Маңғыстау облысы
(2019 жылғы қаңтар-мамырдағы әлеуметтік-экономикалық даму)
Өнеркәсіп. Өнеркәсіптік өнім өндіру көлемі 1210,5 млрд. теңге құрады. Нақты көлем индексі 2018 жылдың тиісті кезеңіне – 98,9%.
|
Төмендеу себептері |
|
Төмендеуі тау-кен өнеркәсібіндегі НКИ өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 1,4% -ға азаюына байланысты болды, тау-кен өнеркәсібінің көлемі 1089,0 млрд.теңге құрады. Мұнай өндіру көлемі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 0,9%-ке түсіп, 7408,5 мың тоннаны құрады (2018 жылғы қаңтар-мамыр – 7475,2 мың.тонна). |
|
Өсімді қамтамасыз ету |
|
Өңдеу өнеркәсібінде 2,5%-ға (өндіру көлемі 64,8 млрд. теңгені құрайды), электрмен жабдықтау саласында 10,1%-ға (көлемі – 49 млрд. теңге), сумен жабдықтау саласында 18,1%-ға (көлемі – 7,6 млрд. теңге) өсім байқалды. |
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 4,6 млрд. теңге құрады. Нақты көлем индексі 2018 жылдың тиісті кезеңіне 100,6%.
|
Төмендеу себептері |
|
Мал басының өсімі байқалды: ІҚМ – 14,9% -ға (27,2 мың бас), түйе – 12,1%-ға (78,8 мың бас), жылқы – 14,1% -ға (107,6 мың бас), қой мен ешкі – 8%-ға (586,4 мың бас). |
Шағын және орта кәсіпкерлік. Шағын және орта кәсіпкерлік саласында белсенді субъектілер саны 53,4 мың бірлікті немесе 2018 жылдың тиісті кезеңіне 108,9% құрады.
Негізгі капиталға инвестициялар 160,7 млрд. теңге немесе 2018 жылдың тиісті кезеңіне 78,7% құрады.
|
Төмендеу себептері |
|
Есепті кезеңде негізгі капиталға инвестицияның төмендеуі өткен жылғы базаның жоғары болуына байланысты. Баржалар және мұнай платформасының ірі сатып алулары орын алды. |
Кәсіпкерлікті қолдау аясында 2019 жылға құны 11,7 млрд. теңге болатын 6 жобаны іске асыру жоспарлануда:
- Полимерлік қаптама өндіру зауыты, «Достық Полимер» ЖШС;
- Кабелдер мен трансформаторлар өндіру зауыты, «Актау-ЭнергоМаш» ЖШС;
- Күн және жел электр станцияларын салу, «Бест Групп НС» ЖШС;
- Түпқараған ауданында құрама жем зауытын салу, «Жамалбек» ЖШС;
- Түпқараған ауданында құс фабрикасын салу, «Ақтау-Агро» ЖШС;
- Қант шикізатын өңдеу және соның негізінде құм шекер мен набат өндіру шағын зауытын салу және пайдалану, «Орда» өндірістік компаниясы ЖШС.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 55,3 млрд. теңге немесе 2018 жылдың тиісті кезеңіне 99,1% құрады.
|
Төмендеу себептері |
|
Төмендеу себебі - өткен жылдың мамыр айында Құрық портында паром кешенінің обьектісі бойынша 10,4 млрд.теңгеден жоғары есеп тапсырылды. Ал осы жылы атқарылған жұмыс көлемі 603 млн.теңгені құрады. |
Сыртқы сауда айналымы 2019 жылдың қаңтар – сәуірінде 1734,4 млн.АҚШ долларын немесе 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,1 есе жоғары, оның ішінде тауарлар экспорты – 1624,3 млн.АҚШ долларын (өсім 1,2 есеге), импорт – 110,1 млн. АҚШ долларын (31,2%-ға төмен), сыртқы сауда айналымының сальдосы – 1514,1 млн. АҚШ долларын құрады.
