теңге (1.10.2014 жылға 3843,3 млн. теңге игерілді), оның ішінде республикалық бюджеттен – 2384,1 млн. теңге (1.10.2014 жылға 2026 млн. теңге игерілді), жергілікті бюджеттен – 3594,6 млн. теңге (1.10.2014 жылға 1817,4 млн. теңге игерілді) бөлінді.
1-ден 6-ға дейінгі жастағы балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту – 42,6%, 3-тен 6-ға дейінгі жастағы балаларды қамту – 72,6% құрайды.
Үш ауысыммен оқытатын мектептерді жою мақсатында:
- ағымдағы жылғы қазанда Ақшұқыр ауылында 960 орындық орта мектеп пайдалануға берілді;
- ағымдағы жылы Форт-Шевченко қаласында 550 орындық мектеп-интернаттың және Атамекен ауылында 1200 орындық орта мектептің құрылысы басталды;
- Бейнеу ауылында 900 орта мектеп салуға ЖСҚ әзірленді.
Авариялық мектептерді жою мақсатында:
- 2014 жылы Қарақия ауданының Құланды ауылы мен Жетібай станциясында әрқайсысы 624 орындық 2 орта мектептің құрылысы басталды.
5 білім беру объектісін күрделі жөндеуге жергілікті бюджеттен 156,4 млн. теңге бөлінді.
Денсаулық сақтауға арналған шығыстар 2014 жылға 16,8 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде 01.10.2014 жылға 11 млн. теңге игерілді.
Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 2014 жылы – 1160,4 млн. теңге (1.10.2014 жылға 132,4 млн. теңге игерілді), оның ішінде республикалық бюджеттен – 585,9 млн. теңге (1.10.2014 жылға 0 млн. теңге игерілді), жергілікті бюджеттен – 574,5 млн. теңге (1.10.2014 жылға 132,4 млн. теңге игерілді) көздестірілді.
Республикалық бюджет қаражаты есебінен Маңғыстау облыстық ауруханасының «Г» блогы жапсарламасының және Жаңаөзен қаласындағы 100 төсек-орындық перзентхананың құрылысы аяқталды. Ақтау қаласында 150 орындық Өңірлік ана мен баланы қорғау орталығын салу көздестірілді.
Балалар өлімінің деңгейі 2014 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 1000 тірі туғандарға шаққанда 11,6-дан 10,6-ға дейін төмендеді. Ана өлімінің 2 жағдайы тіркеліп (2013 жылдың қаңтар-қыркүйегінде – 1 факт), деңгей 100 мың тірі туғандарға шаққанда 14,1-ді құрады.
Туберкулезбен ауыру 2013 жылдың қаңтар-қыркүйегіндегі 100 мың халыққа шаққандағы 55,7-ден 2014 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 49,6-ға дейін азайды. Қан айналымы жүйесінің ауруларынан науқастануды 5,9%-ға (100 мың халыққа шаққанда 1021,8-ке дейін) және өлуді 28%-ға (100 мың халыққа шаққанда 46,1) төмендетуге қол жеткізілді.
Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарының аясындағы іс-шараларды іске асыруға 2014 жылы 10,1 млрд. теңге жалпы сомасында, оның ішінде- республикалық бюдждеттен – 6,0 млрд. теңге (4,6 млрд. теңге – нысаналы трансферттер, 1,4 млрд. теңге – үлгілік әскери қалашық пен өрт депосын салуға арналған республикалық қаражат), жергілікті бюджеттен – 2,7 млрд. теңге, өзге қаражат көздерінен – 1,3 млрд. теңге (700 млн. теңге – медициналық емдеу орталығын салуға арналған «Өзенмұнайгаз» АҚ қаражаты және 2014 жылға арналған келісім аясында 619,3 млн. теңге) бағытталды.
Жоспар аясында ағымдағы жылы 22 инвестициялық жоба, оның ішінде өткен жылдардан қалған ауыспалы 11 жоба, жаңа 11 жоба іске асырылуда.
