Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының  2013 жылғы қаңтар-наурыздағы қорытындылары туралы

Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 

2013 жылғы қаңтар-наурыздағы қорытындылары туралы

 Ағымдағы жылы облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмыс Мемлекет басшысының «Қазақстан – 2050» Стратегиясы –  қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 2012 жылғы                   14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауында қойылған тапсырмаларға, сондай-ақ басым мемлекеттік және стратегиялық, салалық бағдарламаларға сәйкес құралды. Маңғыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жалғасуда.

Тұтастай алғанда, қабылданған барлық шаралар экономиканы сапалық тұрғыдан өсіруді қамтамасыз етуге, индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын одан әрі іске асыруға, халықтың әл-ауқат деңгейі мен өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

  1. Өнеркәсіп. Есепті кезеңде қолданыстағы бағада 539,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Бүгінге өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 100,5% құрады.

Облыстағы өнеркәсіптік өнімнің жалпы көлемінде үлесі 93,1% құрайтын тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді игеруде 502,4 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Нақты көлем индексі 100,6% құрады.

Мұнай өндіру 2012 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 0,4%-ға артып, 4,4 млн. тоннаны құрады. Табиғи газ өндіру 7,5%-ға (540 млн. текше метр) төмендеді.

Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіру көлемі 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,6%-ға төмендеді (17,0 млрд. теңге). Тері және теріден жасалатын өнімдер өндірісінде 2,1 есе, азық-түлік өнімдері өндірісінде 33,4%-ға, металдық емес өзге де минералды өнімдер өндірісінде 2,1 есе, машина жасауда 24%-ға, резеңке мен пластмассадан жасалған бұйымдар өндірісінде 26,3%-ға, тоқыма бұйымдар өндірісінде 69,7%-ға өсу байқалады.

Өнеркәсіпті қайта құру және жаңғырту бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыстарды жүргізу үшін «ҚазАзот» ЖШС-нің уақытша тоқтатылуына байланысты, химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі көлемі 30,4%-ға азайды.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптаудағы өнім көлемі есепті кезеңде 15,9 млрд. теңгені немесе өткен жылдың осындай деңгейіне 95,9% құрады.

«Сумен жабдықтау, канализациялық жүйе, қалдықтарды жинақтау және бөлуді бақылау» саласында 4,5 млрд. теңге көлемінде өнім шығарылды немесе 2012 жылдың тиісті деңгейіне – 111,9%.

Елдің Индустрияландыру картасына жалпы сметалық құны 625 млрд. теңге болатын және жаңадан шамамен 44705 жұмыс орны құрылатын (салу кезеңінде – 13208 жұмыс орны, пайдалануға беру кезеңінде – 31497 жұмыс орны) 34 жоба енгізілді.

Оның ішінде, өңірлік Индустрияландыру картасына жалпы сметалық құны 231,07 млн. теңге болатын және жаңадан 10272 жұмыс орны құрылатын 31 жоба, республикалық Индустрияландыру картасына жалпы сметалық құны 394,1 млрд. теңге болатын және жаңадан 21225 жұмыс орны құрылатын 3 жоба енгізілді.

2010-2011 жылдардағы кезеңде жалпы сметалық құны 120,1 млрд.теңге болатын және жаңадан 3874 жұмыс орны құрылған 17 жоба аяқталып, оның мына 2 жоба жұмыс істемейді:  

- «Теңіз Сервис» ЖШС-нің металл конструкциялары зауытының өндірістік алаңы. Қазіргі кезде алаңша нақты өндіріске дайындалған, алайда Қашағанның екінші фазасын іске асыруды бастау мерзімі айқындалмауына байланысты, зауыт құрылысы басталған жоқ. Экологиялық ден қою базасын орналастыру бойынша ұсыныс қаралуда, сондай-ақ «Технип» француз компаниясымен металл конструкциялары зауытын құру бойынша келіссөздер жүргізілуде.

- «Қазақстан темір жолының» «Өзен – Түркменстанмен мемлекеттік шекара» жаңа темір жол желісінің құрылысы» жобасы бойынша қазақстандық бөлік 100% аяқталды. Ағымдағы жылғы мамырда Қазақстан және Түрікменстан Президенттерінің қатысуымен учаскені ашу жоспарланған.

Индустрияландыру картасының аясында 2012 жылы сметалық құны 11,0 млрд. теңге болатын және жаңадан 1162 жұмыс орны құрылған:

1) «Мұнайдан тұратын қалдықтарды қайта өңдеу бойынша «Шырын» зауытының құрылысы» «Эко – су тазарту» ЖШС;

2) «UHT өңделген сүт және балмұздақ өндірісі бойынша жаңа қуаттылықты іске қосу. Ашыған сүт өнімдерін шығару бойынша қуаттылықты кеңейту «Гурман» ЖШС;

3) «Аммиак, азот қышқылы және аммиак селитра өндірісін тұрақтандыру және жаңғырту» жобасы «ҚазАзот» ЖШС;

4) «Ақтау қаласындағы мұнай мен мұнай өнімдерін сақтау терминиалының құрылысы» «АСКИ-Маңғыстау» ЖШС;

5) «Полиэтилен құбырларын шығару бойынша зауыт» «Арлан Group- Aktau» ЖШС;

6) «Тауарлық-бекіре фермасының құрылысы» «Осетр-Аралды» САС  сияқты 6 жоба пайдалануға берілді.

Қазіргі сәтте осы кәсіпорындарда іске қосу жұмыстары жүргізілуде, таяу арада кәсіпорындар өнім шығарып, тиісті мақсаттары бойынша қызметтер көрсетеді деп күтілуде.

2013 жылы ҮИИДМБ және Индустрияландыру картасының аясында сметалық құны 1751,5 млрд. теңге болатын және жаңадан 975 жұмыс орны құрылатын мына 3 жобаны пайдалануға беру жоспарлануда:

1) «Пластикалық массалар зауытының базасында жол битумдарын өндіру» «Caspi Bitum» БК» ЖШС;

2)  «Сұйық дәрілік формалар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар шығару бойынша фармацевтикалық кешен» «Медикал Фарм Ча-Кур» ЖШС»;

3) «Шетпе ауылында цемент зауытын салу» «Каспий Цемент» ЖШС.

Облыстың бәсекеге қабілетті артықшылықтарын есепке ала отырып, облыс  экономикасының мынадай өсу резервтері айқындалды: мұнай-газ өндіру секторын одан әрі дамыту (өңірдің минералды-шикізаттық кешенін іздестіру, барлау және жете барлау жүргізу, сервистік-қызмет көрсету өндірісін дамыту), өңдеу салаларын дамыту (оның ішінде «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында), облыстың транзиттік әлеуетін (көліктік логистиканы, шекара бойындағы аумақтарды) дамыту; құрылыс индустриясын дамыту; туризмді дамыту («Кендірлі» халықаралық курортты демалыс аймағының құрылысы), агроөнеркәсіптік кешенді (жайылымдық, асыл тұқымды мал шаруашылығын, балық аулауды және  тауарлық балық өсіруді) дамыту.

