269 «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» ММ 2024-2026 жылдарға арналған БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Бюджеттік бағдарламаның коды мен атауы:

  1. «Өңірдегі діни ахуалды зерттеу және талдау»

Бюджеттік бағдарлама басшысы: Тасболат Азат Ардакович – Маңғыстау облысының дін істері басқармасының «Дін мәселелері бойынша ақпараттық-талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы.

Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі:

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджеттік кодексі; Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Салық кодексі;Қазақстан Республикасының  2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы;Қазақстан Республикасының  2011 жылғы 11 қарашадағы № 483-IV «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы;Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысы; Маңғыстау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 8 желтоқсанындағы №7/71 «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешімі.

Бюджеттік бағдарлама түрі:

мемлекеттік басқару деңгейіне қарай: Облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың;

мазмұнына байланысты: мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету;

іске асыру тәсіліне қарай: жеке бюджеттік бағдарлама;

ағымдағы/даму: ағымдағы бюджеттік бағдарлама;

Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:

Қоғамда радикалдық идеологияға қарсы иммунитетті және радикалдық көріністерге мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларын жетілдіру;

Бюджеттiк бағдарламаның түпкілікті нәтижелері:

Діни алауыздықты немесе араздықты тудыруға бағытталған экстремистік идеяларды жақтайтын адамдар санын азайту;

Бюджеттік бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі)

Радикалдық идеологияға қарсы иммунитетті қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру және қарсы насихаттау жұмыстарымен  халық арасын, діни топтар мен қауымдарды, орта, техникалық және кәсіби, жоғары білім беру ұйымдарында оқитындарды, қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталған адамдарды қамту. Радикалды діни идеологияға ұшыраған адамдарды оңалту, радикалды көзқарастан арылту және қайта әлеуметтендіру жөніндегі орталықтың қызметін қамтамасыз ету, оның ішінде орталықтың қызметкерлеріне, исламтанушы, дінтанушы мамандарына еңбекақы төлеу, өтемақы төлемдері, әлеуметтік аударымдар, іс сапар шығындары, өзге де қорларды сатып алу және әкімшілік шығындар.

Дата публикации
26 января 2024