Гранттарды қаржыландыру тақырыптарын қалыптастыру

Маңғыстау облысы дін істері басқармасы 23.06.23жылы 34 шағын аудандағы ҚХА ғимаратындағы «Коворкинг» орталығында үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен 2024 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және гранттарды қаржыландыру тақырыптарын қалыптастыру бойынша кездесу өткізді. 

 

         Аталған кездесуге, Маңғыстау облысының «Азаматтық альянс» ЗТБ, «Шаңырақ» ҚҚ, ««AQNIET» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» қоғамдық қоры, «JasART» жеке меншік мекемесі, «Боевое братство» ҰЕҰ, «Шаңырақ» ҚҚ, «Парасат» ҚҚ және жеке азаматтар қатысты.

                                                                         

 Үкіметтік емес ұйымдармен жеке азаматтардың айтылған пікірлері мен ұсыныстары назарға алынып төрт гранттық жобаның тақырыбы қалыптастырылды.

Атап айтса, -«Интернет-кеңестікте  радикалдық идеологияға қарсы иммунитетті қалыптастыру үшін қарсы насихат материалдарын дайындау және жылжыту қызметі»;

- Танымал тұлғаларды тарту арқылы діни тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

-Ақпарттық-түсіндіру, қарсынасихат, оңалту жұмысымен айналысатын мамандардың танымалдылығын ұйымдастыру;

- Жастардың радикалдануының алдын алу үшін жаңашыл форматта алдын алу шарасын ұйымдастыру.

Дата публикации
10 августа 2023