Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының  2013 жылғы қаңтар-ақпандағы қорытындылары туралы

Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 

2013 жылғы қаңтар-ақпандағы қорытындылары туралы

 Ағымдағы жылы облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмыс Мемлекет басшысының «Қазақстан – 2050» Стратегиясы –  қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 2012 жылғы                   14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауында қойылған тапсырмаларға, сондай-ақ басым мемлекеттік және стратегиялық, салалық бағдарламаларға сәйкес құралды. Маңғыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жалғасуда.

Тұтастай алғанда, қабылданған барлық шаралар экономиканы сапалық тұрғыдан өсіруді қамтамасыз етуге, индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын одан әрі іске асыруға, халықтың әл-ауқат деңгейі мен өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

  1. Өнеркәсіп. Есепті кезеңде қолданыстағы бағада 359,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Бүгінге өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 99,2% құрады.

Облыстағы өнеркәсіптік өнімнің жалпы көлемінде үлесі 93,1% құрайтын тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді игеруде 335,2 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. НКИ – 99,4%.

Мұнай өндіру 2012 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 1,4%-ға артып, 3,0 млн. тоннаны құрады. Табиғи газ өндіру 9,2%-ға (350,7 млн. текше метр) төмендеді.

Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіру көлемі 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,5%-ға төмендеді (10,6 млрд. теңге). Азық-түлік өнімдері өндірісінде 36,3%-ға, машина жасауда 18,8%-ға, металдық емес өзге де минералды өнімдер өндірісінде 96,1%-ға, тері және теріден жасалатын өнімдер өндірісінде 71,2%-ға өсу байқалады.

Өнеркәсіпті қайта құру және жаңғырту бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыстарды жүргізу үшін «ҚазАзот» ЖШС-нің уақытша тоқтатылуына байланысты, химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі көлемі 5,9%-ға азайды.

Тоқыма бұйымдар өндірісінде 54,1%-ға және резеңке мен пластмассадан жасалған бұйымдар өндірісінде 20,3%-ға өсу байқалады.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптаудағы өнім көлемі есепті кезеңде 11 млрд. теңгені немесе өткен жылдың осындай деңгейіне 97,1% құрады.

«Сумен жабдықтау, канализациялық жүйе, қалдықтарды жинақтау және бөлуді бақылау» саласында 3,0 млрд. теңге көлемінде өнім шығарылды немесе 2012 жылдың тиісті деңгейіне – 82,4%.

Елдің Индустрияландыру картасына жалпы сметалық құны 624 млрд. теңге болатын және жаңадан шамамен 44705 жұмыс орны құрылатын (салу кезеңінде – 13250 жұмыс орны, пайдалануға беру кезеңінде – 30804 жұмыс орны) 34 жоба енгізілді.

Оның ішінде, өңірлік Индустрияландыру картасына жалпы сметалық құны 29,4 млрд. теңге болатын және жаңадан 10272-ден астам жұмыс орны құрылатын 31 жоба, республикалық Индустрияландыру картасына жалпы сметалық құны 394,1 млрд. теңге болатын және жаңадан 20354 жұмыс орны құрылатын 3 жоба енгізілді.

2013 жылы мына 3 жобаны пайдалануға беру жоспарлануда:

  1. «Пластикалық массалар зауытының базасында жол битумдарын өндіру» «Caspi Bitum» БК» ЖШС;
  2. «Сұйық дәрілік формалар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар шығару бойынша фармацевтикалық кешен» «Медикал Фарм Ча-Кур» ЖШС»;
  3. «Шетпе ауылында цемент зауытын салу» «Каспий Цемент» ЖШС.

Облыстың бәсекеге қабілетті артықшылықтарын есепке ала отырып, облыс  экономикасының мынадай өсу резервтері айқындалды: мұнай-газ өндіру секторын одан әрі дамыту (өңірдің минералды-шикізаттық кешенін іздестіру, барлау және жете барлау жүргізу, сервистік-қызмет көрсету өндірісін дамыту), өңдеу салаларын дамыту (оның ішінде «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында), облыстың транзиттік әлеуетін (көліктік логистиканы, шекара бойындағы аумақтарды) дамыту; құрылыс индустриясын дамыту; туризмді дамыту («Кендірлі» халықаралық курортты демалыс аймағының құрылысы), агроөнеркәсіптік кешенді (жайылымдық, асыл тұқымды мал шаруашылығын, балық аулауды және  тауарлық балық өсіруді) дамыту.

Облыстың өнеркәсіп салалары мен жүйе құраушы кәсіпорындарында мынадай өсу резервтері бар.

Тау-кен өндіру өндірісінде. «Өзенмұнайгаз» ӨФ-да мұнайдың бастапқы қорының 70%-дан астамы өндірілді, бұл ретте өңірдегі көмірсутегі шикізатын дайындау қарқыны әлі де болса өндіру динамикасынан артта қалуда. Бұл мұнай-газ компанияларының, оның ішінде «Өзенмұнайгаз» ӨФ мен «Қаражанбасмұнай» АҚ сияқты мейлінше ірі компаниялардың перспективалық дамуын тежейді.

Республикалық бюджет есебінен өңірдің минералды-шикізаттық кешенін іздестіру, барлау және жете барлау бойынша іс-шаралар өткізу қажет. Бұдан басқа, мұнай және газ министрлігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ «Өзенмұнайгаз» ӨФ және «Қаражанбасмұнай» АҚ компанияларының перспективалық даму жоспарларын, оның ішінде көрсетілген компаниялар қосымша барлау және жаңа кен орындарын игеру перспективаларын бекітуі қажет.   

Өңдеу өнеркәсібі мен металлургия өнеркәсібінде. Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясының аясында Маңғыстау облысында өңір үшін жаңа өнеркәсіп саласын қалыптастырған «CaspianStal» ЖШС мен «Ақтау болат құю зауыты» ЖШС («АҚЗ» ЖШС) екі металлургия зауытын салу жөніндегі инвестициялық жобалар іске асырылды.

Екі кәсіпорын да шикізат ретінде қара металл сынықтарын қолданады. Алайда, соңғы кездері өңірде осы шикізат көлемінің жеткілікті болуына қарамастан, шетел мемлекеттерінің металл компанияларының қажеттіліктерін қамтамасыз ете отырып, мемлекеттен тыс  толық жүзеге асыратын металл сынықтарын дайындаушылардан металл сынықтарын алу бойынша мәселелер туындады. Аумақта шикізаттың жетіспеушілігі ағымдағы жылы қара металлургиядағы өндіріс көлемінің 30%-ға төмендеуіне алып келді. 

Қазақстанның металлургия өнеркәсіп кәсіпорындарын қара металл сынықтарымен және қалдықтарымен қамтамасыз ету мақсатында, оны экспорттауға толық тыйым салғанға дейін металл сынықтары айналымын реттеуге бағытталған тиісті шаралар қабылдау қажет.

«Ақтау теңіз порты» АЭА аумағын жоғары технологиялық экспортқа бағдарланған өндірістермен толықтыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінге 5 жоба іске асырылып, 46 жобаны іске асыруға өтінім берілді. Оларды жандандыру үшін «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағын инженерлік және көліктік инфрақұрылыммен  қамтамасыз етілуде.

Көліктік инфрақұрылымды дамыту тұрғысында, республикалық бюджеттің қаражаты есебінен және Азия даму банкінің қарыз қаражатын тарту арқылы «Ақтау-Бейнеу-Атырау» автожолын «Манашы-Шетпе» учаскесінде (ұзындығы – 200 км, жобаның сомасы – 283 млн. доллар) қайта құрылымдау басталды. Республикалық бюджет қаражаты есебінен «Жыңғылды-Шайыр» және «Қияқты-Тұщықұдық» автожолының құрылысы, «Ақтау-Форт-Шевченко» және «Таушық-Шетпе» автожолдарын күрделі жөндеу жүргізілуде.

  1. Ауыл шаруашылығы. Ағымдағы жылдың ақпанында 821,0 млн. теңге сомасында жалпы ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді. Жалпы өнімнің нақты көлем индексі 97,2% құрады.

2012 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда мал басының барлық түрінің, оның ішінде түйенің – 14,2%-ға, жылқының – 4,7%-ға қой мен ешкінің – 26,7%-ға, ірі қара малдың – 1,6%-ға төмендеуі байқалады.

  1. Шағын және орта кәсіпкерлік. Осы саладағы шаруашылық жүргізуші субъектілер саны 2013 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 26,8 мың бірлікті құрады немесе 2012 жылдың осындай күнімен салыстырғанда 13%-ға өсті. Онда жұмыспен қамтылғандардың саны 5,1%-ға, 83,5 мың адамға дейін азайып, экономикалық белсенді халықтың жалпы санындағы олардың үлесі 1.03.2012 жылғы 29,4%-дан 1.03.2013 жылы 30,9%-ға дейін өсті.

Екінші деңгейдегі банктер арқылы 2013 жылдың қаңтар-ақпанында шағын бизнес субъектілеріне 28,5 млрд. теңге көлемінде несиелік ресурстар берілді, бұл - 2012 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 25,6%-ға көп.

Барлық шағын кредит ұйымдары есепті кезеңде 59,01 млн. теңге сомасына 29 шағын кредит беріп, 87 жұмыс орны құрылды.

  1. Негізгі капиталға инвестициялар. Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпанында негізгі капиталға инвестициялар 44,6 млрд. теңгені құрады немесе нақты баға индексін есепке алғанда 2012 жылдың осындай кезеңіне 132,0% құрады. Тау-кен өндіру өнеркәсібінде 1,8 есе өсу байқалады.

Инвестициялар құрылымында негізгі көлемді өнеркәсіп (74,7%), оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі (69,9%), өңдеу өнеркәсібі (4,0%), көлік және қоймалау (5,7%), құрылыс (2,2%), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар (6,4%) кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет (7,7%), өзгелері (3,3%) алады. 

Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға инвестициялар көлемі өзіндік қаражат есебінен 28,5 млрд. теңгені немесе 63,9%, шетелдік инвестициялар есебінен – 11,7 млрд. теңгені (26,2%), қарыз қаражат есебінен – 1,4 млрд. теңгені (3,1%), бюджеттік қаражат есебінен – 2,9 млрд. теңгені  (6,5%) құрады.

  1. Құрылыс жұмыстары. Құрылыс жұмыстарының көлемі 9,6 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылдың қаңтарына қарағанда 1,1% аз. Төмендеу себебі – күрделі жұмыстар көлемінің төмендеуі, бұл көрсеткіш 2012 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда 6,5%-ға азайып, 46,2 млн. теңгені құрады. Жалпы ауданы 63,5 мың шаршы метр немесе 2012 жылдың осындай деңгейіне 97,8% тұрғын үй пайдалануға берілді. Негізгі көлем халық қаражатының үлесіне келеді, пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемінде – 100%. 
  2. Сыртқы сауда айналымы 2013 жылдың қаңтарында 687,3 млн. АҚШ долларын құрады немесе 2012 жылғы осындай деңгейден 78,6% көп. Бұл ретте, экспорт – 649,6 млн. АҚШ долларын (201,4%), импорт – 37,7 млн. АҚШ долларын (60,6%) құрады.

Сыртқы сауда балансының сальдосы 2013 жылдың қаңтарында                611,9 млн. АҚШ доллары сомасында қалыптасты (2012 жылдың қаңтарында – 260,3 млн. АҚШ доллары).

  1. Тұтыну бағаларының динамикасы. Облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, инфляциялық үдерістерді тежеу бойынша жұмыс жалғасуда. 2013 жылғы ақпанда 2012 жылдың желтоқсанына – 101,1% (анықтама үшін: ҚР бойынша – 101,9%), оның ішінде азық-түлік тауарларына – 100,7% (ҚР бойынша – 100,9%), азық-түлік емес тауарларына – 100,7% (ҚР бойынша – 100,4%), ақылы қызметтерге – 101,9% (ҚР бойынша – 104,8%) құрады.

2012 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда, жыл басынан бері мына азық-түлік тауарларының:  1 сұрыпты ұннан жасалған бидай нанының – 1%-ға, жоғары сұрыптағы ұннан жасалған бидай нанының – 4,5%-ға, жоғары сұрыпты бидай ұнының – 21,1%-ға, вермишельдің – 6,7%-ға, манка жармасының – 10,1%-ға, сиыр етінің – 7,7%-ға, шошқа етінің – 8%-ға, қой етінің – 7,7%-ға, жылқы етінің – 5,3%-ға, жартылай қақталған шұжықтың – 6,7%-ға, мәйекті ірімшіктің – 4,2%-ға, қаймақтың – 4,5%-ға, сүзбенің – 0,7%-ға, капустаның – 13,7%-ға, шайдың – 5,6%-ға, қызанақтың – 1,9%-ға, картоптың – 1,9%-ға, сұлы жармасының – 0,4%-ға, жұмыртқаның – 2,6%-ға қымбаттағаны байқалады.

