2013 жылғы қаңтар-қарашадағы әлеуметтік-экономикалық даму

Маңғыстау облысы

(2013 жылғы қаңтар-қарашадағы әлеуметтік-экономикалық даму)

 

Өнеркәсіп. Өнеркәсіптік өнім өндіру көлемі 2 трлн. 062,7 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2012 жылдың тиісті деңгейіне – 101,9%.

 

          Өсуді қамтамасыз ету

Кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игеру облыс өндірісінің жалпы көлемінде  92,5%  алады, есепті кезеңде 907,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілді (НКИ-101,8%).

Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 28,6%-ға артты (84,4 млрд. теңге).

Өңдеу өнеркәсібіндегі өсу азық-түлік өнімдері өндірісінде (45,8%-ға), металдық емес өзге де минералды өнімдер өндірісінде (23,7%-ға), машина жасауда (29,9%-ға), химия өнеркәсібінің өнімдері өндірісінде (19,8%-ға) байқалды.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптаудағы өнім көлемі есепті кезеңде облыстағы өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлемінде 2,3% құрады (53,3 млрд. теңге). НКИ – 114,9%.

«Сумен жабдықтау, канализациялық жүйе, қалдықтарды жинақтау және бөлуді бақылау» саласындағы көлем облыстағы өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлемінде 0,83% құрады (17,2 млрд. теңге). НКИ – 128,1%.

 

Ағымдағы жылы ҮИИДМБ және Индустрияландыру картасының аясында сметалық құны 43,5 млрд. теңге болатын және жаңадан 325 жұмыс орны құрылатын 1 жобаны пайдалануға беру жоспарлануда, оның ішінде:

«Caspi Bitum» БК» ЖШС-нің «Ақтау пластикалық массалар зауытының базасында жол битумдарын өндіру» жобасы.

 

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 6481,0 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2012 жылдың тиісті кезеңіне – 96,5%.

 

Төмендеу себептері

2012 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда мал басының барлық түрінің, оның ішінде түйенің – 14,8%-ға,  жылқының – 3,3%-ға, ірі қара малдың – 7,3%-ға ,қой мен ешкінің 24,4%-ға төмендегені байқалады.

 

Шағын және орта кәсіпкерлік. Шағын және орта бизнестің (заңды тұлғалардың) шығарған өнімі (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер)              2013 жылдың қаңтар-қарашасында 317 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне – 101,7%.

Өсуді қамтамасыз ету

Осы саладағы шаруашылық жүргізуші субъектілер саны 2013 жылғы 1 желтоқсанға 26,2 мың бірлікті құрады немесе 2012 жылдың осындай күнімен салыстырғанда 3,2%-ға азайды.   

Онда жұмыспен қамтылғандардың саны 82 мың адамға дейін артты немесе 2012 жылдың осындай күнімен салыстырғанда 9,4%-ға көп.

 

Негізгі капиталға инвестициялар 384,2 млрд. теңгені құрады немесе  2012 жылдың тиісті кезеңіне – 108,5%.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 136,8 млрд. теңгені немесе                 2012 жылдың тиісті кезеңіне 102,0% құрады. Құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінде құрылыс-жинақтау жұмыстары көлемінің өскені байқалады.

 

  Сыртқы сауда айналымы 2013 жылдың қаңтар-қазанында 8 316,6 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2012 жылғы қаңтар-қазандағы деңгейінен 20%-ға көп. Экспорт 7 660,2 млн. АҚШ долларын (18%-ға ұлғайды), импорт 656,4 млн. АҚШ долларын (50%-ға ұлғайды) құрады.

         Сыртқы сауда балансының сальдосы 2013 жылдың қаңтар-қазанында 7 003,8 млн. АҚШ доллары сомасында қалыптасты (2012 жылдың қаңтар- қазанында – 6 053,6 млн. АҚШ доллары).

        

         Тұтыну бағаларының индексі ағымдағы жылғы қарашада                   2012 жылдың желтоқсанына – 103,2% деңгейінде (ҚР бойынша – 104,1%),  оның ішінде азық-түлік тауарларына – 102,7% (ҚР бойынша – 102,5%), азық-түлік емес тауарларға – 103,6% (ҚР бойынша – 102,6%), ақылы қызметтерге – 103,5% (ҚР бойынша – 107,5%)  деңгейінде қалыптасты.

 

         Өсу себептері

2012 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда, 2013 жылғы қарашада азық-түлік тауарларынан: жоғары сұрыпты ұннан жасалған бидай наны – 0,6%-ға, жоғары сұрыпты бидай ұны – 4,3%-ға, бірінші сұрыпты бидай ұны – 1,4%-ға, вермишель – 2,9%-ға, күріш – 8,8%-ға, ұнтақ жарма – 16%-ға, сұлы жармасы – 15,4%-ға, арпа жармасы – 11,7%-ға, тары – 4,6%-ға, шошқа еті – 0,8%-ға, қой еті – 0,9%-ға, жартылай қақталған шұжық – 4,7%-ға, сары май – 3%-ға, қаймақ – 6,6%-ға,  сүзбе – 1,2%-ға, шай – 0,9%-ға, картоп – 13,3%-ға, жуа – 14%-ға, қызылша – 1,8%-ға, сәбіз – 3,1%-ға, тұз – 1,6%-ға қымбаттады.

