2014 жылғы қаңтар-сәуірдегі әлеуметтік-экономикалық даму

Маңғыстау облысы

(2014 жылғы қаңтар-сәуірдегі әлеуметтік-экономикалық даму)

 

Өнеркәсіп. Өнеркәсіптік өнім өндіру көлемі 797,3 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2013 жылдың тиісті деңгейіне – 104,1%.

Есепті мерзімге  6 млн.тонна немесе 2013 жылғы салыстырмалы кезеңге 103,1 %  мұнай өндірілді. Табиғи газды өндіру 4,1 %-ға азайды (685,7 млн. текше метр).

 

          Өсуді қамтамасыз ету

Облыстағы өнеркәсіптік өнімнің жалпы көлемінде үлесі 92,6% құрайтын тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді игеруде 738,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. НКИ 103,5% құрады.

Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 20,5%-ға артты (29,8 млрд. теңге).

Машина жасауда 2,5 есе, резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісінде – 70,7%-ға, химия өнеркәсібінің өнімдері өндірісінде – 65,2%-ға, тоқыма бұйымдар өндірісінде – 34,6%-ға өсу байқалды.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптаудағы өнім көлемі есепті кезеңде облыстағы өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлемінде 2,9% құрады (23,7 млрд. теңге). НКИ – 115,4%.

 

ҮИИДМБ және Индустрияландыру картасының аясында 2014 жылы сметалық құны 59 млрд. теңге болатын және жаңадан 1111 жұмыс орны құрылатын 12 жобаны аяқтау жоспарланған, олар:

  • «Шетпе ауылында цемент зауытын салу» «Каспий Цемент» ЖШС;
  • «Сұйық дәрілік формалар және медициналық қажеттегі бұйымдар шығару бойынша фармацевтикалық кешен» ЖШС «Медикал Фарм Ча-Кур»;
  • «Бес жылжымалы гелеполимерлық қондырғыларды іске қосу» БузачиОперейтинг ЛТД» ФК»;
  • Газдық жетегімен БКНС құрылысы» «Қарақұдықмұнай»ЖШС;
  • «2х1819 кВт электрлік қуатты Газпоршенді электрстанциясы» «ТасбулатОйлКарпарейшн» ЖШС;
  • Қаламқас кен орнында «2х45 МВт газтурбинді электрстанциясының құрылысы және іске қосу» «Маңғыстау мұнайгаз» АҚ;
  • «Әк тас ұнтағын өндіру» «Атамекен» ЖШС;
  • «Үй құрылысы комбинаты» «ДИС» ЖШС;
  • «Минералды цехының құрылысы» «Шетпе Сулары ЛТД» ЖШС;
  • «Киім тігу және химиялық тазалау цехының құрылысы» «Жанарыс» ЖШС;
  • «Түйе жүнін өңдеу цехының құрылысы» «Таушық ауыл шаруашылығы» ЖШС;
  • Электрқалқанды жабдық өндіру (КТП, КРУ, ЩСУ) және 6-10-35 кВт кернеулі сыныптағы қуатты трансформаторларды жөндеу» «Ақтау Трансформатор зауыты»;

 

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1898,2 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2013 жылдың тиісті кезеңіне – 101,8%.

 

Өсуді қамтамасыз ету

2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда ірі қара мал басының 4,8%-ға өсуі байқалады.

Төмендеу себептері

2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда түйенің – 4,5%-ға, жылқының – 1,8%-ға, қой мен ешкінің – 13,1%-ға өсуі байқалады.

 

Шағын және орта кәсіпкерлік. Шағын және орта бизнес (заңды тұлғалар) кәсіпорындарының өндірілген өнім (жұмыстар мен қызметтер) шығаруы 2013 жылы 345,0 млрд. теңгені немесе өткен жылдың тиісті деңгейіне 101,9% құрады.

 

Өсуді қамтамасыз ету

Осы саладағы шаруашылық жүргізуші субъектілер саны 31,5 мың бірлікті құрады немесе 2013 жылдың осындай күнімен салыстырғанда 9,8%-ға артты.

Жұмыспен қамтылғандар саны 85,8 мың адамды құрады немесе 2013 жылдың осындай күнімен салыстырғанда 6,4%-ға көп.

 

Негізгі капиталға инвестициялар 128,6 млрд. теңгені немесе 2013 жылдың тиісті кезеңіне – 129,9% құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 26,4 млрд. теңгені немесе                 2013 жылдың тиісті кезеңіне 89,4% құрады.

 

Төмендеу себептері

Көптеген тапсырыс берушілер қазіргі уақытқа дейін актілерге қол қоймаған (мысалы: «Алсим-Аларко» ЖШС , «Темір жол жөндеу» және т.б.).

 

    Сыртқы сауда айналымы 2014 жылдың қаңтар-наурызында 2940,9 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2012 жылғы наурыздағы деңгейден 25,9%-ға көп. Экспорт 2794,5 млн. АҚШ долларын (35,4%-ға ұлғайды), импорт 146,4 млн. АҚШ долларын (6,5%-ға ұлғайды) құрады.

