Маңғыстау облысы – экономиканың әртараптандырылған құрылымы бар индустриялық және экономикалық дамыған өңір.
Жалпы өңірлік өнім көлемі (бұдан әрі – ЖӨӨ) 2017 жылғы 2 2653,2 млрд. теңгеден 2019 жылы 3 624,8 млрд. теңгеге дейін өсті. 2019 жылы ЖӨӨ нақты көлем индексінің нақты өсуі (бұдан әрі – ЖӨӨ НКИ) 99,9% құрады (2017 жылы – 100,1%, 2018 жылы – 102,7%).
2019 жылы республика ЖІӨ жалпы көлемінде облыстың ЖӨӨ үлес салмағы 5,3% құрады, бұл республика өңірлері арасында 6-орын (2017 жылы – 5,1%, 2018 жылы – 5,8%, ҚР бойынша 5-орын).
Облыс жан басына шаққандағы ЖӨӨ деңгейі жоғары өңірлердің алғашқы бестігіне кіреді. 2019 жылдың қорытындысы бойынша жан басына шаққандағы ЖӨӨ көлемі 5 264,3 мың теңге деңгейінде қалыптасты – бұл республика өңірлері арасындағы төртінші позиция (ҚР бойынша орташа – 3 724,6 мың теңге.) 2017 жылмен салыстырғанда (4 072,2 мың теңге) көрсеткіш 29,3%-ға артты.
ЖӨӨ құрылымында негізгі үлесті дәстүрлі түрде өнеркәсіп алады, оның үлесі 2019 жылы 55,8%-ды құрады (2017 жылы – 50,6%, 2018 жылы – 54,4%), құрылыс – 4,7%, Көлік және қоймалау – 5,8%, өзге де қызметтер – 1,8% көтерме және бөлшек сауда – 3,7%.