Бүгінде жастардың жат ағымдардың жетегінде кетуіне бірнеше себеп бар. Оларға психологиялық күйзеліс пен материалдық игіліктердің әсер ететін факторлары жиі тркеледі. Нәтижесінде сүттей ұйып отырған отбасылардың шырқы бұзылып, шаңырақтары шайқалды. Берекесі тарап, бірлігіне сызат түсті.
Кей жанұя мүшелерінің оның ішінде отағасыларының білімінің таяздығы мен діни сауатының жоқтығынан сергелдеңге түсіп, темір торға тоғытылады. Ал, бір қолымен бесік тербетіп, шаңырағының ұйытқысы болып отырудың орнына отаналар ислами өмірдің мухиттің аржағында екенін айтып, шекара аып кетеді.
Мұндай жағдайлар өте көп. Және бұл факт. Қаншама әйел жолдасынан, әке-шешесі балаларынан айырылып, зар илеп қалды. Мұндай жағдайлаға бей-жай қарамаған Президент жауаптыларға тапсырма жүктеп, нәтижесінде «Жусан» операциясы ұйымдастырылды. Адасқандарға қол көмегін созған мемлекет жерлестердің жағдайына қол қусырып отыра алмады. Жат ағымның жетегінде кетіп, өзге елде тентіреп жүргендерді елге жеткізді.
Мұның бәрі түптеп келгенде діни сауаттығ аздығынан деу мүмкін. Бірақ азыдғынан бұрын жоқтығынан деген дұрысырақ болар. Ал, радикалдардың жетегінде кететін жастар неге мұндай қадамға барады?-деген көптің көкейінде сұрақ туындайтыны орынды.
Дінтанушылардың айтуынша, мұндай қадамға көбінесе, өмірлік тәжірбиесі аз, тағдыр тәлкегені түсіп, өмірдің уақытша қиындығы мен сынағына сынғандар барады. Өйткені, білімсіз адамның аңғал, көнгіш, сенгіш, еліктегіш келетінін бұл ортаға тартатындар жақсы біледі.
Ал, жат ағымға кіргендердің 90 пайызының діни сауаты жоқ. Өздері білмесе де, өзгені тыңдауға құлқы болмайды. Бұл жерде жастардың мұндай ағымға енуінің діни сауатынан бөлек, интернет пен әлеуметтік жеоінің ықпалы барын жоққа шығаруға болмайды.
Желілердегі тыйым салынған уағыздар, экстремистік сайттардың еркін қолжетімділігі де жастарды жарға жығуға итермелейтін жағдайлардың бірі. Алайда, құқыққорғау орган өкілдері бұл жағдайдан хбардар, мүмкіндігінше, теріс діни ағымдарды насихаттайтын сайттарды бұғаттауда.
Алайда, «Жаңбырдан кейінгі саңырау құлақтар» сынды мұндай сайттардың жұмыстарына тосқауыл қойылған сайын, радикалды дін өкілдері жаңасын ашудан жалықпайды. Мұндай жолға түскендермен сұхбат жүргізген мамандар оларға отбасында тәрбиенің жеткіліксіз берілген айтады.
Көбінесе, ата-ана қамқорлығынсыз, толық отбасынан шықпаған ананың жылуы мен мейіріміне қанбай, әке жылуын көрмеген бала жылулықты сырттан іздейді.
Жастардың әлеуметтік жағдайының теңсіздігі жат ағымға кетуінің тағы бір себебі. «Жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын» — деген бекер айтылмаса керек. Екі қолға бір күрек таппай сенделіп, оңай олжаға кенелгісі келетіндер көбіне көп лаңкестік идеологияға бой алдырады. Шын мәнінде осындай қадамға баратындардың біразының тұрақты жұмыс орны жоқ, кейбірі өзгенің табалдырығында жүргендер екені анықталған.
Адамның тұлға болып қалыптасуында оның ортасыда біраз рөл ойнайды. Әлеуметтік зерттеулерге талдау жүргізген мамандардың айтуынша кей жастардың дінге бет бұруы араласатын достарының ықпалы әсер еткен. Шала сауаттылар уағыз айтып, діни көзқарастарын өзгертіп жіберітін деректер аз тіркелмеген. Олардың уағыз-насихаттарына миларына уланып, Ислам әлеміне деген көзқарасы бұрыс жағына қарай өзгеріп шыға келеді. Осы орайда жастар араласатын ортасы мен достарына да дұрыс таңдау жасай білгені абзал.
Қазақта «Мамандық таңдаудан шатаспа» деген сөз бар. Радикалды топқа кіргендердің басым бөлігі шетелден теріс діни білім алуында. Қазір «қит» етсе, мұхит асып, шетел көруге асыққан жастарды көптеп кездестіруге болады. Ал олардың ол жақта білімді қандай бағытта алып жатқанын өздерінен басқа ешкім білмейді. Өздері де көп түсіне бермеуі мүмкін. Әрине, суды бұлақтың басынан ішкен дұрыс-ақ.
Дегенмен, ол оқу Шетелдік ғалымдардың алдында отырып, білім алғысы келеді. Осы мақсатпен шетелге барған, діни сауаты аз жастар, заңсыз хужраларда, тіл курстарында сабақ беретін шейхтардың улы уағызын бойына сіңіріп, елге қайтады.
Елге келіп, өз уағыздарымен орталарын ластап жүргендерде жетіп артылады. Бірақ бәрі емес, абыройлы тәмәмдап, биік белестерді бағындырып, елге қызмет етіп жүрген жастарда бар. Қазақтың қазаққа ғана жаны ашыйды. Сондықтан жастарымыз айдың күні аманында өзгермесін десек, бүгіннен жұмыстануы керек. Ол үшін жастар ғылым-білімге бейімделіп, парасаттылық жолын таба білуді үйрену керек.
Айтбай Қанат Сәлімгерейұлы, журналистер одағының мүшесі