Азық-түлік емес тауарлардан: маусымдық ерлер пальтосы – 5,6%-ға, костюм-шалбар – 3,9%-ға, ерлер шалбары – 4,4%-ға, синтетикадан жасалған жылытқышы бар әйелдер күртесі – 6,4%-ға, мектеп жасындағы балаларға күртесі – 5,3%-ға, ерлердің қонышсыз бәтеңкесі – 4,5%-ға, әйелдердің қысқы етігі – 4,2%-ға, балалардың қонышсыз бәтеңкесі – 5,8%-ға, төсек жабдықтарының жинақталымы – 2,3%-ға қымбаттады.

Ақылы қызметтерден: негізгі тұрғын үйді нақты жалдау ақысы – 3,6%-ға, ерлердің шаш қию үлгісі – 6,3%-ға, әйелдер залындағы шаш қию үлгісі – 6,7%-ға қымбаттады.

Энергия тасымалдаушылар ішінен: бензин Аи-92 – 5,8%-ға, бензин Аи-95, 96 – 2%-ға, дизел отыны – 3,4%-ға қымбаттады.

 

  Салықтар мен бюджет. Мемлекеттік бюджетке 251,4 млрд. теңге (болжамға – 101,3%), оның ішінде республикалық бюджетке – 165,7 млрд. теңге (101%), жергілікті бюджетке – 85,7 млрд. теңге (101,8%) сомасында салықтар мен өзге де міндетті төлемдер түсті.

         Облыс бойынша бюджет төлемдері бойынша берешек 2013 жылғы                         1 желтоқсанға 14,1 млрд. Теңге көлемінде қалыптасты немесе 2013 жылдың басымен салыстырғанда 30,6%-ға өсті (10,8 млрд. теңге).    

       

        Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау.

Әлеуметтік сала.

 

Тіркелген жұмыссыздық деңгейі – 0,6%

Жұмыспен қамту қызметі арқылы 3329 адам жұмысқа орнластырылды (өтініш білдіргендердің 26,8%-ы). Қоғамдық жұмыстарға 2471 адам жолданды.

Нақты секторда жаңа өндірістер ашу, шағын бизнесті дамыту және жаңа әлеуметтік объекттілерді пайдалануға беру есебінен 22723 жаңа жұмыс орны құрылды.

Бір қызметкердің орташа айлық жиынтық жалақысы 2013 жылдың қаңтар-қарашасында 175 874 теңгені құрады, бұл 2012 жылдың осындай кезеңінен 6,5% жоғары.

Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтауға арналған шығыстар 2013 жылғы нақтыланған бюджет  бойынша 18,4 млрд. теңгені құрады (2012 жылға қарағанда 12,2%-ға өсті). Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 2013 жылы – 5844,5млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 5 121,4 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 723,1 млн. теңге көздестірілді.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен Маңғыстау облыстық ауруханасына «Г» блогы жапсарламасының, Мұнайлы ауданында ауысымына 250 келушіге арналған емхананың, Жаңаөзен қаласының Рахат шағын ауданында ауысымына 250 келушіге арналған емхананың аяқталды. Бейнеу ауданының Атамекен ауылында, Мұнайлы ауданының Қызылтөбе, Қызылтөбе-2, Атамекен, Баянды ауылдарында, Маңғыстау ауданының Жармыш, Шайыр, Шебір, Тұщықұдық ауылдарында дәрігерлік амбулаторияның құрылыстары аяқталды.

Ағымдағы жылдың қаңтар-қазанында балалар өлімі 2012 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 24,6%-ға азайып, 1000 тірі туғандарға 11-ді құрады. Ана өлімінің 1 жағдайы тіркеліп (2012 жылдың 1 қыркүйегіне – 1), деңгей 100 мың тірі туғандарға 66,8-ді құрады. Туберкулезбен ауыру 2012 жылғы 1 қарашадағы 100 мың халыққа шаққандағы 68,3-тен, ағымдағы жылдың 1 қарашасына 62,7-ге дейін төмендеді.

Білім беру

Білім беруге арналған шығыстар нақтыланған бюджет бойынша 38,6 млрд. теңгені құрады (2012 жылға қарағанда 9,9%-ға өсті). Білім беру объектілерін дамытуға 2013 жылы – 8716 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 7 257,7 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 1458,3 млн. теңге бөлінді..

Қарақия ауданының Жетібай кентінде және Бейнеу ауданы Бейнеу ауылының Атамекен шағын ауданында, Жаңаөзен қаласының Бостандық шағын ауданында әрқайсысы 624 орындық орта мектептердің,  Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылының Маңғыстау-5 тұрғын жай алабында, Басқұдық, Баянды және Батыр ауылдарында әрқайсысы 960 орындық орта мектептердің, Қарақия ауданының Болашақ ауылында 80 орындық және Құрық ауылында кәсіптік-техникалық лицейдің үлгі ғимаратының құрылыстары аяқталды.

Түпақараған ауданының Ақшұқыр ауылында 960 орындық орта мектептің, Жаңаөзен қаласының Мерей шағын ауданында, Мұнайлы ауданының Маңғыстау ауылында әрқайсысы 1200 орындық орта мектептің, Теңге ауылында 900 орындық орта мектептің құрылыстары жалғасуда. Маңғыстау ауылының Жыңғылды ауылында 200 орындық орта мектептің, Мұнайлы ауданының Маңғыстау-4 ауылында 280 орындық балабақшаның құрылысы жүргізілуде.

Жергілікті бюджет есебінен Маңғыстау ауданының Шайыр, Жармыш, Жыңғылды ауылдарында әрқайсысы 80 орындық балабақша салынып, пайдалануға берілді. Қазіргі кезде 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі балалар ұйымдарымен қамту 74% құрайды (республика бойынша орташа алғанда – 70,6%).

Дата публикации
11 марта 2020