Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының
2014 жылғы қаңтар-тамыздағы қорытындылары туралы
Ағымдағы жылы облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмыс Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында қойылған тапсырмаларға, сондай-ақ басым мемлекеттік және стратегиялық, салалық бағдарламаларға сәйкес құралды. Маңғыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жалғасуда.
Тұтастай алғанда, қабылданған барлық шаралар экономиканы сапалық тұрғыдан өсіруді қамтамасыз етуге, индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын одан әрі іске асыруға, халықтың әл-ауқат деңгейі мен өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.
Есепті кезеңде облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарымен қолданыстағы бағада 1680,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 104,2% құрады.
Облыстағы өнеркәсіптік өнімнің жалпы көлемінде үлесі 92,6% құрайтын кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді игеруде 1556,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. НКИ 103,9% құрады.
Есепті кезеңде 12,3 млн. тонна мұнай өндірілді немесе 2013 жылдың осындай кезеңдегі деңгейіне – 102,7%. Табиғи газ өндіру 3,9%-ға төмендеді (1373,7 млн. текше метр).
Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіру көлемі (саланың үлесі – 4,2%) 30,2%-ға өсіп, 70 млрд. теңгені құрады.
Тоқыма бұйымдар өндірісінде – 3,5 есе, химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісінде – 1,5 есе, металдық емес өзге де минералды өнімдер өндірісінде – 21,5%-ға, машина жасауда – 15,4%-ға, резеңке және пластикалық масса бұйымдар өндірісінде – 3,7%-ға, азық-түлік өнімдері өндірісінде – 2,4%-ға өсу байқалады
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптаудағы өнім көлемі есепті кезеңде 43,2 млрд. теңгені немесе өткен жылдың осындай деңгейіне 120,1% құрады.
«Сумен жабдықтау, канализациялық жүйе, қалдықтарды жинақтау және бөлуді бақылау» саласында 10,8 млрд. теңге көлемінде өнім шығарылды немесе 2013 жылдың тиісті деңгейіне – 117,2%.
Облыстың сыртқы сауда айналымы 2014 жылдың қаңтар-шілдесінде 6295,3 млн. АҚШ долларын құрады, бұл – 2013 жылғы қаңтар-шілдедегі деңгейден 4,9%-ға көп. Экспорт 5970,2 млн. АҚШ долларын (9,1%-ға ұлғайды), импорт 325,1 млн. АҚШ долларын (38,4%-ға төмендеді) құрады.
Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2014 жылдың қаңтар-тамызында 320,4 млрд. теңгені құрады, бұл – нақты баға индексін есепке алғанда 2013 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 24,3%-ға артық.
Индустрияландыру картасының аясында 2010-2013 жылдары 160,3 млрд. теңге сомасына барлығы 23 жоба іске асырылды. Шамамен 2 мың жұмыс орны құрылды. 57,4 млрд. теңге сомасына өнім шығарылды.
2014 жылы сметалық құны 108,3 млрд. теңге болатын және жаңадан 1061 тұрақты жұмыс орны құрылатын 15 жобаны пайдалануға беру жоспарланған.
Оның ішінде, ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында 40,1 млрд. теңге сомасына 2 жоба – «Каспий Цемент» ЖШС мен «Жанарыс» ЖШС аяқталып, 422 жұмыс орны құрылды.
Есепті кезеңде жалпы ауданы 393,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2013 жылдың қаңтар-тамызына қарағанда 30,7%-ға көп. Негізгі көлем халық қаражатының үлесіне келеді – жалпы көлемнің 97,4%-ы.
«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын іске асыру үшін 2014 жылы кезекте тұрғандарға жалдамалы тұрғын үй салуға – 500,0 млн. теңге, жас отбасылар үшін тұрғын үй салуға – 200,0 млн. теңге, кредиттік тұрғын үй салуға – 4290,0 млн. теңге, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуға – 2 879,1 млн. теңге бөлінді.
Кезекте тұрғандарға жалдамалы тұрғын үй салу аясында: Форт-Шевченко қаласында 48 пәтерлік тұрғын үйдің, Бейнеу ауылында 4 пәтерлік алты тұрғын үйдің, Шетпе ауылында 4 пәтерлік сегіз тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Ақтау қаласының 32 «А» шағын ауданында жайлылығы ІV-сыныпты 120 пәтерлік 5 қабатты үш тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
Жас отбасылар үшін, Ақтау қаласының 32 «А» шағын ауданында 60 пәтерлік екі тұрғын үйдің құрылысы басталды.
Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй салу бағыты бойынша, Ақтау қаласының 32 «А» шағын ауданында 60 пәтерлік төрт және 40 пәтерлік төрт тұрғын үйдің, Ақтау қаласының 33 шағын ауданында көп қабатты көп пәтерлік тұрғын үйлердің және қалалық маңызы бар объектілердің құрылыстары жүргізілуде. Ақтау қаласының 32 «А» шағын ауданында жайлылығы ІІІ-сыныпты 120 пәтерлік 5 қабатты екі тұрғын үйдің құрылысы көздестірілген.
Облыстың бәсекеге қабілетті артықшылықтарын есепке ала отырып, облыс экономикасының мынадай өсу резервтері айқындалды: мұнай-газ өндіру секторын одан әрі дамыту (өңірдің минералды-шикізаттық кешенін іздестіру, барлау жүргізу, сервистік-қызмет көрсету өндірісін дамыту), өңдеу салаларын дамыту (оның ішінде «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында), облыстың транзиттік әлеуетін (көліктік логистиканы, шекара бойындағы аумақтарды) дамыту; құрылыс индустриясын дамыту; туризмді дамыту («Кендірлі» халықаралық курортты демалыс аймағының құрылысы), агроөнеркәсіптік кешенді (жайылымдық, асыл тұқымды мал шаруашылығын, балық аулауды және тауарлық балық өсіруді) дамыту. Орталық мемлекеттік органдармен келісілген Маңғыстау облысы экономикасының өсу резервтерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары іске асырылуда.
«Ақтау теңіз порты» АЭА аумағын жоғары технологиялық экспортқа бағдарланған өндірістермен толықтыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінге АЭА аумағында 5 кәсіпорын жұмыс істейді, шамамен 29 млрд. теңге тартылды. 233 млрд. теңгенің өнімі шығарылды. Бюджетке 9,5 млрд. теңге мөлшерінде салықтар төленді. 1000-нан астам жұмыс орны құрылды.
2014 жылы жалпы құны 5 млрд. теңге болатын, 365 жұмыс орны құрылатын 5 жобаны пайдалануға беру жоспарланған.
2015-2017 жылдары жалпы құны 375 млрд. теңге болатын және 7000-нан астам жұмыс орны құрылатын 14 жобаны пайдалануға беру жоспарланған.
Оларды жандандыру үшін АЭА аумағын инженерлік және көліктік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінге №3 кіші аймақ инфрақұрылыммен қамтамасыз етіліп, №1 кіші аймақ бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Көліктік инфрақұрылымды дамыту тұрғысында, Азия даму банкінің қарыз қаражатын тарту арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен «Ақтау-Бейнеу-Атырау» автожолын «Бейнеу-Манашы» және «Манашы-Шетпе» учаскесінде қайта құрылымдау жобасы іске асырылуда.
«Шетпе-Жетібай-Ақтау» учаскесін реконструкциялау бойынша дайындық жұмыстары басталды (карьер учаскелері, мердігерді анықтау және т.б.).
«Бейнеу-Жезқазған» темір жол желісін Бейнеу станциясы-Тассай станциясы учаскесінде салу жобасы аяқталды. Жұмыс бабындағы жүріс ашылды.
Автомобиль жолдарын салуға, күрделі, ағымдағы, орташа жөндеуге және күтіп-ұстауға, сондай-ақ жергілікті маңызы бар жолдардың ЖСҚ-ын әзірлеуге республикалық және облыстық бюджеттерден 2014 жылы шамамен барлығы 7 млрд. теңге бөлінді.
«Сыңғырлау-Сам-Ноғайты-Тұрыш» автожолының құрылысы басталды. «Ақтау-Форт-Шевченко», «Таушық-Шетпе», «Ақтау-Құйылыс» автожолдарын күрделі жөндеу, «Форт-Шевченко – Ақтау-Қаламқас жолының 43 километріне дейін» автожолын ағымдағы және күрделі жөндеу жалғасуда.
Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы Батыс Қазақстанды жағажай туризімінің орталығы ретінде, оның ішінде Кендірлі курортты демалыс аймағын дамытуды көздейді. Кендірлі туристік аймағын дамытудың жүйелі жоспары әзірленіп, бекітілді.
