
2024 жылы 1 – қазанда Халықаралық қарттар күніне орай Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасының Маңғыстау облыстық және қалалық «Бекет ата», «Ержан Хазрет» мешіттері ұйымдастыруымен ұстаздар қауымы қазыналы қарттарымызды қарттар күнімен құттықтады. Оларға арнайы өздерінің дайындаған дәмдерін табыстап, жылы лебіздерін білдірді.
Қарттарымызды бүгінгі мейірім мен ізгілік мерекесімен құттықтаймыз!