Облыстың өнеркәсіп салалары мен жүйе құраушы кәсіпорындарында мынадай өсу резервтері бар.

Тау-кен өндіру өндірісінде. «Өзенмұнайгаз» ӨФ-да мұнайдың бастапқы қорының 70%-дан астамы өндірілді, бұл ретте өңірдегі көмірсутегі шикізатын дайындау қарқыны әлі де болса өндіру динамикасынан артта қалуда. Бұл мұнай-газ компанияларының, оның ішінде «Өзенмұнайгаз» ӨФ мен «Қаражанбасмұнай» АҚ сияқты мейлінше ірі компаниялардың перспективалық дамуын тежейді.

Республикалық бюджет есебінен өңірдің минералды-шикізаттық кешенін іздестіру, барлау және жете барлау бойынша іс-шаралар өткізу қажет. Бұдан басқа, мұнай және газ министрлігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ «Өзенмұнайгаз» ӨФ және «Қаражанбасмұнай» АҚ компанияларының перспективалық даму жоспарларын, оның ішінде көрсетілген компаниялар қосымша барлау және жаңа кен орындарын игеру перспективаларын бекітуі қажет.   

Өңдеу өнеркәсібі мен металлургия өнеркәсібінде. Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясының аясында Маңғыстау облысында өңір үшін жаңа өнеркәсіп саласын қалыптастырған «CaspianStal» ЖШС мен «Ақтау болат құю зауыты» ЖШС («АҚЗ» ЖШС) екі металлургия зауытын салу жөніндегі инвестициялық жобалар іске асырылды.

Екі кәсіпорын да шикізат ретінде қара металл сынықтарын қолданады. Алайда, соңғы кездері өңірде осы шикізат көлемінің жеткілікті болуына қарамастан, шетел мемлекеттерінің металл компанияларының қажеттіліктерін қамтамасыз ете отырып, мемлекеттен тыс  толық жүзеге асыратын металл сынықтарын дайындаушылардан металл сынықтарын алу бойынша мәселелер туындады. Аумақта шикізаттың жетіспеушілігі ағымдағы жылы қара металлургиядағы өндіріс көлемінің 30%-ға төмендеуіне алып келді. 

Қазақстанның металлургия өнеркәсіп кәсіпорындарын қара металл сынықтарымен және қалдықтарымен қамтамасыз ету мақсатында, оны экспорттауға толық тыйым салғанға дейін металл сынықтары айналымын реттеуге бағытталған тиісті шаралар қабылдау қажет.

«Ақтау теңіз порты» АЭА аумағын жоғары технологиялық экспортқа бағдарланған өндірістермен толықтыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінге 5 жоба іске асырылып, 46 жобаны іске асыруға өтінім берілді. Оларды жандандыру үшін «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағын инженерлік және көліктік инфрақұрылыммен  қамтамасыз ету қажет.

2011 жылы осы мақсаттарға 3 млрд. теңге сомасында жұмыстар жүргізіліп, 2012 жылға 1,03 млрд. теңге бөлінді. Жұмыстарды жалғастыруға 2013 жылға 2466 млн. теңге көздестірілген.

Өңірдің экспорттық әлеуетін және инвестициялық тартымдылығын дамыту мақсатында, облыс әкімдігі  «Ақтау теңіз порты» АЭА  аумағын жаңа өнеркәсіптерді құру үшін қосымша кіші аймақтармен кеңейтуге ұсыныс берді.

Облыстың бәсекелестік артықшылықтарын дамыту ббойынша мына жұмыс жүргізілуде. Мәселен, көліктік инфрақұрылымды дамыту тұрғысында Азия даму банкінің қарыз қаражатын тарту арқылы «Ақтау-Бейнеу-Атырау» автожолын «Манашы-Шетпе» учаскесінде (ұзындығы – 200 км, жобаның сомасы – 283 млн. доллар) қайта құрылымдау басталды. Республикалық бюджет қаражаты есебінен «Жыңғылды-Шайыр» және «Қияқты-Тұщықұдық» автожолының құрылысы, «Ақтау-Форт-Шевченко» және «Таушық-Шетпе» автожолдарын күрделі жөндеу жүргізілуде.

«Кендірлі» курортты демалыс аймағын дамыту жобасын іске асыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. «Кендірлі» курортты аймағы мен халықаралық әуежайының сыртқы инженерлік инфрақұрылымының құрылысына техникалық-экономикалық негіздеме  әзірленді. Республикалық бюджет қаражаты есебінен объектілердің ЖСҚ-ын әзірлеу аяқталды.

ТЭН-ге сәйкес, сыртқы инфрақұрылымды салудың жалпы құны 9,3 млрд. теңгені құрайды. Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарымен республикалық бюджет қаражаты есебінен 2013 жылдан бастап  салу 4 объектіні салу қарастырылған.

  1. Ауыл шаруашылығы. Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз аралығында 1301 млн. теңге сомасында жалпы ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді. Жалпы өнімнің нақты көлем индексі 94,8% құрады.

2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда мал басының барлық түрінің (ірі қара малдан басқа-105,5%), оның ішінде түйенің – 12,2%-ға, жылқының – 3,4%-ға қой мен ешкінің 23,2%-ға төмендеуі байқалады.

  1. Шағын және орта кәсіпкерлік. Осы саладағы шаруашылық жүргізуші субъектілер саны 2013 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 28,5 мың бірлікті құрады немесе 2012 жылдың осындай күнімен салыстырғанда 2,5%-ға өсті. Онда жұмыспен қамтылғандардың саны 2,8%-ға, 89,5 мың адамға дейін азайды.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» ММ Маңғыстау филиалының ақпараты бойынша екінші деңгейдегі банктер арқылы                   2013 жылдың 1 наурызына шағын бизнес субъектілеріне 3,25 млрд. теңге көлемінде несиелік ресурстар берілді, бұл 2012 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 51,4% аз.

Барлық шағын кредит ұйымдары есепті кезеңде 79 млн. теңге сомасына 39 шағын кредит беріп, 103 жұмыс орны құрылды.

  1. Негізгі капиталға инвестиция. Ағымдағы жылдың қаңтар-наурызында негізгі капиталға инвестициялар 68,7 млрд. теңгені құрады немесе нақты баға индексін есепке алғанда 2012 жылдың осындай кезеңіне 127,1%-ға артық. Тау-кен өндіру өнеркәсібінде 1,9 есе өсу байқалады.

Инвестициялар құрылымында негізгі көлемді өнеркәсіп - 66,3%, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі – 65,6%, көлік және қоймалау – 7,2%, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 5,2%, өзгелері - 21,3% алады. 

Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға инвестициялар көлемі өзіндік қаражат есебінен 43,7 млрд. теңгені немесе 63,6%, шетелдік инвестициялар есебінен – 16,2 млрд. теңгені (23,6%), қарыз қаражат есебінен – 2,2 млрд. теңгені (3,3%), бюджеттік қаражат есебінен – 6,6 млрд. теңгені  (9,5%) құрады.

  1. Құрылыс жұмыстары. Құрылыс жұмыстарының көлемі 16,4 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылдың қаңтар-наурызына қарағанда 1,1% аз. Төмендеу себебі – күрделі жұмыстар көлемінің төмендеуі, бұл көрсеткіш 2012 жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінде 9,3%-ға азайып, 12,9 млн. теңгені құрады. Жалпы ауданы 97,1 мың шаршы метр немесе 2012 жылдың осындай деңгейіне 92,2% тұрғын үй пайдалануға берілді. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлеміндегі негізгі көлем халық қаражатының үлесіне келеді – 100%. 
  2. Сыртқы сауда айналымы 2013 жылдың қаңтар-ақпанында 1344,3 млн. АҚШ долларын немесе 2012 жылғы қаңтар-ақпандағы деңгейінен 16,9% көп. Экспорт – 1252,8 млн. АҚШ долларын (21,8%-ға ұлғайды), импорт – 91,5 млн. АҚШ долларын (24,9%-ға азайды) құрады.

Сыртқы сауда балансының сальдосы 2013 жылдың қаңтар-ақпанында 1161,3 млн. АҚШ доллары сомасында қалыптасты (2012 жылдың қаңтар-ақпанында – 906,6 млн. АҚШ доллары).

  1. Тұтыну бағаларының динамикасы. Облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, инфляциялық үдерістерді тежеу бойынша жұмыс жалғасуда. Ағымдағы жылғы наурызда 2012 жылдың желтоқсанына – 101,2% (анықтама үшін: ҚР бойынша – 101,9%), оның ішінде азық-түлік тауарларына – 100,9% (ҚР бойынша – 101,1%), азық-түлік емес тауарларына – 101,2% (ҚР бойынша – 100,6%), ақылы қызметтерге – 101,4% (ҚР бойынша – 104%) құрады.

2012 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда, азық-түлік тауарларынан:  жоғары сұрыпты ұннан жасалған бидай наны – 0,6%-ға, жоғары сұрыптағы ұн – 1,4%-ға, вермишель – 0,7%-ға, күріш – 1,9%-ға, ұнтақ жарма – 4,6%-ға, сұлы жармасы – 4,8%-ға, арпа жармасы – 2,4%-ға, тары – 0,8%-ға, шошқа еті – 0,8%-ға, қой еті – 0,9%-ға, сұйық май – 0,1%-ға, жартылай қақталған шұжық – 3,4%-ға, сары май – 0,8%-ға, сүзбе – 0,1%-ға, жұмыртқа - 6%-ға, қаймақ – 2,9%-ға, шай – 0,5%-ға, картоп – 2,9%-ға, капуста – 3,1%-ға, қызылша – 0,8%-ға, қияр – 6,5%-ға, қызанақ – 6,4%-ға, сәбіз – 1,4%-ға қымбаттады. Сиыр еті – 1,9%-ға, тауық еті – 1%-ға, қант – 8,8%-ға, түйінді пияз – 0,5%-ға арзандады.

Азық-түлік емес тауарлардан: маусымдық ерлер пальтосы - 4%-ға, костюм-шалбар – 1,2%-ға, ерлер шалбары – 4,4%-ға, синтетикадан жасалған жылытқышы бар әйелдер күртесі – 4,9%-ға, мектеп жасындағы балаларға күртесі – 3,8%-ға, ерлердің қонышсыз бәтеңкесі – 1,7%-ға, әйелдердің қысқы етігі – 4,2%-ға, балалардың қонышсыз бәтеңкесі – 5,8%-ға, төсек жабдықтары – 1,7%-ға қымбаттады.

Ақылы қызметтерден: негізгі тұрғын үйді нақты жалдау ақысы – 2,9%-ға, ерлердің шаш қию үлгісі – 2,3%-ға қымбаттады.

Энергия тасымалдаушылар ішінен: бензин Аи-92 – 2,4%-ға, бензин Аи-95, 96 – 4,8%-ға, дизелді отын – 5,8%-ға қымбаттады.

  1. Тіркелген жұмыссыздық деңгейі облыс бойынша 1.04.2013 жылға 0,7% құрады (01.04.2012 жылға – 0,4%). «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын іске асыруға байланысты жұмыспен қамту органдарына өтініш жасаған жұмыссыздар саны артты. Облыс бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейі (ашық еңбек рыногында) 2012 жылдың 4 тоқсанында 5,6%-ды құрады (2011 жылдың 4 тоқсанында - 5,8%).

Облыс бойынша 5790 жұмыс орнын құрылды (2012 жылдың тиісті кезеңінде – 5738 жұмыс орны). Жұмыспен қамту органдарына өтініш жасаған 1288 жұмыссыз жұмысқа орналастырылып, қоғамдық жұмыстарға 4128 адам қатысты.

  1. Салықтар мен бюджет. Есепті кезеңде мемлекеттік бюджетке 61,4 млрд. теңге (болжамға – 104,4%), оның ішінде республикалық бюджетке – 43 млрд. теңге (102,6%), жергілікті бюджетке – 18,4 млрд. теңге (108,9%) сомасында салықтар мен өзге де міндетті төлемдер түсті.

Облыс бойынша бюджет төлемдері бойынша берешек 2013 жылғы                         1 сәуірге 12,8 млрд. теңгені құрады немесе 2013 жылдың басымен салыстырғанда 18,5%-ға (4,1 млрд. теңге үмітсіз берешектерді есепке алмағанда) азайды.

  1. Білім беруге арналған шығыстар нақтыланған бюджет бойынша 37,7 млрд. теңгені құрады (2012 жылмен салыстырғанда 15,3% өсті).

Білім беру объектілерін дамытуға 2013 жылы 8765,6 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 8143,1 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 622,5 млн. теңге бөлінді.

Қарақия ауданының Құрық ауылындағы кәсіптік-техникалық лицейдің үлгілік ғимаратының, Қарақия ауданының Жетібай кентінде және Бейнеу ауданы Бейнеу ауылының Атамекен шағын ауданында 624 орта мектептің,  әрқайсысы 960 орындық Мұнайлы ауданының Маңғыстау, Маңғыстау-5, Басқұдық, Батыр, Баянды ауылдарындағы, Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылындағы орта мектептердің, Жаңаөзен қаласының Мерей шағын ауданында 1200 орындық орта мектептің, Теңге ауылында 900 орындық орта мектептің, Маңғыстау ауданының Шайыр ауылында 80 орындық балабақшаның құрылыстары жалғасуда.

Денсаулық сақтауға арналған шығыстар 2013 жылы 5633,6 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 4440,5 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 69,7 млн. теңге көздестірілген.

Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен Ақтау қаласында 150 орындық Өңірлік ана мен баланы қорғау орталығының, Маңғыстау облыстық ауруханасының «Г» блогының, Мұнайлы ауданында ауысымына 250 келушіге арналған емхананың құрылысы жүргізілуде. Жаңаөзен қаласындағы терапевтік корпустың құрылысы көздестірілген. Жаңаөзен қаласының Рахат шағын ауданында ауысымына 250 келушіге арналған емхананың құрылысы басталды.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен Маңғыстау ауданының  Жармыш, Шайыр, Тұщықұдық селоларында, Бейнеу ауданының Атамекен ауылында дәрігерлік амбулаторияның құрылыстарын салу жұмыстары басталды.

  1. Жылу маусымына дайындық (өту).

Коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік сала және энергетика  объектілерін алдағы жылу маусымы 2012-2013 жылдарға дайындау жөнінде бекітілген жинақтық іс-шараларға сәйкес іс-шаралар жүргізілуде, олардың қорытындысы бойынша дайындық:

- білім беру объектілері 223 бірлікті немесе 100%;

- денсаулық сақтау объектілері – 101 бірлік немесе 100%;

- әлеуметтік объектілер – 125 бірлік немесе 100%;

- тұрғын-үй объектілері – 1248 бірліктің барлығы, яғни 100%;

- жөндеуге жоспарланған 101 бірлік қазандықтың бүгінгі күнге 101 бірлігі немесе 100% жөнделді.

- жөндеуге жоспарланған 20,18 шақырым жылу трассасының 20,18 шақырымы немесе 100% жөнделді;

- жөндеуге жоспарланған 693,55 шақырым электр жүйелерінің 693,55 шақырымы немесе 100% жөнделді;

- жөндеуге жоспарланған кернеуі 220,110 ,5, 6/10, 0,4 кВ 592 бірлік қосалқы станцияның, ТП-ның, КТП-ның 545 бірлігі немесе 100% жөнделді;

- жөндеуге жоспарланған 10,73 км канализациялық және су құбырлары желілерінің 10,73 шақырымы немесе 100% жөнделді.

Негізгі энергетикалық кәсіпорындар – «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС, «МРЭК» АҚ жылу маусымына дайындықты жоспарланған іс-шараларға сәйкес жүргізді.  

«МРЭК» АҚ жоспарымен мына іс-шаралар:

- кернеуі 220, 110, 35, 6/10, 0,4 кВ болатын 666,67 км электр желісін жөндеу көздестірілген, 666,67 немесе 100% жөнделді;

- кернеуі 220, 110, 35, 6/10,0,4 кВ болатын 353 бірлік қосалқы станцияны, ТП-ны, КТП-ны жөндеу көздестірілген, 353 бірлік немесе 100% жөнделді;

- 9 бірлік 35-110 кВ күш трансформаторын күрделі жөндеу көздестірілген, 9 трансформатор немесе 100% жөнделді.

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС жоспарымен мына іс-шаралар:

- 2 турбоагрегатта жөндеу жұмыстары жоспарланған, 2 бірлік жөнделуде. Екі турбоагрегат бойынша жұмыстар 100% аяқталды..

Кәсіпорынның негізгі жабдықтарын күрделі жөндеу жұмыс кестесіне сәйкес жыл бойы жүргізілуде, ол жылу маусымына ықпал етпейді:

- 6 бойлер қондырғысын жөндеу жоспарланған, 6 қондырғы немесе 100% жөнделді; 

- 2,3 км жылу желісін жөндеу жоспарланған, 2,3 немесе 100% жөнделді;

- 21,38 км электр желісін жөндеу жоспарланған, 21,38 км немесе 100% жөнделді.

Тұтастай алғанда, коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік сала және энергетика  объектілерінің 2012-2013 жылдардағы күздік-қыстық кезеңіне жылу маусымына дайындық жұмыстары жылу маусымы басталған кезде 100% аяқталды. Әлеуметтік сала, білім беру, денсаулық сақтау объектілеріне 15 қазаннан бастап жылу берілді.

Облыстың аудандарында күздік-қыстық кезең тұрақты өтуде, тұтынушыларға энергия ресурстарын беруде шектеу жоқ, 2012 жылғы 15 қазан мен 2013 жылғы 12 сәуір арасында жылу және электр желілерінде авариялық сөндірулер болған жоқ.

Жанармай туралы.

Мазут отыны «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-де резервтік отын ретінде пайдаланылады.  «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС мазутының нормативтік авариялық қоры 25 700 тоннаны құрайды, бүгінгі күнге «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-де 25 725,5 тонна бар немесе 100%.

Жалпыүйлік жылу энергиясын есептеу құралдарын орнату бойынша.

Ақтау қаласында жылу есептеуіштерін орнату кестесі бекітілді, оған сәйкес орнату бойынша жұмыстар басталды. 2012-2013 жылдары 530 есептеу құралын орнату жоспарлануда.

Жаңаөзен қаласында «Жаңаөзен қаласының бұрыннан бар жылу желілерін қайта құру және кеңейту» жобасы аясында 365 ғимарат көлемінде тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарында жалпыүйлік жылу энергиясын есептеу құралдары бар жеке жылу пункттері орнатылды, соның есебінен қала бойынша жылу энергиясын есептеу құралдарымен 100% жабдықталуына қол жеткізілді.

ҚР ИЖТМ 26.11.2004 жылғы №450 бұйрығымен бекітілген МСН 4.02-02-2004 мемлекетаралық құрылыс нормаларына сәйкес, орташа тәуліктік температура 3 тәулік ішінде +8 градустан төмен болған жағдайда жылу беру көздестірілген. Бүгінгі күнге Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен Мұнайлы ауданы бойынша орташа тәуліктік температура +14 құрайды. Жоғарыда көрсетілген нормаға сәйкес, 2013 жылғы 12 сәуірде Ақтау және Жаңаөзен қалаларына жылу беру тоқтатылды.

Қазіргі кезде алдағы кезеңге «Маңғыстау облысының коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік сала және энергетика объектілерін 2013-2014 жылдардағы күз-қыс кезеңіндегі жұмысқа дайындау жөніндегі іс-шаралар жоспары» әзірленуде.

Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары туралы.

Кешенді жоспарды іске асыруға 2013 жылы жиыны - 18,4 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен - 14,8 млрд.теңге, жергілікті бюджеттен - 2,1 млрд.теңге және өзге де қаражат көздерінен - 1,5 млрд.теңге көздестірілді.

2013 жылы өткен жылдары басталған объектілердің құрылысын жалғастыру және аяқтау көздестірілуде.

Жаңаөзен қаласында қалалық ауруханаға терапевтік корпустың, 50 төсек-орындық стационары бар медициналық орталықтың (емхананың), бірқатар қоғамдық қауіпсіздік және қорғаныс объектілерінің, 1500 тонналық көкөніс қоймасының құырылстары басталады.

