Маңғыстау облысы дін істері басқармасы өз құзыретті шегінде ақпараттық-түсіндіру жұмысы бойынша:Облыс аумағында 2023 жылдың 12 айында 16256 адамды қамтыған 390 ақпараттық-түсіндіру жұмысы ұйымдастырылды. 2023 жылы қарсы насихаттық 16 видеоматериал, 25 мақала, 30 демотиватор дайындалып, интернет кеңістігінде таратылды 1 126 688 қаралым жиналды.
2024 ЖЫЛДЫҢ І ТОҚСАНЫНДА ЖҮРГІНЕН ШАРАЛАР
2024 жылдың 1 тоқсанында өңірдің ақпараттық-түсіндіру топтарының (9 топ) мүшелері "тәуекел топтарында" 8,5 мыңға жуық адамды қамтитын 131 ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын өткізді. 2024 жылдың 1 тоқсанында интернет-ресурстарда 1301 қарсы насихаттау материалдары (380 мыңнан астам қаралым) жарияланды. 2023-2024 жылдарда жүргізілген жұмыстар нәтежесі туралы баяндама жасап ұсыныс пікірлер айтылды.