4 жобаны іске асыру, оның ішінде қатты-тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу, жою және көму комбинатын, 6 шығар жолы бар үлгілік өрт сөндіру депосын, «Мерей» шағын ауданының автомобиль жолдарын және Жаңаөзен қаласының «Мұнайлы», «Бостандық», «Рахат», «Ақсу», «Бәйтерек», «Ақбұлақ», «Мамыр», «Арай», «Астана» шағын аудандарының және Теңге, Қызылсай ауылдарының орталық көшелерін жарықтандыру желілерін салу аяқталды.
«Рауан», «Өркен», «Көктем» шағын аудандарында және Теңге, Қызылсай ауылдарында 5 спорт алаңқайын салу жұмысы аяқталды.
2014 жылы мына 7 жобаны іске асыруды аяқтау жоспарланған:
- «Мерей» шағын ауданында 1200 орындық орта мектеп салу;
- бұрыннан бар электрмен жабдықтау желілерін реконструкциялау және кеңейту;
- «Жұлдыз» шағын ауданында салқын су есептеуіштерін құру және орнату;
- «Кендiрлi» курортты демалыс аймағының «Окарем-Бейнеу» магистралды газ құбырынан газ құбырын тарту және автоматтандырылған газ бөлу жүйесiн салу;
- КТҚ салу (1-кезек);
- әскери қалашық салу;
- ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін 60 және 100 пәтерлік екі тұрғын үй салу.
Шағын ЖЭО-ға ауыстыру арқылы орталық қазандықты реконструкциялау және кеңейту (4-кезең) және әскери комиссариаттың ғимаратын салу бойынша жұмыстар жалғасуда.
Жаңа жобалардың ішінен 10 жобаны іске асыру басталды, олар:
- еділ суын тәулігіне 30 мың текше метре дейінг ауыз су сапасына дейін жеткізіп дайындау үшін су тазарту құрылыстарын салу;
- «Жұлдыз» және «Мерей» шағын аудандарында сумен жабдықтаудың тарату желілерін салу;
- көшелерді жарықтандыру желілерін реконструкциялау;
- Жаңаөзен қаласында 50 төсек-орындық стационары бар медициналық емдеу орталығын салу («ӨМГ» АҚ қаражаты);
- Теңге ауылының ауылішілік автомобиль жолдарын және «Мамыр» шағын ауданының автомобиль жолдарын салу;
- әрқайсысы 320 орындық 4 балабақша салу.
Моноқалаларды дамыту бағдарламасының аясында Жаңаөзен қаласы үшін 2014 жылы барлығы 1 423,3 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 1 290,8 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 132,4 млн. теңге бөлінді.
Оның ішінде, 2014 жылы кәсіпкерлікті қаржылай қолдауға барлығы – 257,6 млн. теңге, екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға – 48,0 млн. теңге, микрокредиттер беруге – 125,2 млн. теңге, гранттар беруге – 15,0 млн. теңге және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тартуға – 69,4 млн. теңге бөлінді.
Ағымдағы жылғы 9 айда пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша 1 046,5 млн. теңге жалпы сомасына 15 жоба мақұлданып, 6 млн. теңге сомасына 2 микрокредит және ШОБ-тің 3 жобасына гранттар берілді. Технопарк үшін инфрақұрылым құру жұмыстары аяқталды.
Қаланың инженерлік инфрақұрылымын дамытуға 2014 жылы барлығы 1 165,7 млн. теңге бөлініп, 01.10.2014 жылғы жағдай бойынша 988,4 млн. теңге игерілді.
Осы қаражаттың есебінен Теңге мен Қызылсай ауылдарын, «Шұғыла» шағын ауданының аулаішілік көшелерін абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Теңге ауылында РП-6 кВ тарату пунктін және «Рахат-1,2,3» 110/6 кВ қосалқы станциясынан Жаңаөзен қаласы Теңге, Қызылсай ауылдарының шығыс бөлігіне дейінгі ВЛ-6 кВ әуе желісінің, қалашілік автомобиль жолдарының және Қызылсай ауылының автомобиль жолдарының құрылысы жүргізілуде.