2014 жылғы қаңтар-шілдедегі әлеуметтік-экономикалық даму

Маңғыстау облысы

(2014 жылғы қаңтар-шілдедегі әлеуметтік-экономикалық даму)

 

Өнеркәсіп. Өнеркәсіптік өнім өндіру көлемі 1455,1 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2013 жылдың тиісті деңгейіне – 104,1%.

Есепті кезеңде мұнай өндіру 10,7 млн. тоннаны құрады немесе 2013 жылдың осындай кезеңдегі деңгейіне – 102,5%. Табиғи газ өндіру 3,4%-ға (1200,1 млн. текше метр) төмендеді.

 

Өсуді қамтамасыз ету

Облыстағы өнеркәсіптік өнімнің жалпы көлемінде үлесі 92,7% құрайтын кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді игеруде 1349,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Нақты көлем индексі 103,9% құрады.

Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіру көлемі 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 32,5%-ға өсті (58,1 млрд. теңге).

Машина жасауда – 2,3 есе, резеңке және пластикалық масса бұйымдар өндірісінде – 3,1%-ға,  химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісінде – 1,6 есе, металдық емес өзге де минералды өнімдер өндірісінде – 6,1%-ға өсу байқалады.

Азық-түлік өнімдері өндірісіндегі көлем –  3,9%-ға, тоқыма бұйымдар өндірісіндегі көлем – 4,3 есе артты.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптаудағы өнім көлемі есепті кезеңде облыстағы өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлемінде 2,6% құрады (38,2 млрд. теңге). НКИ – 103,2%.

 

ҮИИДМБ мен Индустрияландыру картасының аясында нақтылауды есепке ала отырып, 2014 жылы сметалық құны 20,8 млрд. теңге болатын және 507 жаңа жұмыс орны құрылатын 11 жобаны аяқтау жоспарлануда, олар:

1) « Сұйық дәрілік формалар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар шығару бойынша фармацевтикалық кешен» «Медикал Фарм Ча-Кур» ЖШС;

2) «Бес жылжымалы гелеполимерлік қондырғыларды пайдалануға енгізу» «БозашыОперейтинг ЛТД» КФ;

3) «Газ жетегі бар БНСС салу» «Қарақұдықмұнай» ЖШС;

4) «Электрлік қуаттылығы 2х1819 кВт газ поршеньді электр станциясын салу»» «ТасболатОйлКорпарейшн» ЖШС;

5) «Қаламқас кен орнында 2х45 МВт газ-турбиналық электр станциясын салу және пайдалануға беру» «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ;

6) «Әктас ұнтағының өндірісі» «Атамекен» ЖШС;

7) «Үй салу комбинатының құрылысы» «ҮСК» ЖШС;

8) «Минералды цех салу» «Шетпе Сулары ЛТД» ЖШС;

9) «Жетібай ауылының ауданында киім тігетін және химиялық тазартатын цех салу «Жанарыс» ЖШС;

10) «Түйе жүнін өңдейтін цех салу» «Таушык ауыл шаруашылығы» ЖШС;

11) «Электр қалқан жабдығын (КТП, КРУ, ЩСУ) шығару және 6-10-35 кВт кернеулік класындағы қуаттық трансформаторларды жөндеу» Ақтау Трансформатор Зауыты» ЖШС»;

12) «Үй салу комбинатының құрылысы» «ДИС» ЖШС.

 

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 3928,9 млн. теңгені құрады. 2013 жылдың тиісті кезеңіне нақты көлем индексі – 100,9%.

 

 

Өсуді қамтамасыз ету

2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда ірі қара мал басының 9,7%-ға өсуі байқалады.

Шағын және орта кәсіпкерлік. Шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы субъектілер саны 2014 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 30,4 мың бірлікті құрады.

 

Негізгі капиталға инвестициялар 275,3 млрд. теңгені немесе                  2013 жылдың тиісті кезеңіне – 129,3% құрады.

 

Құрылыс жұмыстарының көлемі 78,2 млрд. теңгені немесе                 2013 жылдың тиісті кезеңіне 100,4% құрады.

