Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының  2013 жылғы қаңтардағы қорытындылары туралы

Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 

2013 жылғы қаңтардағы қорытындылары туралы

 Ағымдағы жылы облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмыс Мемлекет басшысының «Қазақстан – 2050» Стратегиясы –  қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 2012 жылғы                   14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауында қойылған тапсырмаларға, сондай-ақ басым мемлекеттік және стратегиялық, салалық бағдарламаларға сәйкес құралды. Маңғыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жалғасуда.

Тұтастай алғанда, қабылданған барлық шаралар экономиканы сапалық тұрғыдан өсіруді қамтамасыз етуге, индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын одан әрі іске асыруға, халықтың әл-ауқат деңгейі мен өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

  1. Өнеркәсіп. Есепті кезеңде қолданыстағы бағада 187,4 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Бүгінге өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 98,3% құрады.

Облыстағы өнеркәсіптік өнімнің жалпы көлемінде үлесі 93,4% құрайтын тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді игеруде 175,0 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Нақты көлем индексі 98,1% құрады.

Мұнай өндіру 2012 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 0,9%-ға төмендеп, 1,5 млн. тоннаны құрады, табиғи газ өндіру 12,4%-ға (186,4 млн. текше метр) төмендеді. Мұнай мен газ өндірудің, тиісінше өнеркәсіп көлемінің төмендеуінің негізгі себебі облыста игеріліп жатқан көмірсутегі кен орындарының табиғи түгесілуі болып табылады.

Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіру көлемі 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,4%-ға артты (5,0 млрд. теңге). Азық-түлік өнімдері өндірісінде, 47,9%-ға, машина жасауда 4,5%-ға өсу байқалады. Металдық емес өзге де минералды өнімдер өндірісінде 48%-ға, тері және теріден жасалатын өнімдер өндірісінде (35,3%) өсу байқалады.

Өнеркәсіпті қайта құру және жаңғырту бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыстарды жүргізу үшін «ҚазАзот» ЖШС-нің уақытша тоқтатылуына байланысты, химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі көлемі 7,9%-ға азайды.

Ағымдағы жылы өнімге сұраныстың  төмендеуіне байланысты, тоқыма бұйымдар өндірісінде 7,9%-ға төмендеу байқалады (2 орташа кәсіпорын– «Жамал-ай» АҚ және «Жанарыс» ЖШС жұмыс жасап тұр).

Резеңке мен пластмассадан жасалған бұйымдар өндірісінде (6,5%) төмендеу байқалады.

Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 2012 жылдың қаңтар-желтоқсанында 27,3 мың АҚШ долларын құрады немесе 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 29%-ға төмендеді.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптаудағы өнім көлемі есепті кезеңде 5,9 млрд. теңгені немесе өткен жылдың осындай деңгейіне 100,7% құрады.

«Сумен жабдықтау, канализациялық жүйе, қалдықтарды жинақтау және бөлуді бақылау» саласында 1,5 млрд. теңге көлемінде өнім шығарылды немесе 2012 жылдың тиісті деңгейіне – 76,8%.

Елдің Индустрияландыру картасына жалпы сметалық құны 625 млрд. теңге болатын және жаңадан шамамен 44705 жұмыс орны құрылатын (салу кезеңінде – 13208 жұмыс орны, пайдалануға беру кезеңінде – 31947 жұмыс орны) 34 жоба енгізілді.

Оның ішінде, өңірлік Индустрияландыру картасына жалпы сметалық құны 231,07 млрд. теңге болатын және жаңадан 10272 жұмыс орны құрылатын 31 жоба, республикалық Индустрияландыру картасына жалпы сметалық құны 394,1 млрд. теңге болатын және жаңадан 21225 жұмыс орны құрылатын 3 жоба енгізілді.

2013 жылы мына 3 жобаны пайдалануға беру жоспарлануда:

1) «Пластикалық массалар зауытының базасында жол битумдарын өндіру» «Caspi Bitum» БК» ЖШС;

2)  «Сұйық дәрілік формалар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар шығару бойынша фармацевтикалық кешен» «Медикал Фарм Ча-Кур» ЖШС»;

3) «Шетпе ауылында цемент зауытын салу» «Каспий Цемент» ЖШС.