«Кендірлі» курортты демалыс аймағының сыртқы инфрақұрылымын салуға әзірленген 9 жобаның ішінен «Окарем-Бейнеу» магистралды газ құбырынан газ бұру құбырын тарту және АГБС салу аяқталуда. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 2013 жылы – 397,6 млн.теңге, 2014 жылы – 678 млн.теңге бөлінді.
Тұтыну бағалары мен тарифтердің индексі 2014 жылдың тамызында 2013 жылдың желтоқсанына 105,6% (ҚР бойынша – 105,4%), оның ішінде азық-түлік тауарларына – 106,3% (ҚР бойынша – 105,3%), азық-түлік емес тауарларға – 107,4% (ҚР бойынша – 106,2%), ақылы қызметтерге – 103% (ҚР бойынша – 104,7%) құрады.
2013 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда мына азық-түлік тауарлары: күріш – 15%-ға, қант – 21%-ға, сары май – 12,7%-ға, ірімшік – 19,9%-ға, сүт (3,2%-дық) – 26,8%-ға, айран (3,2%-дық) – 33,2%-ға, картоп – 41,5%-ға, қырыққабат – 15,9%-ға, түйінді пияз – 35,6%-ға, қызылша – 8,8%-ға, қияр – 71,6%-ға, қызанақ – 66,1%-ға, сәбіз – 14,8%-ға айтарлықтай қымбаттады.
Ақылы қызметтерден: электр энергиясы – 4,7%-ға, әйелдердің шаш қию үлгісі – 2,8%-ға, ерлердің шаш қию үлгісі – 2,6%-ға қымбаттады. Энергия тасымалдаушылар ішінен: бензин Аи-95, 96 – 0,4%-ға, қысқы дизель отыны – 5,1%-ға, жазғы дизель отыны – 5,9%-ға қымбаттады.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 4634,6 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 2013 жылдың тиісті кезеңіне 100,3%. 2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда ірі қара мал басының 10,2%-ға өсуі байқалады. Қой мен ешкі басы – 22,5%-ға, жылқы басы – 3,6%-ға, түйе басы – 2,1%-ға төмендеді.
Жергілікті бюджеттен 2014 жылы асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға – 44,5 млн. теңге, мал шаруашылығы өнімінің өніміділігі мен сапасын арттыруға – 36,9 млн. теңге, өсімдік шаруашылығын дамытуға – 122,7 млн. теңге сомасына субсидиялар бөлінді.
Бүгінгі күнге ылғал қорларын сақтау технологиясын – тамшылатып суаруды қолданумен 626,8 га жер қамтылған (2011 жылы – 200,9 га). Облыс бойынша жалпы ауданы 8,2 га 8 жылыжай жұмыс істейді. Облыс аудандарында тағы 4 жылыжай салу жоспарланған.
ШОБ-тің белсенді субъектілерінің саны 30,5 мың мың бірлікті (өсу қарқыны - 101%, ҚР – 96,1%), жұмыспен қамтылғандар саны – 91,6 мың адамды (өсу қарқыны – 104,8%, ҚР – 99,9%), экономикалық белсенді халық санындағы ШОБ-те жұмыспен қамтылғандардың үлесі – 32,6% (ҚР – 29,9%), бюджетке салықтық төлемдер көлемі 113,9 млрд. теңгені (12,3%-ға өсті) құрады.
Екінші деңгейдегі банктермен шағын бизнес субъектілеріне 2014 жылғы 1 тамызға 7,3 млрд. теңге көлемінде кредиттік ресурстар берілді, бұл 2013 жылдың осындай күнімен салыстырғанда 24%-ға аз.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының «Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу» атты екінші бағытының аясында кәсіпкерлерді микрокредиттеу үшін республикалық бюджеттен 2014 жылға 200,0 млн. теңге бөлінді. Бөлінген қаражаттың барлығы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның шотына аударылды. Осы қор, сондай-ақ «Каспий» МҚҰ» ЖШС арқылы есепті кезеңде 644,4 млн. теңге сомасына барлығы 188 микрокредит беріліп, 236 жұмыс орны құрылды.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының аясында 2014 жылы 37 жоба мақұлданып, оның ішінде субсидиялау жөніндегі 22 шартқа қол қойылды.
Салалық кесінде жобалардың көпшілігі өңдеу өнеркәсібінде (41%), көлік пен қоймалауда (26%), әлеуметтік сала мен қоғамдық тамандандырудағы қызметтерде (33%) іске асырылуда.