Кендірлі курортты демалыс аймағын құру мақсатында, Кендірлі курортты аймағы мен әуежайының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салу жобаларын іске асыру көздестірілген.

Моноқалаларды дамыту бағдарламасы туралы.

«Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Үкіметтің 2012 жылғы 24 мамырдағы №683 қаулысына сәйкес, облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 5 қыркүйектегі №6/73 шешімімен Жаңаөзен қаласын дамытудың 2013-2015 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілді.

Жоспарда қаланы дамытудың негізгі бағыттары айқындалған:

- тұрақты жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өндірістік сыйымдылығына байланысты оңтайландыру;

- экономиканы әртараптандыру әрі шағын және орта бизнесті дамыту;

- еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру;

- қаланың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту.

Жоспардың іс-шараларын қаржыландырудың болжалды көлемі 2013 жыл мен 2015 жыл аралығнда жиыны 14 017,2 млн. теңгені, оның ішінде республикалық бюджет – 12 971,4 млн. теңгені, жергілікті бюджет – 1 045,7 млн. теңгені құрайды.

Жоспар аясында мына іс-шараларды іске асыруға 2013 жылға - 2 645,4 млн теңге, оның ішінде:

1) Жаңаөзен қаласында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға – 363,0 млн. теңге;

2) Жаңаөзен қаласының инженерлік инфрақұрылымын дамытуға, оның ішінде: «Астана» және «Арай-1» шағын аудандары тұрғын жай секторының автожолдарын, Жаңаөзен қаласының қалаішілік автомобиль жолдарын, Қызылсай және Теңге ауылдарының автомобиль жолдарын, Теңге ауылында РП-6 кВ бөлу пунктін және «Рахат-1,2,3» қосалқы станциясынан Теңге ауылының шығыс бөлігіне дейін ВЛ-6 кВ әуе желісін, Теңге, Қызылсай ауылдарының аяқталмаған учаскелері бойынша инженерлік желілер салуға – 1 669,5 млн. теңге;

3) Жаңаөзен қаласын жайластыруға, оның ішінде қалаішілік автомобиль жолдарын күрделі жөндеуге, Жаңаөзен қаласы Көктем шағын ауданының аулаішілік көшелерін абаттандыруға – 417,4 млн. теңге көздестірілген.

Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша, қаланың көшелерін қайта құрылымдауға және салуға 84,5 млн. теңге бөлінді.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының іске асырылу барысы туралы. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша Маңғыстау облысы үшін республикалық бюджеттен 2013 жылы 985,3 млн. теңге мөлшерінде, оның ішінде бірінші және үшінші бағыт бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға – 522,3 млн. теңге; «Бизнес-бастамаларды қолдау» атты бірінші бағыт бойынша кредитті кепілдендіруге – 20,0 млн. теңге; «Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту» атты төртінші бағыт бойынша бизнес жүргізуді сервистік қолдауға – 20,0 млн. теңге; «Бизнес-бастамаларды қолдау» атты бірінші бағыт бойынша жаңадан бастаған кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беруге – 18,0 млн. теңге; «Бизнес-бастамаларды қолдау» атты бірінші бағыт бойынша өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамытуға – 405,0 млн. теңге бөлінді.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының аясында кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау» атты 014 бюджеттік бағдарлама бойынша 522,3 млн. теңге бөлінді. 2013 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Өңірлік Үйлестіру кеңесінің отырыстарында бірінші бағыт аясында кредиттерді субсидиялауға 1 542,6 млн. теңге жалпы сомасында 14 жоба мақұлданды (негізінен көліктік және логистикалық қызмет көрсетулер саласында).

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының аясында шағын және орта бизнестің кредиттерін ішінара кепілдендіру» атты 015 бюджеттік бағдарлама бойынша 20,0 млн. теңге бөлінді. 2013 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Өңірлік Үйлестіру кеңесінің отырыстарында 5,0 млн. теңге жалпы кепілдендіру сомасында 1 жоба кепілдендіруге мақұлданды («Қонақүй құру» жобасы бойынша).

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының аясында бизнес жүргізуді сервистік қолдау» атты 016 бюджеттік бағдарлама бойынша 20,0 млн. теңге бөлінді. Бүгінгі күнге кәсіпкерлерден өтінімдер жинау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының аясында жеке кәсіпкерлікті қолдау» атты 004 бюджеттік бағдарлама бойынша 18,0 млн. теңге бөлінді. Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы ағымдағы жылғы ақпанда мемлекеттік гранттар беруге конкурс жариялады. Конкурстық комиссияның қарауына ккәсіпкерлерден 20 өтінім келіп түсті. ӨҮК-нің отырысында барлық өтінімдер құпталмады. Ағымдағы жылғы 1 және 30 сәуір аралығында конкурс жарияланды. Облыстың кәсіпкерлерінен өтінімдер жинау бойынша жұмыс жүргізілуде.

 

 

ҚР Үкіметінің араласуын қажет ететін Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулылық мәселелері

 

  1. Ақтау қаласында канализациялық тазарту құрылысын (КТҚ-2) салу туралы

Жоба бойынша 2 151 млн. теңге сомасына ЖСҚ әзірленді.

Үкіметтің 11.09.2007 жылғы № 791 қаулысына сәйкес жоба құнын қайта есептеу жүргізілді, оны есепке ала отырып жоба бойынша сома 3 216,3 млн. теңгені немесе қымбаттау сомасы 1 065,3 млн. теңгені құрады. Қайта есептеу сомасы 2008 жылғы 25 шілдедегі № 7-370/08 ЖСҚ-ға арналған мемлекеттік сараптамамен бекітілді.

2008-2012 жылдары республикалық бюджеттен жиыны 2 151 млн. теңге бөлінді, яғни қаржыландыру жобаның қымбаттауын есепке алмастан бастапқы ЖСҚ бойынша жүргізілді. 

«Ақтау қаласындағы канализациялық тазарту құрылысын (КТҚ-2) салу» жобасын республикалық бюджеттен 1 065,3 млн. теңге сомасында жете қаржыландыру мүмкіндігін қарау. (ҚОҚМ, ЭБЖМ)

  1. Жаңаөзен қаласының канализациялық тазарту құрылыстарын салу туралы

Жоба 2009 жылдан бері республикалық бюджетттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылуда. Сметалық құны 1 773,7 млн. теңге болатын ЖСҚ әзірленді.

Үкіметтің 11.09.2007 жылғы № 791 қаулысына сәйкес жоба құнын қайта есептеу жүргізілді, оны есепке ала алғанда жоба бойынша сома 2 376,9 млн. теңгені құрады.  

Республикалық бюджеттік комиссияның 2012 жылғы қарашадағы шешімімен алдын ала қолданған қымбаттау сомасы 619 млн. теңгені құрады, алайда жобаның мемлекеттік сараптама қорытындысымен бар ЖСҚ-ын беру қажет. Бүгінге ЖСҚ Астана қаласындағы «Мемлекеттік сараптама» РМК-ның қарауына жолданды.

