2014 жылғы қаңтар-ақпандағы әлеуметтік-экономикалық даму

Маңғыстау облысы

(2014 жылғы қаңтар-ақпандағы әлеуметтік-экономикалық даму)

 

Өнеркәсіп. Өнеркәсіптік өнім өндіру көлемі 372,8 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2013 жылдың тиісті деңгейіне – 106,1%.

 

          Өсуді қамтамасыз ету

Облыстағы өнеркәсіптік өнімнің жалпы көлемінде үлесі 92,5% құрайтын тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді игеруде 344,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. НКИ 107,5% құрады.

Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 15,3%-ға артты (12,7 млрд. теңге).

Машина жасауда 4,1 есе, химия өнеркәсібінің өнімдері өндірісінде 44,1%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісінде – 70%-ға, тоқыма бұйымдар өндірісінде – 23,7%-ға өсу байқалды.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптаудағы өнім көлемі есепті кезеңде облыстағы өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлемінде 3,4% құрады (12,6 млрд. теңге). НКИ – 113,5%.

 

ҮИИДМБ және Индустрияландыру картасының аясында 2014 және кейінгі жылдары сметалық құны 43,2 млрд. теңге болатын және жаңадан 393 жұмыс орны құрылатын 3 жобаны аяқтау жоспарланған, олар:

  • «Үй салу комбинатының құрылысы» «ДСК-Актау» ЖШС:
  • «Сұйық дәрілік формалар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар шығару бойынша фармацевтикалық кешен» «Медикал Фарм Ча-Кур» ЖШС;
  • «Шетпе ауылында цемент зауытын салу» «Каспий Цемент» ЖШС.

 

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 814,0 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2013 жылдың тиісті кезеңіне – 97,5%.

 

Төмендеу себептері

2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда түйенің – 7%-ға, жылқының – 6,1%-ға төмендеуі байқалады.

Өсуді қамтамасыз ету

2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда ірі қара мал басының – 4,2%-ға, қой мен ешкінің – 2,3%-ға өсуі байқалады.

 

Шағын және орта кәсіпкерлік. Шағын және орта бизнес (заңды тұлғалар) кәсіпорындарының өндірілген өнім (жұмыстар мен қызметтер) шығаруы 2013 жылы 344,9 млрд. теңгені немесе өткен жылдың тиісті деңгейіне 101,9% құрады (2014 жылғы қаңтардағы деректер кейіннен берілетін болады).

 

Өсуді қамтамасыз ету

Осы саладағы шаруашылық жүргізуші субъектілер саны 2014 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 31,6 мың бірлікті құрады немесе 2013 жылдың осындай күнімен салыстырғанда 10,1%-ға артты.

Жұмыспен қамтылғандар саны 85,8 мың адамды құрады немесе 2013 жылдың осындай күнімен салыстырғанда 6,4%-ға көп.

 Негізгі капиталға инвестициялар 57,0 млрд. теңгені немесе 2013 жылдың тиісті кезеңіне – 121,2% құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 8,7 млрд. теңгені немесе                 2013 жылдың тиісті кезеңіне 86,1% құрады.

    Сыртқы сауда айналымы 2014 жылғы қаңтарда 1159,1 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2012 жылғы қаңтардағы деңгейден 68,6%-ға көп. Экспорт 1113,1 млн. АҚШ долларын (71,3%-ға ұлғайды), импорт 46,0 млн. АҚШ долларын (22%-ға ұлғайды) құрады.

Сыртқы сауда балансының сальдосы 2013 жылғы қаңтарда 1067,1 млн. АҚШ доллары сомасында қалыптасты (2013 жылғы қаңтарда – 611,9 млн. АҚШ доллары).

    Тұтыну бағаларының индексі 2014 жылғы ақпанда 2013 жылдың желтоқсанына – 101,7% деңгейінде, оның ішінде азық-түлік тауарларына – 102,1%, азық-түлік емес тауарларға – 101,7%, ақылы қызметтерге – 101,3% деңгейінде қалыптасты.

