GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Басқарма туралы
Онлайн қабылдау
Все материалы
30 сентября 2026
«Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша қорытынды анықтамасы

Ақтау қаласы, 2026 жылғы 17 тамыз айы бойынша

«Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) және Басқармаға қарасты «Дін мәселелері бойынша ақпараттық-талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Орталық) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша 2025 жылғы қызметі туралы есебі.

Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік
мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және
Заңдарына,Қазақстан Республикасының Президенті мен Укіметінің
актілеріне,өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Басқарма басшысы Б.К.Куанышбеков 24.06.202бж. Nº 02-13/10 бұйрығына
сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Ішкі талдау жүргізуге жауаптылар,төмендегі жұмыс тобы:
М.С.Тұржанов -Маңғыстау облысының дін істері басқарма
басшысының орынбасары;
Б.М. Шопанова - Талдау және ақпараттық-насихат бөлімінің басшысы;
Ж.С. Онгарбай - Діни қызметтерді үйлестіру және экстремизмнің
алдын алуды ұйымдастыру бөлімінің бас маманы;
А.Б. Оспанова - Талдау және ақпараттық-насихат бөлімінің бас
маманы,
Ішкі талдау жүргізуге арналган жалпы кезең - 2025 жыл.
Ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге
асырылады:
- Персоналды басқару,соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін айқындау;
-Мүдделер қақтығысын реттеу;
- Мемлекеттік қызметтер көрсету;
-Рұқсат беру функцияларын іске асыру;
-Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру;
- Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу;
- Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу;
-Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану;
- Талдау объектісінін ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен
туындайтын өзге де мәселелер.
Персоналды басқару,соның ішінде сыбайлас жемқорлық
тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін айкындау.
2025 жылы Басқарма құрылымы 5 мемлекеттік қызметтерден (Басшы - 1,
басқарма басшысының орынбасары -1, дін істері басқармасының діни
қызметтерді үйлестіру және экстремизмнің алдын алуды ұйымдастыру бөлімі -
3, дін істері баскармасының талдау және ақпараттық-насихат бөлімі- 3, бас
маман-есепші -1)және 3 азаматтық қызметшіден (статистик - 3) турады, теріс
себептермен жұмыстан шығарылған жок.
2025 жыл бойынша тәртіптік жаза алған кызметкерлер жок.
Мемлекеттік қызметшілер 2025 жылы 270 нысан декларациясын толық
уақытылы тапсырды. Сонымен,қатар сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар
тұлғаларға мемлекеттік қызметте немесе квазимемлекеттік секторда іс істеу
бойынша қолданыстағы заннама талаптарын сақталуын қадағалау үшін ҚР
Бас Прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніңдегі комитетінің «Акпараттық қызмет» жүйесінен қызметкерлердің
жеке істеріне тексеру жүргізілді.Басқарманың мемлекеттік кызметкеріне
жүргізілген талдаудың нәтежесінде,бұрын сыбайлас жемқорлық құқық
бұзушылық жасаған адамдар туралы фактілер анықталмады.
Орталық құрылымы.
25 қызметкерден (мекеме басшысы - 1,
орынбасары -2, әкімшілік бөлімі-3,ақпараттық тусіндіру және қарсы насихат
жұмыстары бөлімі - 3, қарсы насихат жұмыстарын ұйымдастыру және
интернет ресурстарын талдау бөлімі - 4 ,оңалту жұмыстарын ұйымдастыру
және талдау бөлімі - 15), 2025 жылы 1 2 - кызметкер жұмысқа кабылданды.
5 кызметкер өз еркімен қызметтен босатылған, теріс себептермен жұмыстан
шығарылған кызметкерлер жоқ. Орталыктың басшысы, 2 орынбасары мен
есепшісі 2025 жилгы 250 нысан декларациясын толық уақытылы тапсырды.
Сыбайлас жемкорлық тәуекелдері аныкталмады.
Муделер қақтығысын реттеу.
2025 жылы Баскарманың қызметкерлерін талдау барысында жақын
туыстардың, ерлі-зайыптылардың немесе жекжаттардың бірге қызмет
жасауы аныкталган жоқ. Баскарманың қызметкерлері арасында мудделік
таластар мен даулар тіркелген жоқ.
Сыбайлас жемкорлық тәуекелдері анықталмады..
Мемлекеттік қызметтер көрсету.
2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету барысындағы сыбайлас
жемкорлык тәуекелін анықтау жүргізілді..
Талдау барысында анықталған сыбайлас жемкорлык тәуекелдері:
Рұқсат беру функцияларын іске асыру.
2025 жылы 14 миссионерлік қызметке өтініш түсіп, 14 куәлік берілді. Артық құжат талап ету, мерзім бұзушылық орын алмады.
Бақылау - тексеру функцияларын іске асыру.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
Бюджет жэне каржы қаражатын игеру және бөлу.
Мәт жобалар бойынша үкіметтік емес ұйымдар ұсынатын ақпараттар
жиналып,өнделіп 10 МӘТ жоба жариланды. Мәт қаржыландыру аясында
халықын деструктивті діни ағымға еніп кетпеуінің алдын алу бойынша
қажеттіліктер үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары мен
пікірлері назарға алынды. Маңғыстау облысының аумағында бөлінген ортада
деструктивті діни ағымдар идеологиясына тұрақты иммунитетті қалыптастыру
бойынша акпараттық-тусіндіру жұмыстарын жүргізу жөніңдегі қызмет бойынша
"SAPSAN" стратегиялық орталығы" ЖММ. Оналту жұмыстарымен айналасатын
мамандарға арналған тәжірбие алмасу республикалық семинар бойынша көмек
көрсету орталығы «Айрақты».Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған
жастар арасындағы байқау бойынша жекеменшік мекемесі «Отбасын қолдау
орталығы «Shyraq».
Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.
Басқармада 2025 жылы мемлекеттік сатып алу бойынша женімпаз заңды
тұлғалармен 26 келісім шарт жасақталып,уақытылы орындалып қаражаты
төленді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.
Маңғыстау облысының дін істері басқармасы ақпараттық жүйелерді
әзірлемейді. Сыбайлас жемкорлық тәуекелдері анықталмады.
Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен
туындайтын өзге де маселелер.
МО Дін істері баскармасының сыбайлас жемкорлық тәуекелдеріне ішкі
талдау «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»Қазақстан
Республикасының Занына, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу
қағидаларына және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау
жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді.
Жұмыс тобы:
М.С.Тұржанов 
Б.М. Шопанова 
Ж.А.Ажикова 

