Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 33 «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй - жайлардың орналастырылуын бекіту туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы

Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 33«Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй – жайлардың орналастырылуын бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2653 болып тіркелген) келесідей өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

         қосымшада:

         Ақтау қаласы бойынша:

         келесідей мазмұндағы реттік нөмірі 10-4 жолмен толықтырылсын:

 «

10-4

«Kitapal» дүкені

Ақтау қаласы, 18А шағын ауданы, №3 тұрғын емес үй-жай

»;

  1. «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Маңғыстау облысының әкімі

Н. Ноғаев

Дата публикации
04 августа 2023