01.07.2018 жылға Маңғыстау облысының Азаматтық бюджеті

Маңғыстау облысының 2018 жылға арналған Азаматтық бюджеті, облыс 1973 жылы құрылған және Қазақстан Республикасының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан, солтүстік-шығысында Атырау және Ақтөбе облыстарымен, батысында – Ресей Федерациясымен,Әзірбайжанмен және Иранмен, оңтүстігінде — Түркіменстанмен және шығысында — сузбекистанмен шектеседі. Облыс аумағы 165,6 мың ш.км. құрайды (Қазақстанның жалпы ауданының 6,1%, 14 өңірден 7 орын).Облыс халқының саны 01.12.2017 ж. - 658,8 мың адам немесе Қазақстанның барлық халқының 3,6%.Халық тығыздығы 3,7 адам / км2. орташа республикалық көрсеткіштен (1 км2-ге 6,4 адам) төмен.I. әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері 2018 жылы облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі жұмыс Мемлекет Басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауында қойылған тапсырмаларға,сондай-ақ стратегиялық және басым мемлекеттік, салалық бағдарламаларға сәйкес құрылған. Маңғыстау облысын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жалғасуда.
01.07.2018 жылға Маңғыстау облысының Азаматтық бюджеті
Дата публикации
20 июля 2018