2019 жылдың қаңтарында әлеуметтік-экономикалық даму

2019 жылдың қаңтарында әлеуметтік-экономикалық даму


Маңғыстау облысы

(2019 жылдың қаңтарында әлеуметтік-экономикалық даму)

 

Өнеркәсіп. Өнеркәсіптік өнім өндіру  көлемі 214,6 млрд. теңге құрады. Нақты көлем индексі 2018 жылдың тиісті кезеңіне – 99,5%.

Төмендеу себептері

          Төмендеуі өңдеу өнеркәсібіндегі НКИ өткен жылдың осындай  кезеңімен салыстырғанда  5,9% -ға  азаюына байланысты болды, өңдеу өнеркәсібінің көлемі 8,2 млрд.теңге құрады.

 

Өсімді қамтамасыз  ету

         Тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді әзірлеп игеруде өсім байқалды,  бұлардың үлесі  өнеркәсіптік өнім өндірудің жалпы  көлемінің  90,3% құрайды, өндіру  көлемі  193,9 млрд. теңге, НКИ – 101,1% құрады.

 

        Кәсіпкерлікті қолдау аясында 2019 жылға  құны 11,7 млрд. теңге болатын    6 жобаны  іске асыру жоспарлануда:

-  Полимерлік қаптама өндіру зауыты,  «Достық Полимер» ЖШС;

-  Кабелдер мен трансформаторлар өндіру зауыты, «Актау-ЭнергоМаш» ЖШС;

-  Күн және жел электр станцияларын салу,  «Бест Групп НС» ЖШС;

-  Түпқараған ауданында құрама жем зауытын  салу,  «Жамалбек» ЖШС;

-  Түпқараған ауданында құс фабрикасын салу,  «Ақтау-Агро» ЖШС;

- Қант шикізатын өңдеу және соның негізінде  құм шекер мен набат өндіру шағын зауытын  салу және пайдалану,  «Орда» өндірістік компаниясы ЖШС.

         

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі                788,2 млн. теңге құрады. Нақты көлем индексі 2018 жылдың тиісті кезеңіне  100,5%.

Өсімді қамтамасыз  ету

          Мал басының өсімі байқалды:түйе –  12%-ға  (65,4 мың бас), ІҚМ – 13,1%  -ға (20,1 мың бас), жылқы –  13,2% -ға (78,4 мың бас), қой мен  ешкі –  8,2%-ға (397 мың бас).

         Сүт өндіру – 110,3 тонна (101,0%), жұмыртқа – 782,9 мың дана (162,1%).

 

Шағын және орта кәсіпкерлік. Шағын және орта кәсіпкерлік саласында белсенді субъектілер саны 52,3 мың бірлікті немесе 2018 жылдың тиісті  кезеңіне 107,4% құрады.

 

Негізгі капиталға инвестициялар 25,9 млрд. теңге немесе 2018 жылдың  тиісті кезеңіне 124,0% құрады.

 

        Өсімді қамтамасыз  ету

         Өсім  өңдеу өнеркәсібінде, көлік, АӨК мен денсаулық сақтау салаларында  көлемдерін ұлғайту  есебінен қамтамасыз етілді.

 

Құрылыс жұмыстарының  көлемі 3,3 млрд. теңге немесе 2018 жылдың тиісті кезеңіне 74,6% құрады.

Төмендеу себептері

Ірі  компанияларда, жұмыс  кестесіне  сәйкес  наурыз  айынан  бастап жоспарланған көлемдерді орындауға байланысты болуда.

 

Сыртқы сауда айналымы 2018 жылдың қаңтар – қарашасында                  5191,9 млн.АҚШ долларын немесе 2017 жылдың тиісті кезеңіне 145,3%,оның ішінде тауарлар экспорты – 4752,2 млн.АҚШ долларын (139,8%), импорт – 439,7 млн. АҚШ долларын (өсім 2,5 есеге), сыртқы сауда айналымының сальдосы – 4312,6 млн. АҚШ долларын құрады.