«Жаңаөзен қаласының канализациялық тазарту құрылыстарын салу» жобасын республикалық бюджеттен 619 млн. теңге сомасында жете қаржыландыру мүмкіндігін қарау. (ҚОҚМ, ЭБЖМ)

  1. «Атырау-Ақтау» автомобиль жолының «Шетпе-Жетібай-Ақтау» учаскесін қайта құрылымдау үшін АДБ-нің екінші траншы бойынша қарыз алу туралы келісімді бекіту туралы

Облыстың автомобиль жолдарын қайта құрылымдау мақсатында, 2011 жылы Азия даму банкімен, жобаны 2015 жылға дейін іске асыру мерзімімен, 1,2 млрд. доллар (800 млн. АҚШ доллары- АДБ қарызы, 400 млн. АҚШ доллары – республикалық бюджет)  жалпы сомасында шекті келісімге қол қойылып, бекітілді. Бұл ретте, АДБ қарыз қаражатты 3 траншпен береді (1 транш - «Бейнеу-Шетпе» учаскесіне, 2 транш - «Шетпе-Жетібай-Ақтау» учаскесіне, 3 транш - «Жетібай-Жаңаөзен – Түрікменстанмен мемлекеттік шекара» және «Бейнеу-Ақжігіт» учаскелеріне).

2012 жылы ұзындығы 200 км болатын «Манашы-Шетпе» учаскесін 283 млн. АҚШ доллары сомасына қайта құрылымдау бойынша 1 транш іске асырыла бастады.

Бүгінге Қаржы министрлігі жобаның осы учаскесін қайта құрылымдау бойынша АДБ қарызының 2 траншын тарту үшін дайындық жұмыстарын жүргізді. Іске асыруды 2103 жылы бастау арқылы «Атырау-Ақтау» автомобиль жолының «Шетпе-Жетібай-Ақтау» учаскесін қайта құрылымдауды қаржыландыру үшін 2 транш бойынша АДБ-нің қарызы туралы Келісімді бекіту мәселесін жеделдету. (ККМ, ҚМ)

        

  1. Қарақия ауданының Болашақ станциясындағы әлеуметтік сала объектілерін коммуналдық меншікке беру туралы

         «Өзен-Түрікменстанмен мемлекеттік шекара» жаңа темір жол желісінің бойында орналасқан Болашақ, Бопай станцияларының, Ақбөбек, Бастау, Бестөрткүл, Құрмаш және Тайғыр бекеттерінің негізінде Болашақ селолық округі құрылды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қаражаты есебінен әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық бағыттағы 14 объектінің құрылысы аяқталды. (80 орындық орта мектеп, 50 орындық балабақша-бөбекжай, желілік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункт және т.б.). Қарақия ауданының Болашақ станциясындағы әлеуметтік сала объектілерін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ балансынан облыстың коммуналдық меншігіне беру жөніндегі мәселені шешуді жеделдету. («Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, ҚМ)

 

  1. Ақтау қаласының сумен жабдықтау және су бұру желілерінің ескіргені туралы

Сумен жабдықтау желілері мен су бұру желілерінің мейлінше ескіруі (40 жылдан астам пайдаланылуда), коммуналдық қызметтер көрсетудің төменгі сапасына, берілетін су сапасының төмендеуіне, бұл өз кезегінде халықа арасында бірқатар аурулардың туындауына әкеп соғады.

Ақтау қаласында сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу және қайта құрылымдау бойынша жобаларды іске асыруға 2013 жылы республикалық бюджеттен қаражат бөлу мүмкіндігін қарау қажет.

«Кендірлі» халықаралық курортты демалыс аймағы мен әуежайының сыртқы инфрақұрылымын салу аясында 3 жобаны іске асыруға бөлінген 1,2 млрд. теңге сомасындағы қаражатты қайта бөлу мүмкіндігін қарау (ӨДМ, ЭБЖМ)

 

  1. Түпқараған ауданының «Ақтау-Ақшұқыр-Сайын Шапағатов» магистралды су құбырын салу туралы

Қазіргі кезге дейін Ақшұқыр және Сайын Шапағатов ауылдары «Ақтау-Әуежай» су құбырынан орталықтандырылған сумен жабдықталып келген болатын. Халық жылына 96 мың текше метр тұтынған кезде, бүгінге әуежайдан ауылдарға жеткізілетін су көлемі жылына 60 мың текше метрді құрайды.

Республикалық бюджет есебінен сумен жабдықтау жүйесін салу жөніндегі 3 жобаны қаржыландыру мүмкіндігін қарау: (1. «Ақтау-Ақшұқыр-Сайын Шапағатов» магистралды су құбырын салу» Құны - 761,5 млн. теңге. 2. «Сайын Шапағатов ауылында поселкеішілік су құбырын және резервуар салу». Құны – 1 451,4 млн. теңге.  3. «Ақшұқыр ауылында поселкеішілік су құбырын және резервуар салу». ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтуде. Сараптаманың шығу мерзімі – 2013 жылғы шілде) (ӨДМ, ЭБЖМ)

 

  1. Апатты жағдайдағы мектептердің проблемаларын шешу туралы Қарақия ауданының Құланды ауылындағы орта мектептің құрылысы

Құланды орта мектебі 320 орындық 9 жылдық мектеп ретінде 1990 салынып, пайдалануға берілген болатын. Мектепте 1995 жылдан бастап термиттер пайда болды. Мамандандырылған ауданаралық соттың шешімі бойынша мектеп ғимаратын пайдалану толықтай тоқтатылды.

Қарақия ауданының Жетібай станциясындағы №5 орта мектептің құрылысы.

17.10.2012 жылғы № 104 құрылыс-техникалық қорытындыға сәйкес, ғимаратты одан әрі пайдалану балалардың өміріне қауіп төндіреді. Ғимараттың сыртқы қабырғаларында көптеген сызаттар бар, іргетастар қисайған, ғимараттандың бұрыштары отырған, салмақ түсеін қабырғалар қисайған.

  1. Қарақия ауданының Құланды аулында республикалық бюджет есебінен орта мектеп салу мүмкіндігін қарау. Құны – 1 006,8 млн. теңге. 30.12. 2012 жылғы №15-0634/12 ЖСҚ-ға арналған мемлекеттік сараптама қорытындысы бар.

(Білім беру объектілерін салу бойынша өткізілген конкурстардың қорытындылары бойынша 810 млн. теңге сомасында қаражат үнемделді. Осы қалыптасқан үнемдеудің 457 млн. теңге сомасындағы бір бөлігін көрсетілген жобаны іске асыруды бастауға бөлу ұсынылады).