Ұлттық қордан «Даму Өндіріс» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы бөлінген қаражат есебінен 2 млрд. теңге сомасына 8 жоба мақұлданып, 1,5 млрд. теңге сомасындағы 5 жоба қаралуда.
Облыстың барлық аудандарында «Даму» қорының жанындағы Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары ашылды.
Ағымдағы жылдың соңына дейін Ақтау қаласында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, сондай-ақ Мұнайлы ауданында КҚКО мен бизнес-инкубатор ашылмақ.
Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету саласында, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының іске асырылуын есепке алғанда ағымдағы жылдың қаңтар-тамызында облыс бойынша 19164 жұмыс орны құрылды (2013 жылдың тиісті кезеңінде – 17280 жұмыс орны). Оның ішінде, қалалар мен аудандардың әкімдіктері халықтың нысаналы топтары үшін 877 әлеуметтік жұмыс орнын құрып, жоғары оқу орындарының 839 түлегін жастар практикасына тартты.
Есепті кезеңде жұмыспен қамту органдарының еңбек делдалдығына 11148 адам өтініш білдірді. Әлеуметтік қорғау шараларымен 6203 адам қамтылып, оның ішінде 2443 адам жұмысқа орналастырылды, 1817 адам қоғамдық жұмыстарға жолданды, 1707 адам «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысушылардың құрамына енгізілді, 236 адам кәсіптік даярлауға жолданды.
Жалпы жұмыссыздық деңгейі 2014 жылдың 2 тоқсанында (ашық еңбек рыногында) 5,3% құрады (2013 жылдың 2 тоқсанында – 5,5%).
Халықтың жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 2014 жылдың шілдесінде 104010 теңгені құрады. 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда атаулы ақшалай табыс – 13,1%-ға, нақты ақшалай табыс – 6,1%-ға ұлғайды.
Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 2014 жылдың қаңтар-шілдесінде 207559 теңгені құрады, бұл – 2013 жылдың осындай кезеңінен 17,7%-ға жоғары.
Мемлекеттік бюджетке 227,2 млрд. теңге (2013 жылдың тиісті кезеңіне – 122,3%), оның ішінде республикалық бюджетке – 158,1 млрд. теңге (130,6%), жергілікті бюджетке – 69,1 млрд. теңге (107%) сомасында салықтар мен өзге де міндетті төлемдер түсті.
Білім беруге арналған шығыстар 2014 жылға 41,7 млрд. теңгені құрайды (2013 жылға қарағанда 10,6%-ға өсті). Білім беру объектілерін дамытуға 6221,2 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 2384,1 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 3837,1 млн. теңге бөлінді.
1-ден 6-ға дейінгі жастағы балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту – 42,6%, 3-тен 6-ға дейінгі жастағы балаларды қамту – 82% құрайды.
Үш ауысыммен оқытатын мектептерді жою мақсатында:
- ағымдағы жылғы қазанда Ақшұқыр ауылында 960 орындық орта мектеп пайдалануға берілді;
- ағымдағы жылы Форт-Шевченко қаласында 550 орындық мектеп-интернаттың және Атамекен ауылында 1200 орындық орта мектептің құрылысы басталды;
- Бейнеу ауылында 900 орта мектеп салуға ЖСҚ әзірленді.
Авариялық мектептерді жою мақсатында:
- 2014 жылы Қарақия ауданының Құланды ауылы мен Жетібай станциясында әрқайсысы 624 орындық 2 орта мектептің құрылысы басталды.
5 білім беру объектісін күрделі жөндеуге жергілікті бюджеттен 156,4 млн. теңге бөлінді.
Денсаулық сақтауға арналған шығыстар 2014 жылға 16,4 млрд. теңгені құрады. Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға – 970,3 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 585,9 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 384,7 млн. теңге көздестірілді.
Республикалық бюджет қаражаты есебінен Маңғыстау облыстық ауруханасының «Г» блогы жапсарламасының және Жаңаөзен қаласындағы 100 төсек-орындық перзентхананың құрылысы аяқталды. Ақтау қаласында 150 орындық Өңірлік ана мен баланы қорғау орталығын салу көздестірілді.
2014 жылдың қаңтар-тамызында балалар өлімінің деңгейі 1000 тірі туғандарға шаққанда 12,5-тен 10,8-ге дейін төмендеді. Ана өлімінің 2 жағдайы тіркелді (2013 жылдың қаңтар-тамызында – 1 факт).
