Маңғыстау облысы
(2014 жылғы қаңтардағы әлеуметтік-экономикалық даму)
Өнеркәсіп. Өнеркәсіптік өнім өндіру көлемі 184,2 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2013 жылдың тиісті деңгейіне – 105,8%.
|
Өсуді қамтамасыз ету |
|
Облыстағы өнеркәсіптік өнімнің жалпы көлемінде үлесі 92,6% құрайтын тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді игеруде 170,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. НКИ 105% құрады. Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 23,4%-ға артты (6,0 млрд. теңге). Машина жасауда 7 есе, химия өнеркәсібінің өнімдері өндірісінде 41,0%-ға өсу байқалды. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптаудағы өнім көлемі есепті кезеңде облыстағы өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлемінде 3,4% құрады (6,3 млрд. теңге). НКИ – 106,8%. |
ҮИИДМБ және Индустрияландыру картасының аясында 2014 және кейінгі жылдары сметалық құны 43,2 млрд. теңге болатын және жаңадан 393 жұмыс орны құрылатын 3 жобаны аяқтау жоспарланған, олар:
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 391,7 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2013 жылдың тиісті кезеңіне – 94,9%.
|
Төмендеу себептері |
|
2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда мал басының барлық түрінің, оның ішінде түйенің – 6,9%-ға, қой мен ешкінің – 17,5%-ға, жылқының – 6,1%-ға төмендеуі байқалады. |
|
Өсуді қамтамасыз ету |
|
2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда ірі қара мал басының 4,4%-ға өсуі байқалады. |
Негізгі капиталға инвестициялар 23,1 млрд. теңгені немесе 2013 жылдың тиісті кезеңіне – 117,5% құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 3,5 млрд. теңгені немесе 2013 жылдың тиісті кезеңіне 78,1% құрады.
Сыртқы сауда айналымы 2013 жылдың қаңтар-желтоқсанында 9 832,9 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2012 жылғы қаңтар-желтоқсандағы деңгейінен 14,7%-ға көп. Экспорт 9 092,9 млн. АҚШ долларын (12,8%-ға ұлғайды), импорт 739,9 млн. АҚШ долларын (44,1%-ға ұлғайды) құрады.
Сыртқы сауда балансының сальдосы 2013 жылдың қаңтар-желтоқсанында 8353,0 млн. АҚШ доллары сомасында қалыптасты (2012 жылдың қаңтар-желтоқсанында – 7544,8 млн. АҚШ доллары).
Тұтыну бағаларының индексі 2014 жылдың қаңтарында 2013 жылдың желтоқсанына – 100,4% деңгейінде, оның ішінде азық-түлік тауарларына – 100,5%, азық-түлік емес тауарларға – 100,2%, ақылы қызметтерге – 100,4% деңгейінде қалыптасты.
|
Өсу себептері |
|
Азық-түлік тауарларынан: жоғары сұрыпты ұннан жасалған бидай наны – 0,6%-ға, жоғары сұрыпты бидай ұны – 4,3%-ға, бірінші сұрыпты бидай ұны – 1,4%-ға, вермишель – 2,9%-ға, күріш – 8,8%-ға, ұнтақ жарма – 16%-ға, сұлы жармасы – 15,4%-ға, арпа жармасы – 11,7%-ға, тары – 4,6%-ға, шошқа еті – 0,8%-ға, қой еті – 0,9%-ға, жартылай қақталған шұжық – 4,7%-ға, сары май – 3%-ға, қаймақ – 6,6%-ға, сүзбе – 1,2%-ға, шай – 0,9%-ға, картоп – 13,3%-ға, жуа – 14%-ға, қызылша – 1,8%-ға, сәбіз – 3,1%-ға, тұз – 1,6%-ға қымбаттады. Азық-түлік емес тауарлардан: маусымдық ерлер пальтосы – 5,6%-ға, костюм-шалбар – 3,9%-ға, ерлер шалбары – 4,4%-ға, синтетикадан жасалған жылытқышы бар әйелдер күртесі – 6,4%-ға, мектеп жасындағы балаларға күртесі – 5,3%-ға, ерлердің қонышсыз бәтеңкесі – 4,5%-ға, әйелдердің қысқы етігі – 4,2%-ға, балалардың қонышсыз бәтеңкесі – 5,8%-ға, төсек жабдықтарының жинақталымы – 2,3%-ға қымбаттады. Ақылы қызметтерден: негізгі тұрғын үйді нақты жалдау ақысы – 3,6%-ға, ерлердің шаш қию үлгісі – 6,3%-ға, әйелдер залындағы шаш қию үлгісі – 6,7%-ға қымбаттады. Энергия тасымалдаушылар ішінен: бензин Аи-92 – 5,8%-ға, бензин Аи-95, 96 – 2%-ға, дизель отыны – 3,4%-ға қымбаттады. |
Салықтар мен бюджет. Мемлекеттік бюджетке 19,7 млрд. теңге (есепті кезеңге арналған жоспарға – 147,9%), оның ішінде республикалық бюджетке – 12,6 млрд. теңге (есепті кезеңге арналған жоспарға – 140,9%), жергілікті бюджетке – 7,1 млрд. теңге (есепті кезеңге арналған жоспарға –162,1%) сомасында салықтар мен өзге де міндетті төлемдер түсті.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау.
Тіркелген жұмыссыздық деңгейі 1.02.2014 жылға – 0,7% құрады.
Жұмыспен қамту қызметі арқылы 485 адам жұмысқа орнластырылды (өтініш білдіргендердің 37,2%-ы). Қоғамдық жұмыстарға 185 адам жолданды.
Нақты секторда жаңа өндірістер ашу, шағын бизнесті дамыту және жаңа әлеуметтік объекттілерді пайдалануға беру есебінен 404 жаңа жұмыс орны құрылды.
Әлеуметтік сала.
|
Денсаулық сақтау |
|
Денсаулық сақтауға арналған шығыстар 2014 жылға 15,5 млрд. теңгені құрады. Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 2014 жылы – 864,5 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 585,9 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 278,6 млн. теңге көздестірілді. Республикалық бюджет қаражаты есебінен Ақтау қаласындағы 150 орындық Өңірлік ана мен баланы қорғау орталығының құрылысы жалғасуда. 2014 жылғы қаңтарда балалар өлімі 2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 20,8%-ға азайып, 1000 тірі туғандарға 7,6-ны құрады. Ана өлімінің жағдайы тіркелмеді (2013 жылдың 1 ақпанына – 0), деңгей 100 мың тірі туғандарға 7,9-ды құрады. Туберкулезбен ауыру 2013 жылғы 100 мың халыққа шаққандағы 7,6-дан, 2014 жылы 7,8-ге дейін атты. |
|
Білім беру |
|
Білім беруге арналған шығыстар 2014 жылға 39,3 млрд. теңгені құрады (2013 жылға қарағанда 4%-ға өсті). Білім беру объектілерін дамытуға 2014 жылы – 5654,1 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 1984,1 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 3670 млн. теңге бөлінді. Маңғыстау ауданының Жыңғылды ауылында 200 орындық, Жаңаөзен қаласының «Мерей» шағын ауданында 1200 орындық орта мектептердің, Мұнайлы ауданының Маңғыстау-4 ауылында 280 орындық балабақшаның құрылысы жалғасуда. Қарақия ауданының Жетібай станциясында 624 орындық, Қарақия ауданының Құланды ауылында 624 орындық, Мұнайлы ауданының Атамекен ауылында 1200 орындық орта мектептер салу көздестірілген. |