 

         Өсу себептері

Азық-түлік тауарларынан 2013 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2014 жылғы ақпанда: жоғары сұрыпты ұннан жасалған нан – 0,4%-ға, жоғары сұрыпты бидай ұны – 0,1%-ға, бірінші сұрыпты бидай ұны – 0,1%-ға, күріш – 8,8%-ға, жартылай қақталған шұжық – 1,2%-ға, сары май – 0,7%-ға, қаймақ – 4%-ға,  шай – 2,8%-ға, капуста – 6%-ға, картоп – 17,1%-ға, жуа – 16,5%-ға, қызылша – 6,3%-ға, сәбіз – 4,2%-ға қымбаттады.

Азық-түлік емес тауарлардан: маусымдық ерлер пальтосы – 3%-ға, костюм-шалбар – 1,4%-ға, ерлер шалбары – 4,4%-ға, синтетикадан жасалған жылытқышы бар әйелдер күртесі – 6,4%-ға, мектеп жасындағы балаларға күртесі – 5,3%-ға, ерлердің қонышсыз бәтеңкесі – 4,5%-ға, әйелдердің қысқы етігі – 4,2%-ға, балалардың қонышсыз бәтеңкесі – 5,8%-ға, төсек жабдықтарының жинақталымы – 2,3%-ға қымбаттады.

Ақылы қызметтерден: негізгі тұрғын үйді нақты жалдау ақысы – 3,6%-ға, ерлердің шаш қию үлгісі – 6,3%-ға, әйелдер залындағы шаш қию үлгісі – 6,7%-ға қымбаттады.

Энергия тасымалдаушылар ішінен: бензин Аи-92 – 5,8%-ға, бензин Аи-95, 96 – 2%-ға, дизель отыны – 3,4%-ға қымбаттады.

 

Салықтар мен бюджет. Мемлекеттік бюджетке 48,9млрд. теңге (есепті кезеңге арналған жоспарға – 140,1%), оның ішінде республикалық бюджетке –  30,9 млрд. теңге (есепті кезеңге арналған жоспарға – 124,1%), жергілікті бюджетке – 18,0 млрд. теңге (есепті кезеңге арналған жоспарға –180%) сомасында салықтар мен өзге де міндетті төлемдер түсті.  

   

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау.

Тіркелген жұмыссыздық деңгейі 1.03.2014 жылға – 0,7% құрады (01.03.2013 жылға – 0,8%).

Жұмыспен қамту қызметі арқылы 830 адам жұмысқа орнластырылды (өтініш білдіргендердің 30,9%-ы). Қоғамдық жұмыстарға 908 адам жолданды.

Нақты секторда жаңа өндірістер ашу, шағын бизнесті дамыту және жаңа әлеуметтік объектілерді пайдалануға беру есебінен ағымдағы жылғы қаңтар-ақпанда 2472 жаңа жұмыс орны құрылды.

 

 

Әлеуметтік сала.

 

Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтауға арналған шығыстар 2014 жылға 15,5 млрд. теңгені құрады. Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 2014 жылы – 864,5 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 585,9 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 278,6 млн. теңге көздестірілді.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен Ақтау қаласындағы 150 орындық Өңірлік ана мен баланы қорғау орталығының құрылысы жалғасуда. 2014 жылғы қаңтар-ақпанда балалар өлімі 2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 12,9%-ға азайып, 1000 тірі туғандарға 8,8-ді құрады. Ана өлімінің жағдайы тіркелмеді (2013 жылдың 1 наурызына – 0), деңгей 100 мың тірі туғандарға 33,7-ні құрады. Туберкулезбен ауыру 2013 жылғы қаңтар-ақпандағы 100 мың халыққа шаққандағы 15,6-дан, 2014 жылғы қаңтар-ақпанда 14,5-ке дейін атты.

Білім беру

Білім беруге арналған шығыстар 2014 жылға 39,3 млрд. теңгені құрады (2013 жылға қарағанда 4%-ға өсті). Білім беру объектілерін дамытуға 2014 жылы – 5654,1 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 1984,1 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 3670 млн. теңге бөлінді.

Маңғыстау ауданының Жыңғылды ауылында 200 орындық, Жаңаөзен қаласының «Мерей» шағын ауданында 1200 орындық орта мектептердің, Мұнайлы ауданының Маңғыстау-4 ауылында 280 орындық балабақшаның құрылысы жалғасуда. Қарақия ауданының Жетібай станциясында 624 орындық, Қарақия ауданының Құланды ауылында 624 орындық, Мұнайлы ауданының Атамекен ауылында 1200 орындық орта мектептер салу көздестірілген.

 

Дата публикации
13 марта 2020