29 сентября 2026
 «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындаутуралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетінқызметін қалай алуға болады?

Жауап: «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралышешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі«Электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы көрсетіледі (жөндеу жұмыстарынжүргізуге байланысты техникалық үзілістердіқоспағанда; көрсетілетін қызметті алушы жұмысуақыты аяқталғаннан кейін, ҚазақстанРеспубликасының еңбек заңнамасына сәйкесдемалыс және мереке күндері жүгінген кездеөтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметкөрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзегеасырылады). Қызмет тегін көрсетіледі.   Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат келесіинтернет-ресурстарда орналастырылған: – көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсы: www.gov.kz; – www.elicense.kz порталы.   Қызмет алу тәсілі: электрондық (ішінараавтоматтандырылған). Қызмет тегін көрсетіледі.   Электрондық нысанда қалай өтініш беругеболады: 1. «Электрондық үкімет» порталына (egov.kz) немесе «Электрондық лицензиялау» порталына(elicense.kz) кіріңіз; 2. Порталда тіркеліңіз немесе авторизациядан өтіңіз; 3. «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» мемлекеттік қызметін таңдаңыз; 4. Электрондық өтініш нысанын толтырыңыз; 5. Өтінішті электрондық цифрлық қолтаңбамен(ЭЦҚ) қол қойып жіберіңіз; 6. Өтініштің мәртебесін жеке кабинет арқылы бақылаңыз.  

29 сентября 2026
Какой орган уполномочен назначать, освобождать от должности или привлекать к дисциплинарной ответственности имамов мечетей?

Ответ: В соответствии со статьёй 3 Закона Республики Казахстан «О религиозной деятельности и религиозных объединениях», государство в Республике Казахстан отделено от религии и религиозных объединений и не вмешивается во внутреннюю деятельность религиозных объединений. Согласно статье 16 указанного Закона, религиозные объединения осуществляют свою деятельность на основании устава. В связи с этим вопросы назначения на должность, освобождения от должности, применения дисциплинарных взысканий и иные кадровые вопросы в отношении имамов мечетей относятся к внутренней компетенции Духовного управления мусульман Казахстана (далее — ДУМК) и решаются по решению Верховного муфтия. В этой связи обращения, жалобы или предложения, касающиеся деятельности имамов мечетей, должны направляться непосредственно в представительство ДУМК. Если действиями религиозного служителя нарушаются права граждан либо не соблюдаются требования действующего законодательства, граждане вправе обратиться в правоохранительные органы или в суд в порядке, установленном законодательством. Куда обращаться: 1. Духовное управление мусульман Казахстана; 2. правоохранительные органы; 3. судебные органы (при необходимости). Краткое содержание: Вопросы назначения, освобождения от должности и привлечения имамов к дисциплинарной ответственности не входят в компетенцию Управления по делам религий Мангистауской области. Эти вопросы относятся к внутренней компетенции ДУМК. В случае нарушения прав граждан можно обратиться в правоохранительные органы или в суд. Ссылка: https://www.muftyat.kz/kk/ Ключевые слова: имам, ДУМК, назначение на должность, освобождение от должности, дисциплинарное взыскание, жалоба;

29 сентября 2026
Мешіт имамдарын қызметке тағайындау, қызметінен босату немесе тәртіптік жауапкершілікке тарту қай органның құзыретіне жатады?

Жауап: Қазақстан Республикасы «Діни қызметжәне діни бірлестіктер туралы» Заңының 3-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында мемлекет дінмен діни бірлестіктерден бөлінген және мемлекетдіни бірлестіктердің ішкі қызметіне араласпайды. Аталған Заңның 16-бабына сәйкес, дінибірлестіктер өз қызметін жарғы негізінде жүзегеасырады. Осыған байланысты мешіт имамдарынқызметке тағайындау, қызметінен босату, тәртіптікжаза қолдану немесе өзге де кадрлық мәселелерҚазақстан мұсылмандары діни басқармасының(бұдан әрі - ҚМДБ) ішкі құзыретіне жатады жәнеБас мүфтидің шешімімен жүзеге асырылады. Осыған орай, мешіт имамдарының қызметінеқатысты өтініштер, шағымдар немесе ұсыныстартікелей ҚМДБ өкілдігіне жолдануы тиіс. Егер діни қызметкердің әрекеттеріненазаматтардың құқықтары бұзылса немесеқолданыстағы заңнама талаптары сақталмаса, азаматтар құқық қорғау органдарына немесе сотқазаңнамада белгіленген тәртіппен жүгінуге құқылы. Қайда жүгіну керек: - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы; - Құқық қорғау органдары; - Сот органдары (қажет болған жағдайда). Қысқаша мазмұны: Имамдарды қызметке тағайындау, қызметіненбосату және тәртіптік жауапкершілікке тартумәселелері Маңғыстау облысының дін істерібасқармасының құзыретіне кірмейді. Бұлмәселелер ҚМДБ-ның ішкі құзыреті болыптабылады. Азаматтардың құқықтары бұзылғанжағдайда құқық қорғау органдарына немесе сотқажүгінуге болады. Сілтеме: https://www.muftyat.kz/kk/ Кілт сөздер: имам, ҚМДБ, қызметке тағайындау, қызметтенбосату, тәртіптік жаза, шағым

29 сентября 2026
Маңғыстау облысының дін істері басқармасықызметіне жиі қойылатын сұрақтар  

Өңір аумағында намаз бөлмесін(намазхана) қалай ашуға болады?

Жауап: Қазақстан Республикасы «Діни қызметжәне діни бірлестіктер туралы» Заңының 7-1-бабының 1-тармағына сәйкес, Заңның 7-бабының          2-тармағында көзделген жағдайлардықоспағанда, діни бірлестіктер ғибадат үйлерінен(ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шараларөткізуді жоспарлаған жағдайда, өткізілетін күнгедейін кемінде 10 жұмыс күні бұрын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесеастананың жергілікті атқарушы органына қағазжеткізгіште не электрондық цифрлық қолтаңбаменкуәландырылған электрондық құжат нысанындахабарлама ұсынуға міндетті. Заңның 7-бабының 2-тармағына сәйкесҚұдайға құлшылық ету, діни жоралар, рәсімдержәне (немесе) жиналыстар ғибадат үйлерінде(ғимараттарында) және оларға бөлінген аумақта, құлшылық ету орындарында, діни бірлестіктермекемелері мен үй-жайларында, зираттар мен крематорийлерде, жақын жерде тұратынадамдардың құқықтары мен мүдделері сақталғанжағдайда тұрғын жайларда, қажет болған кездеқоғамдық тамақтандыру объектілерінде өткізіледі. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Діністері және азаматтық қоғам министрінің 2017 жылғы 9 маусымдағы №89 бұйрығымен бекітілгенНұсқаулықтың (бұдан әрі – Нұсқаулық) 8 - бабынасәйкес, діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлар мынадай талаптарға сай болуытиіс: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1700015432

1)  жалпы ауданы 20-дан 100 шаршы метрге дейін болуы тиіс; 2)  дәрет алу үшін санитарлық тораппен қамтамасыз етілуі қажет; 3)  санитарлық-эпидемиологиялық талаптарсаласындағы нормативтік құқықтық актілергесәйкес болуы тиіс; 4)  діни іс-шаралар өткізілетін үй-жайдыңтолық көрінісін қамтамасыз ететін, қауіпсіздікпультіне қосылған бейнебақылау камераларыменжабдықталуы қажет.

 Бұл ретте Нұсқаулықтың 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Заңның 7-бабының 3-тармағына сәйкес стационарлық үй-жайларды жәнедіни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардымынадай аумақтарда және ғимараттардаорналастыруға жол берілмейді:

 1) Заңның 7-бабының 2 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттікоргандардың, ұйымдардың;

 2) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, сот және құқық қорғауоргандарының, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасызетумен, жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығынқорғаумен байланысты басқа да қызметтердің;

3) діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, білімберу ұйымдарының аумағында жәнеғимараттарында орналастыруға жол берілмейді.

Бұдан бөлек, Нұсқаулықтың 7-бабына сәйкес, діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жай теміржол және автовокзалдарды, әуежайлар мен порттарды қоспағанда, осы Нұсқаулықтың 5-тармағының 3) тармақшасында көрсетілгенаумақтар мен ғимараттардан кемінде (оларғаіргелес аумақтар болмаған жағдайда) 300 метр қашықтықта орналасуы сондай-ақ, аталғанНұсқаулықтың 9-бабына сәйкес көрші үй-жайлардатұратын немесе жұмыс істейтін азаматтардыңқұқықтары мен заңды мүдделеріне кедергікелтірмеуі тиіс.

Қайда жүгіну керек:  Маңғыстау облысының дін істерібасқармасына, тел.8 (7172) 46-24-20/ 1149. Қысқаша мазмұны: Намазхананы ашуға заңнама талаптары сақталғанжағдайда ғана рұқсат етіледі. Ол үшін белгіленгентәртіппен хабарлама беріліп, үй-жай заңталаптарына толық сәйкес болуы қажет. Сілтеме:  https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1100000483

Кілт сөздер: намазхана, намаз оқу бөлмесі, діни рәсім, ашу тәртібі  

Халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру
22 сентября 2026
2026 жылғы 24 маусым күні Ақтау қаласы, 4а шағын ауданы, 39. Caspian Riviera қонақ үйі, “Бонжур” конференц-залында Маңғыстау облысында қала және аудандық ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған семинар өткізілді.

