Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын көпшілікпен талқылау

Маңғыстау облысы дін істері басқармасы,  ҚР Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 18 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қалыптастыру, іске асыру мониторингі және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалау қағидаларының 7-тармағына сәйкес, «Қауіпсіз мемлекет» ұлттық жобасын іске асыру мақсатында 2023 жылға төмендегі:

  1. «Қоғамда радикалдық идеологияға қарсы иммунитетті және радикалдық көріністерге мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға негізделген Интернет-кеңестікте қарсы насихат материалдарын SMM әдістерін қолдана отырып дайындау және жылжыту қызметі»;
  2. «Бөлінген орталарда деструктивті діни ағымдар идеологиясына тұрақты иммунитетті қалыптастыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу»

мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптары  қалыптастырылды.   Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыбы бойынша 10 (он) жұмыс күні ішінде өздеріңіздің ұсыныстарыңызды din@mangystau.gov.kz электрондық мекенжайына жолдауыңызды немесе осы жерге жазуыңызды сұраймыз.

1-қосымша
Дата публикации
12 декабря 2022