2019 жылдың қаңтар - ақпандағы әлеуметтік-экономикалық дамуы

2019 жылдың қаңтар - ақпандағы әлеуметтік-экономикалық дамуы


Маңғыстау облысы

(2019 жылдың қаңтар - ақпандағы әлеуметтік-экономикалық дамуы)

 

Өнеркәсіп. Өнеркәсіптік өнім өндіру  көлемі 434,5 млрд. теңге құрады. Нақты көлем индексі 2018 жылдың тиісті кезеңіне – 98,4%.

Төмендеу себептері

          Төмендеуі тау-кен өнеркәсібіндегі НКИ өткен жылдың осындай  кезеңімен салыстырғанда  1,8% -ке азаюына байланысты болды, көлемі 390,3 млрд.теңгені құрады.

 

Өсімді қамтамасыз  ету

         Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 19,7 млрд. теңгені құрады, НКИ-102,9%.

 

        Кәсіпкерлікті қолдау аясында 2019 жылға  құны 11,7 млрд. теңге болатын    6 жобаны  іске асыру жоспарлануда:

-  Полимерлік қаптама өндіру зауыты,  «Достық Полимер» ЖШС;

-  Кабелдер мен трансформаторлар өндіру зауыты, «Актау-ЭнергоМаш» ЖШС;

-  Күн және жел электр станцияларын салу,  «Бест Групп НС» ЖШС;

-  Түпқараған ауданында құрама жем зауытын  салу,  «Жамалбек» ЖШС;

-  Түпқараған ауданында құс фабрикасын салу,  «Ақтау-Агро» ЖШС;

- Қант шикізатын өңдеу және соның негізінде  құм шекер мен набат өндіру шағын зауытын  салу және пайдалану,  «Орда» өндірістік компаниясы ЖШС.

         

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі                2 022,0 млн. теңге құрады. Нақты көлем индексі 2018 жылдың тиісті кезеңіне  100,7%.

Өсімді қамтамасыз  ету

          Мал басының өсімі байқалды:түйе –  12%-ға  (64,8 мың бас), ІҚМ – 13,5%  -ға (19,9 мың бас), жылқы –  13,1% -ға (77,9 мың бас), қой мен  ешкі –  7,9%-ға (389,9 мың бас).

         Сүт өндіру – 228,6 тонна (100,5%), жұмыртқа – 1440,2 мың дана (149,2%).

 

Шағын және орта кәсіпкерлік. Шағын және орта кәсіпкерлік саласында белсенді субъектілер саны 52,7 мың бірлікті немесе 2018 жылдың тиісті  кезеңіне 110,0% құрады.

 

Негізгі капиталға инвестициялар 51,8 млрд. теңге немесе 2018 жылдың  тиісті кезеңіне 108,8% құрады.

 

        Өсімді қамтамасыз  ету

         Өсім  өңдеу өнеркәсібінде, көлік, АӨК мен денсаулық сақтау салаларында  көлемдерін ұлғайту  есебінен қамтамасыз етілді.

 

Құрылыс жұмыстарының  көлемі 12,0 млрд. теңге немесе 2018 жылдың тиісті кезеңіне 94,2% құрады.

Төмендеу себептері

Ірі  компанияларда, жұмыс  кестесіне  сәйкес  наурыз  айынан  бастап жоспарланған көлемдерді орындауға байланысты болуда.

 

Сыртқы сауда айналымы 2018 жылдың қаңтар – қарашасында                  5191,9 млн.АҚШ долларын немесе 2017 жылдың тиісті кезеңіне 145,3%,оның ішінде тауарлар экспорты – 4752,2 млн.АҚШ долларын (139,8%), импорт – 439,7 млн. АҚШ долларын (өсім 2,5 есеге), сыртқы сауда айналымының сальдосы – 4312,6 млн. АҚШ долларын құрады.