  1. Қарақия аудданының Жетібай станциясында республикалық бюджет есебінен орта мектеп салу мүмкіндігін қарау. Құны – 1 008,5 млн. теңге. 04.12.2012 жылғы № 15-0558/12 ЖСҚ-ға арналған мемлекеттік сараптама қорытындысы бар. (БҒМ, ЭБЖМ)

 

  1. Моноқалаларды дамыту бағдарламасының аясындағы жобаларды іске асыру туралы

Жаңаөзен қаласын дамытудың 2013-2015 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында «Астана», «Арай-1» шағын аудандары тұрғын жай секторларының, Теңге кентінің, Қызылсай ауылының автожолдарын салу жөніндегі жобалар көздестірілген. Жобаны іске асыру кезеңі – 2011-2013 жылдар. 30.04.2010 жылғы №15-0187/10 ЖСҚ-ға арналған мемлекеттік сараптама қорытындысы бар. 2013 жылы 212,8 млн. теңге сомасындағы жұмыстарды аяқтау жоспарланған.

Мемлекеттік сараптама қортындысы бар ТЭН-нің болмауына байланысты, 2013 жылға арналған республикалық бюджетті наурыздағы нақтылау кезінде бұл қаражат алынып тасталды. Бұл ретте, «Маңғыстау мемлекеттік сараптама» РМК және Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті аталған жобаға ТЭН әзірлеу мен сараптама жүргізудің орынсыз екені туралы қорытынды берді.

Жаңаөзен қаласының шағын аудандарын абаттандыру бойынша жұмыстарды 2013 жылы аяқтау мақсатында,  Жаңаөзен қаласы «Шұғыла» шағын ауданының аулаішілік көшелерін абаттандыруға 414,4 млн. теңге сомасында қосымша қаражат қажет. Жоба бойынша 24.10.2012 жылғы №15-0492/12 ЖСҚ-ға арналған мемлекеттік сараптама қорытындысы бар.

2013 жылға арналған республикалық бюджеттік кезекті нақтылау кезінде:

- «Астана», «Арай-1» шағын аудандары тұрғын жай секторларының, Теңге кентінің, Қызылсай ауылының автожолдарын салуға 212,8 млн. теңге сомасындағы қаражатты қайта қалпына келтіру;

         - Жаңаөзен қаласы «Шұғыла» шағын ауданының аулаішілік көшелерін абаттандыруға 414,4 млн. теңге сомасында қаражат көздестіру қажет. (БҒМ, ЭБЖМ)

 

  1. «Cfspi Bitum» БК» ЖШС-нің «Ақтау пластикалық массалар зауытында жол битумдарын өндіру» жобасының іске асырылу барысы туралы

Кәсіпорынның қатысушылары – «Kazakhstan Petrochemical Industries» АҚ («ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның 100% еншілес кәсіпорны) және «CITIC Kazakhstan» ( «CITIC Group» 100% еншілес кәсіпорны, ҚХР).

Жобаның сметалық құны – 43 500 млн. теңге.

Жоба республикалық Индустрияландыру картасына енгізілген және жобаны іске асыруға жауапты Мұнай және газ министрлігі болып табылады.

Жоба 2009 жылы іске асырылып бастады, құрылысты аяқтау 2012 жылдың желтоқсанына жоспарланған, алайда жұмыс кестесінен қалуға байланысты пайдалануға беру мерзімі 2013 жылдың 1 жартыжылдығына ауыстырылды.

Мұнай және газ министрлігі 2012 жылғы қарашада Тапсырыс беруші мен Мердігерлер консорциумына («КазСтройСервис» МГҚК  және CITIC-G) барлық іске қосу жұмыстарын және сынақтан өткізуді есепке ала отырып, 2013 жылғы 1 сәуірге зауыт құрылысын аяқтауды қамтамасыз етуді бірнеше рет тапсырды.

Мердігерлер консорциумының қосымша жұмыс күшін тарту арқылы құрылыс-жинақтау жұмыстарын жандандыруы және іске қосу жұмыстары мен сынақтан өткізуді есепке ала отырып, объекті құрылысын 2013 жылғы мамырдың аяғында аяқтауды қамтамасыз етуі. (МГМ)

 

  1. Денсаулық сақтау объектілерін салу жобаларын іске асыру туралы

Ақтау қаласындағы 100 орындық облыстық онкологиялық орталықтың құрылысы.

Жобаның құны - 2 335,1 млн.тенге. Құрылысы 2009 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен басталды. 2009-2012 жылдары 177,2 млн. теңге бөлінді. ЖСҚ оңтайландыруды есепке ала отырып түзетілуде, ЖСҚ-ға арналған мемлекеттік сараптаманың шығуы – 2013 жылғы мамыр.

Мұнайлы аудандық орталық ауруханасының құрылысы.

Ауданда 10-12 мың адамға қызмет көрсетуге есептелген, типтік теміржол ауруханасы ретінде 1967 жылы салынған 40 орындық орталық аудандық аурухана жұмыс істейді. Бүгінге аудан халқының саны 111,4 мың адамды құрайды.

ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптамада қаралуда. ЖСҚ-ға арналған мемлекеттік сараптаманың шығуы – 2013 жылғы сәуір.

  1. Ақтау қаласында 100 орындық облыстық онкологиялық орталық салу жобасын республикалық бюджет есебінен жете қаржыландыру мүмкіндігі қаралсын.
  2. Мұнайлы аудандық орталық ауруханасын республикалық бюджет есебінен салу мүмкіндігін қарау..

 Ақтау қаласындағы 150 орындық өңірлік ана мен баланы қорғау орталығын салуға 2013 жылы жиыны 2,2 млрд. теңге бөлінді. Құрылыс басқармасының деректері бойынша осы объект бойынша күтілетін игеру 1,2 млрд. теңгені құрайды. 1 млрд. теңге сомасындағы қалған қаражатты жоғарыда көрсетілген жобаларды іске асыруға бөлу ұсынылады). (ДСМ, ЭБЖМ)

 

  1. Үлескерлердің қатысуымен тұрғын үй салу мәселелері туралы

Облыста 2006 жылы үлескерлердің қатысуымен 2 тұрғын үй объектісінің құрылысы басталды. Бұл – Ақтау қаласының 12 шағын ауданындағы кеңселері бар көп қабатты тұрғын үй және 17 шағын ауданындағы кеңселік орынжайлары бар көп қабатты тұрғын үйлер.

Қаржыландыру болмауына байланысты, объектінің құрылысы 2007 жылы тоқтатылды. Бүгінге объектілер бойынша дайындық  - тек 20% (әрбір объектіде 2 қабат ғана салынған), барлығы - 128 үлескер.

- «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ» АҚ қатысуымен сметалық құны 772,7 млн. теңге болатын кеңселері бар көп қабатты тұрғын үйді;

- «СМК-4» ЖШС-нің қатысуымен мемлекеттік-әріптестік әріптестік тәсілін қолдану арқылы сметалық құны 836,9 млн. теңге болатын 17 шағын аудандағы кеңселік орынжайлары бар көп қабатты тұрғын үйлерді салуды аяқтау мүмкіндігін қарау. (ӨДМ)

 

  1. «Аққу» шағын ауданын салу жобасын іске асыру туралы

Ақтау қаласында республикалық бюджет қаражаты есебінен «Аққу» жаңа шағын ауданының 1 кезектегі тұрғын үйлерін салу жүргізілуде (778 пәтерлік 16 көп қабатты үй).