 

Тұтыну бағалары мен тарифтерінің индексі ағымдағы жылдың қаңтарында 2018 жылдың желтоқсанына 100,7%, оның  ішінде азық-түлік тауарлары бойынша – 101%, азық-түлік емес тауарлар бойынша – 100,2%, ақылы қызметтер  бойынша – 100,7% құрады.

Өсімнің себептері

       Қымбаттағаны – азық-түлік тауарлары бойынша: күріш –  2,3%-ға, жарма –  1,2%-ға, қаймақ –  0,8%-ға, сары май –  0,6%-ға,байхалы қара шай –  0,6%-ға, көкорам –  3,0%-ға, сиыр еті –  1,0%-ға, жылқы еті – 0,3%-ға. Азық-түлік  емес тауарлар бойынша: киім мен аяқ  киім –  6,4%-ға, үй қажетіндегі заттар –  0,7%-ға. Ақылы қызметтер  бойынша  қымбаттағаны: тұрғын үйді жалдау ақысы –  0,4%-ға, жазғы дизель отыны –  0,4%-ға.

 

Салықтар мен бюджет. Мемлекеттік бюджетке (Ұлттық қорды есепке  алмағанда) 24,7 млрд. теңге салықтар мен  міндетті  төлемдер немесе болжамға 93,6%, оның ішінде республикалық бюджетке – 17,7 млрд. теңге (болжамға 88,1%), жергілікті бюджетке – 7,0 млрд. теңге (болжамға 111,1% ) түсті.

Салықтар бойынша  берешек 13,1 млрд. теңге немесе 2018 жылдың тиісті  кезеңіне 104,8% құрады.

Өсімнің себептері

        Бересінің өсімі  ТАИС-2  бағдарламасынан (Кедендік бақылау бағдарламасы) 0,6 млн.теңге сомасында ЦУЛС бағдарламасына (салық департаментінің бағдарламасына ) ауысудан орын  алды.

 

Жұмыспен қамту және қорғау.

2018 жылдың IV тоқсанында жұмыссыздық деңгейі – 4,8% құрады (2017 жылдың IV тоқсанында – 4,9%).

Жұмыспен қамтумен 1960 адам, оның ішінде тұрақты жұмыс орнымен – 1540 адам, маусымдық жұмыспен – 105 адам, жергілікті бюджет қаражаты  есебінен  ақы төленетін қоғамдық жұмыспен – 1084 адам қамтамасыз етілді.

2018 жылдың қаңтар – желтоқсынында бір жұмыскерге шаққанда орташа айлық жалақы  276 135 теңге құрады, бұл – 2017 жылдың тиісті  кезеңіндегіден 8,9% көп.

 

Әлеуметтік сала

Денсаулық сақтау

           2019 жылы денсаулық сақтау  жүйесін қаржыландыруға  3,3 млрд. теңге қарастырылды.               Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға жергілікті бюджеттен 0,92 млрд. теңге бөлінді. Денсаулық сақтау объектілерін  күрделі жөндеуге 946,6 млн. теңге бөлінді.

         Нәресте өлім-жітімінің деңгейі тірі туған 1000 нәрестеге шаққанда 8,4   құрады (2018 ж. қаңтарында– 9,9). Ана өлім-жітімінің деректері тіркелмеген.

          Туберкулезбен  аурушаңдық 2018 ж. қаңтарындағы 100 мың  адамға шаққанда 5,4-тен 2019 жылдың қаңтарында 4,3-ке дейін азайтылды.

Білім беру

         2019 жылы  білім беру жүйесін қаржыландыруға  73,5 млрд. теңге қарастырылды. Білім беру объектілерін дамытуға 3,9 млрд. теңге бөлінді.  Материалдық-техникалық базасын  нығайтуға жергілікті бюджеттен 93,7 млн. теңге қарастырылды.

       Қазіргі  кезде  кең жолақты Интернетке  облыстағы барлық 143 мектеп  қосылды немесе 100%. Облыста   292 мектепке дейінгі  ұйым жұмыс  істейді, оларда  49,4 мың бала қамтылған.               3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 97,2% құрайды.

Ақпарат
Дата публикации
15 февраля 2019