Бюджеттік бағдарламаның коды мен атауы:
001.«Жергілікті деңгейде дін істер саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер»
Бюджеттік бағдарлама басшысы: Кәдөш Қажымұқан Серікұлы – «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысы.
Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі:
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджеттік кодексі; Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Салық кодексі;Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы;Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қарашадағы № 483-IV «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы;Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысы; Маңғыстау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 8 желтоқсанындағы №7/71 «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешімі.
Бюджеттік бағдарлама түрі:
мемлекеттік басқару деңгейіне қарай: Облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың;
мазмұнына байланысты: мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету;
іске асыру тәсіліне қарай: жеке бюджеттік бағдарлама;
ағымдағы/даму: ағымдағы бюджеттік бағдарлама;
Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:
Мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қарым-қатынастарды нығайту бойынша басқармаға жүктелген функцияларды тиімді орындау;
Бюджеттiк бағдарламаның түпкілікті нәтижелері:
Басқарманың қызметінің ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;
Бюджеттік қаражатты тиімді пайдалану және іс-шараларды уақытылы орындау;
Басқармаға жүктелген дін саласындағы функцияларды уақытылы, толық және сапалы орындау.
Бюджеттік бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі):
Дін істері басқармасының қызметін қамтамасыз ету; оның ішінде жалақы, өтемақы төлемдерін, салықтарды, әлеуметтік аударымдарды, ел iшiндегi iссапарлар мен қызметтiк сапарларды төлеу, өзге де қорларды сатып алу, байланыс қызметтерiне ақы төлеу, өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу және басқа да ағымдағы шығындар. Мемлекеттік және конфессияаралық диалогты нығайту, деструктивті діни ағымды идеялар таратуды алдын алу бағытында мемлекеттік әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру.