Меню

Страницы

Статья

Туристік инфрақұрылымды дамыту бөлімі Басқарманың құрылымдық бөлімшесі бола отырып, заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.

Туристік инфрақұрылымды дамыту бөлімінің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері

 

  1. Міндет: Туристік қызметтің дамуын қамтамасыз ету

Функциялары:

  • Маңғыстау облысының аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және үйлестіруді жүзеге асыру;
  • туризм саласы бағыты бойынша кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыруды қамтамасыз ету;

3)        Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің туристік қызмет мәселелері жөніндегі қаулыларын орындау;

  • туризмді дамыту бағыты бойынша Маңғыстау облысын дамытудың Кешенді жоспарының іс-шаралар жоспарын іске асыру;

5)        Маңғыстау облысы әкімінің туристік қызмет мәселелері жөніндегі шешімдерін, облыстық мәслихат сессияларының шешімдерін орындау;

6)        туристік қызметке жәрдемдесу және оның дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады;

7)        туристік қызметтің басым бағыттарын айқындау және қолдау;

8)        облыстық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлеу және енгізу;

9)        туризмді дамытудың мемлекеттік және өңірлік бағдарламасын іске асыру барысы туралы ақпаратты уәкілетті органға беру;

10)      туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру;

11)      аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің туризм саласындағы жоспарларын келісу;

12)      туристік индустрияны дамыту есебінен жаңа жұмыс орындарын құруға, мемлекет пен облыс азаматтарының кірістерін ұлғайтуға жәрдемдесу;

13)      туризм саласында жаңа цифрлық технологияларды енгізу жөніндегі жұмысты жүзеге асыру;

14)      өңірдің туристік индустриясын инвестициялау үшін қолайлы жағдайлар жасауға жәрдемдесу болып табылады;

15)      халықтың жұмыспен қамтылуын ұлғайту шарасы ретінде туристік қызмет саласындағы кәсіпкерлікті дамыту және қолдау;

16)      облыс аумағында туризм саласындағы іс-шараларды орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

17)      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес туристік іс-шараларды қаржыландыру көлемдерін қарау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.

18)      туристік қызмет саласындағы қатынастарды жетілдіруге бағытталған нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға ұсыныстар енгізу.

 

 

  1. Міндет: Туристік инфрақұрылымды дамытуды қамтамасыз ету

Функциялары:

  • туристік қызметтер нарығын талдау және Маңғыстау облысының аумағында туризмді дамыту туралы қажетті мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну;
  • облыстың туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіру;

      3)      облыс аумағында туризм инфрақұрылымын құруға жәрдемдесу, туристің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын объектілерді салу және дамыту жөнінде шаралар қабылдау;

      4)      туризм саласының материалдық-техникалық базасын құруға және нығайтуға, олардың инфрақұрылымын дамытуға, салаға инвестициялар тартуға жәрдемдесу болып табылады;

      5)      туризм саласында отандық және шетелдік әріптестермен бірлескен бағдарламалар әзірлеу және іске асыру;

      6)      туристік жобаларды іске асыруға әлеуетті инвесторларды тарту мақсатында іздестіруді жүзеге асыру және келіссөздер жүргізу болып табылады;

      7)      жақын және алыс шет елдермен шекара маңы ынтымақтастығын, өңіраралық және интеграциялық байланыстарды нығайту мен дамытуға жәрдемдесу;

    8)      туризмді дамыту мақсатында өңірдің туристік ресурстарын, табиғи және тарихи-мәдени мұрасын сақтау және ұтымды пайдалану, есепке алу және қорғау;

      9)      туризм саласының негізгі нысаналы индикаторларының: туризм бойынша инвестицияларға салынған негізгі капиталдың, туризм саласындағы экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің (ЭҚЖЖ) көрсеткіштерінің өсуіне қол жеткізуге жәрдемдесу;

      10)    туризм объектілеріне жыл сайынғы мониторинг, түгендеу, паспорттау жүргізу, туристік объектілердің электрондық дерекқорын құру және жаңарту;

      11)    туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу жөніндегі жұмысты үйлестіру;

      12)    уәкілетті органмен келісу бойынша оларды ұстау кезінде шығындардың бір бөлігі өтелетін санитариялық-гигиеналық тораптардың тізбелерін бекіту жөніндегі жұмысты үйлестіру;

13)    туризм саласында жаңа цифрлық технологияларды енгізу жөніндегі жұмысты жүзеге асыру;

14)    өңірдің туристік индустриясын инвестициялау үшін қолайлы жағдайлар жасауға жәрдемдесу болып табылады;

15)    халықтың жұмыспен қамтылуын ұлғайту шарасы ретінде туристік қызмет саласындағы кәсіпкерлікті дамыту және қолдау;

16)    облыс аумағында туризм саласындағы іс-шараларды орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.

17)    Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес туристік іс-шараларды қаржыландыру көлемдерін қарау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.

18)    туристік қызмет саласындағы қатынастарды жетілдіруге бағытталған нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға ұсыныстар енгізу.

 

 

Дата публикации
07 сентября 2022
Дата обновления
07 сентября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
07 сентября 2022
Ақпарат
06 сентября 2022

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы