Маңғыстау облысының 2020 жылғы қаңтар-қарашадағы әлеуметтік-экономикалық дамуы

Маңғыстау облысы

(2020 жылғы қаңтар-қарашадағы әлеуметтік-экономикалық даму)

     Өнеркәсіп. Өнеркәсіптік өнім өндіру көлемі 1 878,2 млрд. теңге құрады. Нақты көлем индексі 2019 жылдың тиісті кезеңіне – 92,6%.

Төмендеу себептері

          Төмендеу сумен жабдықтау саласында 11,5% - ға, (көлемі – 17,1 млрд.теңге), тау-кен өнеркәсібінде 8,5%-ға (тау-кен өнеркәсібінің көлемі 1 598,7 млрд. теңге), электрмен жабдықтауда 3,8%-ға (көлемі – 104,1 млрд.теңге) орын алды.

      Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі         18 360,1 млн. теңге құрады. Нақты көлем индексі 2019 жылдың тиісті кезеңіне  100,1%

Өсім себептері

Мал басының өсімі байқалды: ІҚМ – 20% -ке (24,3 мың бас), қой мен ешкі – 7,6% (424,9 мың бас) түйе – 3,2%-ке (70,6  мың бас), жылқы – 14,5% -ке (86,3 мың бас).

        Шағын және орта кәсіпкерлік. Шағын және орта кәсіпкерлік саласында белсенді субъектілер саны 52,4 мың бірлікті немесе 2019 жылдың тиісті  кезеңіне 98,3% құрады.

Негізгі капиталға инвестициялар 514,5 млрд. теңге немесе                    2019 жылдың  тиісті кезеңіне 103,4% құрады.

        2020 жылы облыста 1056-дан астам жұмыс орнын құрумен 99,8 млрд. теңге сомасына 14 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған.

  Жоспарланған жобалардың ішінен ағымдағы жылдың басынан бастап    639 жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 69,4 млрд. теңгеге 2 жоба пайдалануға берілді:

1)   «Теңіз/қабаттық суды дайындау және айдау жүйесі» «Тоталь Е энд П Дунга Гмбх» (2020 жылғы маусымда іске қосылды).

2)   «Aktau Tourism City Ltd» ЖШС «жылы жағажай» ауданында, Ақтау қаласы аумағында туристік-қонақ үй кешенінің құрылысы (2020 жылғы шілдеде іске қосылды).

Құрылыс жұмыстарының көлемі 169,7 млрд. теңге немесе                      2019 жылдың тиісті кезеңіне 115,8% құрады.

Тұтыну бағасы мен тарифтер индексі ағымдағы жылдың қарашасында 2019 жылдың желтоқсанына 107,1% (ҚР – 106,5%), оның ішінде: азық-түлік тауарларында – 109,8% (ҚР – 109,6%), азық-түлік емес тауарларында – 105,3% (ҚР – 105,1%), ақылы қызметтерде – 105,1% құрады (ҚР – 103,8%).

Өсімнің себептері

       Анықтама үшін: Азық-түлік тауарлары бойынша қымбаттағаны: сүт өнімдері – 8,9%-ға (ҚР – 8,1%), ет өнімдері – 11,1%-ға (ҚР – 8,5%), нан өнімдері – 8,3%-ға (ҚР – 9,8%), жеміс және көкөністер – 11%-ға (ҚР – 8,7%), шекер – 19,9%-ға(ҚР – 29,6%), алкогольсыз сусындар – 9,7%-ға (ҚР – 8,8%).

Азық-түлік емес тауарлары бойынша қымбаттағаны: үй қажетінің заттары – 7,6%-ға (ҚР – 6,8%), киім және аяқ киім – 4,6%-ға (ҚР – 4,4%)

Ақылы қызметтер бойынша қымбаттағаны: тұрғын үйді күтіп ұстау – 0,2% (ҚР – 0,5%), қоқыс жинау – 18,4%-ке (ҚР – 20,5%).

         Салықтар мен бюджет*. Мемлекеттік бюджетке (Ұлттық қорды есепке  алмағанда) 281,2 млрд. теңге салықтар мен  міндетті  төлемдер, оның ішінде республикалық бюджетке – 159,3 млрд. теңге, жергілікті бюджетке –                121,9 млрд. теңге түсті.

Жұмыспен қамту және қорғау.

2020 жылдың 3 тоқсанында  жұмыссыздық деңгейі – 5,1% құрады (2019 жыл 3 тоқсаны – 5,3%).

Жұмыспен қамтумен  32 298 адам, оның ішінде тұрақты жұмыс орнымен – 28 025 адам, маусымдық жұмыспен – 4 273 адам қамтамасыз етілді.

2020 жылғы қаңтар-қыркүйек көрсеткіші бойынша бір жұмыскерге шаққанда орташа айлық жалақы  310 854 теңге құрады, бұл – 2019 жылдың тиісті кезеңіндегіден 9,9%-ға көп.

Денсаулық сақтау*

           2020 жылы денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 8 млрд. теңге қарастырылды.               Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға жергілікті және республикалық  бюджеттен 330,6 млн. теңге бөлінді.  Денсаулық сақтау объектілерін  күрделі жөндеуге 2 448 млн. теңге бөлінді.

Білім беру*

         2020 жылы  білім беру жүйесін қаржыландыруға  99,8 млрд. теңге қарастырылды. Білім беру объектілерін дамытуға 4,9 млрд. теңге бөлінді.  Материалдық-техникалық базасын  нығайтуға               3 172 млн. теңге қарастырылды.

 Көрсеткіштер http://stat.gov.kz алынды

*- Ведомстволық деректер

Маңғыстау облысының 2020 жылғы қаңтар-қарашадағы әлеуметтік-экономикалық дамуы
Дата публикации
20 декабря 2020