Туберкулезбен ауыру 2013 жылдың қаңтар-тамызындағы 100 мың халыққа шаққандағы 49,4-тен 2014 жылдың қаңтар-тамызында 43,2-ге дейін азайды. Қан айналымы жүйесінің ауруларынан өлуді 34,2%-ға төмендетуге қол жеткізілді (2014 жылдың қаңтар-тамызында – 100 мың халыққа шаққанда 38,8).
Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарының аясындағы іс-шараларды іске асыруға 2014 жылы 9,8 млрд. теңге жалпы сомасында, оның ішінде- республикалық бюджеттен – 5,9 млрд. теңге (4,5 млрд. теңге – нысаналы трансферттер, 1,4 млрд. теңге – үлгілік әскери қалашық пен өрт депосын салуға арналған республикалық қаражат); жергілікті бюджеттен – 2,5 млрд. теңге, өзге қаражат көздерінен – 4,4 млрд. теңге (700 млн. теңге – медициналық емдеу орталығын салуға арналған «Өзенмұнайгаз» АҚ қаражаты және 2014 жылға арналған келісім аясында 636,6 млн. теңге) бағытталды.
Жоспар аясында ағымдағы жылы 22 инвестициялық жоба, оның ішінде өткен жылдардан қалған ауыспалы 11 жоба, жаңа 11 жоба іске асырылуда.
2 жобаны іске асыру, оның ішінде: қатты-тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу, жою және көму комбинатының, 6 шығар жолы бар үлгілік өрт сөндіру депосының құрылысы аяқталды.
Ағымдағы жылы мына 8 жобаны аяқтау жоспарлануда:
- «Мерей» шағын ауданында 1200 орындық орта мектеп салу;
- бұрыннан бар электрмен жабдықтау желілерін реконструкциялау және кеңейту;
- «Жұлдыз» шағын ауданында салқын су есептеуіштерін құру және орнату;
- «Кендiрлi» курортты демалыс аймағының «Окарем-Бейнеу» магистралды газ құбырынан газ құбырын тарту және автоматтандырылған газ бөлу жүйесiн салу;
- КТҚ салу (1-кезек);
- әскери қалашық салу;
- Жаңаөзен қаласында әскери комиссариаттың ғимаратын салу;
- ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін 60 және 100 пәтерлік екі тұрғын үй салу.
Шағын ЖЭО-ға ауыстыру арқылы орталық қазандықты реконструкциялау және кеңейту бойынша жұмыстар жалғасуда (4-кезең).
Жаңа жобалардың ішінен 11 жобаны іске асару басталды, олар:
- еділ суын тәулігіне 30 мың текше метре дейінг ауыз су сапасына дейін жеткізіп дайындау үшін су тазарту құрылыстарын салу;
- «Жұлдыз» және «Мерей» шағын аудандарында сумен жабдықтаудың тарату желілерін салу;
- көшелерді жарықтандыру желілерін салу және реконструкциялау;
- 5 спорт құрылысын салу;
- 50 төсек-орындық стационары бар медициналық емдеу орталығын салу («ӨМГ» АҚ қаражаты);
-Жаңаөзен қаласының ішіндегі жолдарды салу және реконструкциялау;
- әрқайсысы 320 орындық 4 балабақша салу.
Моноқалаларды дамыту бағдарламасының аясында Жаңаөзен қаласы үшін 2014 жылы барлығы 1 423,3 млн. теңге, оның ішінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға – 257,6 млн. теңге және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға – 1 165,7 млн. теңге бөлінді.
Ағымдағы жылғы 8 айдың ішінде кредиттердің 601,3 млн. теңге жалпы сомасына 8 субсидиялау шартына қол қойылып, 6 млн. теңге сомасына 2 микрокредит және ШОБ-тің 3 жобасына гранттар берілді. Технопарк үшін инфрақұрылым құру жұмыстары аяқталды.
Сондай-ақ, Бағдарлама аясында Теңге мен Қызылсай ауылдарын, «Шұғыла» шағын ауданының аулаішілік көшелерін абаттандыру жұмыстары аяқталды. Теңге ауылында РП-6 кВ тарату пунктін және «Рахат-1,2,3» 110/6 кВ қосалқы станциясынан Жаңаөзен қаласы Теңге, Қызылсай ауылдарының шығыс бөлігіне дейінгі ВЛ-6 кВ әуе желісінің, қалашілік автомобиль жолдарының және Қызылсай ауылының автомобиль жолдарының құрылысы жүргізілуде.