Маңғыстау облысы
(2014 жылғы қаңтар-мамырдағы әлеуметтік-экономикалық даму)
Өнеркәсіп. Өнеркәсіптік өнім өндіру көлемі 1014,5 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2013 жылдың тиісті деңгейіне – 104,2%.
Есепті кезеңде мұнай өндіру 7,6 млн. тоннаны құрады немесе 2013 жылдың осындай кезеңдегі деңгейіне – 103%. Табиғи газ өндіру 4,5%-ға (859,6 млн. текше метр) төмендеді.
|
Өсуді қамтамасыз ету |
|
Облыстағы өнеркәсіптік өнімнің жалпы көлемінде үлесі 92,7% құрайтын кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді игеруде 940,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Нақты көлем индексі 103,2% құрады. Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіру көлемі 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 23,5%-ға өсіп, 38,8 млрд. теңгені құрады. Машина жасауда – 2 есе, резеңке және пластикалық масса бұйымдар өндірісіндегі көлем – 46,6%-ға, химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісінде – 46,3%-ға, металдық емес өзге де минералды өнімдер өндірісінде – 24,1%-ға, тері және оған қатысты өнімдер өндірісінде – 6,7%-ға өсу байқалады. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптаудағы өнім көлемі есепті кезеңде облыстағы өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлемінде 2,8% құрады (28,5 млрд. теңге). НКИ – 113,6%. |
ҮИИДМБ мен Индустрияландыру картасының аясында 2014 жылы сметалық құны 59 млрд. теңге болатын және 1111 тұрақты жұмыс орны құрылатын 11 жобаны аяқтау жоспарлануда, олар:
1) « Шетпе ауылында цемент зауытын салу» «КаспийЦемент» ЖШС;
2) « Сұйық дәрілік формалар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар шығару бойынша фармацевтикалық кешен» «Медикал Фарм Ча-Кур» ЖШС;
3) «Бес жылжымалы гелеполимерлік қондырғыларды пайдалануға енгізу» «БозашыОперейтинг ЛТД» КФ;
4) «Газ жетегі бар БНСС салу» «Қарақұдықмұнай» ЖШС;
5) «Электрлік қуаттылығы 2х1819 кВт газ поршеньді электр станциясын салу»» «ТасболатОйлКорпарейшн» ЖШС;
6) «Қаламқас кен орнында 2х45 МВт газ-турбиналық электр станциясын салу және пайдалануға беру» «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ;
7) «Әктас ұнтағының өндірісі» «Атамекен» ЖШС;
8) «Үй салу комбинатының құрылысы» «ҮСК» ЖШС;
9) «Минералды цех салу» «Шетпе Сулары ЛТД» ЖШС;
10) «Жетібай ауылының ауданында киім тігетін және химиялық тазартатын цех салу «Жанарыс» ЖШС;
11) «Түйе жүнін өңдейтін цех салу» «Таушык ауыл шаруашылығы» ЖШС;
12) «Электр қалқан жабдығын (КТП, КРУ, ЩСУ) шығару және 6-10-35 кВт кернеулік класындағы қуаттық трансформаторларды жөндеу» Ақтау Трансформатор Зауыты» ЖШС.
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2462,8 млн. теңгені құрады. 2013 жылдың тиісті кезеңіне нақты көлем индексі – 101,4%.
|
Өсуді қамтамасыз ету |
|
2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда ірі қара мал басының 4,8%-ға өсуі байқалады. |
|
Төмендеу себептері |
|
2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда түйенің – 5,9%-ға, жылқының – 3,6%-ға, қой мен ешкінің – 19,7%-ға өсуі байқалады. |
Шағын және орта кәсіпкерлік. Шағын және орта бизнес (заңды тұлғалар) кәсіпорындарының өндірілген өнім (жұмыстар мен қызметтер) шығаруы 2014 жылдың қаңтар-сәуірінде 345,0 млрд. теңгені немесе өткен жылдың тиісті деңгейіне 101,9% құрады.
|
Өсуді қамтамасыз ету |
|
Осы саладағы шаруашылық жүргізуші субъектілер саны 2014 жылғы 1 мамырға 32,1 мың бірлікті құрады немесе 2013 жылдың осындай күнімен салыстырғанда 15,3%-ға артты. Жұмыспен қамтылғандар саны 85,8 мың адамды құрады немесе 2013 жылдың осындай күнімен салыстырғанда 6,4%-ға көп. |
Негізгі капиталға инвестициялар 165,5 млрд. теңгені немесе 2013 жылдың тиісті кезеңіне – 124,6% құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 42,8 млрд. теңгені немесе 2013 жылдың тиісті кезеңіне 100,8% құрады.
Жалпы ауданы 235,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2013 жылдың қаңтар-мамырынан 35,2%-ға көп. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлеміндегі негізгі көлем халық қаражатының үлесіне келеді – 96%.
Сыртқы сауда айналымы 2014 жылдың қаңтар-сәуірінде 3762,7 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2013 жылғы қаңтар-сәуірдегі деңгейінен 13%-ға көп. Экспорт 3560,6 млн. АҚШ долларын (13%-ға ұлғайды), импорт 202,1 млн. АҚШ долларын (13,4%-ға ұлғайды) құрады.
Сыртқы сауда балансының сальдосы 2014 жылдың қаңтар-сәуірінде 3358,4 млн. АҚШ доллары сомасында қалыптасты (2013 жылдың қаңтар- сәуірінде – 2973,7 млн. АҚШ доллары).
