269 «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» ММ-нің
2020-2022 жылдарға арналған
БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Бюджеттік бағдарламаның коды мен атауы:
001.«Жергілікті деңгейде дін істер саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер»
Бюджеттік бағдарлама басшысы: Маханбетов Максатбек Шахзадаевич – «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысы.
Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі:
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджеттік кодексі; Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Салық кодексі;Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы;Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қарашадағы № 483-IV «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы;Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысы; Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарғы арналған тұжырымдамасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 20 маусымдағы № 500 Жарлығы;Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарғы арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 19 қыркүйектегі № 580 қаулысы;
Қазақстан Республикасында діни экстримизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы№ 124 қаулысы;
Облыстық мәслихаттың 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 35/424 «Маңғыстау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 32/395 «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі.
Бюджеттік бағдарлама түрі:
мемлекеттік басқару деңгейіне қарай: Облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың;
мазмұнына байланысты: мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету;
іске асыру тәсіліне қарай: жеке бюджеттік бағдарлама;
ағымдағы/даму: ағымдағы бюджеттік бағдарлама;
Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:
Мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қарым-қатынастарды нығайту бойынша басқармаға жүктелген функцияларды тиімді орындау;
Бюджеттiк бағдарламаның түпкілікті нәтижелері:
Басқарманың қызметінің ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;
Бюджеттік қаражатты тиімді пайдалану және іс-шараларды уақытылы орындау;
Басқармаға жүктелген дін саласындағы функцияларды уақытылы, толық және сапалы орындау.
Бюджеттік бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі):
Дін істері басқармасы аппаратының қызметін қамтамасыз ету; оның ішінде жалақы, өтемақы төлемдерін, салықтарды, әлеуметтік аударымдарды, ел iшiндегi iссапарлар мен қызметтiк сапарларды төлеу, өзге де қорларды сатып алу, байланыс қызметтерiне ақы төлеу, өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу және басқа да ағымдағы шығындар. Облыстағы діни ахуалды бағалау үшін социологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу; Ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу; Мемлекеттік және конфессияаралық диалогты нығайту, деструктивті діни ағымды идеялар таратуды алдын алу бағытында әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру.