Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 28 мамырдағы № 116 «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 28 мамырдағы                               № 116 «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы»

мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы»

қаулысына өзгерістер  енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес және терроризмге қарсы іс-қимыл функцияларын беруге  байланысты  Маңғыстау  облысының  әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 28 мамырдағы № 116 «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені  бекіту туралы» қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

қосымшаның 13 тармағының екінші  абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру және Маңғыстау облысының аумағында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуды іске асыру»;

қосымшаның 14 тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған әлеуметтік, ұйымдастырушылық, тәрбиелік, насихаттық және өзге де шараларды  іске  асыру;»;

қосымшаның 14 тармағының  4)  тармақшасы алып тасталсын;

қосымшаның 15 тармағының 21), 22), 23), 24), 26), 27), 28), 30) тармақшалары  алып  тасталсын;

қосымшаның 15 тармағының 25) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«25) Маңғыстау облысының аумағында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері бойынша атаулы ақпараттық-түсіндіру жұмысын, қарсы насихат жұмысын, оңалту және радикалсыздандыру жұмысын ұйымдастырады;».

  1. «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі (М.Ш. Маханбетов) заңнамада белгіленген тәртіппен енгізілген өзгерістерді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізсін және осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қ.Б. Жұмашевқа жүктелсін.

 

 

Маңғыстау облысының  әкімі                                                С. Трұмов

 

 

 

 

 

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 28 мамырдағы № 116 «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
17 февраля 2020