269 «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» ММ-нің
2020-2022 жылдарға арналған
БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Бюджеттік бағдарламаның коды мен атауы:
003. «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары»
Бюджеттік бағдарлама басшысы: Маханбетов Максатбек Шахзадаевич – «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысы.
Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі:
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджеттік кодексі;
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Салық кодексі;
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы;
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қарашадағы № 483-IV «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» қаулысы;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысы;
Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарғы арналған тұжырымдамасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 20 маусымдағы № 500 Жарлығы;
Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарғы арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 19 қыркүйектегі № 580 қаулысы;Қазақстан Республикасында діни экстримизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы№ 124 қаулысы;
Облыстық мәслихаттың 2020 жылғы 28 ақпандағы № 33/403 «Маңғыстау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 32/395 «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі.
Бюджеттік бағдарлама түрі:
мемлекеттік басқару деңгейіне қарай облыстық.
мазмұнына байланысты күрделі шығыстарды жүзеге асыру.
іске асыру тәсіліне қарай дербес.
ағымдағы/даму ағымдағы.
Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:
Мекеме қызметшілерінің жұмысының сапасы мен тиімділігін арттыру, қажетті еңбек жағдайын жасау.
Бюджеттiк бағдарламаның түпкілікті нәтижелері:
Қызметшілерді қажетті материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органды жарақтандыру.
Бюджеттік бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі)
Экономикалық сыныптамасына сәйкес материалдық-техникалық базаны және өзге де күрделі шығыстарды нығайту.