2021 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпарат

 

Мемлекеттік әлеуметтік
тапсырысты қалыптастыру,
іске асыру мониторингі және
осы тапсырыстың нәтижелерін
бағалау қағидаларына
1-қосымша

 

Нысан

2021 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпарат

№

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы

Қаржыландырудың жоспарланған көлемі (мың. теңге)

Ақпараттың дерек көзі көрсетілген негіздеме

Халықтың нысаналы тобы

Күтілетін нәтиже

1

Конфессияаралық және мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды жетілдіруге, сондай-ақ діни экстремизм мен терроризм көріністерінің профилактикасына бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша қызметтер

4269,8

ҚР діни экстремизм мен терроризмге

қарсы іс-қимыл жөніндегі

2018-2022 жылдарға арналған

мемлекеттік бағдарламасы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитетінің «Діни салада профилактикалық және оңалту жұмыстарын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдары. Үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары.

Сауалнама қортындылары,

діни ахуалға мониторинг және талдау қорытындылары

Маңғыстау облысының тұрғындары , жастар,студенттер, мекеме қызметкерлері,діни топтар мен қауымдар


Қоғамда радикалдық идеологияға деген иммунитетті қалыптастыру, патриоттық сезімдерін нығайту, сондай-ақ бұрмаланған діни көзқарастардың қалыптасуын алдын алу бойынша облыс, аудан көлемінде  ақпараттық түсіндіру шараларын жүргізу.

2

Деструктивтік діни ағымдардың ықпалына ұшыраған азаматтар мен олардың отбасы мүшелеріне оңалту және бейімдеу жұмыстарын, ақпараттық-консультативті, психологиялық және әлеуметтік қызмет көрсету

15880,2

ҚР діни экстремизм мен терроризмге

қарсы іс-қимыл жөніндегі

2018-2022 жылдарға арналған

мемлекеттік бағдарламасы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитетінің «Діни салада профилактикалық және оңалту жұмыстарын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдары. Үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары.

Сауалнама қортындылары,

діни ахуалға мониторинг және талдау қорытындылары

Деструктивтік діни ағымдардың ықпалына ұшыраған азаматтар мен олардың отбасы мүшелері

Діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, діни ахуалдың ушығуын болдырмау және алдын алу, конфессияаралық келісім мен толеранттылықты насихаттау, деструктивті діни ағымдардың ықпалына ұшыраған тұлғалармен жеке кездесу арқылы оңалту жұмыстарын ұйымдастыру. Мамандарды деструктивті және радикалды діни көзқарастарды ұстанғандармен жұмыс жасаудың практикалық дағдыларына үйрету.



3


Деструктивті діни ағымдардың жағымсыз жақтарын ашып көрсететін қарсынасихаттық өнімдерді дайындау, БАҚ пен интернетте тарату қызметі

 

 


5350,0

ҚР діни экстремизм мен терроризмге

қарсы іс-қимыл жөніндегі

2018-2022 жылдарға арналған

мемлекеттік бағдарламасы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитетінің «Діни салада профилактикалық және оңалту жұмыстарын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдары. Үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары.

Сауалнама қортындылары,

діни ахуалға мониторинг және талдау қорытындылары

Маңғыстау облысының тұрғындары



Діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, конфессияаралық келісімді насихаттау, қоғамда толерантты діни сананы қалыптастыру, радикалды және деструктивті  діни  идеологияға деген иммунитетті қалыптастыру, патриоттық сезімдерін нығайту, сондай-ақ бұрмаланған діни көзқарастардың қалыптасуын алдын алу.

 

4

Өңірдегі діни ахуалды зерделеу және талдау бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргізу қызметі

4500

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитетінің тапсырмасы

 

Маңғыстау облысының тұрғындары

Тұрғындардың арасында мемлекеттік діни саясатқа көзқарасын, ұлтаралық және конфессияаралық келісімдердің,  халықтың діни және конфессияралық  бағытындағы негізгі тендецияларын айқындау және Қоғамдық санада экстремизм қаупінің, сондай-ақ діни экстремизм мен терроризм идеологиясын қарсы насихаттау тиімділігі дәрежесінің көрініс табуын анықтау.

 

 

30000,0

 

 

 

 

2020жылғы "25" қараша  жағдайы бойынша

             

 

2021 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпарат
Дата публикации
25 ноября 2020