Сондай-ақ, ағымдағы жылғы 25 ақпанда өңірлік Үйлестіру кеңесінің отырысын өткізу жоспарлануда, онда Индустрияландыру картасына енгізу үшін ұсынылатын жаңа жобалар қаралмақ. Одан әрі осы жобаларды Облыс әкімі мақұлдаған жағдайда, олар Индустрияландыру картасын 2013 жылдың бірінші жартыжылдығанда актуалдау барысында енгізу мақсатында одан әрі қарау үшін Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне берілмек.

Облыстың бәсекеге қабілетті артықшылықтарын есепке ала отырып, облыс  экономикасының мынадай өсу резервтері айқындалды: мұнай-газ өндіру секторын одан әрі дамыту (өңірдің минералды-шикізаттық кешенін іздестіру, барлау және жете барлау жүргізу, сервистік-қызмет көрсету өндірісін дамыту), өңдеу салаларын дамыту (оның ішінде «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында), облыстың транзиттік әлеуетін (көліктік логистиканы, шекара бойындағы аумақтарды) дамыту; құрылыс индустриясын дамыту; туризмді дамыту («Кендірлі» халықаралық курортты демалыс аймағының құрылысы), агроөнеркәсіптік кешенді (жайылымдық, асыл тұқымды мал шаруашылығын, балық аулауды және  тауарлық балық өсіруді) дамыту.

Облыстың өнеркәсіп салалары мен жүйе құраушы кәсіпорындарында мынадай өсу резервтері бар.

Тау-кен өндіру өндірісінде. «Өзенмұнайгаз» ӨФ-да мұнайдың бастапқы қорының 70%-дан астамы өндірілді, бұл ретте өңірдегі көмірсутегі шикізатын дайындау қарқыны әлі де болса өндіру динамикасынан артта қалуда. Бұл мұнай-газ компанияларының, оның ішінде «Өзенмұнайгаз» ӨФ мен «Қаражанбасмұнай» АҚ сияқты мейлінше ірі компаниялардың перспективалық дамуын тежейді.

Республикалық бюджет есебінен өңірдің минералды-шикізаттық кешенін іздестіру, барлау және жете барлау бойынша іс-шаралар өткізу қажет. Бұдан басқа, мұнай және газ министрлігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ «Өзенмұнайгаз» ӨФ және «Қаражанбасмұнай» АҚ компанияларының перспективалық даму жоспарларын, оның ішінде көрсетілген компаниялар қосымша барлау және жаңа кен орындарын игеру перспективаларын бекітуі қажет.   

Өңдеу өнеркәсібі мен металлургия өнеркәсібінде. Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясының аясында Маңғыстау облысында өңір үшін жаңа өнеркәсіп саласын қалыптастырған «CaspianStal» ЖШС мен «Ақтау болат құю зауыты» ЖШС («АҚЗ» ЖШС) екі металлургия зауытын салу жөніндегі инвестициялық жобалар іске асырылды.

Екі кәсіпорын да шикізат ретінде қара металл сынықтарын қолданады. Алайда, соңғы кездері өңірде осы шикізат көлемінің жеткілікті болуына қарамастан, шетел мемлекеттерінің металл компанияларының қажеттіліктерін қамтамасыз ете отырып, мемлекеттен тыс  толық жүзеге асыратын металл сынықтарын дайындаушылардан металл сынықтарын алу бойынша мәселелер туындады. Аумақта шикізаттың жетіспеушілігі ағымдағы жылы қара металлургиядағы өндіріс көлемінің 30%-ға төмендеуіне алып келді. 

Қазақстанның металлургия өнеркәсіп кәсіпорындарын қара металл сынықтарымен және қалдықтарымен қамтамасыз ету мақсатында, оны экспорттауға толық тыйым салғанға дейін металл сынықтары айналымын реттеуге бағытталған тиісті шаралар қабылдау қажет.

«Ақтау теңіз порты» АЭА аумағын жоғары технологиялық экспортқа бағдарланған өндірістермен толықтыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінге 5 жоба іске асырылып, 46 жобаны іске асыруға өтінім берілді. Оларды жандандыру үшін «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағын инженерлік және көліктік инфрақұрылыммен  қамтамасыз ету қажет.

