«Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі

Қосымша

Маңғыстау облысы әкімдігінің

2018 жылғы «___»________№ ____

қаулысымен бекітілген

 

«Маңғыстау облысының дін істері басқармасы»

мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі Маңғыстау облысы аумағында діни қызмет саласында басшылықты  жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
  2. «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік  мекемесі ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  4. «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  5. «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің                 атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  6. «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген               тәртіппен «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының              заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  7. «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға              сәйкес бекітіледі.
  8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, 130000, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, 1 ғимарат.
  9. Мемлекеттік органның толық атауы: мемлекеттік тілде: «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі; орыс  тілінде: государственное  учреждение  «Управление   по  делам  религий Мангистауской области».

10.  Осы Ереже «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің  құрылтай құжаты болып табылады.

  1. «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік  мекемесі қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  2. «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

        Егер  «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2- тарау. «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

  1. «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

 діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

  1. Міндеттері:

1) азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз саласында және діни бірлестіктермен өзара іс-қимылын іске асыруды мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыру мен іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

2) азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын іске асыру және діни бірлестіктердің және миссионерлердің қызметін іске асыру саласында болып жатқан процестердi жан-жақты және объективтi зерделеу, қорыту және талдау;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiппен «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру болып табылады.

  1. Функциялары:

1) өңірдегі діни ахуалды зерделеп, оған талдау жүргізеді;

2) өңірдегі жұмыс істеп тұрған діни бірлестіктердің, миссионерлердің, рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметін зерделеуді және талдауды жүргізеді;

3) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының дiни қызмет және                   діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетiлдiру жөнінде ұсыныстар                 енгiзедi;

4) діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

5) құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының діни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметiне тыйым салу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

6) Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға  қатысты жеке  және  заңды  тұлғалардың өтініштерін қарайды;

7) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсiндiру жұмыстарын  жүргiзедi;

8) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы қаулының жобасын әзірлейді және Маңғыстау облысы әкімдігінің қарауына енгізеді, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келіседі;

9) ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау,сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы қаулы жобасын уәкілетті органның келісімі бойынша әзірлейді және Маңғыстау облысы әкімдігінің қарауына енгізеді;

10) діни бірлестіктерді құруға бастамашы азаматтардың тізімдеріне тексеру жүргізуді қамтамасыз етедi;

11) миссионерлiк қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді жүргізеді;

12) өз құзыретi шегiнде реттелетін салада нормативтiк құқықтық және құқықтық актiлердi әзiрлейдi;

13) Маңғыстау облысы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің жұмысын жүргізеді;

14) өз құзыреті шегінде, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңын бұзу анықталған кезде, әкімшілік  құқық бұзушылық туралы  хаттама толтырады;

15) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша бөлінген қаражат шеңберінде мемлекеттің зайырлы қағидаттары мен оның құндылықтарын, этносаралық, дінаралық және конфессияаралық диалогты және келісімді, діни экстремизм идеологиясына қарсы іс-қимылды ілгерілету жөніндегі ақпараттық материалдарды басып шығарады;

16) қоғам дамуының зайырлы қағидаттарын, конфессияаралық келісімді, халықтың барлық нысаналы топтары арасында діни радикализмнің идеологиясына төзбеушілікті нығайтуға бағытталған деректі фильмдер, оқу-танымдық телехабарлар, телевизиялық сюжеттер, әлеуметтік бейнероликтер мен басқа да медиа-өнімдер топтамаларын дайындайды және шығарады;

17) халықтың діндар бөлігі арасында кәмелетке толмаған балалардың өмірі мен денсаулығы, білімі мен тәрбиесі, олардың әлеуметтік қорғалуы  үшін отбасының рөлін күшейту ата-ананың немесе олардың орнындағы адамдардың жауапкершілігін арттыру жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;

18) діни тақырыпты жария ету бойынша өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне және  деструктивті діни ағымдардан зардап шеккен тұлғаларға оңалту және бейімдеу жұмыстарын жүргізетін мамандарға арналған семинарлар мен тренингтер ұйымдастырады;

19) дін саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылу барысы туралы қоғамдық пікірді мониторингтеу мақсатында әлеуметтік және талдамалық зерттеулер ұйымдастырады;

20) Қазақстан қоғамының зайырлы құндылықтарын нығайту мен ілгерілетуге бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асырады;

21) Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуге, Қазақстан халқының мәдениеті мен салт-дәстүрлерін құрметтеуге, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға, діни радикализмге қарсы иммунитетті дарытуға бағытталған әлеуметтік маңызды мәдени іс-шараларды жүргізеді;

22) радикалды діни идеологияға ұшыраған адамдарды оңалту, радикалды көзқарастан арылту және қайта әлеуметтендіру жөніндегі орталықтардың қызметін қамтамасыз етеді;

23) деструктивті діни идеологияны ұстанушылар қатарынан  қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жүрген адамдар арасында ақпараттық-түсіндіру және оңалту жұмысын жүргізеді;

24) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, сондай-ақ діни бірлестіктер, мемлекеттік емес ұйымдарды тарту арқылы интернет желісінде және әлеуметтік желілерде радикалдық идеологияға иммунитетті, діни қатынастар саласындағы радикалдық көріністерге мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға және радикалсыздандыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;

25) Қазақстан Республикасының заңнамасында «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) мемлекеттік органдардан және ұйымдардан «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді шешу үшін қажетті ақпаратты және материалдарды сұратуға және алуға;

2) діни бірлестіктерді құру және қызметі, сондай-ақ азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізуге;

3) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауға;

4) «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мәжілістер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер және өзге де отырыстар өткізуге;

5) «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша консультативтік-кеңесші органдарын (жұмыс топтары, кеңестер, комиссиялар) құру бойынша ұсыныстар енгізуге;

6) мемлекеттік мекемені цифрландыру бойынша тиісті шараларды қабылдауға;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

8) «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірмелер беру;

9) бұл жөнінде заңды және жеке тұлғалар ресми сұраныс жасаған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама аясында қажетті материалдар мен ақпаратты беру;

10) «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің этика     нормаларының сақталуын қамтамасыз ету;

11) «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.

3-тарау.«Маңғыстау облысының дін істері басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

  1. «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінде басшылықты басшы жүзеге асырады «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесіне, ол жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
  2. «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
  3. «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысының өкілеттігі:

1) «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады; 

2) «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік                мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;

3) «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен  босатады;

4) «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне заңнамамен белгіленген тәртіппен тәртіптік жазалар береді және көтермелеу шараларын қолданады;

5) Қазақстан Республикасының заңңамасына сәйкес бұйрықтар  шығарады, «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері орындауы үшін міндетті тапсырмалар береді;

6) «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат кестесін бекітеді;

7)    барлық   мемлекеттік   органдарда   және   ұйымдарда   «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;

8) ерлер мен әйелдерді басшылық қызметке ұсыну кезінде гендерлік теңгерімнің сақталуын қамтамасыз етеді;

9) «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша есептік материалдарды дайындау жөнінде жұмысты бақылайды;

10) қаржы қаражатының нысаналы жұмсалуына және «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген материалдық құндылықтардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

11) «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі жұмысқа жеке жауапты болады;

12) «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмыс жоспарын бекітеді, оның орындалуына бақылауды                 жүзеге асырады;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

«Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4-тарау.«Маңғыстау облысының дін істері басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің мүлкі

24.   «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкінің болуы мүмкін.

25.   «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда)                         және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған                        өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

26.   «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік                  мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

27.   Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Маңғыстау облысының дін                    істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен  сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған                       өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы»

мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

  1. «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы»  мемлекеттік  мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

«Маңғыстау облысының дін істері басқармасы»

мемлекеттік мекемесі қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі

         Маңғыстау облысының дін істері басқармасының «Дін мәселелері бойынша  ақпараттық-талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

 

 

«Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі
Дата публикации
28 февраля 2020