  1. Тіркелген жұмыссыздық деңгейі облыс бойынша 1.03.2013 жылға 0,8% құрады (01.03.2012 жылға – 0,9%). «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын іске асыруға байланысты жұмыспен қамту органдарына өтініш жасаған жұмыссыздар саны артты. Облыс бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейі (ашық еңбек рыногында) 2012 жылдың 4 тоқсанында 5,6%-ды құрады (2011 жылдың 4 тоқсанында - 5,8%).

Облыс бойынша 3921 жұмыс орнын құрылды (2012 жылдың тиісті кезеңінде – 2919 жұмыс орны). Жұмыспен қамту органдарына өтініш жасаған 1067 жұмыссыз жұмысқа орналастырылып, қоғамдық жұмыстарға 1115 адам қатысты.

  1. Салықтар мен бюджет. Есепті кезеңде мемлекеттік бюджетке 44,8 млрд. теңге (есепті кезеңдегі болжамға – 108,6%), оның ішінде республикалық бюджетке – 30,8 млрд. теңге (107,2%), жергілікті бюджетке – 14,0 млрд. теңге (111,8%) сомасында салықтар мен өзге де міндетті төлемдер түсті.

Облыс бойынша бюджет төлемдері бойынша берешек 2013 жылғы                         1 наурызға 14,2 млрд. теңгені құрады немесе 2013 жылдың басымен салыстырғанда 31,5%-ға (4,1 млрд. теңге үмітсіз берешектерді есепке алмағанда) азайды.

  1. Білім беруге арналған шығыстар нақтыланған бюджет бойынша 37,7 млрд. теңгені құрады (2012 жылмен салыстырғанда 15,3%-ға өсті).

Білім беру объектілерін дамытуға 2013 жылы 8765,6 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 8143,1 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 622,5 млн. теңге бөлінді.

Қарақия ауданының Құрық ауылындағы кәсіптік-техникалық лицейдің үлгілік ғимаратының, Батыр ауылындағы 960 орындық орта мектептің,  Қарақия ауданының Жетібай кентінде 624 орындық орта мектептің,  Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылының Маңғыстау-5 тұрғын жай алабындағы, Басқұдық, Батыр, Баянды ауылдарындағы, Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылындағы әрқайсысы 960 орындық орта мектептердің, Бейнеу ауданы Бейнеу ауылының Атамекен шағын ауданында 624 орындық орта мектептің, Жаңаөзен қаласының Мерей шағын ауданында 1200 орындық орта мектептің, Теңге ауылында 900 орындық орта мектептің, Маңғыстау ауданының Шайыр ауылында 80 орындық балабақшаның құрылыстары жалғасуда.

Денсаулық сақтауға арналған шығыстар 2013 жылға арналған нақтыланған бюджет бойынша 17,7 млрд. теңгені құрады (2012 жылға қарағанда 7,9%-ға өсті),

Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 2013 жылы – 5633,6 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 4440,5 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 69,7 млн. теңге көздестірілді.

Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен Ақтау қаласында 150 орындық Өңірлік ана мен баланы қорғау орталығының, Маңғыстау облыстық ауруханасының «Г» блогының, Мұнайлы ауданында ауысымына 250 келушіге арналған емхананың құрылысы жүргізілуде. Жаңаөзен қаласындағы терапевтік корпустың құрылысы көздестірілген. Жаңаөзен қаласының Рахат шағын ауданында ауысымына 250 келушіге арналған емхананың құрылысы басталды.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен Маңғыстау ауданының  Жармыш, Шайыр, Тұщықұдық ауылдарында, Бейнеу ауданының Атамекен ауылында дәрігерлік амбулаторияның құрылыстары басталды.

  1. Жылу маусымына дайындық (өту).

Облыстың аудандарында күздік-қыстық кезең тұрақты өтуде, тұтынушыларға энергия ресурстарын беруде шектеу жоқ, 2012 жылғы                 15 қазан мен 2013 жылғы 19 наурыз арасында жылу және электр желілерінде авариялық сөндірулер болған жоқ.

ҚР Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің (ҚР Өңірлік даму министрлігінің) тапсырмасына сәйкес, 2012-2013 жылдардағы жылу маусымының барысында инженерлік желілер мен қазандықтарда технологиялық ақаулар туралы күн сайын ақпарат жолдануда.

