«Өңірдегі діни ахуалды зерттеу және талдау»

269 - «Маңғыстау  облысының  дін істері басқармасы» ММ-нің

2020-2022 жылдарға арналған

БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

 

Бюджеттік бағдарламаның коды мен атауы:

005. «Өңірдегі діни ахуалды зерттеу және талдау»

Бюджеттік бағдарлама басшысы: Шопанова Бакытгул Максотовна – Маңғыстау облысының дін істері басқармасының «Дін мәселелері бойынша ақпараттық-талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы.

Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі:

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджеттік кодексі; Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы №99-IV Салық кодексі;Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» қаулысы; Қазақстан Республикасының  2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысы;

Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 20 маусымдағы № 500 Жарлығы;

Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының  2017 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі  іс-шаралар жоспарын  бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 19 қыркүйектегі № 580 қаулысы;

Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 124 қаулысы;

Облыстық мәслихаттың 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 35/424 «Маңғыстау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 32/395 «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі.

Бюджеттік бағдарлама түрі:

мемлекеттік басқару деңгейіне қарай: облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың;

мазмұнына байланысты: мемлекеттiк функцияларды, өкiлеттiктердi жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттiк қызметтердi көрсету;іске асыру тәсіліне қарай: жеке бюджеттік бағдарлама;ағымдағы/даму: ағымдағы бюджеттік бағдарлама;

Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:

Қоғамда радикалдық идеологияға қарсы иммунитетті және радикалдық көріністерге мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларын жетілдіру;

Бюджеттiк бағдарламаның түпкілікті нәтижелері:

Діни алауыздықты немесе араздықты тудыруға бағытталған экстремистік идеяларды жақтайтын адамдар санын азайту;

Бюджеттік бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі)

Радикалдық идеологияға қарсы иммунитетті қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру және қарсы насихаттау жұмыстарымен  халық арасын, діни топтар мен қауымдарды, орта, техникалық және кәсіби, жоғары білім беру ұйымдарында оқитындарды, қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталған адамдарды қамту. Радикалды діни идеологияға ұшыраған адамдарды оңалту, радикалды көзқарастан арылту және қайта әлеуметтендіру жөніндегі орталықтың қызметін қамтамасыз ету, оның ішінде орталықтың қызметкерлеріне, исламтанушы, дінтанушы мамандарына еңбекақы төлеу, өтемақы төлемдері, әлеуметтік аударымдар, іс сапар шығындары, өзгеде қорларды сатып алу және әкімшілік шығындар.

«Өңірдегі діни ахуалды зерттеу және талдау»
Дата публикации
18 января 2018