 

Сыртқы сауда айналымы 2014 жылдың қаңтар-маусымында 5517,4 млн. АҚШ долларын құрады, бұл  2013 жылғы қаңтар-маусымдағы деңгейінен 11,5%-ға көп. Экспорт 5237,6 млн. АҚШ долларын (14%-ға ұлғайды), импорт 279,7 млн. АҚШ долларын (20,7%-ға төмендеді) құрады.

         Сыртқы сауда балансының сальдосы 2014 жылдың қаңтар-маусымында 4957,9 млн. АҚШ доллары сомасында қалыптасты (2013 жылдың қаңтар- маусымында – 4241,3 млн. АҚШ доллары).

 

         Тұтыну бағаларының индексі 2014 жылдың мамырында                       2013 жылдың желтоқсанына – 105,4%, оның ішінде азық-түлік тауарларына – 107,0%,  азық-түлік емес тауарларға – 106,2%, ақылы қызметтерге – 102,6% құрады.

 

Өсу себептері

2013 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда, 2014 жылғы маусымда азық-түлік тауарларынан: жоғары сұрыпты ұннан жасалған бидай наны – 0,2%-ға, күріш – 15%-ға, сұлы жармасы – 1,5%-ға, арпа жармасы – 2,3%-ға, сиыр еті – 0,9%-ға, қой еті – 0,3%-ға, жылқы еті – 0,3%-ға, жас балық – 1,6%-ға, тауық еті – 1,2%-ға,  қант – 21%-ға, жартылай қақталған шұжық - 10%-ға, сары май – 12,7%-ға, мәйекті ірімшік – 19,9%-ға, сүт – 3,2%-ға, айран – 22,6%-ға, майлылығы 3,2% айран – 33,2%-ға қаймақ – 4%-ға,  сүзбе – 6,5%-ға, картоп – 41,5%-ға, қырыққабат – 15,9%-ға, басты пияз – 35,6%-ға, қызылша – 8,8%-ға, қияр – 71,6%-ға, қызанақ – 66,1%-ға, сәбіз – 14,8%-ға қымбаттады. Бірінші сұрыпты бидай ұны – 2%-ға, вермишель – 3,8%-ға, ұнтақ жарма – 3,5%-ға, қарақұмық жармасы – 4,8%-ға, тары – 1,5%-ға, көкөніс майы – 21,6%-ға, жұмыртқалар – 3%-ға арзандады

Азық-түлік емес тауарлардан: маусымдық ерлер пальтосы – 7,9%-ға, ерлердің костюм-шалбары – 11,3%-ға, ерлер шалбары – 8,3%-ға, синтетикадан жасалған жылытқышы бар әйелдер күртесі – 4,6%-ға, жібек және аралас матадан тігілген той көйлегі – 3,8%-ға, мектеп жасындағы балаларға күртесі – 12,5%-ға, балаларға арналған сыртқы жейде – 6,4%-ға, ерлердің қонышсыз бәтеңкесі – 13,1%-ға, әйелдердің қысқы етігі – 6%-ға, әйелдер туфлиі – 14,5%-ға,  балалардың бәтеңкесі, қонышсыз бәтеңкесі – 2,3%-ға, төсек жабдықтарының жинақталымы – 3,6%-ға қымбаттады.

Ақылы қызметтерден: негізгі тұрғын үйді нақты жалдау ақысы – 0,2%-ға, электр энергиясы – 4,4%-ға, ерлердің шаш қию үлгісі – 2,6%-ға, әйелдер залындағы шаш қию үлгісі – 2,8%-ға қымбаттады.

Энергия тасымалдаушылар ішінен: бензин Аи-95, 96 – 0,7%-ға, қысқы дизель отыны – 5,1%-ға, жазғы дизель отыны – 5,9%-ға қымбаттады.

 

Салықтар мен бюджет. Есепті кезеңде мемлекеттік бюджетке (Ұлттық қорды есепке алмағанда) 199,2 млрд. теңге (болжамға – 103,2%), оның ішінде республикалық бюджетке – 142,7 млрд. теңге (болжамға – 100%), жергілікті бюджетке – 56,5 млрд. теңге (болжамға – 112,3%) сомасында салықтар мен өзге де міндетті төлемдер түсті.