Жанармай туралы.

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС мазутының нормативтік авариялық қоры 25 700 тоннаны құрайды, бүгінгі күнге «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-де 25 725,5 тонна немесе 100% мазут бар. (Мұнай және газ министрлігі бекіткен 2011-2012 жылдардың күзгі-қысқы кезеңінде әлеуметтік-өндірістік объектілер мен мекемелерге мазут жеткізу бойынша облыстар мен Алматы, Астана қалаларын негізгі мұнай және мұнай өнімдерінің ресустарын ұстаушыларға бекіту кестесіне сәйкес, жағылатын мазуттың авариялық қорының нормативті көлемін деңгейіне дейін толтыру үшін 3600 тонна мазут жеткізілді).

Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары туралы.

Кешенді жоспарды іске асыруға 2013 жылы жиыны – 15,9 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 12,9 млрд.теңге, жергілікті бюджеттен – 1,5 млрд.теңге және өзге де қаражат көздерінен – 1,5 млрд.теңге көздестірілуде.

Өткен жылдары басталған мына объектілердің:

  1. Жаңаөзен қаласының «Рахат» шағын ауданындағы емхананының;
  2. Жаңаөзен қаласының «Жұлдыз» шағын ауданындағы 320 орындық балабақшаның;
  3. Жаңаөзен қаласының «Бостандық» шағын ауданындағы 624 орындық орта мектептің;
  4. Теңге аулындағы 900 орындық орта мектептің;
  5. Жаңаөзен қаласының Мерей шағын ауданындағы 1200 орындыцқ орта мектептің;
  6. Теңге аулындағы сумен жабдықтау жүйелерінің;
  7. Жаңаөзен қаласының «Рахат-3» шағын ауданындағы сумен жабдықтау жүйелерінің (1-2 кезек, қосымша);
  8. 8. Жаңаөзен қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу, жою және көму бойынша комбинаттың;
  9. Жаңаөзен қаласындағы 6 шығу жолы бар үлгілік өрт сөндіру депосының;
  10. Жаңаөзен қаласының «Жұлдыз» және «Мерей» жаңа шағын аудандарындағы электрмен жабдықтау жүйелерінің құрылыстарын;
  11. Жаңаөзен қаласындағы орталық қазандықты шағын ЖЭО-ға ауыстыру арқылы қайта құрылымдауды және кеңейтуді;
  12. Жаңаңаөзен қаласының канализациялық тазарту құрылысын (1 кезек) салуды;
  13. Жаңаөзен қаласында «Жұлдыз»шағын ауданында салқын су есептеуіштерін құруды және орнатуды 2013 жылы аяқтау жоспарлануда.

Мына жобаларды іске асыру:

  1. Жаңаөзен қаласының бұрыннан бар электрмен жабдықтау желілерін қайта құрылымдау және кеңейту;
  2. Жаңаөзен қаласының үлгі әскери қалашығын салуды аяқтау жалғасуда.

Мына объектілердің:

  1. 1. қалалық ауруханаға терапевтік корпустың;
  2. Жаңаөзен қаласындағы 50 төсек-орындық стационары бар медициналық емдеу орталығының (емхананың),
  3. қоғамдық қауіпсіздік және қорғаныс объектілері:

1) Жаңаөзен қаласындағы әскери комиссариат ғимаратының; Жаңаөзен қаласындағы «Рубеж» стационарлық бақылау постының;

2) Жаңаөзен қаласының Теңге және Қызылсай ауылдарындағы тірек пункттерінің;

3) Жаңаөзен қаласының ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін 60 және 100 пәтерлік 2 тұрғын үйдің (пәтер үлгісіндегі жатақхананың);

4) Жаңаөзен қаласындағы учаскелік полиция пунктіне арналған орынжайдың құрылысы басталмақ.

Жоспар аясында 2013-2015 жылдары 8 295,9 млн. теңге сомасындағы республикалық бюджет қаражаты есебінен Кендірлі курортты аймағының және Кендірлі әуежайының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салудың 9 жобасын іске асыру, оның ішінде 2013 жылы 4 006,6 млн. теңге сомасына 8 жобаны іске асыру көздестірілген. РБК                2013 жылға 1642,8 млн. теңге сомасына 4 жобаны ғана мақұлдады.

 

 

Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Дата публикации
02 марта 2020