Тұтыну бағаларының индексі 2014 жылдың мамырында 2013 жылдың желтоқсанына – 104,6%, оның ішінде азық-түлік тауарларына – 106,5%, азық-түлік емес тауарларға – 105,3%, ақылы қызметтерге – 101,7% құрады.
|
Өсу себептері |
|
2013 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда, 2014 жылғы мамырда азық-түлік тауарларынан: күріш – 11,1%-ға, шұжық – 3,1%-ға, мал майы – 8,6%-ға, қаймақ – 4%-ға, шай – 2,8%-ға, қырыққабат – 15,9%-ға, картоп – 41,5%-ға, жуа – 35,6%-ға, қызылша – 8,8%-ға, қияр – 71,6%-ға, қызанақ – 66,1%-ға, мәйекті ірімшік – 13,0%-ға қымбаттады. Азық-түлік емес тауарлардан: костюм-шалбар – 11,3%-ға, аралас матадан тігілген әйелдер плащы – 8,8%-ға, мектеп жасындағы балалар күртесі – 12,5%-ға, ерлердің қонышсыз бәтеңкесі – 13,1%-ға, әйелдердің қысқы етігі – 6%-ға, балалардың қонышсыз бәтеңкесі – 2,3%-ға, қыздар туфлиі – 3,4%-ға қымбаттады. Ақылы қызметтерден: жеке гигиеналық заттар – 6,8%-ға, медициналық қызметтер – 11,4%-ға, фармацевтикалық өнімдер – 10,1%-ға, энергия тасымалдағыштар – 1,3%-ға қымбаттады. |
Тіркелген жұмыссыздық деңгейі облыс бойынша 01.06.2014 жылға 0,8% құрады (01.06.2013 жылға – 0,8%). Жалпы жұмыссыздық деңгейі 2014 жылдың 1 тоқсанында (ашық еңбек рыногында) 5,4%-ды құрады (2013 жылдың 1 тоқсанында – 5,6%).
Облыс бойынша есепті кезеңде 8944 жұмыс орны құрылды (2013 жылдың тиісті кезеңінде – 9065 жұмыс орны). Жұмыспен қамту органдарына өтініш жасаған 1782 жұмыссыз жұмысқа орналастырылып (өтініш жасағандардың 29,5%-ы), қоғамдық жұмыстарға 14443 адам жолданды.
Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 2014 жылдың қаңтар-сәуірінде 200811 теңгені құрады, бұл 2013 жылдың осындай кезеңінен 14,1%-ға көп.
Салықтар мен бюджет. Есепті кезеңде мемлекеттік бюджетке 149,6 млрд. теңге (өткен жылдың тиісті кезеңіне – 141%), оның ішінде республикалық бюджетке – 106,6 млрд. теңге (151,1%), жергілікті бюджетке – 43 млрд. теңге (122%) сомасында салықтар мен өзге де міндетті төлемдер түсті.
Облыс бойынша бюджет төлемдері бойынша берешек 2014 жылғы 1 маусымға 9,3 млрд. теңгені құрады немесе 2013 жылдың басымен салыстырғанда 22,5%-ға ұлғайды (12 млрд. теңге)
Әлеуметтік сала.
|
Денсаулық сақтау |
|
Денсаулық сақтауға арналған шығыстар 2014 жылға 16,5 млрд. теңгені құрады. Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 2014 жылы – 985,8 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 585,9 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 362,1 млн. теңге көздестірілді. Республикалық бюджет есебінен Маңғыстау облыстық ауруханасының «Г» блогы жапсарламасының және Жаңаөзен қаласындағы 100 төсектік перзентхананың құрылысы аяқталып, Ақтау қаласында 150 орындық Өңірлік ана мен баланы қорғау орталығын салу көздестірілген. 2014 жылдың қаңтар-мамырында балалар өлімі 2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 28,4%-ға азайып, 1000 тірі туғандарға 8,8-ді құрады. Ана өлімінің 1 жағдайы тіркеліп (2013 жылдың 1 маусымына – 0), деңгей 100 мың тірі туғандарға 13,4-ті құрады. Туберкулезбен ауыру 2013 жылдың қаңтар-мамамырындағы 100 мың халыққа шаққандағы 30,7-ден 2014 жылдың қаңтар-мамырында 29,5-ке дейін азайды. |
|
Білім беру |
|
Білім беруге арналған шығыстар нақтыланған бюджет бойынша 2014 жылға 41,7 млрд. теңгені құрады (2013 жылға қарағанда 11,5%-ға өсті). Білім беру объектілерін дамытуға 2014 жылы – 6264,3 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 2384,1 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 3878,0 млн. теңге бөлінді. Маңғыстау ауданының Жыңғылды ауылында 200 орындық орта мектептің, Жаңаөзен қаласының Мерей шағын ауданында 1200 орындық орта мектептің, Мұнайлы ауданының Маңғыстау-4 ауылында 280 орындық балабақшаның құрылысы жүргізілуде. Қарақия ауданының Жетібай кентінде және Құланды ауылында әрқайсысы 624 орындық, Мұнайлы ауданының Атамекен ауылында 1200 орындық орта мектептерді салу қарастырылған. Форт-Шевченок қаласында Маңғыстау политехникалық колледжінің ғимаратына жапсарлама құрылысы жалғасуда. Қарақия ауданының Жетібай станциясында 624 орындық, Қарақия ауданының Құланды ауылында 624 орындық, Мұнайлы ауданының Атамекен ауылында 1200 орындық орта мектептер салу көздестірілген. |