 

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау.

Жұмыссыздық деңгейі 1,1% құрады.

Жұмыспен қамтуқызметі арқылы 2154 адам жұмысқа орналастырылды. Қоғамдық жұмыстарға 1652 адам жолданды.

Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 2014 жылдың қаңтар-шілдесінде 205291 мың теңгені құрады, бұл 2013 осындай кезеңінен 17,7%-ға көп.

 

Әлеуметтік сала

 

Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтауға арналған шығыстар 2014 жылға 16,4 млрд. теңгені құрады. Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 2014 жылы – 970,6 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 585,9 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 384,7 млн. теңге көздестірілді.

Республикалық бюджет есебінен Маңғыстау облыстық ауруханасының «Г» блогы жапсарламасының және Жаңаөзен қаласындағы 100 төсек-орындық перзентхананың құрылысы аяқталып, Ақтау қаласында 150 орындық Өңірлік ана мен баланы қорғау орталығын салу көздестірілген.

2014 жылдың қаңтар-шілдесінде балалар өлімінің деңгейі 2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 23,8%-ға азайып, 1000 тірі туғандарға 10,3-ті құрады. Ана өлімінің 2 жағдайы тіркеліп (2013 жылдың қаңтар-шілдесінде – 1), деңгей 100 мың тірі туғандарға 18,4-ті құрады (ҚР бойынша – 11,8). Туберкулезбен ауыру 2013 жылдың 1 жартыжылдығындағы 100 мың халыққа шаққандағы 43,0-ден 2014 жылдың бірінші жартыжылдығында 37,4-ке дейін азайды. Қан айналымы жүйесі ауруларынан науқастануды 23%-ға (100 мың халыққа шаққанда 615,5-ке дейін) және өлуді 43,8%-ға (100 мың халыққа шаққанда 26,0-ге дейін) төмендетуге қол жеткізілді.

Білім беру

Білім беруге арналған шығыстар 2014 жылға 41,7 млрд. теңгені құрады (2013 жылға қарағанда 10,6%-ға өсті). Білім беру объектілерін дамытуға 2014 жылы – 6221,2 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 2384,1 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 3837,1 млн. теңге бөлінді.

Жыл басынан бері Қарақия ауданының Болашақ және Бостан ауылдарында өткен жылы жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат есебінен салынған және Мұнайлы ауданының Баянды ауылында демеушілік қаражат есебінен салынған 380 орындық 3 балабақша аяқталып, пайдалануға берілді.

Мұнайлы ауданының Маңғыстау-4 ауылындағы 280 орындық балабақшаның құрылысы аяқталды. Сондай-ақ, Маңғыстау ауданының Жыңғылды ауылындағы 200 орындық орта мектептің, Жаңаөзен қаласының «Мерей» шағын ауданындағы 1200 орындық орта мектептің, Форт-Шевченко қаласындағы Маңғыстау политехникалық колледжінің ғимаратына жапсарламаның; Бейнеу аудынының Бейнеу ауылындағы 80 және 140 орындық, Қарақия ауданының Мұнайшы ауылындағы 140 орындық; Мұнайлы ауданының Атамекен, Дәулет және Маңғыстау-5 ауылдарындағы әрқайсысы 280 орындық, Түпқараған ауданының Форт-Шевченко қаласындағы 140 орындық және Қызылөзен ауылындағы 50 орындық балабақшалардың құрылысын аяқтау ағымдағы жылға жоспарланған.  

Қарақия ауданының Жетібай станциясы мен Құланды ауылында әрқайсысы 624 орындық, Мұнайлы ауданының Атамекен ауылында 1200 орындық орта мектептер; Жаңаөзен қаласының Мерей, Арай, Астана шағын аудандарында және Қызылсай ауылында әрқайсысы 320 орындық 4 балабақша, Ақтау қаласында 280 орындық балабақша салынып басталды. Объектілер 2015 жылға өтеді.

5 білім беру объектісін күрделі жөндеуге жергілікті бюджеттен 156,4 млн. теңге бөлінді..

 

 

Дата публикации
13 марта 2020