Тұтыну бағалары мен тарифтерінің индексі ағымдағы жылдың мамырында 2018 жылдың желтоқсанына 102,6%, оның ішінде азық-түлік тауарлары бойынша – 104,9%, азық-түлік емес тауарлар бойынша – 102,1%, ақылы қызметтер бойынша – 100,3% құрады.
|
Өсімнің себептері |
|
Азық – түлік тауарлары бойынша: ет (ет өнімдерін қоса алғанда) – 5% – ға (ҚР бойынша -3,8%), сүт өнімдері – 2,9% – ға (ҚР бойынша -1,6%), жұмыртқа –0,7% – ға (ҚР бойынша – 96,0%), кондитерлік өнімдер -5,3% - ға (ҚР бойынша-2,9%), алкогольсіз сусындар – 4,2% - ға (ҚР бойынша-3,8%),темекі өнімдеріне – 5,2% – ға (ҚР бойынша-4,9%). Азық – түлік емес тауарлар бойынша: денсаулық сақтаудағы дәрілердің бағасы – 6,6% - ға (ҚР бойынша-4,1%) қымбаттады. Ақылы қызметтер бойынша: тұрғын үйді ұстау бойынша – 2,8% – ға (ҚР бойынша – 1%), білім беру қызметтері – 2% - ға (ҚР бойынша-0,3%), мейрамханалар мен қонақүйлер – 3,8% – ға (ҚР бойынша – 2,7%), қымбаттады. |
Салықтар мен бюджет. Мемлекеттік бюджетке (Ұлттық қорды есепке алмағанда) 175,5 млрд. теңге салықтар мен міндетті төлемдер немесе болжамға 105%, оның ішінде республикалық бюджетке – 117,6 млрд. теңге (болжамға 104,7%), жергілікті бюджетке – 57,9 млрд. теңге (болжамға 105,6% ) түсті.
Жұмыспен қамту және қорғау.
2019 жылғы 1 тоқсанда жұмыссыздық деңгейі – 4,7% құрады (2018 жылғы 1 тоқсан – 4,8%).
Жұмыспен қамтумен 11654 адам, оның ішінде тұрақты жұмыс орнымен – 8414 адам, маусымдық жұмыспен – 2047 адам, жергілікті бюджет қаражаты есебінен ақы төленетін қоғамдық жұмыспен – 2697 адам қамтамасыз етілді.
2019 жылғы 1 тоқсанда бір жұмыскерге шаққанда орташа айлық жалақы 287 876 теңге құрады, бұл – 2018 жылдың тиісті кезеңіндегіден 2,1% көп.
Әлеуметтік сала
|
Денсаулық сақтау |
|
2019 жылы денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 4,1 млрд. теңге қарастырылды. Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға жергілікті бюджеттен 5,6 млн. теңге бөлінді. Денсаулық сақтау объектілерін күрделі жөндеуге 570,8 млн. теңге бөлінді. Нәресте өлім-жітімінің деңгейі тірі туған 1000 нәрестеге шаққанда 8,7 құрады (2018 ж. қаңтар-мамырында – 9,8). Ана өлім-жітімі бойынша 1 дерек тіркелді (2018 жылғы қаңтар-мамырда- 1 дерек) Негізгі себеп – әйелдердің денсаулық индексінің төмендігі. Туберкулезбен аурушаңдық 2018 ж. қаңтар-мамырындағы 100 мың адамға шаққанда 24,9-дан 2019 жылдың қаңтар-мамырында 23,4-ке дейін азайтылды. |
|
Білім беру |
|
2019 жылы білім беру жүйесін қаржыландыруға 76,8 млрд. теңге қарастырылды. Білім беру объектілерін дамытуға 3,9 млрд. теңге бөлінді. Материалдық-техникалық базасын нығайтуға жергілікті бюджеттен 352,6 млн. теңге қарастырылды. Қазіргі кезде кең жолақты Интернетке облыстағы барлық 157 мектеп қосылды немесе 100%. Облыста 294 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оларда 37,5 мың бала қамтылған. 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 97,3% құрайды. |