2019 жылдың қаңтар - наурыздағы әлеуметтік-экономикалық дамуы

2019 жылдың қаңтар - наурыздағы әлеуметтік-экономикалық дамуы


 

Маңғыстау облысы

(2019 жылғы қаңтар-наурыздағы әлеуметтік-экономикалық даму)

 

Өнеркәсіп. Өнеркәсіптік өнім өндіру  көлемі 687,2 млрд. теңге құрады. Нақты көлем индексі 2018 жылдың тиісті кезеңіне – 97,9%.

Төмендеу себептері

          Төмендеуі тау-кен өнеркәсібіндегі НКИ өткен жылдың осындай  кезеңімен салыстырғанда  2% -ға  азаюына байланысты болды, тау-кен өнеркәсібінің көлемі 619,4 млрд.теңге құрады.

 

Өсімді қамтамасыз  ету

          Өңдеу  өнеркәсібінде 2,5%-ға  (өндіру  көлемі  32,1 млрд. теңгені құрайды),  электрмен жабдықтау саласында 4,1%-ға (көлемі - 31,1  млрд. теңге), сумен жабдықтау саласында 23,1%-ға (көлемі - 4,6  млрд. теңге)  өсім байқалды.

 

        Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі                2566,0 млн. теңге құрады. Нақты көлем индексі 2018 жылдың тиісті кезеңіне  100,0%.

Өсімді қамтамасыз  ету

          Мал басының өсімі байқалды:түйе –  12,1%-ға  (79,4 мың бас), ІҚМ – 14,3% -ға (27,4 мың бас), жылқы –  14,3% -ға (107,6 мың бас), қой мен  ешкі –  7,2%-ға (589,5 мың бас).

         Сүт өндіру – 378,5 тонна (100,3%), жұмыртқа – 2231,6 мың дана (152,7%).

 

Шағын және орта кәсіпкерлік. Шағын және орта кәсіпкерлік саласында белсенді субъектілер саны 52,9 мың бірлікті немесе 2018 жылдың тиісті  кезеңіне 109,6% құрады.

 

Негізгі капиталға инвестициялар 81,0 млрд. теңге немесе 2018 жылдың  тиісті кезеңіне 100,1% құрады.

 

        Өсімді қамтамасыз  ету

         Өсім  тау-кен өнеркәсібінде, электрмен және сумен жабдықтау саласында, сақтандыру қызметі, сауда, өнер және кәсіби қызмет салаларында  көлемдерін ұлғайту  есебінен қамтамасыз етілді.

       

        Кәсіпкерлікті қолдау аясында 2019 жылға  құны 11,7 млрд. теңге болатын    6 жобаны  іске асыру жоспарлануда:

-  Полимерлік қаптама өндіру зауыты,  «Достық Полимер» ЖШС;

-  Кабелдер мен трансформаторлар өндіру зауыты, «Актау-ЭнергоМаш» ЖШС;

-  Күн және жел электр станцияларын салу,  «Бест Групп НС» ЖШС;

-  Түпқараған ауданында құрама жем зауытын  салу,  «Жамалбек» ЖШС;

-  Түпқараған ауданында құс фабрикасын салу,  «Ақтау-Агро» ЖШС;

- Қант шикізатын өңдеу және соның негізінде  құм шекер мен набат өндіру шағын зауытын  салу және пайдалану,  «Орда» өндірістік компаниясы ЖШС.

Құрылыс жұмыстарының  көлемі 28,4 млрд. теңге немесе 2018 жылдың тиісті кезеңіне 89,6% құрады.

Төмендеу себептері

Ірі  компанияларда, жұмыс  кестесіне  сәйкес  сәуір  айынан  бастап жоспарланған көлемдерді орындауға байланысты болуда.

 

Сыртқы сауда айналымы 2019 жылдың қаңтар – ақпанында               809,1 млн.АҚШ долларын немесе 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,1 есе жоғары, оның ішінде тауарлар экспорты – 746,7 млн.АҚШ долларын (өсім 2,2 есеге), импорт – 62,4 млн. АҚШ долларын (өсім 1,8 есеге), сыртқы сауда айналымының сальдосы – 684,3 млн. АҚШ долларын құрады.

 

Тұтыну бағалары мен тарифтерінің индексі ағымдағы жылдың наурызында 2018 жылдың желтоқсанына 101,4%, оның  ішінде азық-түлік тауарлары бойынша – 103,5%, азық-түлік емес тауарлар бойынша – 100,4%, ақылы қызметтер  бойынша – 99,8% құрады.

Өсімнің себептері

       Азық – түлік тауарлары бойынша: ет (ет өнімдерін қоса алғанда) – 3,7% – ға (ҚР бойынша -1,5%), сүт өнімдері – 2% – ға (ҚР бойынша -1,1%), жұмыртқа – 2,8% – ға (ҚР бойынша – 0,7%), майлар мен майлар – 2,1% – ға (ҚР бойынша – 1,6%), кондитерлік өнімдер-2,5% - ға (ҚР бойынша-1,4%), алкогольді сусындар-2,6% - ға (ҚР бойынша -2,4%), алкогольсіз сусындар - 2,4% - ға (ҚР бойынша-2%),темекі өнімдеріне – 5,1% – ға (ҚР бойынша-4,8%). Азық – түлік емес тауарлар бойынша: денсаулық сақтаудағы дәрілердің бағасы – 6,4% - ға (ҚР бойынша-2,3%) қымбаттады. Ақылы қызметтер бойынша: тұрғын үйді ұстау бойынша – 1,3% – ға (ҚР бойынша – 0,8%), білім беру қызметтері – 2% - ға (ҚР бойынша-0,3%) қымбаттады.

 

Салықтар мен бюджет. Мемлекеттік бюджетке (Ұлттық қорды есепке  алмағанда) 96,9 млрд. теңге салықтар мен  міндетті  төлемдер немесе болжамға 101,6%, оның ішінде республикалық бюджетке – 65,5 млрд. теңге (болжамға 101,1%), жергілікті бюджетке – 31,4 млрд. теңге (болжамға 102,6% ) түсті.

Салықтар бойынша  берешек 18,6 млрд. теңге немесе 2018 жылдың тиісті  кезеңіне 148,8% құрады.

Өсімнің себептері

        Себебі: "АСКИ-Маңғыстау" ЖШС "Экотерра" ЖШС жоспарлы тексеру жүргізілді, уақытша салық төлеу тоқтатылды (6,1 млрд.теңге).

 

Жұмыспен қамту және қорғау.

2018 жылғы жұмыссыздық деңгейі – 4,8% құрады (2017 жыл – 4,9%).

Жұмыспен қамтумен 5140 адам, оның ішінде тұрақты жұмыс орнымен – 4035 адам, маусымдық жұмыспен – 266 адам, жергілікті бюджет қаражаты  есебінен  ақы төленетін қоғамдық жұмыспен – 2003 адам қамтамасыз етілді.

2018 жылдың қаңтар – желтоқсынында бір жұмыскерге шаққанда орташа айлық жалақы  276 135 теңге құрады, бұл – 2017 жылдың тиісті  кезеңіндегіден 8,9% көп.

 

Әлеуметтік сала

Денсаулық сақтау

           2019 жылы денсаулық сақтау  жүйесін қаржыландыруға 4,0 млрд. теңге қарастырылды.               Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға жергілікті бюджеттен 5,6 млн. теңге бөлінді.  Денсаулық сақтау объектілерін  күрделі жөндеуге 570,8 млн. теңге бөлінді.

         Нәресте өлім-жітімінің деңгейі тірі туған 1000 нәрестеге шаққанда 8,4 құрады (2018 ж. қаңтар-наурызында – 9,6). Ана өлім-жітімінің деректері тіркелмеген.

          Туберкулезбен  аурушаңдық 2018 ж. қаңтар-наурызындағы 100 мың  адамға шаққанда 12,8-ден 2019 жылдың қаңтар-наурызында 12,4-ке дейін азайтылды.

Білім беру

         2019 жылы  білім беру жүйесін қаржыландыруға  72,7  млрд. теңге қарастырылды. Білім беру объектілерін дамытуға 3,9 млрд. теңге бөлінді.  Материалдық-техникалық базасын  нығайтуға жергілікті бюджеттен 322  млн. теңге қарастырылды.

       Қазіргі  кезде  кең жолақты Интернетке  облыстағы барлық 157 мектеп  қосылды немесе 100%. Облыста   294 мектепке дейінгі  ұйым жұмыс  істейді, оларда 37,5  мың бала қамтылған.               3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 97,2% құрайды.

2019 жылдың қаңтар - наурыздағы әлеуметтік-экономикалық дамуы
Дата публикации
15 апреля 2019