 

Тұтыну бағалары мен тарифтерінің индексі ағымдағы жылдың ақпанында 2018 жылдың желтоқсанына 101,0%, оның  ішінде азық-түлік тауарлары бойынша – 102,4%, азық-түлік емес тауарлар бойынша – 100,5%, ақылы қызметтер  бойынша – 99,8% құрады.

Өсімнің себептері

       Азық-түлік тауарлары бойынша қымбаттағаны: күріш –  4,4%-ға, жарма –  3,1%-ға, қаймақ –  0,8%-ға, сары май –  1,0%-ға,байхалы қара шай –  0,6%-ға, орамжапырақ –  6,4%-ға, сиыр еті –  3,8%-ға, жылқы еті – 0,5%-ға. Азық-түлік  емес тауарлар бойынша: киім мен аяқ  киім –  3,1%-ға.  Ақылы қызметтер  бойынша  қымбаттағаны: тұрғын үйді жалдау ақысы –  0,4%-ға, әйелдер шаш қию үлгісі –  2,1%-ға, ерлер шаш қию үлгісі –  1,1%-ға.

 

Салықтар мен бюджет. Мемлекеттік бюджетке (Ұлттық қорды есепке  алмағанда) 68,8 млрд. теңге салықтар мен  міндетті  төлемдер немесе болжамға 103,3%, оның ішінде республикалық бюджетке – 44,3 млрд. теңге (болжамға 96,3%), жергілікті бюджетке – 24,5 млрд. теңге (болжамға 118,9% ) түсті.

Салықтар бойынша  берешек 18,8 млрд. теңге немесе 2018 жылдың тиісті  кезеңіне 107,4% құрады.

Өсімнің себептері

        Өсім себебі: "Экотерра" ЖШС жоспарлы тексеріс жүргізіліп, салық төлемінің уақытша тоқтатылуына байланысты (3,7 млрд теңге).

 

Жұмыспен қамту және қорғау.

2018 жылдың IV тоқсанында жұмыссыздық деңгейі – 4,8% құрады (2017 жылдың IV тоқсанында – 4,9%).

Жұмыспен қамтумен 3 836 адам, оның ішінде тұрақты жұмыс орнымен –             2 974 адам, маусымдық жұмыспен – 198 адам, жергілікті бюджет қаражаты  есебінен  ақы төленетін қоғамдық жұмыспен – 1690 адам қамтамасыз етілді.

2018 жылдың қаңтар – желтоқсынында бір жұмыскерге шаққанда орташа айлық жалақы  276 135 теңге құрады, бұл – 2017 жылдың тиісті  кезеңіндегіден 8,9% көп.

 

Әлеуметтік сала

Денсаулық сақтау

           2019 жылы денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 3,3 млрд. теңге қарастырылды.               Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға жергілікті бюджеттен 0,92 млрд. теңге бөлінді. Денсаулық сақтау объектілерін  күрделі жөндеуге 946,6 млн. теңге бөлінді.

         Нәресте өлім-жітімінің деңгейі тірі туған 1000 нәрестеге шаққанда 9,1  құрады (2018 ж. Қаңтар-ақпанында – 9,2). Ана өлім-жітімінің деректері тіркелмеген.

          Туберкулезбен  аурушаңдық 2018 ж. қаңтар-ақпандағы 100 мың  адамға шаққанда 9,4-тен 2019 жылдың қаңтар-ақпанында 8,7-ке дейін азайтылды.

Білім беру

         2019 жылы  білім беру жүйесін қаржыландыруға  73,5 млрд. теңге қарастырылды. Білім беру объектілерін дамытуға 3,9 млрд. теңге бөлінді.  Материалдық-техникалық базаны нығайтуға жергілікті бюджеттен 93,7 млн. теңге қарастырылды.

       Қазіргі  кезде  кең жолақты Интернетке  облыстағы барлық 143 мектеп  қосылды немесе 100%. Облыста   292 мектепке дейінгі  ұйым жұмыс  істейді, оларда  49,4 мың бала қамтылған.               3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 97,2% құрайды.

Социально-экономическое развитие за январь-февраль 2019 года
Дата публикации
15 марта 2019