2011 жылы №3 кіші аймақты жайластыру бойынша 3 млрд. теңге сомасында жұмыстар жүргізіліп, № 1 кіші аймақ бойынша жұмыстар басталды. Бұл мақсатқа 2012 жылға №1 кіші аймақ бойынша жұмыстарды жалғастыруға 1032 млрд. теңге бөлінді. Жұмыстарды жалғастыру үшін 2013 жылға 2466 млн. теңге көздестірілген.

Өңірдің экспорттық әлуетін және инвестициялық тартымдылығын дамыту мақсатында, облыс әкімдігі  «Ақтау теңіз порты» АЭА  аумағын жаңа өнеркәсіптерді құру үшін қосымша кіші аймақтармен кеңейтуге ұсыныс берді.

Облыстың бәсекелестік артықшылықтарын дамыту бойынша мына жұмыс жүргізілуде. Мәселен, көліктік инфрақұрылымды дамыту тұрғысында Азия даму банкінің қарыз қаражатын тарту арқылы «Ақтау-Бейнеу-Атырау» автожолын «Манашы-Шетпе» учаскесінде (ұзындығы – 200 км, жобаның сомасы – 283 млн. доллар) қайта құрылымдау басталды. Республикалық бюджет қаражаты есебінен «Жыңғылды-Шайыр» және «Қияқты-Тұщықұдық» автожолының құрылысы, «Ақтау-Форт-Шевченко» және «Таушық-Шетпе» автожолдарын күрделі жөндеу жүргізілуде.

«Кендірлі» курортты демалыс аймағын дамыту жобасын іске асыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. «Кендірлі» курортты аймағы мен халықаралық әуежайының сыртқы инженерлік инфрақұрылымының құрылысына техникалық-экономикалық негіздеме  әзірленді. 420,5 млн. теңге көлеміндегі республикалық бюджет қаражаты есебінен объектілердің ЖСҚ-ын әзірлеу аяқталды.

ТЭН-ге сәйкес, сыртқы инфрақұрылымды салудың жалпы құны 9,3 млрд. теңгені құрайды. Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарымен осы объектілерді республикалық бюджет қаражаты есебінен 2013 жылдан бастап  салу көздестірілген.

«Кендірлі» халықаралық курортын, оның ішінде әуежай салу жобасы  2010-2014 жылдарға арналған елдің Индустрияландыру картасына енгізілген. Әуежай салу жобасы бойынша ТЭН әзірленіп, «МЖӘ ҚО» АҚ-ның оң қорытындысы алынды, ИЖТМ-не 86,7 млн. теңге сомасында ЖСҚ әзірлеуге өтінім жолданды. Республикалық бюджеттен қаражат бөлу мәселесін шешу қажет.

  1. Ауыл шаруашылығы. Ағымдағы жылдың қаңтарында 405,4млн. теңге сомасында жалпы ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді. Жалпы өнімнің нақты көлем индексі 98,3% құрады.

2011 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда мал басының барлық түрінің (ірі қара малдан басқа – 110,2%), оның ішінде түйенің – 14,3%-ға, жылқының – 4,8%-ға қой мен ешкінің 26,6%-ға төмендеуі байқалады.

Агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігі 2012 жылдың қаңтар-желтоқсанында адам басына 27,2 мың АҚШ долларын құрады немесе                2011 жылдың тиісті кезеңінен 3,5 есе ұлғайды.

  1. Шағын және орта кәсіпкерлік. Осы саладағы шаруашылық жүргізуші субъектілер саны 2013 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 26,8 мың бірлікті құрады немесе 2012 жылдың осындай күнімен салыстырғанда 12,5%-ға өсті. Онда жұмыспен қамтылғандардың саны 5,6%-ға, 83,5 мың адамға дейін өсті, экономикалық белсенді халықтың жалпы санындағы олардың үлесі 1,02.2012 жылғы 29,4%-дан 1.02.2013 жылы 30,9%-ға дейін өсті.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» ММ Маңғыстау филиалының ақпараты бойынша екінші деңгейдегі банктер арқылы                   2012 жылдың қаңтар-желтоқсанында шағын бизнес субъектілеріне 28,5 млрд. теңге көлемінде несиелік ресурстар берілді, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 25,6% есе көп.

Барлық шағын кредит ұйымдары есепті кезеңде 25,31 млн. теңге сомасына 13 шағын кредит беріп, 615 жұмыс орны құрылды.

  1. Негізгі капиталға инвестиция. Негізгі капиталға инвестициялар ағымдағы жылдың қаңтарында 18,7 млрд. теңгені немесе нақты баға индексін есепке алғанда 2012 жылдың осындай кезеңімен салыстырағанда 125,7% құрады. Тау-кен өндіру өнеркәсібінде 1,8 есе өсу байқалады.

Инвестициялар құрылымында негізгі көлемді өнеркәсіп (83,3%), оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі (76%), өңдеу өнеркәсібі (6,6%), көлік және қоймалау (1,5%), құрылыс (1,1%), жылжымайтын мүлікпен операция (6,8%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет (5,8%), өзге де (1,5%) алады. 

Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға инвестициялар көлемі өзіндік қаражат есебінен 12,5 млрд. теңгені немесе 66,7%-ды, шетелдік инвестициялар есебінен – 5,7 млрд. теңгені (30,5%), қарыз қаражат есебінен – 0,4 млрд. теңгені (2,3%), бюджеттік қаражат есебінен – 0,1 млрд. теңгені  (0,5%) құрады.

  1. Құрылыс жұмыстары. Құрылыс жұмыстарының көлемі 4,2 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылдың қаңтарынан 6,7% аз. Төмендеу себебі – күрделі жұмыстар көлемінің төмендеуі, 2012 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 6,5%-ға төменедеп, 46,2 млн. теңгені құрады. Жалпы ауданы 30,5 мың шаршы метр немесе 2012  жылдың осындай деңгейіне 98,9% тұрғын үй пайдалануға берілді. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлеміндегі негізгі көлем халық қаражатының үлесіне келеді – 100%. 
  2. Облыстың сыртқы сауда айналымы 2012 жылдың қаңтар-желтоқсанында 8666,9 млн. АҚШ долларын немесе 2011 жылдың осындай кезеңіне 91,7% құрады. Бұл ретте экспорт – 8098,9 млн. АҚШ долларын (92%), импорт – 568,1 млн. АҚШ долларын (87,4%) құрады.

Сыртқы сауда балансының сальдосы 2012 жылдың қаңтар-желтоқсанында 7530,8 млн. АҚШ доллары сомасында қалыптасты (2011 жылдың қаңтар-желтоқсанында – 8149,3 млн. АҚШ доллары).

  1. Тұтыну бағаларының динамикасы. Облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, инфляциялық үдерістерді тежеу бойынша жұмыс жалғасуда. Ағымдағы жылғы қаңтарда 2012 жылдың желтоқсанына – 100,5% (анықтама үшін: ҚР бойынша – 100,9%), оның ішінде азық-түлік тауарларына – 100,3% (ҚР бойынша – 100,5%), азық-түлік емес тауарларына – 100,4% (ҚР бойынша – 100,2%), ақылы қызметтерге – 100,8% (ҚР бойынша – 102,2%) құрады.

Азық-түлік тауарларының тобы бойынша жыл басына бері мына тауарлар бағасының:  1 сұрып ұннан жасалған бидай нанының - 1%, жоғары сұрыпты ұннан жасалған бидай нанының – 4,5%, жоғары сұрыптағы ұнның – 21,1%, вермишельдің – 6,7%, қарақұмық жармасының – 10,1%, сиыр етінің – 7,7%,  шошқа етінің – 8%, қой етінің – 7,7%,  жылқы етінің – 5,3%, жартылай қақталған шұжықтың – 6,7%, ұйытқы ірімшіктің – 4,2%,  қаймақтың – 4,5%, сүзбенің – 0,7%,  капустаның – 13,7%, шәйдің – 5,6%, қызылшаның – 1,9%, картоптың – 1,9%, сұлы жармасының – 0,4%, жұмыртқаның – 2,6% өсуі байқалады.

Тіркелген жұмыссыздық деңгейі облыс бойынша 1.02.2013 жылға 0,6% құрады (01.02.2012 жылға – 0,3%). «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын іске асыруға байланысты жұмыспен қамту органдарына өтініш жасаған жұмыссыздар саны артты. Облыс бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейі (ашық еңбек рыногында) ағымдағы жылғы 3 тоқсанда 5,6%-ды құрады (2011 жылдың 3 тоқсанында - 5,8%).

Облыс бойынша 342 жұмыс орнын құрылды (2012 жылдың тиісті кезеңінде – 366 жұмыс орны). Жұмыспен қамту органдарына өтініш жасаған 397 жұмыссыз жұмысқа орналастырылып, қоғамдық жұмыстарға 688 адам қатысты.

  1. Салықтар мен бюджет. Есепті кезеңде мемлекеттік бюджетке 15 млрд. теңге (есепті кезеңге арналған жоспарға – 86,7%), оның ішінде республикалық бюджетке – 10,5 млрд. теңге (81,9%), жергілікті бюджетке – 4,5 млрд. теңге (100,5%) сомасында салықтар мен өзге де міндетті төлемдер түсті.

Облыс бойынша бюджет төлемдері бойынша берешек 2013 жылғы                         1 ақпанға 16,5 млрд. теңгені құрады немесе 2013 жылдың басымен салыстырғанда 52,7%-ға (4,1 млрд. теңге үмітсіз берешектерді есепке алмағанда) азайды.

  1. Білім беруге арналған шығыстар нақтыланған бюджет бойынша 37,7 млрд. теңгені құрады (2012 жылмен салыстырғанда 15,3% өсті).

Білім беру объектілерін дамытуға 2013 жылы 8765,6 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 8143,1 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 622,5 млн. теңге көздестірілген.

Қарақия ауданының Құрық ауылындағы кәсіптік-техникалық лицейдің үлгілік ғимаратының, Батыр ауылындағы 960 орындық орта мектептің,  Қарақия ауданының Жетібай кентінде 624 орта мектептің,  Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылының Маңғыстау-5 тұрғын жай алабындағы, Басқұдық ауылындағы, Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылындағы орта мектептердің, Мұнайлы ауданының Баянды ауылында 960 орындық орта мектептің, Бейнеу ауданы Бейнеу ауылының Атамекен шағын ауданында 624 орындық орта мектептің, Жаңаөзен қаласының Мерей шағын ауданында 1200 орындық орта мектептің, Теңге ауылында 900 орындық орта мектептің, Маңғыстау ауданының Шайыр ауылында 80 орындық балабақшаның құрылыстары жүргізілуде.

Денсаулық сақтауға арналған шығыстар 2013 жылға арналған нақтыланған бюджет бойынша 5633,6 млн. теңгені құрады (2012 жылға қарағанда 7,9%-ға өсті),

Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 2013 жылы – 5633,6 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 4440,5 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 69,7 млн. теңге көздестірілді.

Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен Ақтау қаласында 150 орындық Ана мен баланы қорғаудың өңірлік орталығының, Маңғыстау облыстық ауруханасының «Г» блогының, Мұнайлы ауданында ауысымына 250 келушіге арналған емхананың құрылысы жүргізілуде. Жаңаөзен қаласындағы терапевтік корпустың құрылысы көздестірілген. Жаңаөзен қаласының Рахат шағын ауданында ауысымына 250 келушіге арналған емхананың құрылысы басталды.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен Ақтау қаласындағы 100 орындық облыстық онкологиялық диспансердің құрылысы жалғасуда.

  1. Жылу маусымына дайындық (өту).

Облыстың аудандарында күздік-қыстық кезең тұрақты өтуде, тұтынушыларға энергия ресурстарын беруде шектеу жоқ, 2012 жылғы 15 қазан мен 2013 жылғы 18 ақпан арасында жылу және электр желілерінде авариялық сөндірулер болған жоқ.

ҚР Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің (ҚР Өңірлік даму министрлігінің) тапсырмасына сәйкес, 2012-2013 жылдардағы жылу маусымының барысында инженерлік желілер мен қазандықтарда технологиялық ақаулар туралы күн сайын ақпарат жолдануда.

Жанармай туралы.