Сыртқы сауда балансының сальдосы 2014 жылдың қаңтар-наурызында 2648,1 млн. АҚШ доллары сомасында қалыптасты (2013 жылғы наурызда – 2059,9 млн. АҚШ доллары).

    Тұтыну бағаларының индексі 2014 жылғы сәуірде 2013 жылдың желтоқсанына – 103,7% деңгейінде, оның ішінде азық-түлік тауарларына – 104,9%, азық-түлік емес тауарларға – 104,6%, ақылы қызметтерге – 101,6% деңгейінде қалыптасты.

 

         Өсу себептері

Азық-түлік тауарларынан 2013 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2014 жылғы наурызда: күріш – 8,3%-ға, жартылай қақталған шұжық – 1,5%-ға, малдың майы – 4,7%-ға, қаймақ – 4%-ға,  шай – 2,8%-ға, капуста – 9,4%-ға, картоп – 31%-ға, жуа – 26%-ға, қызылша – 7,1%-ға, қияр – 67,7%-ға қымбаттады.

Азық-түлік емес тауарлардан: маусымдық ерлер пальтосы – 3,9%-ға, костюм-шалбар – 7,3%-ға, аралас матадан тігілген әйелдер плащы – 4,2%-ға, мектеп жасындағы балаларға күртесі – 7,6%-ға, ерлердің қонышсыз бәтеңкесі – 7,2%-ға, әйелдердің қысқы етігі – 6%-ға, балалардың қонышсыз бәтеңкесі – 2,3%-ға қымбаттады.

Ақылы қызметтерден: жеке гигиена тауарлары – 2,8%-ға, шаштараз қызметтері – 3,1%-ға қымбаттады.

Энергия тасымалдаушылар бағасы өзгеріссіз қалды.

 

Салықтар мен бюджет. Мемлекеттік бюджетке 118,8 млрд. теңге (2013 жылдың тиісті кезеңіне – 144,9%), оның ішінде республикалық бюджетке –  87,6 млрд. теңге (155,9%), жергілікті бюджетке – 31,2 млрд. теңге (120,9%) сомасында салықтар мен өзге де міндетті төлемдер түсті.

Облыс бойынша бюджет төлемдері бойынша берешек 2014 жылғы                         1 мамырға 15,5 млрд. теңгені құрады немесе бұл 2012 жылдың басымен салыстырғанда 29,2%-ға көп (12 млрд. теңге).

   

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау.

Тіркелген жұмыссыздық деңгейі 1.05.2014 жылға – 0,9% құрады (01.05.2013 жылға – 0,8%).

Жұмыспен қамту қызметі арқылы 1449 адам жұмысқа орнластырылды (өтініш білдіргендердің 28,9%-ы). Қоғамдық жұмыстарға 1345 адам жолданды.

Нақты секторда жаңа өндірістер ашу, шағын бизнесті дамыту және жаңа әлеуметтік объектілерді пайдалануға беру есебінен ағымдағы жылғы қаңтар-сәуірде 6612 жаңа жұмыс орны құрылды.

 

Әлеуметтік сала.

 

Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтауға арналған шығыстар 2014 жылға 16,0 млрд. теңгені құрады. Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 2014 жылы – 926,6 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 585,9 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 340,6 млн. теңге көздестірілді.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен Ақтау қаласындағы 150 орындық Өңірлік ана мен баланы қорғау орталығының құрылысы жалғасуда. «Маңғыстау облыстық ауруханасының «Г» блогы жапсарламасының және Жаңаөзен қаласындағы 100 төсек-орындық перзентхананың құрылысы аяқталды.

2014 жылғы қаңтар-сәуірде балалар өлімі 2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 12,9%-ға азайып, 1000 тірі туғандарға 9,4-ті құрады. Ана өлімінің 1 жағдайы тіркелдң (2013 жылдың 1 сәуіріне – 0), деңгей 100 мың тірі туғандарға 22,4-ті құрады. Туберкулезбен ауыру 2013 жылғы қаңтар-сәуірдегі 100 мың халыққа шаққандағы 26,15-тен 2014 жылғы қаңтар-сәуірде 24,6-ға дейін артты.

Білім беру

Білім беруге арналған шығыстар 2014 жылға 40,1 млрд. теңгені құрады (2013 жылға қарағанда 4%-ға өсті). Білім беру объектілерін дамытуға 2014 жылы – 5845,1 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 1984,1 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 3861,0 млн. теңге бөлінді.

Маңғыстау ауданының Жыңғылды ауылында 200 орындық, Жаңаөзен қаласының «Мерей» шағын ауданында 1200 орындық орта мектептердің, Мұнайлы ауданының Маңғыстау-4 ауылында 280 орындық балабақшаның құрылысы жалғасуда. Қарақия ауданының Жетібай станциясында 624 орындық, Қарақия ауданының Құланды ауылында 624 орындық, Мұнайлы ауданының Атамекен ауылында 1200 орындық орта мектептер салу көздестірілген.

Дата публикации
13 марта 2020