Құрылыс барысында бас мердігер «MAG» АҚ-мен сындарлы нышандарда майысулар мен сызаттар  табылды. «MAG» АҚ «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-мен көп қабаттытұрғын үйлердің жобалық шешімдеріне сараптамалық талдау жүргізуге және объектілерді техникалық зерттеуге арналған шарт жасасты. Жобалаушы - «Урбостиль» ЖШС-не мемлекеттік сараптаманы міндетті жүргізу арқылы конструкцияларды, зерттелген блоктарды күшейтуге, сондай-ақ геологиялық тексеруді қайтадан жүргізуге тапсырма берілді.

Жоғарыда жазылғанды есепке ала отырып, құрылысты аяқтау және ағымдағы жылы тұрғын үйлерді пайдалануға беру мүмкін емес.

Сонымен бірге, құрылысы аяқталғаннан кейін осы объектілерді толықтай пайдалануға беру мақсатында, оларды инженерлік желілермен қамтамасыз ету жөніндегі мәселені шешу қажет (жылу желілері, канализация, су құбыры желілері, электрмен және газбен жабдықтау). ЖСҚ бойынша инженерлік желілер салудың жалпы сметалық құны – 1 553,7 млн. теңге. Инженерлік желілерді салуды бастауға 2013 жылы республикалық бюджеттен 472,2 млн. теңге бөлінді.

«Аққу» шағын ауданының тұрғын үй объектілерін инженерлік желілермен толықтай қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен 1 081,5 млн. теңге қаражат бөлу мүмкіндігін қарау. (ӨДМ, ЭБЖМ)

 

  1. «Ескірген тұрғын үй» жобасын іске асыру туралы

Облыста Жаңаөзен қаласы бойынша 44 үй авариялық болып табылатын және бұзылуға жататын ескірген тұрғын үй проблемасы бар. «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-ның қорытындысы бойынша осы үйлер жөндеуге келмейді және бұзылуы тиіс. «Ескірген және апатты тұрғын үй» жобасын іске асыру үшін, облыс республикалық бюджеттен 10 млрд. теңге, оның ішінде 2013 жылы 5 млрд. теңге сомасында қаражат бөлу арқылы пилотты өңірлердің қатарына енгізілді.

Бүгінге тұрғын үй салуға және оны одан әрі іске асыруға бөлінген қаражатты бөлу және игеру тетігі жоқ.

Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті осы жобаны іске асырудың тиімді тетігін әзірлеуі қажет. (ӨДМ)

 

  1. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ сервистік кәсіпорындары қызметкерлерінің жалақыларын сәйкестендіру туралы

Ағымдағы жылғы наурызда «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның 100% еншілес бөлімшесі «АқтауМұнайСервис» ЖШС-нің құрамына кіретін «Oil Service Company» мұнай сервистік команиясы еңбек ұжымының рұқсат етілмеген ереуілі орын алды.

Жұмысшылардың негізгі талабы – жалақыны көтеру. Мәселен, Қаламқас кен орнында жұмыспен қамтылған жұмысшылар іс жүзінде «Өзенмұнайгаз» АҚ-да осындай мамандықта және разрядта жасайтын жұмысшылардан аз жалақы алады. Сондай-ақ, жұмысшылар ағымдағы жылғы қаңтар және ақпан айларының қорытындылары бойынша жалақының төмендеу фактілерін көрсете отырып, жалақы төлеу жүйесіне қатысты өз наразылықтарын білдірді.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-на 2012 жылы бір мамандықтағы жұмысшылардың еңбекақысын төлеу жүйесін бірыңғай тарифтік тәртіпке келтіруге тапсырма берілді. Алайда, бүгінгі күнге дейін жұмыс аяқталмады.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ ағымдағы жылы өзінің сервистік кәсіпорындары бойынша жалақыны сәйкестендіру туралы мәселені тез арада шешуі қажет. («ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ)

 

  1. Каспий теңізінің су алып кету және су астында қалу аймағында тұрған ұңғымаларды жою туралы

Каспий теңізінің су алып кету аймағындағы мұнай ұңғымаларын түгендеу нәтижесі бойынша 20004 жылы Атырау және Маңғыстау облыстарындағы алаңдар мен кен орындарындағы су алып кеткен және су астында қалған 1383 мұнай ұңғымасының кадастры мен оқшаулау-жою жұмыстарын қажет ететін 901 ұңғыманың кадастры жасалды.

2002-2004 жылдары Маңғыстау облысының аумағында Каспий теңізінің су алып кету және су астында қалу аймағында орналасқан 5 мұнай ұңғымасы жойылды. Маңғыстау облысының аумағында мұнай ұңғымаларын жою 2005 жылдан бері жүргізілген жоқ.

Каспийдің биологиялық ресурстарына айтарлықтай қауіп төндіретін, Каспий теңізінің су алып кету және су астында қалу аймақтарында орналасқан ұңғымаларды тез арада жою бағдарламасын толықтай іске асыруды қамтамасыз ету. (МГМ)

 

Аймақты тиімді дамыту үшін 2013 жылғы 2 тоқсанға арналған міндеттері:

 

  1. Мемлекет басшысының «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру;

2.2010-2014 жылдврғв арналған Үдемелі индустриалды-инновациялық Мемлекеттік бағдарламасынның іске асырылуын жалғастыру, 2010-2012 жылдары енгізілген жобаларды толық жүктеу және жаңа жобалаларды іздестіру;

  1. Маңғыстау облысын дамытудың 2012 жылдарға арналған бағдарламасының а.ж. арналған іс-шараларының орындалуын іске асыруды жалғастыру;
  2. Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын және 2013-2015 жылдарға арналған Жаңаөзен қаласының Кешенді жоспарын іске асыруды жалғастыру және есепті жылға арналған іс-шараларды орындауды бастау;
  3. 2020 жылға дейінгі Ақтау агломерациясын (Мұнайлы ауданын қосу арқылы) дамытудың Өңіраралық жоспарының нақтыланған жобасын мүдделі министрліктермен және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігімен, өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиямен келісуді жүргізу;
  4. 2020 жылға дейінгі шағын қалаларды дамыту бойынша бағдарлама жобасына Форт – Шевченко шағын қаласы бойынша ұсыныстарды ұсыну;
  5. «Бизнестің жол картасы – 2020», «Жұмыспен қамту-2020», «Өңірлерді дамыту», «2012-2020 жылдарға арналған шағын қалаларды дамыту» бағдарламаларын іске асыруды жалғастыру.

 

Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Дата публикации
02 марта 2020