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС мазутының нормативтік авариялық қоры 25 700 тоннаны құрайды, бүгінгі күнге «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-де 25 725,5 тонна немесе 100% бар (Мұнай және газ министрлігі бекіткен 2011-2012 жылдардың күзгі-қысқы кезеңінде әлеуметтік-өндірістік объектілер мен мекемелерге мазут жеткізу бойынша облыстар мен Алматы, Астана қалаларын негізгі мұнай және мұнай өнімдерінің ресустарын ұстаушыларға бекіту кестесіне сәйкес, жағылатын мазуттың авариялық қорының нормативті көлемін деңгейіне дейін толтыру үшін 3600 тонна мазут жеткізілді).

Жалпыүйлік жылу энергиясын есептеу құралдарын орнату бойынша.

Ақтау қаласында жылу есептеуіштерін орнату кестесі бекітілді, оған сәйкес орнату бойынша жұмыстар басталды. 2012-2013 жылдары 530 есептеу құралын орнату жоспарлануда.

Жаңаөзен қаласында «Жаңаөзен қаласының бұрыннан бар жылу желілерін қайта құру және кеңейту» жобасы аясында 365 ғимарат көлемінде тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарында жалпыүйлік жылу энергиясын есептеу құралдары бар жеке жылу пункттері орнатылды, соның есебінен қала бойынша жылу энергиясын есептеу құралдарымен 100% жабдықталуына қол жеткізілді.

Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары туралы.

Кешенді жоспарды іске асыруға 2013 жылы жиыны - 18,4 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен - 14,8 млрд.теңге, жергілікті бюджеттен - 2,1 млрд.теңге және өзге де қаражат көздерінен - 1,5 млрд.теңге көздестірілді.

2013 жылы өткен жылдары басталған объектілердің құрылысын жалғастыру және аяқтау көздестірілуде.

Жаңаөзен қаласында қалалық ауруханаға терапевтік корпустың, 50 төсек-орындық стационары бар медициналық орталықтың (емхананың), бірқатар қоғамдық қауіпсіздік және қорғаныс объектілерінің, 1500 тонналық көкөніс қоймасының құырылстары басталады.

Кендірлі курортты демалыс аймағын құру мақсатында, Кендірлі курортты аймағы мен әуежайының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салу жобаларын іске асыру көздестірілген.

Моноқалаларды дамыту бағдарламасы туралы.

«Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Үкіметтің 2012 жылғы 24 мамырдағы №683 қаулысына сәйкес, облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 5 қыркүйектегі №6/73 шешімімен Жаңаөзен қаласын дамытудың 2013-2015 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілді.

Жоспарда қаланы дамытудың негізгі бағыттары айқындалған:

- тұрақты жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өндірістік сыйымдылығына байланысты оңтайландыру;

- экономиканы әртараптандыру әрі шағын және орта бизнесті дамыту;

- еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру;

- қаланың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту.

Жоспардың іс-шараларын қаржыландырудың болжалды көлемі 2013 жыл мен 2015 жыл аралығнда жиыны 14 017,2 млн. теңгені, оның ішінде республикалық бюджет – 12 971,4 млн. теңгені, жергілікті бюджет – 1 045,7 млн. теңгені құрайды.

2013 жылға 2 645,4 млн теңге, оның ішінде:

1) Жаңаөзен қаласында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға – 363,0 млн. теңге;

2) Жаңаөзен қаласының инженерлік инфрақұрылымын дамытуға, оның ішінде: «Астана» және «Арай-1» шағын аудандары тұрғын жай секторының автожолдарын, Жаңаөзен қаласының қалаішілік автомобиль жолдарын, Қызылсай және Теңге ауылдарының автомобиль жолдарын, Теңге ауылында РП-6 кВ бөлу пунктін және «Рахат-1,2,3» қосалқы станциясынан Теңге ауылының шығыс бөлігіне дейін ВЛ-6 кВ әуе желісін, Теңге, Қызылсай ауылдарының аяқталмаған учаскелері бойынша инженерлік желілер салуға – 1 669,5 млн. теңге;

3) Жаңаөзен қаласын жайластыруға, оның ішінде қалаішілік автомобиль жолдарын күрделі жөндеуге, Жаңаөзен қаласы Көктем шағын ауданының аулаішілік көшелерін абаттандыруға – 417,4 млн. теңге көздестірілген.

Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша, қаланың көшелерін қайта құрылымдауға және салуға 84,5 млн. теңге бөлінді.

 

 

Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

 

Дата публикации
02 марта 2020