Іс-шара Маңғыстау облысының дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігін арттыру, зайырлылық қағидаттарын түсіндіру бойынша бірыңғай тәсілдерді қалыптастыру, мақсатты аудиториялармен жұмыс жүргізудің заманауи әдістерін талқылау және тәжірибе алмасу. Семинарға қала және аудандық ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері қатысты. Семинар жұмысына Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, теолог Асқар Сабдин, сондай-ақ Маңғыстау облысының Дін істері басқармасы мемлекеттік мекемесінің Талдау және ақпараттық-насихат бөлімінің басшысы Шопанова Бақытгүл Мақсотқызы қатысты. Бағдарлама аясында қатысушылар қазіргі қоғамдағы зайырлылық қағидаттарының маңызы, діннің қоғамдағы орны, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі саяси және аумақтық қақтығыстардың себептері жөнінде дәрістер тыңдады. Сонымен қатар ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының сапасын арттыруға бағытталған практикалық сабақтар, кейс-талдау, тәжірибе алмасу және тренингтер өткізілді. Семинар барысында ақпараттық-түсіндіру топтары қызметінің өзекті мәселелері талқыланып, мақсатты топтармен жұмыс жүргізудің тиімді тетіктері қарастырылды. Іс-шара соңында қатысушылардан сұрақ-жауап алынып, сертификаттар табысталды.

Маңғыстау облысындағы Діни ахуалға мониторинг және талдау жасау
Халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру
21 сентября 2026
Сотталғандар арасында спорттық-танымдық іс-шара өтті

Маңғыстау облысының дін істері басқармасының ұйымдастыруымен, Ақтау қалалық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің және Олимпиадалық резервтерді даярлау орталығының қолдауымен 77-мекемеде сотталғандар арасында спорттық-танымдық іс-шара өткізілді. Шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа қызығушылықты арттыру, дене белсенділігін дамыту, сондай-ақ қатысушылар арасында өзара сыйластық пен бірлікті нығайту. Іс-шара барысында қатысушылар штанга көтеру, қолды бүгіп-жазу және үстел теннисі бойынша бақ сынасты. Жарысқа жауапты мамандар қатысушыларға спорттық қауіпсіздік талаптарын түсіндіріп, жарыстың әділ өтуін қамтамасыз етті. Сонымен қатар қатысушыларға ұлттық тағамдар – бауырсақ пен шұбат ұсынылып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге мән берілді. Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар медальдар мен арнайы марапаттарға ие болды. Іс-шара сотталғандардың белсенділігін арттырып, өзара қолдау, ынтымақтастық және жағымды психоэмоционалдық ахуалды қалыптастыруға ықпал етті. Ұйымдастырушылар іс-шараға қолдау көрсетіп, сыйлықтар ұсынған кәсіпкерге алғыс білдірді.

21 сентября 2026
Ақтауда «Қасиетті орын – таза мекен» экологиялық акциясы өтті

Ақтауда Бекет ата мешіті аумағында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Қасиетті орын – таза мекен» акциясы өтті. Акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, қоғамдық орындарды абаттандыру және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Акция барысында қатысушылар «Бекет Ата» мешіті аумағында тазалық жұмыстарын жүргізіп, аумақты қоқыстан тазартты. Игі бастамаға Маңғыстау облысының Дін істері басқарма қызметкерлері, Бекет ата мешіті қызметкерлері, дін мәселелері бойынша ақпараттық талдау орталығының қызметкерлері қатысты. -«Таза Қазақстан» акциясы да тұрғындарды осындай ортақ іске жұмылдырып, тазалық пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

16 июля 2026
Маңғыстау облыcының дін істері басқармасы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың басталғандығын хабарлайды.
16 июня 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау туралы хабарландыру.

2026 жылғы 16 маусымынан бастап Маңғыстау облысының дін істері басқармасының қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы